Ауданның ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтін және тұратын денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 31/291-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қазанда N 5-13-96 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қаңтардағы № 03 хаты)

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012.01.05 № 03 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шаралары тұрғын үй сатып алу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк несие және жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрiнде 2011 жылы ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Сессия төрағасы                            А. Байғонысов
 

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Бралинов

О предоставлении в 2011 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, работающим и проживающим в сельских населенных пунктах района

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 30 сентября 2011 года N 31/291-IV. Зарегистрировано управлением юстиции Катон-Карагайского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 20 октября 2011 года за N 5-13-96. Прекращено действие по истечении срока, на который решение было принято (письмо Катон-Карагайского районного маслихата от 05 января 2012 года № 03)

      Сноска. Прекращено действие по истечении срока, на который решение было принято (письмо Катон-Карагайского районного маслихата от 05.01.2012 № 03).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 3 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2011 году специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района, меры социальной поддержки в виде подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и бюджетного кредита, не превышающий одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя, на приобретение жилья.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня официального опубликования.
 

      Председатель сессии                        А. Байгонысов
 

      Секретарь районного маслихата              Д. Бралинов