2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 ақпандағы N 817 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 24 ақпанда N 5-11-149 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы N 1435 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 19.02.2013 N 1435 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5) тармақшасы20 бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің қоса берілген тізімі, атқарылатын жұмыстың түрі, көлемі, қаржыландыру көзі, қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары бекітілсін.
      2. Еңбек ақының мөлшері 2012 жылға белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшерінде бекітілсін.
      3. Мекеме басшыларына жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектергеон сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында жасау мүмкіндігін беру, сонымен қатар тиісті санаттың еңбек жағдайы ерекшеліктерін есепке алу арқылы және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысындарын қолдану ұсынылсын.
      4. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 328 «2011 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-133 нөмерімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 35 санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Сапарғалиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                С. Зайнулдин

Зайсан ауданының әкімдігінің
2012 жылғы 02 ақпандағы
№ 817 қаулысымен бекітілген

2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізімі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және
нақты жағдайлары

Р/с

Мекемелердің аттары

Қоғамдық жұмыс түрлерi

Атқарылатын жұмыс көлемi

Сұраныс (жарияланған қажеттілік) орын саны

Ұсыныс (бекітілген) орын саны

Қаржыландыру көзі

1

«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту, көшеттердi отырғызу, суару жұмыстары, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Көгалдандыру және көркейту 50 ш.м, 1500 көшет, күніне 10-15 құжат

60

39

Зайсан ауданының бюджеті

2

«Зайсан қала әкiмi аппараты» мемлекеттік мекемесі

Суағарларды тазалау, көпірлерді қардан, мұздан тазалау, көшет отырғызу, суару

Суағарларды тазалау 11 шақырым, 3 үлкен 9 кіші көпірлерді мұздан, қардан тазалау, 2000 түп көшет отырғызу, суару, күніне 20-25 құжат

200

179

Зайсан ауданының бюджеті

3

«М. Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту, көшет отырғызу, суару, мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу

Аумақты көгалдандыру, көркейту 450 ш.м, 150 көшет, ағымдағы жөндеу жұмыстары 350 ш.м

3

1

Зайсан ауданының бюджеті

4

«М. Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту, көшет отырғызу, суару, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Көгалдандыру және көркейту 500 ш.м., көшет отырғызу, суару 250 түп, ағымдағы жөндеу жұмыстары 550 ш.м.

10

1

Зайсан ауданының бюджеті

5

«Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп маңын қардан тазалау, көшет отырғызу, суару, мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстары

Мектеп маңын қардан тазалау 600 ш.м, көшет отырғызу, суару 400 түп, ағымдағы жөндеу жұмыстары 200 ш.м.

40

40

Зайсан ауданының бюджеті

6

«М. Дауленов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көркейту жұмыстары, көшет отырғызу, суару, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Көгалдандыру, көркейту 300 ш.м., көшет отырғызу, суару 200 түп, күніне 20-25 құжат

20

20

Зайсан ауданының бюджеті

7

«Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Күніне 30-40 құжат

24

10

Зайсан ауданының бюджеті

8

«Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Күніне 10-15 құжат

15

2

Зайсан ауданының бюджеті

9

«Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінің жол полиция бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Күніне 30-40 құжат

2

2

Зайсан ауданының бюджеті

10

«Зайсан ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Күніне 10-15 құжат

16

4


11

«Қаратал ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту, көпірлерді қардан, мұздан тазалау, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Аумақты көгалдандыру, көркейту 1500 ш.м., 2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, күніне 20-30 құжат

60

20

Зайсан ауданының бюджеті

12

«Сартерек ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту, көшет отырғызу, суару

Аумақты көгалдандыру, көркейту 1400 ш.м., көшет отырғызу, суару 700 түп

26

19

Зайсан ауданының бюджеті

13

«Қарабұлақ ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту, көпірді тазалау, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Аумақты көгалдандыру, көркейту 1700 ш.м., 2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, күніне 20-30 құжат

24

19

Зайсан ауданының бюджеті

14

«Бiржан ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту, көшет отырғызу, суару, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Аумақты көгалдандыру, көркейту 1500 ш.м., көшет отырғызу, суару 500 түп, күніне 20-25 құжат

30

19

Зайсан ауданының бюджеті

15

«Шiлiктi ауылдық округ әкiмінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту

Аумақты көгалдандыру, көркейту 2000 ш.м

30

19

Зайсан ауданының бюджеті

16

«Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Аумақты көгалдандыру, көркейту 1800 ш.м., күніне 10-15 құжат

25

19

Зайсан ауданының бюджеті

17

«Кеңсай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Аумақты көгалдандыру, көркейту 1700 ш.м., күніне 10-15 құжат

0

19

Зайсан ауданының бюджеті

18

«Айнабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлкекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Аумақты көгалдандыру, көркейту 1600 ш.м., күніне 10-15 құжат

40

19

Зайсан ауданының бюджеті

19

«Жаңатұрмыс» орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аумақты көгалдандыру, көркейту

Аумақты көгалдандыру, көркейту 500 ш.м

2

2

Зайсан ауданының бюджеті

20

«ШҚО статистика басқармасының Зайсан аудандық бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Күніне 10-15 құжат

2

2

Зайсан ауданының бюджеті



БАРЛЫҒЫ


689

455


      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты.
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күндi құрайды, екi демалыс күн берiледi, сегiз сағаттық жұмыс күнi, түскi үзiлiс 1 сағат, еңбекақы төлеу еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыс уақытын есептеу табелiнде көрсетiлген дәлелдi жұмыс iстеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету; зейнетақы және әлеуметтiк ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргiзiледi, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша  әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертiгу немесе басқа зақымдану салдарынан келтiрiлген зияндардың орнын толтыру. Жұмыскерлердiң жеке санаттары (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге) үшiн қоғамдық жұмыстардың талаптары тиiстi санатқа еңбек талаптарының ерекшелiгiн ескере отырып белгiленедi және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң және жұмыскердiң арасында жасалған еңбек шарттарымен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады