Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 206 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 мамырда № 3761 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2012.05.28 № 249 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 6-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қоса берілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 гектарға арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялар көлемін бөлсін және аудандарға жеткізсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығының министрі
      ______________ А. Маметбеков

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы басқармасы"
      ММ бастығының міндетін атқарушы
      __________________ А. Балғарин

Әкімдіктің       
2011 жылғы 10 мамырдағы 
№ 206 қаулысымен бекітілген

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
тізбесі

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы

1.

Жаздық бидай

2.

Күздік бидай

3.

Күздік қара бидай

4.

Қарақұмық

5.

Тары

6.

Арпа

7.

Сұлы

8.

Бұршақтұқымдастар

9.

Майлы дақылдар

10.

Картоп

11.

Көкөніс және бақша дақылдары

12.

Жемшөптік (өткен жылдарындағы көпжылдық
шөптерден басқа)

13.

Бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер

14.

Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс

Әкімдіктің      
2011 жылғы 10 мамырдағы 
№ 206 қаулысымен бекітілген

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша
1 гектарға арналған субсидиялардың нормалары

Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

1 гектарға арналған
бюджеттік субсидиялардың
нормалары, теңге

1.

Дәнді

500 (агротехнология
деңгейінен тәуелді емес)
700 (өңірлік ғылыми
негізделген
агротехнологияларды сақтай
отырып егілетін)

2.

Бұршақтұқымдастар

500

3.

Майлы дақылдар

3500

4.

Картоп

28500

5.

Көкөніс және бақша дақылдары

30000 (агротехнология
деңгейінен тәуелді емес)
90000 (өнеркәсіптік
үлгідегі тамшылатып суару
жүйелерін қолдана отырып
егілетін)

6.

Жемшөптік (өткен
жылдарындағы көпжылдық
шөптерден басқа)

800

7.

Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер

800

8.

Жүгері мен сүрлемдік
күнбағыс

800

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады