Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-5, 5-6 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданының меншік нысанына қарамастан барлық мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілесін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2012.12.25 № 469 қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Далабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Нұғманов |