Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 3-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-94 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешімге келесі өзгертулер енгізілсін:
Аталған шешімнің "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі" атты қосымшасындағы:
1) "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" атты 2-бөлімдегі:
4-тармақтағы "Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көшірмелерімен қатар құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет" сөздері алынып тасталсын;
2) "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық кірісін есептеу" атты 4-бөлімдегі:
23-тармақтың 1) тармақшасындағы (сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда) сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. ДЕМЫШЕВ |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Ш. ТӨЛЕУТАЕВ |