Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012.01.05 № 03 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шаралары тұрғын үй сатып алу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк несие және жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрiнде 2011 жылы ұсынылсын.
2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы А. Байғонысов
Аудандық мәслихат хатшысы Д. Бралинов