Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2011.05.11 № XXIX-3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және тұрғын үй алу үшін алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
1-1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй алу үшін бір жолғы қосымша алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
1-2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі материалдық көмекке бөлінген қаржыны толық және мақсатты игерілуін қамтамасыз етсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2010.11.23 № XXIIІ-2 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қазан айынан бастап туындаған қатынастарға таралады) шешімімен.
2. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетудің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жаныкулов) жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХІІ сессиясының төрағасы Д. Есқуатова
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Бейсқали