Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Зайсан ауданы әкімдігінің 2012.02.02 N 817 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабы 5) тармақшасы, 20 бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің қоса берілген тізімі, атқарылатын жұмыстың түрі, көлемі, қаржыландыру көзі, қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2011 жылға арналып бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде жүргізілсін.
3. Мекеме басшыларына (келісім бойынша) кейбір санаттағы жұмысшыларға (кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) жұмысты толық емес жұмыс күнi, икемдi кесте бойынша жұмыстың ерекше жағдайында, санатына байланысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мүмкiндiгi ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Сапарғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Зайнулдин
Зайсан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 328 қаулысымен
бекітілген
2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі,
қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары
р/с № |
Кәсiпорындар |
Қоғамдық жұмыс түрлерi |
Атқарылатын жұмыс көлемi |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік) |
Ұсыныс (бекітілген) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
“Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, көркейту, тазалық жұмыстары |
Көгалдандыру, тазалық жұмыстары - 0,2 га |
10 |
8 |
Зайсан ауданының бюджеті |
2 |
“Зайсан қала әкiмi аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Су ағарларды жөндеу, тазалау, тереңдету, бас арықтарды жөндеу, көпірлерді мұздан, қардан тазалау, көшет отырғызу, көшелерді тазалау |
3 үлкен 9 кіші көпірлерді мұздан, қардан тазалау, 1,5 км бас арықты, 11 км су ағарларды тазалау, тереңдету, 2000 түп көшет отырғызу, суару, санитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізу |
150 |
120 |
Зайсан ауданының бюджеті |
3 |
“Х. Мұстафин атындағы орта мектебі” мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, тазалық жұмыстары |
500 м су ағарларды тазалау, бақты суару, ағымдағы жөндеу жұмыстары |
20 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
4 |
“Гагарин атындағы орта мектебі” мемлекеттік мекемесі |
Мектеп маңын қардан тазалау, мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстары, гүлзарларды күтіп, бағу, суару |
1400 м арықтарды тазалау, бақты суару, ағымдағы жөндеу жұмыстары |
10 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
5 |
“М. Ломоносов атындағы орта мектебі” мемлекеттік мекемесі |
Тазалық жұмыстары, көшеттер егу, гүлдер отырғызу, жылу жүйесін жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстары |
450 шаршы метр ауланы тазалау, 350 м су ағарларды тазалау, бақты суару, ағымды жөндеу жұмыстары |
21 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
6 |
«М. Әуезов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, ағымдағы жөндеу, тазалық, жұмыстарын жүргізу |
500 шаршы метр ауланы тазалау, 400 м су ағарларды тазалау, бақты, гүлдерді суару, ағымды жөндеу жұмыстары |
10 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
7 |
“М. Дауленов атындағы орта мектебі” мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, ағымдағы жөндеу, тазалық жұмыстары, асханадағы жұмыстар |
300 шаршы метр ауланы тазалау, 200 м су ағарларды тазалау, бақты, гүлдерді суару, 200 көшет егу, ағымды жөндеу жұмыстары |
8 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
8 |
“Зайсан мектеп интернаты” мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, ағымдағы жөндеу тазалық жұмыстары, асханадағы жұмыстар |
200 шаршы метр ауланы тазалау, 200 м су ағарларды тазалау, бақты, гүлдерді суару, көшет егу, ағымды жөндеу, тазалық жұмыстары |
12 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
9 |
“Зайсан ауданының медициналық бірлестігі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ( келісім бойынша) |
Саябақты суару, күту, ағымдағы жөндеу, тазалық жұмыстары |
От жағу қазандығын жөндеу, 600 м су ағарларды тазалау, бақты суару - 0,5 га |
20 |
5 |
Зайсан ауданының бюджеті |
10 |
Аудан әкімдігінің “Зайсан аудандық мәдениет үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
Саябақты тазарту, күту, ағаш отырғызу, тазалық жұмыстары |
Бақты суару, тазалау - 0,7 га, 100 көшет егу, суару |
12 |
3 |
Зайсан ауданының бюджеті |
11 |
ШҚО Әділет департаментінің Зайсан ауданының әділет басқармасы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Құжаттармен жұмыс істеу |
Күніне 10-15 құжат |
20 |
1 |
Зайсан ауданының бюджеті |
12 |
“Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі |
Құжаттармен жұмыс істеу |
Күніне 30-40 құжат |
4 |
3 |
Зайсан ауданының бюджеті |
13 |
“Зайсан аудандық ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Тазалық, көркейту, құжаттармен жұмыс істеу жұмыстары |
Саябақты тазалау жұмыстары, күніне 20-25 құжат |
35 |
5 |
Зайсан ауданының бюджеті |
14 |
Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы (келісім бойынша) |
Құжаттармен жұмыс істеу |
Күніне 10-15 құжат |
4 |
1 |
Зайсан ауданының бюджеті |
15 |
“Балаларды мектепке даярлау орталығы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Көгалдандыру, тазалық, ағымдағы жөндеу жұмыстары |
Бақты суару, тазалау - 0,25 га |
6 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
16 |
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы республикалық мемлекеттік мекемесінің ШҚО филиалы Зайсан аудандық бөлімі (келісім бойынша) |
Кұжатпен жұмыстар |
Күніне 10-15 құжат |
12 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
17 |
ШҚО бойынша салық департаментінің Зайсан ауданы бойынша салық басқармасы (келісім бойынша) |
Құжатпен жұмыстар |
Күніне 15-20 құжат |
8 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
18 |
Зайсан аймағы бойынша қаржы полициясының ауданаралық басқармасы (келісім бойынша) |
Құжатпен жұмыстар |
Күніне 15-20 құжат |
4 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
19 |
“Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Тазалық, көгалдандыру, құжаттармен жұмыс істеу |
Күніне 10-15 құжат, 0,3 га |
15 |
4 |
Зайсан ауданының бюджеті |
20 |
“Зайсан аудандық білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі |
Тазалық, көгалдандыру жұмыстары |
0,2 га ауланы тазалау, тоғай суару |
2 |
2 |
Зайсан ауданының бюджеті |
21 |
Зайсан ауданының әкімдігінің «Зайсан тазалық» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны |
Тазалық, ауланы көркейту жұмыстары |
Қаланы тазалау, абаттандыру |
70 |
35 |
Зайсан ауданының бюджеті |
22 |
“Қаратал ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
От жағу, су ағарларды тазалау, көркейту, көгалдандыру жұмыстары |
2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, 1,5 км су ағарларды тазалау, 800 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу |
32 |
30 |
Зайсан ауданының бюджеті |
23 |
“Сартерек ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, тазалық, көркейту жұмыстары |
3 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, 1,5 км су ағарларды тазалау, 700 дана көшет егу, санитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізу |
26 |
26 |
Зайсан ауданының бюджеті |
24 |
“Қарабұлақ ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, тазалық жұмыстары, арық, көпірлерді тазалау |
2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, 2,5 км су ағарларды тазалау, 600 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу |
24 |
24 |
Зайсан ауданының бюджеті |
25 |
“Бiржан ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Су ағарларды тазалау, көгалдандыру, тазалық жұмыстары |
2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, 2 км су ағарларды тазалау, 500 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу |
20 |
20 |
Зайсан ауданының бюджеті |
26 |
“Шiлiктi ауылдық округ әкiмінің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Тазалық, көгалдандыру, тазалық жұмыстары |
2 км су ағарларды тазалау, 500 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу |
30 |
30 |
Зайсан ауданының бюджеті |
27 |
“Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру, тазалық, ағымдағы жөндеу жұмыстары |
3 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, 1,5 км су ағарларды тазалау, 600 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу |
30 |
30 |
Зайсан ауданының бюджеті |
28 |
“Кеңсай ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Су ағарларды қардан тазарту, тазалық, көгалдандыру, ағаш отырғызу, саябақтарды суару |
2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, 1,5 км су ағарларды тазалау, 500 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу |
60 |
30 |
Зайсан ауданының бюджеті |
29 |
“Айнабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі |
Қар тазалау, көркейту,көгалдандыру, тазалық жұмыстары |
1 үлкен 3 кіші көпірлерді қардан, мұздан тазалау, 1,5 км су ағарларды тазалау, 600 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу |
40 |
30 |
Зайсан ауданының бюджеті |
30 |
“Жаңатұрмыс” орталау мектебі” мемлекеттік мекемесі |
Ағымды жөндеу, тазалық, көгалдандыру жұмыстары |
0,2 га ауланы тазалау, тоғайларды егу, суару, ағымды жөндеу жұмыстары |
4 |
3 |
Зайсан ауданының бюджеті |
31 |
“Өркен” Шаруа қожалығы (келісім бойынша) |
Бау-бақша өсіру |
Көкөніс өсіру 15 га |
20 |
20 |
Зайсан аудан бюджеті 50 пайыз, жұмыс беруші 50 пайыз |
БАРЛЫҒЫ |
739 |
450 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат жұмыстың жағдайына байланысты икемді кесте бойынша жұмыс уақыты, мүгедектерге де қолданылады, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (он сегізге жасы толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедек жұмысшылар, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.