Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек беру туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 357/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 08 маусымда N 12-3-297 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 06 қаңтардағы N 22/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 06.01.2012 N 22/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы (IV шақырылған кезектен тыс XXХI сессиясы) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессиясы) "2011 - 2013 жылдарға Екібастұз қаласының арналған бюджеті туралы" N 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 342/31 шешімін орындауда, аз қамтамасыз етілген отбасыларды (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілсін.
      2. Комиссияның қоса берілген Ережесі бекітілсін.
      3. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылардың (тұлғалардың) жеке шаруашылығын дамытуға 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
      4. Жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бөлім):
      1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты көрсетілген өтінішті;
      2) Бөліммен берілген аз қамтамасыз етілген отбасы мәртебесін растайтын анықтаманы;
      3) азаматтарды тіркеу кітабын (көшірмесі);
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (көшірмесі);
      5) жеке куәлігін (көшірмесі);
      6) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес шот нөмірін тапсыру қажет.
      5. Жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек осы қаулының 4-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Комиссияның шешімімен тағайындалады.
      6. Бөлім:
      комиссия төлем тағайындалғандығы туралы шешім шығарғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүргізсін;
      Екібастұз қаласы ауылдық жерлерінің тұрғындары арасында жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек алу тәртібі туралы түсіндірме жұмыс жүргізсін.
      7. Көзделген іс-шаралардың сапалы іске асырылуына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қаражаттың түсуіне жауапкершілік Бөлімге жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 13 мамырдағы  
N 357/4 қаулысымен    
бекітілді         

Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде
тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамытуға
біржолғы материалдық көмек тағайындау
бойынша комиссия құрамы

Нұрлан Мұқатайұлы Күлжан

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Әлия Қоқышқызы Базарбаева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;

Ботагөз Сейілбекқызы Қожанова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Ирина Петровна Назарчук

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Балғабай Құдайбергенұлы Шахметов

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 13 мамырдағы  
N 357/4 қаулысымен   
бекітілді        

Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын
аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға)
жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық
көмек тағайындау бойынша комиссиясының ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      2. Комиссия - Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында құрылды.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері

      3. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері мыналар:
      1) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алуға үміткер Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылардың (тұлғалардың) құжаттарын қарастыру;
      2) Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау.
      4. Өткізілген отырыс нәтижесі бойынша Комиссия Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау үшін құжаттарды "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жібереді.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның қызметін орынбасары орындайды.
      Комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады. Онда Комиссияның отырыстарына шақырылған тұлғалар қатыса алады.
      Комиссия отырысы қажеттілігі шамасында өткізіледі.
      Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екі бөлігі қатысса, отырыс заңды болып саналады.
      Комиссияның жұмыс органдары ретінде Бөлім шығады.
      6. Комиссия жұмыс органынан құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және шешім шығарады.
      Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда, жұмыс органы үш жұмыс күн ішінде өтініш иесіне дәлелді жауап жібереді.
      Бас тарту негізі дұрыс емес мәліметтер, құжаттардың толық емес тізбесін беру болып табылады.
      Өтініш иесі, құжаттардың толық тізбесін құрған кезде, жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындауға қайта өтінуге құқығы бар.
      7. Отырысты өткізгеннен кейін қажетті құжаттардың, материалдардың және хаттамаларды ресімдеу жұмыс жоспары және Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      8. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санынан оларға дауысы асып түскен жағдайда қабылданады. Дауыс беру нәтижесі тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген жақ қабылданады.
      9. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өздерінің негізгі пікірлерін жазбаша түрде баяндауға құқылы, бұл хаттамаға қосылады.
      10. Отырысты өткізу нәтижесі бойынша 3 (үш) жұмыс күн ішінде хаттама жасалады және төрағаның, егер ол болмаған кезде Комиссия төрағасы орынбасарының қолы қойылады.

О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 13 мая 2011 года N 357/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 08 июня 2011 года N 12-3-297. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 06 января 2012 года N 22/1

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 06.01.2012 N 22/1.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", во исполнение решения Экибастузского городского маслихата (внеочередная XXXI сессия, IV созыв) от 31 марта 2011 года N 342/31 "О внесении изменений и дополнений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XXVII сессия, IV созыв) от 23 декабря 2010 года N 309/27 "О бюджете города Экибастуза на 2011 - 2013 годы", в целях поддержки малообеспеченных семей (лиц), акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый состав комиссии по назначению единовременной материальной помощи малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза (далее - Комиссия).
      2. Утвердить прилагаемое Положение Комиссии.
      3. Установить, что право на получение единовременной  материальной помощи на развитие личного подворья в размере 120 000 (сто двадцать тысяч) тенге имеют малообеспеченные семьи (лица), проживающие в сельской местности города Экибастуза.
      4. Для получения единовременной материальной помощи на развитие личного подворья, необходимо представить в государственное учреждение  "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" (далее – Отдел):
      1) заявление с указанием цели использования материальной помощи;
      2) справку, подтверждающую статус малообеспеченной семьи, выданную Отделом;
      3) книгу регистрации граждан (копия);
      4) регистрационный номер налогоплательщика (копия);
      5) удостоверение личности (копия);
      6) номер лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня.
      5. Единовременная материальная помощь на развитие личного подворья назначается решением Комиссии в течение 10 (десяти) календарных дней со дня поступления документов, указанных в пункте 4 настоящего постановления.
      6. Отделу:
      после вынесения решения комиссией о назначении выплат, в течение 5 (пяти) рабочих дней произвести финансирование единовременной материальной помощи на развитие личного подворья;
      провести разъяснительную работу среди населения сельской местности города Экибастуза о порядке получения единовременной материальной помощи на развитие личного подворья.
      7. Ответственность за качественную реализацию намеченных мероприятий, поступления средств малоимущим гражданам возложить на Отдел.
      8. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 (десяти) календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      9. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Күлжан Н.М.

      Аким города Экибастуза                     А. Вербняк

Утверждено      
постановлением акимата  
города Экибастуза    
от 13 мая 2011 года N 357/4

Состав комиссии по назначению единовременной
материальной помощи на развитие личного подворья
малообеспеченным семьям (лицам), проживающим
в сельской местности города Экибастуза

Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы

- заместитель акима города Экибастуза, председатель комиссии;

Базарбаева Алия Кокишевна

- исполняющая обязанности начальника государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", заместитель председателя комиссии;

Кожанова Ботагоз Сейльбековна

- заведующая сектором социальной помощи государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", секретарь комиссии;

Члены Комиссии

Назарчук Ирина Петровна

- начальник государственного учреждения "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата города Экибастуза";

Шахметов Балгабай Кудайбергенович

- начальник государственного учреждения "Отдел финансов акимата города Экибастуза";

Дюсенбаев Кенжебек Дюсенбаевич

- начальник государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии акимата города Экибастуза".

Утверждено     
постановлением акимата  
города Экибастуза    
от 13 мая 2011 года N 357/4

Положение комиссии по назначению единовременной
материальной помощи на развитие личного подворья
малообеспеченным семьям (лицам), проживающим
в сельской местности города Экибастуза

1. Общие положения

      1. Комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      2. Комиссия является постоянно действующим органом при акимате города Экибастуза и создана в целях оказания единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза.

2. Основные задачи и функции Комиссии

      3. Основными задачами и функциями Комиссии являются:
      1) рассмотрение документов малообеспеченных семей (лиц), проживающих в сельской местности города Экибастуза, претендующих на получение единовременной материальной помощи на развитие личного подворья;
      2) принятие решения об оказании единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза.
      4. По результатам проведенного заседания Комиссия направляет документы в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" (далее – Отдел) для назначения единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза.

3. Организация деятельности Комиссии

      5. Комиссию возглавляет председатель. В случае отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.
      Члены Комиссии участвуют в заседаниях без права замены. При этом на заседаниях Комиссии могут участвовать приглашенные лица.
      Заседание Комиссии проводятся по мере необходимости.
      Заседание считается правомочным, если на них присутствуют не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.
      Рабочим органом Комиссии выступает Отдел.
      6. Комиссия в течение десяти календарных дней с момента поступления документов от рабочего органа рассматривает предоставленные документы и выносит решение.
      В случае отказа в назначении единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза, рабочий орган в течение трех рабочих дней направляет заявителю мотивированный ответ.
      Основанием для отказа является предоставление недостоверных сведений, неполного перечня документов.
      Заявитель, при формировании полного перечня документов, имеет право повторно обратиться за назначением единовременной материальной помощи на развитие личного подворья.
      7. Подготовку предложений по плану работы и повестке дня заседания Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протокола, после его проведения, осуществляет секретарь Комиссии.
      Секретарь не является членом Комиссии.
      8. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.
      9. Члены Комиссии в случае несогласия с принятым решением имеют право изложить в письменном виде свое особое мнение, которое приобщается к протоколу.
      10. По результатам проведения заседания в течение 3 (трех) рабочих дней составляется протокол и подписывается председателем, а в случае его отсутствия заместителем председателя Комиссии.