Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі 2011 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша себудің оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін:
1) жаздық дәнді және дәнді бұршақты дақылдар - 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
2) майлы дақылдар - 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
3) күздік дәнді - 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы бөлімі"
ММ бастығы
__________ А. Оспанов