Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 тамыздағы N 41-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 тамызда N 7-8-130 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 7-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 7-2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 4-3725 санды Заңның бұзылуын жою туралы ұсынысын қарап, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Казталов аудандық мәслихатының "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-87 тіркелген, 2009 жылғы 18 мамырдағы "Ауыл айнасы" газетінде N 24 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармақта:
      2) тармақшасындағы "5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін" сөздер "7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшасындағы "20-25 айлық есептік көрсеткішке дейін" сөздер "25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшасындағы "10 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін" деген сөздер "10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшасындағы "10-20 айлық есептік көрсеткішке дейін" деген сөздер "34 айлық есептік көрсеткішке дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      2) 2 тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы берілетін әлеуметтік көмек төмендегі мөлшерде беріледі:";
      2) тармақша алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  М. Тоясов
      Аудандық мәслихат
      хатшысының ө.у.а.                М. Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады