Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 7-2 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 4-3725 санды Заңның бұзылуын жою туралы ұсынысын қарап, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Казталов аудандық мәслихатының "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-87 тіркелген, 2009 жылғы 18 мамырдағы "Ауыл айнасы" газетінде N 24 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақта:
2) тармақшасындағы "5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін" сөздер "7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшасындағы "20-25 айлық есептік көрсеткішке дейін" сөздер "25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшасындағы "10 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін" деген сөздер "10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшасындағы "10-20 айлық есептік көрсеткішке дейін" деген сөздер "34 айлық есептік көрсеткішке дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алынып тасталсын;
2) 2 тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы берілетін әлеуметтік көмек төмендегі мөлшерде беріледі:";
2) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Тоясов
Аудандық мәслихат
хатшысының ө.у.а. М. Мырзағалиев