2011 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 мамырдағы № 299 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 31 мамырда № 9-10-165 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" 2011 жылдың 10 мамырдағы № 206 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 16 мамырда 3761 нөмірімен тіркелген) сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 10 маусымға дейін – субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі белгіленсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша егістің оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Жітіқара ауданының ауыл
      шаруашылығы және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________ Б. Қабиев

Әкімдіктің      
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 299 қаулысына қосымша

2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша
егістің оңтайлы мерзімдері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы

Егістің мерзімдері

1

Жаздық бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары

15 мамырдан 5 маусым
аралығы

2

Бұршақтұқымдастар

15 мамырдан 5 маусым
аралығы

3

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамыр
аралығы

4

Жемшөптік (өткен жылдарындағы
көпжылдық шөптерден басқа)

30 сәуірден 15 шілде
аралығы

5

Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс

15 мамырдан 31 мамыр
аралығы

6

Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер

20 сәуірден 1 тамыз
аралығы

7

Күздік бидай және қара бидай

15 тамыздан 1 қыркүйек
аралығы

8

Көкөніс және бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусым
аралығы

9

Картоп

10 мамырдан 31 мамыр
аралығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады