Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 98 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9621 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Статистика агенттігі

      Төраға Ә.Смайылов

      ________________

      2014 жылғы 26 маусым

      (қолы, күні, елтаңбасы бар мөр)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 98 қаулысына қосымша

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда "Заң газеті" газетінде № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органды барлық бағалы қағаздар листингі мен делистингі жағдайлары туралы осындай жағдай басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.";

      34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттыққа оларды бастапқы орналастыру кезінде екінші деңгейдегі банктер, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және ұлттық почта операторы болып табылатын қор биржасының тиісті мүшелік санатындағы мүшелері қатысады. Брокер болып табылатын екінші деңгейдегі банк көрсетілген сауда-саттыққа екінші деңгейдегі банктер, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары немесе жеке тұлғалар болып табылатын клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүддесінде мәмілелер жасау талабымен брокер ретінде іс-әрекет жасайды. Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдар сауда-саттыққа тек қана ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен және мүддесінде қатысады.

      Қор биржасы сауда жүйесінде екінші деңгейдегі банктердің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының, ұлттық почта операторының және (немесе) жеке тұлғалардың активтері есебінен берілмейтін мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінімдерді автоматты түрде қабылдамауға мүмкіндік жасайтын теңшеулер орнату жолымен осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптың орындалуын қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызмет көрсету туралы не сенімгерлік басқару шарттары жасалған клиенттердің есебінен және мүддесі үшін ғана Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттыққа оларды бастапқы орналастыру кезінде қатысу жағдайларына қолданылмайды.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әрбір жеке қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі қор биржасының мүшелері – бір немесе бірнеше брокерге және (немесе) дилерге беріледі.

      Қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер мәртебесін беру тәртібі мынадай талаптар мен рәсімдерді қамтиды:

      қор биржасының мүшесіне маркет-мейкер мәртебесін беру туралы мәселені қарау қор биржасының осы мүшесінің маркет-мейкер мәртебесін беру туралы жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады;

      қор биржасы маркет-мейкер мәртебесін беру туралы шешімді немесе осындай мәртебені беруден дәлелді бас тартуды осы тармақта көрсетілген өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама түрінде ресімдейді және осы өтінішті берген қор биржасының мүшесіне жібереді;

      қор биржасының тізіміне енгізілетін бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы шешім осы бағалы қағаздарды Биржаның тізіміне енгізу туралы шешім күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ осы бағалы қағаздар бойынша сауда-саттықты ашу күнінен кешіктірілмей қабылданады.";

      43-2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қор биржасының мүшесі - брокердің және (немесе) дилердің қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде айла-шарғы жасау және (немесе) жосықсыз іс-әрекет жасау және (немесе) бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану бөлігінде бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қор биржасы ішкі құжаттарының нормаларын сақтамау;";

      46-1-тармақта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор биржасы үш жұмыс күні ішінде осы мүшесінің Ереженің

      47-тармағында белгіленген талаптарды орындау талабымен ғана осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша өзінің мүшесін маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды.

      Қор биржасы қор биржасының мүшесі - брокерді және (немесе) дилерді маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы қор биржасының шешімін жазбаша хабарлама түрінде ресімдейді және ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қор биржасының мүшесі - осы брокерге және (немесе) дилерге жібереді.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, инвестициялық қорларға, Қазақстан Республикасының арнайы қаржы компанияларына қызмет көрсететін кастодиандар қор биржасының растау жүйесіне көрсетілген клиенттердің активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасау мақсатында қосылады.

      54. Растау жүйесіне қызмет көрсететін пайдаланушы растамаған (растаудан бас тарту келіп түскен не растау қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде түспеген) қаржы құралдарымен мәмілелер оларды жасаған қор биржасы мүшесінің меншікті активтері есебінен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және талаптарда орындалады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылар мен қор биржасы арасындағы сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау мәселелері бойынша дауларды шешу тәртібі қор биржасының даулары мен қақтығыстарын шешу жөніндегі комиссияны құру және оның қызметінің тәртібі көзделетін қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады. Ішкі құжаттарды қабылдау (бекіту), сондай-ақ даулар мен қақтығыстарды шешу жөніндегі комиссияның сандық және дербес құрамын және оның мүшелерінің құрылымын айқындау қор биржасының басқару органының құзыретіне жатады.".

      2. Күш жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібін белгілейді және сауда-саттықты ұйымдастырушылармен сақталуға міндетті.

      Осы Ереже дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі сауда-саттықты ұйымдастырушыға 3-тармақта белгіленген талаптар бөлігінде қолданылады.

      1. Осы Ереженің мақсаты үшін "Standard&Poor's" агенттігінің рейтингілік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағалары танылады.".;

      4. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:

      10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар ретіндегі қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына және клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайына қойылатын талаптарға сәйкес келу мәніне мониторинг және бақылау жасаудың тәртібі мен талаптары;";

      11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тәуекелдерге мониторинг, бағалау және бақылау жасау рәсімдері, оның ішінде:

      клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесінің клиринг ұйымының басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекелдер мониторингі бойынша қабылдайтын шаралары;

      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды, осы тәуекелдердің ықпалдарын кейіннен саралауды және тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндерін белгілеуді қоса алғанда, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау;

      клиринг ұйымы тәуекелдерінің көрсеткіштері мәндерінің өзгеруіне және осы көрсеткіштердің жол берілетін ең жоғары мәндеріне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг жасау қамтылатын, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингі;

      директорлар кеңесіне сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасаған мәмілелер бойынша клиринг ұйымының жауапкершілігіне әкеп соқтыруға қабілетті кез-келген маңызды жағдайлар туралы дереу есептілік ұсыну механизмі;

      сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар тәуекелдерінің көрсеткіштері мәндерінің өзгеруіне және осы тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг жасау қамтылатын, клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға мониторинг және бақылау жасау жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингі.";

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) клиринг ұйымы клирингтік қызмет көрсетуге қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;".

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылғы 17 сәуірде, 2014 жылғы 18 сәуірде № 55 (2449), № 56 (2450) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе)дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әр түрлі, үлестес емес эмитенттер шығарған акциялар шығарылымдарының көп дегенде бесеуі қор биржасының ішкі әдістемесіне сәйкес есептелетін қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін кем дегенде сегіз қаржы құралы бойынша қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес маркет-мейкер ретінде баға белгілеуді жариялау және ұстау;";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Қағидалардың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін брокер-дилерге есеп айырысу кезеңі бес жұмыс күніне дейінгі мәмілелер жасауға рұқсат етіледі, бұл кезде мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөнiндегi міндеттемелерін орындауы мәміле жасалған күннен бастап төрт жұмыс күн ішінде мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөнiндегi қарсы мiндеттемелерiн орындауымен мүмкін болады. Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар мәміле тарабының қаржы құралдарын жеткiзу жөнiндегi міндеттемелерін орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу жөніндегі қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық қарсы агенттің қызметтерін қолданумен мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша халықаралық (шетелдiк) есеп айырысу-депозитарлық жүйелері (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation және басқа ұқсас жүйелер) арқылы жүзеге асырылады.;

      Есеп айырысулары клиринг ұйымының және (немесе) орталық қарсы агенттің қызметтері қолданыла отырып мәміле жасалғаннан кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында бағалы қағаздармен мәмілені жасау (жасауға өтінім беру) талаптары мен тәртібі, сондай-ақ осындай мәміле бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету талаптары мен тәртібі клиринг ұйымының және (немесе) орталық қарсы агенттің ішкі құжаттарында белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Тәуекелдерінің жабылуын сипаттайтын көрсеткіштердің мәндері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін брокер-дилер есеп айырысу кезеңі үш жұмыс күніне дейін Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен мәмілелерді:

      1) "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша;

      15) клиринг ұйымының және (немесе) орталық қарсы агенттің қызметтері қолданыла отырып, қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген өзге де қағидаттар мен әдістер бойынша жасайды.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған клиентiнiң тиісті шотында бағалы қағаздардың қажетті саны немесе ақша болмаған кезде брокер және (немесе) дилер есеп айырысулары "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді орындауымен мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмiленi жасаспайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).

      Осы тармақ Қағидалардың 49 және 49-1-тармақтарында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады