Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 қазандағы № ХХІІ-3 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 қарашадағы № XXIIІ-2 шешімі. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 08 желтоқсанда N 4-5-138 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы № XXIX-3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2011.05.11 № XXIX-3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2-тармағына сәйкес, мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында ауданда тұрғын үй құны бюджеттік кредиттің тағайындалған сомасынан жоғары болғандықтан, жергілікті бюджеттен қосымша қаражаттың бөлінуіне байланысты Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық маслихаттың 2010 жылғы 13 қазандағы ХХІІ-3 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіміне 4-5-136 санымен тіркелген, 2010 жылы 18 қарашада № 47 (500) "Қызылқоға" аудандық газетінде жарияланған), төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
      1-1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй алу үшін бір жолғы қосымша алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      1-2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі материалдық көмекке бөлінген қаржыны толық және мақсатты игерілуін қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қазан айынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХІІІ сессиясының төрағасы             Т. Губайдуллин
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады