Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 231 "Атырау қаласы бойынша 2011 жылға салық ставкаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы N 265 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 сәуірде N 4-1-135 тіркелді. Күші жойылды – Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Заңының 36 бабынының 1, 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТI:
      1. Атырау қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 231 "Атырау қаласы бойынша 2010 жылға салық ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-129 нөмірімен тіркелген, 2011 жылы 6 қаңтарында "Атырау" газетінде № 2 жарияланған) шешімінің № 1 қосымшасында көрсетілген Бір жолғы талон құнының тізбесіне мынандай мазмұнда 6 тармақпен толықтырсын:
      "6. Көлік құралдарын сату 200".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      XXI сессия төрағасы Т. Бекенов
      Қалалық Мәслихат хатшысы Б. Қазиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады