Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Заңының 36 бабынының 1, 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТI:
1. Атырау қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 231 "Атырау қаласы бойынша 2010 жылға салық ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-129 нөмірімен тіркелген, 2011 жылы 6 қаңтарында "Атырау" газетінде № 2 жарияланған) шешімінің № 1 қосымшасында көрсетілген Бір жолғы талон құнының тізбесіне мынандай мазмұнда 6 тармақпен толықтырсын:
"6. Көлік құралдарын сату 200".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XXI сессия төрағасы | Т. Бекенов |
Қалалық Мәслихат хатшысы | Б. Қазиманов |