Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 300 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдiстемесiн қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысымен бекітілген |
Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе)
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал
ететiн факторларды айқындау әдiстемесiн қолдану қағидалары
Осы Қағидалар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Ұйым) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететiн факторларды айқындау әдiстемесiн белгілейді.
Осы Қағидалардың талаптары бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезінде екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Мыналар:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі;
2) өтімді активтер көлемінің төмендеуі;
3) шығынды қызмет Ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететiн факторлар болып табылады.
2. Осы Қағидалардың 1-тармағында көзделген Ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) қатарынан үш ай ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысында (бұдан әрі – № 7 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысында (бұдан әрі – № 146 қаулы) белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,3-ке асатын деңгейге дейін немесе одан төменге екі және одан да көп рет төмендеуі;
2) бастапқы мәні № 7 қаулыда және № 146 қаулыда белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,3-ке асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі;
3) қатарынан үш айдың ішінде өтімді активтер көлемінің 20 (жиырма) және одан көп пайыздан астам жиынтық төмендеуі;
4) қатарынан үш айдың ішінде шығынды қызмет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін реттеуіш есептіліктің деректері және уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы негізінде Ұйым ұсынған ақпарат негізінде ай сайын (айдың соңындағы жағдай бойынша) оның қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган Ұйымға Ұйымның қаржылық тұрақтылығын көтеру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болдырмау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша нысанда талап жібереді.
Ұйым көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мыналар:
1) Ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) жан-жақты талдау;
2) фактордың (факторлардың) болжамы, осы болжамның негізі мен Ұйымның қызметіне жағымсыз әсерлер;
3) осы факторды (факторларды) жақсарту, яғни қауіп төндірмейтін және Ұйымның қызметі үшін қосымша тәуекелдер туындатпайтын деңгейге дейін жеткізу шаралары;
4) іс-шаралар жоспарының орындалу мерзімдері (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдерін көрсете отырып);
5) іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты лауазымды адамдар (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалуына жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып) қамтылатын іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны уәкілетті органға ұсынады.
5. Уәкілетті орган Ұйым іс-шаралар жоспарын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны алдын ала қарайды.
Уәкілетті орган Ұйымның ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда Уәкілетті орган мен Ұйым іс-шаралар жоспарын жетілдіру мақсатында бірлесіп талқылау жүргізеді. Ұйым уәкілетті органның ескертулерін жою үшін іс-шаралар жоспарын түзетеді не мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өз негіздеулерін ұсынады.
Уәкілетті орган жетілдірілген іс-шаралар жоспары ұсынылған не уәкілетті органның ескертулерімен келіспеу негіздеулерін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Уәкілетті орган Ұйымның ұсынған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда Ұйым оны іске асыруға кіріседі және іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты ұсыну арқылы оның орындалу нәтижелері туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспары мақұлданбаған жағдайда Ұйымға "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды қою арқылы бір немесе бірнеше ертерек ден кою шараларын қолданады.
6. Осы Қағидалардың 1-тармағында көзделген факторларды дербес анықтаған жағдайда Ұйым көрсетілген факторларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың
4-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оның қаржылық жағдайының нашарлау күйін көрсететін ақпаратты ұсынады.