Казталов ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдеде № 7-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 тамызда № 7-8-147 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 30 қазандағы № 18-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 30.10.2013 № 18-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Казталов ауданы мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:
      Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50 000 теңге;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 10 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 теңге;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 10 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне – 10 000 теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай - ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың қайта некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) – 5 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға - 5 000 тенге;
      соғыс жылдарында тылда еңбек еткен азаматтарға – 3 000 теңге;
      2) Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға және қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына – 10 000 теңге;
      3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға, апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға және апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 10 000 теңге;
      4) 100 жасқа толған және одан асқан азаматтарға, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) соғыс жылдарында тылда еңбек еткен азаматтарға санаторлық – курорттық емделу үшін біржолғы жергілікті бюджеттен көзделген қаржы шегінде;
      6) кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссияның қортындысы мен дәрігердің жолдамасы негізінде ауданның тысқары жерлерде емделуге баратын біржолғы 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) аз қамтылған азаматтың жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) өрттен, су тасқыны, басқа да табиғи немесе техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған азаматтарға (отбасыларға) 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған және емделіп жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) "Капустин Яр" және "Азғыр" әскери - сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен аудан көлемінде тұратын бала кезінен мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан 1 топ мүгедектеріне 2 айлық есептік көрсеткіш, жалпы аурудан 2 топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш, жалпы аурудан 3 топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Ж. Қайыров
      Аудандық мәслихат
      хатшысы                          Е. Газизов

Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 7-2 шешіміне
қосымша

Аудандық мәслихаттың күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Казталов аудандық мәслихатының "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 шешімі, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-8-87 тіркелген, 2009 жылғы 18 мамырдағы "Ауыл айнасы" газетінің № 24 жарияланған).
      2. Казталов аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25-3 шешімі, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-8-101 тіркелген, 2010 жылғы 29 наурыздағы "Ауыл айнасы" газетінің № 16-17 жарияланған).
      3. Казталов аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 26-1 шешімі, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-8-102 тіркелген, 2010 жылғы 19 сәуірдегі "Ауыл айнасы" газетінің № 20 жарияланған).
      4. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 39-6 шешімі, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-8-127 тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Ауыл айнасы" газетінің № 21-22 жарияланған).
      5. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 3 тамыздағы № 41-3 шешімі, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-8-130 тіркелген, 2011 жылғы 19 қыркүйектегі "Ауыл айнасы" газетінің № 40 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады