"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы N 32/258-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 наурызда N 5-3-103 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 3-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-94 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешімге келесі өзгертулер енгізілсін:

      Аталған шешімнің "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі" атты қосымшасындағы:

      1) "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" атты 2-бөлімдегі:

      4-тармақтағы "Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көшірмелерімен қатар құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет" сөздері алынып тасталсын;

      2) "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық кірісін есептеу" атты 4-бөлімдегі:

      23-тармақтың 1) тармақшасындағы (сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда) сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

В. ДЕМЫШЕВ



Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы

Ш. ТӨЛЕУТАЕВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады