Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге де ақпаратты беру тізбесі мен мерзімдері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 33 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 наурызда № 7466 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қор биржасының мүшелері (екінші деңгейдегі банктерді және ұлттық пошта операторын қоспағанда) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың күнтізбелік соңғы күнінен кешіктірмей қор биржасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына (бұдан әрі – № 41 қағидалар) 10, 11, 14 және 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) береді.

      Ұлттық пошта операторы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей қор биржасына № 41 қағидаларға 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) береді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын қор биржасының мүшелері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қор биржасының мүшелері жыл сайын есепті, жылдан кейінгі жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде қор биржасына аудиторлық ұйыммен расталған жылдық қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді), және ол мыналарды қамтиды:

      1) бухгалтерлік балансты;

      2) пайдалар мен шығындары туралы есепті;

      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті;

      4) капиталдағы өзгерістер туралы есепті;

      5) түсіндірме жазбаны.

      Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар қор биржасы мүшесінің жеке жылдық есептілігінің аудиторлық ұйыммен расталу талабы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін таралады.

      4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қаржылық есептілік қор биржасына "Microsoft Ехсеl" электрондық форматта ұсынылады.

      2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептілік қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.

      Аудиторлық есеп қор биржасына РDF, ТІҒҒ немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).

      5. Қор биржасының мүшелері:

      1) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 102-бабының 2-тармағында көзделген қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде;

      2) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативтің бұзылғаны туралы ақпаратты осындай бұзушылық туындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      3) қор биржасы қор биржасының сауда жүйесінде айналыстағы бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысуға жіберген қор биржасы мүшесінің трейдерлері құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты осындай өзгерістердің негіздемелері туралы мәліметтерді көрсете отырып олар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      5) тізбесі мен беру мерзімдері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты қор биржасына береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5-1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарының талаптары шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар болып табылатын қор биржасының мүшелеріне қолданылмайды.

      Қор биржасы мүшелерінің осы санатына қойылатын талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.

      Ескерту. Қаулы 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қор биржасы 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулының 4-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес келтірсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігі

      Төраға _______ Ә.А.Смайылов

      2012 жылғы 11 наурыз

О перечне и сроках предоставления членами фондовой биржи финансовой отчетности и иной информации фондовой бирже

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года № 33. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2012 года № 7466. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 23 ноября 2022 года № 99.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 23.11.2022 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. В заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.10.2016 № 258 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Члены фондовой биржи (за исключением банков второго уровня и национального оператора почты) ежеквартально не позднее последнего календарного дня месяца, следующего за отчетным кварталом, предоставляют фондовой бирже ежеквартальную финансовую отчетность (в случае наличия дочерней (дочерних) организации (организаций) - консолидированную и отдельную финансовые отчетности) по формам согласно приложениям 10, 11, 14 и 16 к Правилам представления финансовой отчетности финансовыми организациями, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 41, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13504 (далее - Правила № 41).

      Национальный оператор почты ежеквартально не позднее 25 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, предоставляет фондовой бирже ежеквартальную финансовую отчетность (в случае наличия дочерней (дочерних) организации (организаций) - консолидированную и отдельную финансовые отчетности) по формам согласно приложениям 14 и 15 к Правилам № 41.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 13.12.2021 № 104 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Члены фондовой биржи, являющиеся банками второго уровня, ежемесячно не позднее 10 рабочего дня месяца, следующего за отчетным месяцем, предоставляют фондовой бирже отчет об остатках на балансовых и внебалансовых счетах по форме согласно приложению 2 к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 54 "Об утверждении перечня, форм, сроков представления отчетности банками второго уровня и Правил ее представления", зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20474.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 13.12.2021 № 104 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Члены фондовой биржи ежегодно в срок до 30 июня года, следующего за отчетным, предоставляют фондовой бирже годовую финансовую отчетность (в случае наличия дочерней (дочерних) организации (организаций) - консолидированную и отдельную годовые финансовые отчетности), подтвержденную аудиторской организацией, и включающую:

      1) бухгалтерский баланс;

      2) отчет о прибылях и убытках;

      3) отчет о движении денежных средств;

      4) отчет об изменениях в капитале;

      5) пояснительную записку.

      Требование по подтверждению аудиторской организацией отдельной годовой финансовой отчетности на члена фондовой биржи, имеющего дочернюю (дочерние) организацию (организации), распространяется с 1 января 2013 года.

      4. С даты введения в действие настоящего постановления и до 1 июля 2012 года финансовая отчетность предоставляется фондовой бирже на электронном носителе в формате Microsoft Office Excel.

      С 1 июля 2012 года финансовая отчетность предоставляется фондовой бирже в сроки, установленные настоящим постановлением, в электронном виде с использованием транспортной системы гарантированной доставки информации с криптографическими средствами защиты, обеспечивающей конфиденциальность и некорректируемость представляемых данных, в формате, определяемом правилами фондовой биржи.

      Аудиторский отчет предоставляется фондовой бирже в электронном виде (сканированная копия бумажного варианта) в форматах PDF, TIFF или JPEG.

      5. Члены фондовой биржи предоставляют фондовой бирже:

      1) информацию об изменениях в деятельности, предусмотренных пунктом 2 статьи 102 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг", в порядке и сроки, установленные внутренними документами фондовой биржи;

      2) информацию о нарушении пруденциального норматива по достаточности собственного капитала в течение 1 (одного) рабочего дня с даты возникновения такого нарушения;

      3) информацию об изменениях в составе трейдеров члена фондовой биржи, допущенных фондовой биржей к участию в торгах по ценным бумагам и иным финансовым инструментам, обращающимся в торговой системе фондовой биржи, с указанием сведений об основании таких изменений, в течение 3 (трех) рабочих дней с даты их возникновения;

      4) исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 07.10.2019 № 165 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      5) иную информацию, перечень и сроки предоставления которой определяются правилами фондовой биржи согласно пункту 6 статьи 86 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг".

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.10.2016 № 258 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 07.10.2019 № 165 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5-1. Требования пунктов 1, 2, 3, 4 и 5 настоящего постановления не распространяются на членов фондовой биржи, являющихся юридическими лицами, которые учреждены в соответствии с законодательством иностранных государств.

      Требования к данной категории членов фондовой биржи определяются внутренними документами фондовой биржи.

      Сноска. Постановление дополнено пунктом 5-1 в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 27.05.2014 № 98 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Фондовой бирже в срок до 1 июля 2012 года привести свое программно-техническое обеспечение в соответствие с положением части второй пункта 4 настоящего постановления.

      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


      "СОГЛАСОВАНО"

      Агентство Республики

      Казахстан по статистике

      Председатель

      ______________ Смаилов А.А.

      11 марта 2012 года