"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының – жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4041 тіркелген, 2006 жылғы 24 ақпанда "Юридическая газета" газетінде, № 33-34 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6795 тіркелген, 2011 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, № 11 жарияланған) 3-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128 қаулысымен бекітілген |
Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының
банктің және банк конгломератының меншікті капиталы
жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары
туралы нұсқаулық
Осы Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шараларын белгілейді.
1. Банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы Нұсқаулықта көзделген, банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген "Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 (бұдан әрі – № 92 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 (бұдан әрі – № 147 қаулы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларында белгілеген деңгейде қолдау бойынша шаралар қабылдайды.
Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар:
1) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауын көздейтін, соның ішінде Нұсқаулыққа сәйкес келетін банк холдингінің ішкі құжаттарының болуын;
2) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз етуді;
3) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз етуді қамтиды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолданудың банк холдингі міндетті түрде сақтайтын талаптары мен тәртібін белгілейтін банк холдингінің ішкі құжаттары:
1) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі, оның ішінде Нұсқаулыққа сәйкес келетін шараларды банк холдингінің қолдану талаптары мен тәртібін;
2) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі, Нұсқаулықта белгіленген шаралардың толық тізбесін қамтиды.
3. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шаралары:
1) егер банк конгломератының қатысушысына қатысты пруденциалдық нормативтер мен сақтауға міндетті лимиттер белгіленген жағдайда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген банк конгломератының және оның қатысушыларының пруденциалдық нормативтерді сақтауын және сақтауға міндетті өзге де лимиттерді тексеру мақсатында банк конгломератының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп беруін және оның қатысушыларының тоқсан сайынғы қаржылық есеп беруін талдау негізінде банк конгломераты мен банк конгломераты қатысушыларының қаржылық жай-күйін тоқсан сайын бағалауды;
2) банк холдингі және (немесе) банктің ірі қатысушылары бар банкте тәуекелдерді басқару жүйелерінің және ішкі бақылаудың, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың болуын жыл сайын бақылауды;
3) банк холдингі және (немесе) банктің ірі қатысушылары бар банкте Нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген банктің және банк конгломераты қатысушыларының меншікті капиталын қолдау жөніндегі ішкі құжаттар мен рәсімдердің болуын жыл сайын бақылауды қамтиды.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан қоспағанда, жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.
5. Жедел қамтамасыз ету шаралары банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері уәкілетті орган белгілеген нормативтік мәнінен төмендеген жағдайда банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қолданылады.
Жедел қамтамасыз ету шаралары:
банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдерін;
банктің және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдерін;
банктің және банк конгломератының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдерін;
банк конгломераты қатысушыларының тиісінше өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру рәсімдерін көздейді.
6. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдеріне:
1) реттелген заемды беру немесе банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін уәкілетті орган белгілеген нормативтік мағынаға сәйкес келтіру үшін банк конгломератының (банк конгломераты қатысушысының) акцияларын сатып алуды;
2) банк конгломераты қатысушыларының барлық көрсетілген міндеттемелерін жабатын банк конгломераты қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді ұсынуды;
3) банк конгломераты қатысушыларының банк холдингі, сондай-ақ ірі қатысушысы алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуды;
4) банк конгломераты қатысушыларының банк холдингі, банктің ірі қатысушысы алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуды қамтиды.
7. Банктің және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдері былайша жүзеге асырылады:
1) банкті және банк конгломератын кредиттік тәуекелге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
2) өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту, проценттік тәуекелді және өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту үшін қысқа мерзімді активтер үлесін ұлғайту мақсатында банк және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту;
3) біршама шығыстармен байланысты немесе банкті және банк конгломератын қосымша тәуекелдерге ұшырататын жүргізіліп отырған операциялардың тізілімін және көлемін қысқарту.
8. Банктің және банк конгломератының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдері әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қысқарту түрінде жүзеге асырылады.
9. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері № 92 және № 147 қаулыларда белгіленген ең төмен нормативтік мәндерден төмендеген жағдайда:
1) банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы – банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде банк акционерлерінің жалпы жиналысының орындалуға міндетті, оның ішінде Нұсқаулықта белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) қабылдауының бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға ұсынады;
2) банк холдингі не банкті бақылайтын немесе шарттың күшіне орай немесе өзге тәсілмен банктің шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар банктің ірі қатысушысы банктің және банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Нұсқаулықта белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады.
Банкте біреуден артық банк холдингі не банктің ірі қатысушылары болған жағдайда осы банк холдингтері және (немесе) банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттерді бірлесіп жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімдері және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты уәкілетті органға ұсыну мерзімдері көрсетіледі.
Банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының Іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты оны растайтын құжаттармен қоса беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген талабы орындалмаған жағдайда банк холдингі не банктің ірі қатысушысы орындамау себептері туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.