Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 06.01.2012 N 22/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы (IV шақырылған кезектен тыс XXХI сессиясы) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессиясы) "2011 - 2013 жылдарға Екібастұз қаласының арналған бюджеті туралы" N 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 342/31 шешімін орындауда, аз қамтамасыз етілген отбасыларды (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілсін.
2. Комиссияның қоса берілген Ережесі бекітілсін.
3. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылардың (тұлғалардың) жеке шаруашылығын дамытуға 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
4. Жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бөлім):
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты көрсетілген өтінішті;
2) Бөліммен берілген аз қамтамасыз етілген отбасы мәртебесін растайтын анықтаманы;
3) азаматтарды тіркеу кітабын (көшірмесі);
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (көшірмесі);
5) жеке куәлігін (көшірмесі);
6) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес шот нөмірін тапсыру қажет.
5. Жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек осы қаулының 4-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Комиссияның шешімімен тағайындалады.
6. Бөлім:
комиссия төлем тағайындалғандығы туралы шешім шығарғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүргізсін;
Екібастұз қаласы ауылдық жерлерінің тұрғындары арасында жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек алу тәртібі туралы түсіндірме жұмыс жүргізсін.
7. Көзделген іс-шаралардың сапалы іске асырылуына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қаражаттың түсуіне жауапкершілік Бөлімге жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
N 357/4 қаулысымен
бекітілді
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде
тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамытуға
біржолғы материалдық көмек тағайындау
бойынша комиссия құрамы
Нұрлан Мұқатайұлы Күлжан |
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Әлия Қоқышқызы Базарбаева |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Ботагөз Сейілбекқызы Қожанова |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Ирина Петровна Назарчук |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Балғабай Құдайбергенұлы Шахметов |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы. |
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
N 357/4 қаулысымен
бекітілді
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын
аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға)
жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық
көмек тағайындау бойынша комиссиясының ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссия - Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында құрылды.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
3. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері мыналар:
1) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алуға үміткер Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылардың (тұлғалардың) құжаттарын қарастыру;
2) Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау.
4. Өткізілген отырыс нәтижесі бойынша Комиссия Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау үшін құжаттарды "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жібереді.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның қызметін орынбасары орындайды.
Комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады. Онда Комиссияның отырыстарына шақырылған тұлғалар қатыса алады.
Комиссия отырысы қажеттілігі шамасында өткізіледі.
Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екі бөлігі қатысса, отырыс заңды болып саналады.
Комиссияның жұмыс органдары ретінде Бөлім шығады.
6. Комиссия жұмыс органынан құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және шешім шығарады.
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда, жұмыс органы үш жұмыс күн ішінде өтініш иесіне дәлелді жауап жібереді.
Бас тарту негізі дұрыс емес мәліметтер, құжаттардың толық емес тізбесін беру болып табылады.
Өтініш иесі, құжаттардың толық тізбесін құрған кезде, жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындауға қайта өтінуге құқығы бар.
7. Отырысты өткізгеннен кейін қажетті құжаттардың, материалдардың және хаттамаларды ресімдеу жұмыс жоспары және Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санынан оларға дауысы асып түскен жағдайда қабылданады. Дауыс беру нәтижесі тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген жақ қабылданады.
9. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өздерінің негізгі пікірлерін жазбаша түрде баяндауға құқылы, бұл хаттамаға қосылады.
10. Отырысты өткізу нәтижесі бойынша 3 (үш) жұмыс күн ішінде хаттама жасалады және төрағаның, егер ол болмаған кезде Комиссия төрағасы орынбасарының қолы қойылады.