2011 жылға арналған ауылшаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 222 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 мамырда № 9-18-136 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі 2011 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
      2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша себудің оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін:
      1) жаздық дәнді және дәнді бұршақты дақылдар - 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдар - 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
      3) күздік дәнді - 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы бөлімі"
      ММ бастығы
      __________ А. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады