Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 202 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 қыркүйекте № 8686 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 202 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 300 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатқа қойылатын талаптарды және екiншi деңгейдегi банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екiншi деңгейдегi банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екiншi деңгейдегi банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы";

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржы ұйымы – екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;".

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 13-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын және 60-бабын, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 13-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мынадай Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді ең аз кредиттік рейтингі белгіленсін:

      банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (бар) банктер;

      Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;

      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдары бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдар.

      Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай ұзақ мерзімді ең аз тәуелсіз рейтингі белгіленсін:

      шет мемлекеттің шетел валютасында – Standard & Poors рейтингілік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді ең аз рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес.

      Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының мақсаттары үшін халықаралық шәкіл бойынша мынадай ең аз жеке кредиттік рейтингі белгіленсін:

      ұйымның шетел валютасында – Standard & Poors рейтингілік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді ең аз рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:

      1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғаларға:

      заңды тұлғаның халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең аз кредиттік рейтингісі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең аз рейтингісіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған;

      2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - банк холдингтеріне:

      банк холдингінің ұлттық шәкіл бойынша Japan Credit Rating Agency (JСR) рейтингілік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингілік агенттіктің "ААА"-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингісіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады