Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде жетпіс еселенген айлық есептік көрсеткіш және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие алты жүз отыз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетудің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жанықұлов) жүктелсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2010 жылғы 13 қазандағы № ХХIІ-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 11 қарашасында № 4-5-136 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2010 жылы 2 желтоқсанда № 49(502) жарияланған);
2) Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" ХХІІ-3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 23 қарашадағы № ХХIІІ-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 8 желтоқсанында № 4-5-138 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2010 жылы 23 желтоқсанда № 52 (505) жарияланған);
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХІХ
сессиясының төрағасы: С. Сарсенгалиева
Аудандық мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали