Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7510 тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 80 қаулысымен
бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңның 8-1-бабының 3-тармағының екінші бөлігіне (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі - банктер) олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банктің бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымдарына берілген, жиынтық көлемі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiне, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiне (бұдан әрі – № 170 нормативтер) сәйкес айқындалатын қарыздар мен банк кепілдіктерін қоспағанда, Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банк қарыздары мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі әрбір банк бойынша банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Жиынтық көлемнің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      БЗ + БГ - СП - СО - СБА < 50 % СК,

      мұнда:

      БҚ - Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген, берілген банктік қарыздар бойынша негізгі борыш сомасы;

      БК – Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банк кепілдігі шарты бойынша міндеттемелердің барлық сомасына берілген банк кепілдіктері;

      ПС – банктің бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымдарына қойылатын талаптармен қалыптастырылған резервтерді қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасы;

      ҚС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді қоспағанда, Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банктік қарыздар мен банк кепілдіктері бойынша қамтамасыз ету сомасы;

      БАС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына банктің талаптары бойынша негізгі борыштың сомасы;

      МК – № 170 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі қарыз алушыларға талаптар туындаған күні осы Қағидаларда белгіленген мөлшердің шегінде болып, кейіннен банктің меншікті капиталы деңгейінің соңғы үш ай ішінде 5 (бес) пайыздан аспайтын деңгейге төмендеуіне байланысты не теңгенің қарыз алушыға қойылатын талаптар көрсетілген шетел валюталарына қатысты орташа алынған биржалық бағамының соңғы үш ай ішінде 10 (он) пайыздан аса өсуінен банктің қарыз алушыға талаптарының ұлғаюына байланысты көрсетілген шектеулерден асып кетсе, көрсеткіш орындалған болып саналады.

      4. Көрсетілген жағдайларда банк шектеулердің көтерілуі анықталған күннен бастап уәкілетті органға көтерілу фактісі туралы хабарлайды және көтерілуді ағымдағы және келесі айларда жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы көтерілу хабарламада көрсетілген мерзімде жойылмаса, көрсеткіштен асып кету көрсетілген көтерілу анықталған күннен бастап осы көрсеткіштің бұзылуы ретінде қарастырылады.

      5. Егер банктің қарыз алушысы банк алдында міндеттеме туындаған күні банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, көрсеткіштің мөлшері асып кеткен жағдайда, егер банк уәкілетті органға қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе көрсеткіштің мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін банк талаптарының бір бөлігін орындау қабілетін растай отырып және бұл жөнсіздікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттеме қабылдай отырып, мөлшерден асып кету анықталған күннен бастап осындай асып кету туралы хабарлаған болса, көрсетілген асып кету бұзушылық болып қаралмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтері түсініледі.

      Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Правил расчета совокупного объема всех выданных банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам-резидентам и нерезидентам Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 80. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2012 года № 7510.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 24.02.2021 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и финансовых организаций в части минимизации рисков" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета совокупного объема всех выданных банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам-резидентам и нерезидентам Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 24.02.2021 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 24 февраля 2012 года № 80

Правила расчета совокупного объема всех выданных банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам-резидентам и нерезидентам Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 24.02.2021 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с частью второй пункта 3 статьи 8-1 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках) и устанавливают порядок расчета совокупного объема всех выданных банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан (далее - банки) банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам-резидентам и нерезидентам Республики Казахстан.

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 24.02.2021 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Совокупный объем всех банковских займов и банковских гарантий, указанных в пунктах 1 и 2 статьи 8-1 Закона о банках, не превышает 50 (пятидесяти) процентов собственного капитала банка - в разрезе каждого банка, за исключением займов и банковских гарантий, выданных дочерним организациям банка, приобретающим сомнительные и (или) безнадежные активы родительского банка, совокупный размер которого определяется в соответствии с Нормативными значениями и методиками расчетов пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов размера капитала банка на определенную дату, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 170, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15886 (далее - Нормативы № 170).

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.07.2018 № 157 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Расчет показателя совокупного объема рассчитывается по следующей формуле:

      БЗ + БГ - СП - СО - СБА < 50 % СК,

      где:

      БЗ - сумма основного долга по выданным банковским займам, указанным в пунктах 1 и 2 статьи 8-1 Закона о банках;

      БГ - выданные банковские гарантии на всю сумму обязательств по договору банковской гарантии, указанные в пунктах 1 и 2 статьи 8-1 Закона о банках;

      СП - суммы сформированных резервов в соответствии с требованиями международных стандартов финансовой отчетности, кроме резервов, сформированных под требования к дочерним организациям банка, приобретающим сомнительные и (или) безнадежные активы родительского банка;

      СО - сумма обеспечения по банковским займам и банковским гарантиям, указанным в пунктах 1 и 2 статьи 8-1 Закона о банках, кроме обеспечения по обязательствам дочерних организаций банка, приобретающих сомнительные и (или) безнадежные активы родительского банка;

      СБА - сумма основного долга по требованиям банка к дочерним организациям банка, приобретающим сомнительные и (или) безнадежные активы родительского банка;

      СК - собственный капитал, рассчитанный в соответствии с Нормативами № 170.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 25.02.2013 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 30.07.2018 № 157 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В случаях, когда совокупный объем всех банковских займов и банковских гарантий, указанных в пунктах 1 и 2 статьи 8-1 Закона о банках, на дату возникновения требования к заемщикам находился в пределах размера, установленного настоящими Правилами, но впоследствии превысил указанные ограничения в связи со снижением уровня собственного капитала банк а не более чем на 5 (пять) процентов в течение последних трех месяцев либо в связи с увеличением требований банка к заемщику из-за увеличения средневзвешенного биржевого курса тенге к иностранным валютам, в которых выражены требования к заемщику более чем на десять процентов в течение последних трех месяцев, показатель считается выполненным.

      4. В указанных случаях банк со дня обнаружения превышения уведомляет уполномоченный орган о факте превышения ограничений и принимает обязательства по устранению превышения в течение текущего и последующего месяцев. Если данное превышение не будет устранено в срок, указанный в уведомлении, превышение показателя рассматривается как нарушение данного показателя со дня выявления указанного превышения.

      5. Если заемщик банка на дату возникновения обязательства перед банком не являлся лицом, связанным с банком особыми отношениями, но в последствии стал таковым, то в случае превышения размера показателя указанное превышение не будет рассматриваться как нарушение при условии, если банк со дня обнаружения превышения уведомляет уполномоченный орган о данном превышении с подтверждением способности заемщика представить дополнительное обеспечение или исполнить часть требований банка до размера, необходимого для соблюдения размера показателя, и принятием обязательств по устранению данного нарушения в сроки, установленные уполномоченным органом.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 25.02.2013 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Под собственным капиталом филиала банка-нерезидента Республики Казахстан понимаются активы, принимаемые в качестве резерва, рассчитываемые в соответствии с Пруденциальными нормативами и иными обязательными к соблюдению нормами и лимитами для филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан (в том числе филиалов исламских банков-нерезидентов Республики Казахстан), их нормативными значениями и методикой расчетов, включая порядком формирования активов филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан (в том числе филиалов исламских банков-нерезидентов Республики Казахстан), принимаемых в качестве резерва, и их минимального размера, утвержденными постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 12 февраля 2021 года № 23, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22213.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 6 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 24.02.2021 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).