Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 9 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3925. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Пайдаланушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыздар .

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

      2. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 112 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 571 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана", N 33 басылымдарында 1998 жылғы 11-17 тамызда жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 434 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2653 тіркелген, "Казахстанская правда" N 27 (27337) газетінде 2004 жылғы 10 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтаң күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Осы қаулы, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 5-тармағы мен 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 6-тармағынан басқа, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
агенттігі Басқармасының     
2005 жылғы 30 қыркүйектегі  
N 359 қаулысымен бекітілген  

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару
және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заңына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегi банктердiң сақтауы үшiн тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты тәуекелдердi басқару және iшкi бақылаудың теңбе-тең жүйесiн банктерде қалыптастыруға қойылатын талаптарды және банктер мен тәуекелдерiн олар жүргiзетiн операциялардың түрiн және көлемiн ескере отырып, тиiмдi айқындауды, бағалауды және шектеудi қамтамасыз ететiн, банктерде тәуекелдердi бақылау әдiстерiн қолдануды қарастыратын iшкi бақылауды айқындау болып табылады.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      3. Екінші деңгейдегі банктер:
      жыл сайын есепті жылдан кейін келетін жылғы 1 шілдеден кешіктірмей қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өздері осы Нұсқаулықтың талаптарын орындауын бағалау жөніндегі есепті ұсынады;
      тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін келетін айдың 30 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:
      осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелінің мониторингі, кредиттік тәуекелін бағалау, кредиттік тәуекелін бақылау матрицаларын;
      осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес өтімділік тәуекелінің мониторингі, өтімділік тәуекелін бағалау, өтімділік тәуекелін бақылау матрицаларын ұсынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      3-1. Сценарийлер, стресс-тестілеудің қорытындылары, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспары уәкілетті органға есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 30 күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау барысындағы банктер қайта құрылымдау процесі аяқталғанға дейін сценарийлерді, стресс-тестілеудің қорытындыларын, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспарын ұсынбайды.
      Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  қаулыларымен.

      4. Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар тізбесі осы Нұсқаулықтың 1- 6-қосымшаларында айқындалған.

      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      6-1. Осы Нұсқаулықта белгіленген талаптар критерийлерін орындау жөніндегі есеп уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысанында ұсынылады. Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуінің бағасы осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес анықталады.
      Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      7. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бэк-офис - негiзгi функциясы фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу болып табылатын банктiң бөлiмшесi;

      2) бэк-тестинг - көрсетiлген операцияларды жасаудан болған ағымдағы (нақты) нәтижелермен банк операциялары бойынша тарихи деректердi пайдалану және есептелген нәтижелердi салыстыру арқылы тәуекелдердi өлшеу рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiстерi;

      3) валюта тәуекелi - банк өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруiне байланысты болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Шығыстардың (шығындардың) қаупi құндық көрiнiсте валюталар бойынша банктердiң позицияларын қайта бағалаудан пайда болады;

      4) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде банктiң процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;

      4-1) гэп - қолма-қол ақша/қолда бар ақша бойынша позиция - банктiң қолма-қол ақшасының келiп түсуi мен есептен шығарылуының арасындағы алшақтық шегi;

      4-2) комплаенс-бақылаушы - комплаенс қызметiнiң жұмысын үйлестiру жөнiндегi жауапкершiлiк және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелiн басқару саясатын iске асыруға бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретiне кiретiн банк қызметкерi;

      4-3) комплаенс-тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ банктiң iшкi ережелерiн және рәсiмдерiн қадағалау негiзiнде пайда болған шығыстар (шығындар) тәуекелi;

      5) кредит тәуекелi - банктiк заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, банктiк кепiлдiк беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне алынған ақша мiндеттемелерiн орындау бойынша шарттың (келiсiм-шарттың) бастапқы талаптарын клиенттердiң бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

      6) операция тәуекелi - қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен технологиясының қызмет етуі, сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары. Операция тәуекеліне мынадай тәуекелдер жатады:
      жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекелдер;
      ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат және/немесе стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;
      бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты тәуекелдер;
      қызметкердің сәйкес басқармауына және/немесе банктің біліксіз штатына байланысты тәуекелдер;
      бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;
      банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторлары тудырған тәуекелдер;
      заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуекел не банк қызметін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарда/ережелерде кемшіліктердің немесе қателердің болуына байланысты тәуекел;
      операциялық тәуекелдеріне, алаяқтыққа әкеп соғатын банк басшылығының және қызметкерлерінің дұрыс емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер;

      7) құқықтық тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не банк тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

      8) проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:
      банктiң орналастырған активтерi мен тартылған мiндеттемелерiн (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      банк активтерi бойынша, бiр жағынан, және мiндеттемелерi бойынша екiншi жағынан ставкалардың әр түрiн (өзгермелi не белгiленген) банктiң қолдануы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;

      9) бедел тәуекелi - қоғамдық жағымсыз пiкiрдiң немесе банкке сенiмнiң төмендеуi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

      10) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - банктiң өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн басқару кезiнде банктiң ағымдағы өтiмдiлiгi бақылауға алынады, сондай-ақ сыйақы алуға (төлеуге) байланысты орналастырылған және тартылған ақшалардың, кiрiстер мен шығыстардың мерзiмдерi салыстырылады;

      11) банк қызметінің тәуекелі - банктің өз операцияларын жүзеге асыруынан шығатын залалдан туындайтын тәуекел;

      12) рыноктық тәуекел - рыноктық параметрлердiң (валюта бағамы, сыйақы мөлшерлемесi, қаржы құралдарының құны) тиiмсiз өзгеруiне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелi;

      13) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;

      14) ішкі бақылау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамаларын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, банк саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығын тәуекелдері мен банк беделінің төмендеуіне ықпал ететін қаржылық және басқарушылық есеп берудің сенімді жүйесінің пайдалылығы мен оны қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын банктің іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылау рәсімдерінің және саясатының жиынтығы;

      15) ішкі аудит қызметі - банкте ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктің қызметін жетілдіру мақсатында объективті бағалау мен консультациялық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесі. Банктегі ішкі аудит тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерінің тиімділігі жөніндегі ұсынымдарды беру жолымен белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді;

      15-1) комплаенс қызметi - Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ банктiң iшкi ережелерiн және рәсiмдерiнiң (комплаенс - тәуекелдi басқару) талаптарына сәйкестiгiне iшкi бақылау жасау кiретiн айрықша құзыретi бар комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушыларынан тұратын банктiң iшкi қызметi;

      15-2) жиынтық лимит - операция жүргiзу кезiндегi шығындарға барынша жоғары жол берiлген мөлшерi;

      16) елдiң (трансферт) тәуекелi - шетел мемлекетiнiң немесе шетел мемлекетi резидентiнiң банк алдындағы қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

      17) стресс-тестинг - банк қызметiне әсер етуi мүмкiн ерекше, бiрақ ықтимал оқиғалардың банктiң қаржы ережелерiне қарымды ықпалын өлшеу әдiстерi;

      17-1) сауда операциялары - банктiң өз мүддесi үшiн және өз есебiнен сатып алған/сатқан бағалы қағаздары бойынша операциялары; 

      17-2) комплаенс қатысушылары - комплаенс-тәуекелдi басқару айрықша құзыретiне кiретiн банктiң бөлiмшесi және/немесе қызметкерлерi;

      18) фронт-офис - негiзгi функциясы банк клиенттерiмен мәмiле жасау болып табылатын банктiң бөлiмшесi; 

      19) баға тәуекелi - қаржы құралдарының рыноктық құнына әсер ететiн қаржы рыноктарының жағдайы өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралдары портфельдерi құнының өзгеруi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

2. Тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Банктiң тәуекелдi басқару жүйесiнiң болуы корпоративтiк басқаруға осы Нұсқаулық талаптарының сәйкес келуiн, банктiк заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң, қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң, активтер мен мiндеттемелердi басқару тәжiрибесiнiң болуын, ақпарат жүйелерiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң қалыптасуын қарастырады.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .

      9. Тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуiмен қамтамасыз етiледi.

      10. Банктiк заем операцияларын жүргiзуi банкке сыйақы төлемiмен немесе сыйақы төлемiнсiз қайтару жағдайында, оның iшiнде борыштық бағалы қағаздар және басқа қаржы құралдарын сатып алу, кепiлдiк беру, аккредитив ашу, вексельдi есепке алу және кредит тәуекелiне байланысты өзге де операцияларды жүргiзу арқылы берiлген банктiк заем берудi және қаржыландырудың басқа түрлерiн қарастырады.
      Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктiк заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы, оның ішінде жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында берілген ипотекалық заемдарды беру осы Нұсқаулықтың 3- 4-қосымшаларында көрсетілген талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .

      10-1. Өтімділік тәуекелін басқару банктерде жеке, сондай-ақ шоғырландырылған негізде өтімділік тәуекелдерін жеткілікті шамада ескеретін бірдей құрылымның, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда төтенше жағдайлардағы өтімділіктің жетіспеушілігі проблемасын шешудің айқын стратегиялары бар жоспарының болуын, сондай-ақ өтімділіктің бірдей деңгейін қолдауды көздейді.
      Тәуекелдерді басқару жүйелерінің аясында өтімділік тәуекелін басқару практикасының болуы банктің осы Нұсқаулыққа 4-1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.
       Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 64, 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтанқараңыз) қаулыларыменҚаулысымен.

      11. Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу баға тәуекелiне ұшыраған ықтимал сыйақы төлемдерi бойынша бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарын сатып алу/сату қарастырылады.
      Активтер және мiндеттемелердi басқару банктiң активтерi мен мiндеттемелерiн оның стратегиялық мақсаттарымен, оның iшiнде олармен тәуекелдерге байланысты мақсаттарды сәйкес келтiруге бағытталған iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ банк маржасын қажеттi деңгейде ұстауды қарастырады.
      Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

      12. Ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ету банкте бағдарламалық-техникалық кешеннiң, қызметкерлердiң және банк жүргiзетiн операцияларға бiрдей, оның iшiнде банктiк операциялық тәуекелдерге ұшырау дәрежесiн шектейтiн ақпараттық-коммуникациялық жүйенiң болуын қарастырады.
      Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктiң операциялық қызметiнiң, ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастырудың болуы осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуi кезiнде рұқсат етiледi.

3. Ішкі аудит жүйесінiң болуына қойылатын талаптар

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Банктің Директорлар кеңесі мен басшылығы ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банк қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

      14. Банктегі ішкі бақылау мынадай мақсаттарды:

      1) банктің активтерін басқарудың тиімділігі мен пайдалылығын және шығын ықтималдығын болжайтын банк қызметінің операциялық және қаржы тиімділігін;

      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылылығын. Аталған мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде банк пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжалдайды;

      3) банктің заңнамаларды, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ банктің ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын тексеруді болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшін жасалады.

      15. Ішкі бақылау өзара байланысты бес элементтен тұрады:

      1) басқарушылық бақылау;

      2) тәуекелді анықтау және бағалау;

      3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

      4) ақпарат және өзара іс-әрекет;

      5) мониторинг және кемшіліктерді түзету.
      Осы компоненттердің тиісінше қызмет етуі банктің тиімді қызметінің, ақпараттық жүйе жұмысының және пруденциалдық нормативтер мен уәкілетті орган белгілеген банктің өзге нормаларын және лимиттерін сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

      16. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:
      1) банктің ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастыру;
      2) жұмыста банктің ішкі регламенттерін пайдалану;
      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау.

      17. Ішкі аудитті жүргізу:
      1) банктің қаржылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы есептерді қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса директорлар кеңесіне және басшылыққа беру арқылы банктің алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;
 

      2) жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу мен жоспарлы көрсеткіштерді орындамау себептерін көрсетуден тұратын бөлімше қызметінің нәтижелері туралы стандарт нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайын тексеруі;
 

      3) кассалық қолма-қол ақша мен бағалы қағаздарды, қосарлы кастодиандық сақтауға бақылау жасауды, мерзімдік түгендеу жүргізуді қоса отырып, материалдық активтерге қол жеткізудің шектеулілігіне бақылау жасау мақсатында тексеру;
 

      4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
 

      5) міндетті авторизацияны талап ететін операциялардың тізбесіне банк басшылығының талаптарын белгілеу;
 

      6) операциялардың шарттары мен банк қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;
 

      7) жүргізілген банктік және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге операциялар көрсетілуінің уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;
 

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстаудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу рәсімдерін жүргізуді қамтиды.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Банкте ішкі бақылау жүйесінің сәйкестігін тексеру үшін ішкі аудит қызметі құрылады.
      Банк бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жағдайы, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жағдайы туралы уақтылы және шүбасыз ақпаратпен қамтамасыз ету әрі банк басшылығына жұмысты жақсарту жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдар беру ішкі аудиттің мақсаты болып табылады.

      19. Ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуы мен қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды директорлар кеңесінің жүзеге асыруы кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.

      20. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде банк жарғысын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру мен банктің ішкі аудит қызметі туралы ережелерді, сондай-ақ банктің қызметін реттейтін басқа ішкі құжаттарды және осы Нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа алады.

      21. Ішкі аудит қызметінің мүшелерін банктің директорлар кеңесі тағайындайды.

      22. Ішкі аудит қызметі банктің кез келген бөлімшесін тексеруді тағайындайды. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі дауыс береді.

      23. Ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жоспары мен банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

      24. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді:
      ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;
      ішкі аудит қызметінің жұмысын;
      ағымдағы жылда ішкі және сыртқы аудитке қамтылуы қажет банк операцияларындағы тәуекел саласын;
      менеджмент пен сыртқы пайдаланушыға берілген қаржы ақпаратының анықтығын және дәлдігін;
      ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .

      25. Ішкі аудиттің негізгі функциялары:
      1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;
 

      2) банк тәуекелдерін бағалау әдістемесінің және банк тәуекелдерін басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, ережелерінің және банк операцияларын жасау мен мәмілелер, тәуекелдерді басқару рәсімдерінің) қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;
 

      3) деректер базасының тұтастығы мен оларды санкция берілмеген рұқсаттан қорғауды және пайдалануды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, автоматтандырылған ақпарат жүйесін пайдаланғаны үшін ішкі бақылау жүйесінің қызмет ету сенімділігін тексеру;
 

      4) бухгалтерлік есеп пен есеп берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылылығын, сонымен қатар ақпарат пен есеп алудың және берудің сенімділігін әрі уақтылылығын тексеру;
 

      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге мәліметтерді берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылылығын тексеру;
 

      6) банк мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;
 

      7) банк жасаған операциялардың экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;
      8) алынып тасталды ;
 

      9) ішкі бақылау процестері мен рәсімдерін тексеру;
 

      10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
 

      11) банк қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
 

      12) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше басшысының және (немесе) басқару органдарының банк үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін банк бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша банк бөлімшелері мен органдарының қабылдаған шараларының тиімділігіне бақылау жасау;
 

      13) банктің ішкі құжаттары көздейтін басқа мәселелер болып табылады.
      Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .

      26. Ішкі аудит қызметі сыртқы аудитордың үміткерін ұсынады.

      27. Ішкі аудит қызметінің басшысы және қызметкерлері бір мезгілде банктің басқа бөлімшелеріне басшылық (жетекшілік) жасап, сондай-ақ әрі кредит комитеті мен банктің басқа органдарының мүшелері бола алмайды.

      28. Ішкі аудит қызметінің басшысында және қызметкерлерінде жоғары білім бар, азаматтық және банк заңнамаларын меңгерген, кәсіби құзыреттілікті (нормативтік құқықтық актілер білімі мен қаржылық қызмет көрсету және реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар) меңгерген, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге қылмыстары үшін заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болмайды.

      29. Банк қызметкерлері өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Банк қызметкерлері мынадай мәмілелер (операциялар):

      1) олардың шығу көздерін растайтын құжаттарсыз бес миллион теңгеден астам банкке түске кез келген түсімдер (депозит, заем, банктің бағалы қағаздарын сатып алу түріндегі);

      2) қолма-қол ақша түрінде ақы төлей отырып бес миллионнан астам сомаға кез келген мәмілелер;

      3) корпоративтік бағалы қағаздармен жасалатын алыпсатарлық операциялар;

      4) растайтын құжаттарды ұсынбай қаржы құралына қойылатын талап құқықтарын қайта ресімдеу немесе қайта табыстау;

      5) заңдылығына күмән келтірілетін басқа операциялар немесе мәмілелер туралы ішкі аудит қызметіне ақпарат береді.

      31. Банктің ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

4. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

                                      Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтанқараңыз), 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

                   Тәуекелдердi басқару жүйесiн
                ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Талаптардың атауы

Талап критерийлері

Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративтік стратегияны қалыптастырды.

Директорлар кеңесі банк қызметінің стратегиясын бекітеді;
банктің корпоративтік стратегиясында банк қызметінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары айқындалған; Қызметтің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарының мерзімдерін банктер дербес айқындайды;
банктің қысқа және ұзақ  мерзімді стратегиясы жасалған және банк қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.

Директорлар кеңесі талаптары корпоративтік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін банк қызметін басқару саясатын белгіледі.

Директорлар кеңесі банктегі мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті;
директорлар кеңесі тәуекелдермен (кредит тәуекелі, процент тәуекелі, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі) байланысты және банктің стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне қайшы келетін немесе банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын банк операцияларының мониторингін жүргізеді;
директорлар кеңесі банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын банк операцияларының мониторингін жүргізеді.

Директорлар кеңесі директорлар кеңесінде құрылған комитеттер арқылы банк қызметінің мониторингін жүргізеді.

Банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі;
кредит комитеті банктің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген ішкі кредиттік саясатын іске асырады, кредиттік портфелінің сапасын бақылауды жүзеге асырады және банктің меншікті капиталының бес процентінен асатын заемдарды беруге алдын ала рұқсат береді;
активтерді және міндеттемелерді басқару жөніндегі комитет қарыз алу ережелері мен рәсімдерін, қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын жүргізуді, инвестициялау мен банктік кепілдіктер беруді белгілейді және бекітеді, сондай-ақ активтерді түрлендіру, тиімділік, өтімділік және капиталдың жеткіліктілігі бойынша бағдарды айқындайды.

Директорлар кеңесі банктің қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты  кезең-кезеңімен алады, есепті кезеңдегі банктің қызметіне талдау және бағалау жүргізеді.

Директорлар кеңесі ай сайын мынадай есептерді талдайды:
жиынтық баланс және өткен жылмен салыстырғандағы банктің кірісі мен шығысы туралы есеп және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері;
банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар алған жаңа заемдар туралы есеп.
Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау жасайды:
процент тәуекелі бойынша банк позициясына қысқаша талдау;
валюталардың айырбас бағамының ауытқу тәуекеліне банктің ұшырауына қысқаша талдау;
банктің өз капиталындағы ағымдағы және болжамдық қажеттілігін қысқаша талдау;
директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның ішінде банк қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді;
қаржы құралдарын түрлеріне қарай топтастыра отырып және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып жасалған есептер;
оларға қарсы қалыптасқан провизиялардың көлеміне жіктелген кредиттердің динамикасы туралы есептер.

Директорлар кеңесі жыл сайын банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінде мүдделердің болуы мүмкін қайшылықтарын талдайды.

Директорлар кеңесі банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды;
директорлар кеңесі директорлар кеңесі мүшелерін, басшы қызметкерлерді, банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғаларды және банкпен ерекше қатынастармен байланысты өзге де тұлғаларды кредиттеу жағдайын банктің басқа заемшыларына қызмет көрсетумен, оның ішінде жеңілдік жағдайлар беру фактілерін тексеру мақсатында салыстырады;
директорлар кеңесі банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімін ай сайын қол қояды;

Директорлар кеңесі жыл сайын есепті жыл ішінде басқарма қызметін талдайды.

Директорлар кеңесі жыл сайын банктің ағымдағы қаржы жылына жоспарланған мақсаттарына жетуге арналған қызметтерін талдайды;
директорлар кеңесі өзінің құзыреті шегінде ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштеріне банк қызметінің нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда банк басқармасының мүшелеріне шаралар қолдана алады.

Басқарма банкті басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын қалыптастыру рәсімдерін белгілейді;
ұйымдық құрылымы (ұйымдық құрылымының схемасы) банктің әрбір қызметшісін қосуы міндетті емес, бірақ оған банктің барлық басшы қызметкерлері кіреді.

Банктің ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде:
банк бөлімшесінің немесе банк жүргізетін операцияларға байланысты негізгі тәуекелдерді тәуекелсіз бағалау мен талдауға жауап беретін тәуекелдерді басқару жөніндегі тұлғаның өкілеттігі мен міндеттерін;
олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін банк басқармасы органдарының құрылымын;
банктің әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері, оның ішінде басшы қызметкерлеріне және білімі мен жұмыс стажының болу талабын қоса отырып, тәуекелдерді басқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары бар; 
есепті жыл ішінде банктің басшы қызметкерінің (басқарма мүшелерінен басқа) қызметін бағалау тәртібін, оның ішінде банк қызметінің мақсатты көрсеткіштерін банк орындамағаны үшін шара қолдануды және жауапкершілікке тартылуды реттейді.

Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының, шет елдердің, банктің       клиенті болып табылатын резиденттердің болашақтағы экономикалық жағдайларын және әлемдік қаржы және тауар рыноктарының конъюктурасын ескере отырып, қысқа мерзімді кезеңге жылдық бюджетті/қаржы жоспарын жасау және ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлау тәртібін бекітеді

Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелестікті, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, банк капиталының қосымша қажетті мөлшерін және банк капиталын қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді көздеріне қол жеткізуді ескере отырып жүргізеді.

Басқарма банк жүргізетін операцияларға байланысты әлуетті және ықтимал тәуекелдерді сәйкестендіреді және бағалайды, тәуекелдерді басқарудың реттелген рәсімдерін қолданады.

Тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын банк бөлімшесі әлемдік тауар және қаржы рыноктарына теріс динамика жағдайында меншікті капиталдың, кірістіліктің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау әдісін пайдаланады; Басқарма әлуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың банктің қаржы көрсеткіштеріне әсерінің дәрежесін бағалайды;
директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде басқарма банк операцияларының түрлері бойынша жеке алғанда тәуекелдердің рұқсат мөлшеріне лимитті айқындайды.

Басқарма банктің ықтимал және әлуетті тәуекелдеріне бақылауды жүзеге асырады.

Басқарма олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды; басқарма банк бөлімшелерінің әлуетті және ықтимал тәуекелдерді басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, банк бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады.

Банк банк тәуекелдерін түрлендіру (бөлу) саясатын ұстайды.

Басқарма олар жүргізген операциялардың түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем қабілеттігін сақтау мақсатында оларға байланысты тәуекелді ескере отырып, банк операцияларының құрылымын және көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оны банктің жауапты бөлімшелерінің орындауын бақылайды;
банкте түрлендіру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-функционалдық және операциялық құрылымы бар.

Банктің ұйымдық және функционалдық құрылымы, банктің қаржы қызметі жөніндегі шешімдерін қабылдау рәсімдері банктің ішкі саясатымен реттелген.

Тәуекелдерді басқару саясаты:
банктік басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде банк операцияларын жасау мен оларға байланысты тәуекелді бақылаудың дұрыстығына қосарланған бақылауды қамтамасыз етуді қарастыратын ережелер;
ішкі бақылау қызметі басшы қызметкерлердің банк қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функцияларын шоғырландыруын анықтауға тексеру жүргізеді;
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясат директорлар кеңесі, басқарма мүшелерінің және банктің жауапты қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару бойынша өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды.

Банкте басқарма мен директорлар кеңесіне банктің ағымдағы қаржы қызметі және банк қабылдаған тәуекелдердің мөлшері туралы ақпаратты кезең кезеңмен алуға мүмкіндік беретін басқару есебі мен есеп беру жүйесі бар.

Банктің ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматтары және олар қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде кредит, процент тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі, елдің/трансферт тәуекелдерін сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге ұшырау дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың сақталуы айқындалады; Банктің директорлар кеңесіне және басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді басқару жөніндегі өзінің функционалдық міндеттерін тиісті түрде орындауы үшін жеткілікті болуы керек.

Функциялары тәуекелдерді басқару бойынша ресімдерді қарастыратын қызметкерлерге білікті талаптар тәуекелдерді басқару жөніндегі банктің ішкі саясатымен белгіленеді.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін стажының, тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын қарастыратын басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше және ішкі бақылау қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олар жүргізетін операцияларға сәйкес келеді.

Басқарма және банк операцияларын жүзеге асыруға жауапты банк бөлімшелерінің басшылары банктің директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде оларды сақтау мақсатында банк кірістерінің (шығыстарының) ай сайынғы мониторингін жүргізеді.

Ішкі саясатпен банктің кірісін (шығысын), оның ішінде банктік қызмет көрсетулердің түрлері, банктің аумақтық және функционалдық бөлімшелері бойынша ай сайын, сондай-ақ шоғырландырған негізде тоқсан сайын бақылап отыратын банк бөлімшесін белгілейді.
Ішкі саясатпен директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі банк бөлімшесінің өкілеттігі қарастырылған.
Бөлімше қабылданатын тәуекелді ескере отырып, банктің күтіліп отырған кірістеріне бағалау (есептеу) жүргізеді.

Басқарма директорлар кеңесі белгілеген рұқсат етілген лимиттерді, оның ішінде тәуекел мен кірістілікке, тәуекел мен банктік меншікті капиталына қатысты лимиттерді сақтай отырып, банк операцияларын жүзеге асыруға жауапты банк бөлімшесі бойынша қаржы ресурстарын бөлудің мониторингін жүргізеді.

Басқарма жаңа банктік қызметті жоспарлы түрде көрсетуге байланысты меншікті капитал мен әлуетті тәуекелдердің динамикасына талдау жасайды.
Басқарма директорлар кеңесі белгілеген тәуекелдердің жиынтық лимиттері шегінде қаржы операцияларын жүзеге асыратын банк бөлімшелерінің әрқайсысы үшін тәуекел лимитін айқындайды.

Банктің ішкі саясатымен банк көрсететін қызметтің құнын оларды көрсетуге байланысты шығыстарға, кірістер/шығыстар жоспарларына, экономикалық жағдайлардың конъюктураларына, қаржы рыногына және тәуекелдерге байланысты белгілеу қарастырылады;

Басқарма тартылатын депозиттер мен берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын белгілеу жөніндегі саясатты бекітті.
Сыйақы ставкаларын белгілеу жөніндегі, оның ішінде сыйақы ставкаларын белгілеу рәсімдерін реттейтін саясат.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің қаржы көрсеткіштерінің және банктің еншілес ұйымдарының қызметін ескере отырып, шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдердің мониторингін жүргізеді;

Директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат қаржы көрсеткіштерінің шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдер мониторингінің рәсімдерін айқындайды.
Директорлар кеңесі айқындаған банк тәуекелінің жиынтық лимиттері шегінде еншілес ұйымдар үшін тәуекелдер лимиттерін Директорлар кеңесі растайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің еншілес ұйымдарының тәуекелдер мөлшерінің тоқсан сайынғы мониторингін жүргізеді және еншілес ұйымдардың тәуекелдерді өлшеуінің дұрыстығын және шынайлығын бағалайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі еншілес ұйымдар мен банк холдингтерінің қаржы қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің банктердің банк холдингтерімен жасалатын операцияларын тексеру жөнінде өкілеттіктері бар.
Директорлар кеңесі банк холдингтерімен жасалатын мәмілелердің шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
Басқарма банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұшырайтын тәуекелдер туралы, сондай-ақ банк холдингтері қабылдаған, банктің қызметіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер туралы мәліметтерді талдайды.

Басқарма банктің шарт қатынастарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, заң талаптарын, банк операцияларын жүргізудің ішкі саясатын сақтауына тұрақты түрде мониторингті жүзеге асырады.

Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережелері және құжаттарына сәйкес келуіне баға береді.
Ішкі бақылау қызметі банк қызметінің жаңа түрлерін ендіру кезінде банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтауға байланысты банктік қосымша тәуекелдерінің пайда болу мүмкіндігіне бағалау жүргізеді.

Басқарма директорлар кеңесіне және банктің акционерлеріне банктің қызметі туралы қаржы және басқару есебін ұсынады;

Директорлар кеңесі басқарманың директорлар кеңесі мен банк акционерлеріне банктің қаржы көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржы және басқару есебін ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітті.
Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі ішкі аудиторлардың қорытындыларын талдайды.

Басқарма тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде банктің есебі және есеп беру жүйесін жақсартуды жүргізеді.

Есеп және есеп беру жөніндегі банк саясаты сонымен бірге банк аудиті барысында мынадай мәселелерді қарастырады:
күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;
банктің есеп саясатының қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз айла әрекет жасау фактілерінің болуы; жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырудың дұрыстығы;
банктің есеп саясатында белгіленген талаптарға есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;
жылдық есептегі банктің және оның еншілес ұйымдарының құрылымы мен тәуекелдер мөлшерін ашудың толықтығы мен дұрыстығы.

Басқарма директорлар кеңесінен тиісті есепті бере отырып, банк қызметіндегі экономикалық жағдайдың дағдарысты көрсеткіштеріне тоқсан сайын талдау жасайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі меншікті капиталдың жеткіліктілігінше, мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігіне әсерді болжайды:
мұнайға бағаның төмендеуі;
Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің үш айда бір деңгейге және бір жылда екі деңгейге төмендеуі;
шетел банктері ставкаларын көтерді және Қазақстан Республикасына банктер беретін заемдар бойынша мерзімдерді қысқартты;
теңгенің құнсыздануы.

Басқарма меншікті капиталдың жеткіліктілігін және кез келген факторлардың басталуы кезіндегі өтімділікті қолдау жөніндегі шараларды әзірледі.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
банктің баланстық және баланстан тыс есептерге, сондай-ақ экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімтал кірістер және шығыстар шоттарына;
банктің баланстық және баланстан тыс есептерге, сондай-ақ банк холдингі болып табылатын еншілес ұйымдар мен тұлғалардың кірістер және шығыстар шотына; банк алған синдикатталған заемдар және өзге де сыртқы заемдарды ставкаларын арттыру және өтеу мерзімдерін азайтуға;  заңды және жеке тұлғалардың депозиттер көлемінің ықтимал төмендеуіне; өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруіне; мұнай газ секторының және оның инфрақұрылымының субъектілеріне берілген заемдарды қайтармау деңгейіне; шетел валютасында берілген заемдарды қайтармау деңгейіне үнемі талдау жүргізеді.

Банкте тұтыну заемдары бойынша кредит скорингінің үлгісі болады.

Тұтыну заемын алуға берілетін өтінімдерді өңдеуді тіркеу процесін автоматтандыру;
соңғы бес жыл ішіндегі тұтыну заемдары бойынша деректердің тарихи базасының болуы;
тұтыну заемдарын берудің талаптарын, бекітудің рәсімдерін және мониторингін айқындайтын ішкі саясаттың болуы;
заемшылардың скорингтік бағалауының және рейтингтік жүйенің ішкі автоматтандырылған математикалық немесе статистикалық үлгісінің болуы;
скорингтің қолданылатын үлгілерінің сапасын жыл сайын тексеру.

Банктің директорлар кеңесі бекіткен тұтыну заемдарын берудің талаптарын, бекітудің рәсімдерін және мониторингін айқындайтын ішкі саясат болады.

Саясат:
сапалық және сандық сипатқа негізделген кредит скорингінің көмегімен заемшының кредит қабілеттілігінің болу, оның ішінде:
заемшының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;
жұмыс орны мен қызметі;
ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығы;
кепіл ретінде қабылданған жылжымайтын мүлігінің болуы;
несие берешегінің болуы, оның ішінде басқа банктердің алдында;
банк заемдары бойынша төлем тәртібі;
кредит тарихының болуы;
заемшының ішкі кредит рейтингін белгілеу;
заемшы берген деректердің шынайылығын айқындау;
тұтыну заемдарының мониторингі мен оларды жіктеу;
тұтыну заемдары бойынша провизияларды қалыптастыру тәртібін айқындайды.

Басқарма банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды, оның ішінде мыналар бойынша шараларды қамтыған ішкі құжатты әзірлейді:
    банктің өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру мүмкіндігін уақтылы қамтамасыз ету бөлігінде депозиторлар мен кредиторлар алдындағы өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қолдау;
    банктің күнделікті жұмыс істеу режимінің ықтимал бұзылуын алдын алу және болдырмау;
    банктің күнделікті жұмыс істеу режимі бұзылуының салдарын (оның ішінде қаржы шығындарын, іскерлік беделін жоғалтуды) төмендету;
    барабар шешімдерді қабылдау үшін жағдайларды қамтамасыз етуге, оларды уақтылы және толық іске асыруға мүмкіндік беретін банктің басқару деңгейін сақтау

Кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға арналған жоспарды әзірлеген кезде банк мынадай факторларды ескереді:
     ықтимал кездейсоқ жағдайлардың түрлері мен сипатын, олармен байланысты банктің күнделікті жұмыс істеу режиміне және оның өзіне қабылдаған міндеттерін орындау қабілетіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін тәуекелдерін, сондай-ақ қаржылық шығындар мөлшерінің сандық бағалауын;
     кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын іске асыру үшін ресурстар қажеттілігін, яғни банкте дағдарыстық басқару (дағдарыс туындау жағдайларының басталу сәтіне дейінгі) рәсімдерін әзірлеу және енгізу процесі болып табылатын іс-шараларды жоспарлауды;
     төтенше жағдайдағы банк активтерінің жеткіліктілігін;
      банктің есептеуі бойынша осы көздерден алуға болатын қаражаттың мөлшерін, сондай-ақ көздерден қаражатты мобилизациялау үшін қажетті уақыттың болуын;
     тәуекелдерді болжау, олардың ықтимал мөлшері мен салдарын анықтау рәсімдерінің болуымен, олармен байланысты шығындарды болдырмау немесе барынша төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асырумен бағаланатын банктегі тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігі;
     банктің ішкі процесстерінің қалпына келтіру көрсеткіштерін, оның ішінде: қалпына келтіру мерзімі, қаржы шығындарының шекті мөлшері, активтер шығындарының шекті мөлшері сияқтыларды.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайларға арналған жоспар кездейсоқ жағдайлардың банктің қаржылық тұрақтылығына және жалпы оның қызметіне ықпалын төмендетуге бағытталған алдын алу және шұғыл іс-шараларын, сондай-ақ жауапкершілік матрицасын қамтиды.
     Алдын алу іс-шаралары стресстік жағдайларда көрініс алатын жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін кездейсоқ жағдайлар туындау жағдайына арналған жоспарға енгізіледі және олар мыналарға бағытталған:
     банктің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі саясаттарын және рәсімдерін белгілеуге;
     кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға арналған жоспарды іске асыру және банкті төтенше режимге ауыстыру туралы шешім қабылдау тәртібін анықтау;
     банк ұшырауы ықтимал тәуекелдерді анықтау және мониторинг жүргізу стратегиясын айқындау;
     банктің тәуекелдерге (тәуекел түрлері бойынша)  ұшырағыштығы өскен жағдайда уақтылы және тиімді шараларды анықтау;
     елеулі шығындарға және өтімділік жеткіліксіздігіне, оның ішінде баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша әкелуі мүмкін ықтимал оқиғаларды және экономикалық жағдайларының келешектегі өзгерістерін ескеретін ықтимал стресс сценарийлерді анықтау;
     хеджирлеу құралдарын немесе банк ұшырағыш бар тәуекелдердің төмендеуіне бағытталған өзге әдістемелерді анықтау;
     банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге іс-шаралар.
     Әрбір тәуекел түрі бойынша банктің алдын алу шаралары мынадай фактілерді анықтауды қамтиды:
     1) кредиттік тәуекел:
     жүйелі үш айдың ішінде кредиттік портфель сапасының біртіндеп нашарлауы, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша өтеу мерзімі 90 (тоқсан) күннен астамына өткен берілген заемдар көлемінің жүйелі үш ай ішінде айына үш және одан көп пайызға өсу үрдісінің болуы;
     жүйелі үш ай ішінде жұмыс істемейтін кредиттер үлесінің айына үш және одан көп пайызға өсу үрдісінің болуы;
     провизиялар көлемінің 5 (бесінші) санаттағы күмәнді және сенімсіз кредиттер ретінде жіктелген кредиттер сомасына арақатынасының және бірыңғай кредиттер бойынша провизиялардың 0,05 пайыздық тармаққа жүйелі төмендеуі;
     құрылысқа және жылжымайтын мүлікті сатып алуға берілген заемдар көлемінің несиелік портфеліне арақатынасының жүйелі үш ай ішінде айына үш және одан көп пайызға өсуі;
     портфелде тәуекелдің шоғырлануының (экономика секторлары бойынша, бір географиялық аймағы бойынша, заемшылар тобы бойынша және бір заемшы (қарсы агент) бойынша) өсу үрдісінің болуы;
     кредит бойынша кепілдіктің немесе кепілдеменің кредиттің (кепілдеменің) құнының отыз пайызынан астамына жеткіліксіздігі және олардың әртүрлі стресс-сценарийлері басталған кездегі сатылуы;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
     2) нарықтық тәуекел:
     бағалы қағаздардың инвестициялық портфелі сапасының біртіндеп, олардың эмитенттерінің жағдайына және қаржы құралдары нарықтық бағаларының жалпы құбылуына байланысты факторлардың ықпалымен жүйелі үш ай ішінде айына екі пайыздан астамына нашарлау үрдісінің болуы;
     активтер мен пайыздық ставкаларға сезімтал (пайыздық гэпті талдау) міндеттемелерінің арасындағы алшақтығының өсуі;
     пайыздық ставкаларының өзгеруіне сезімтал міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасының (пайыздық позиция) өсуі;
     активтер мен шетел валютасындағы міндеттемелерінің мөлшерлері сәйкессіздіктерінің өсуі;
     жағымсыз үрдістер немесе қаржы құралдарының тобы бойынша көтеріңкі тәуекел (мысалы, борыштық бағалы қағаздар, банкаралық кредиттер бойынша төлемдердің өтеу мерзімін өткізу көлемінің өсуі);
нарықтық тәуекел көрсеткішінің рұқсат етілетін шекті деңгейінен асуы;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
     3) өтімділікті жоғалту тәуекелі:
     жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің 0,03 немесе одан көп тармаққа төмендеуі;
     жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде өтімділік коэффициенттерінің 0,03 немесе одан көп тармаққа төмендеуі;
     жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде активтер сомасындағы өтімді активтер үлесінің бес және одан көп пайызға азаюы;
     банктің міндеттемелері сомасындағы еншілес арнайы қаржы компаниялардың салымдарын қоспағандағы заңды және жеке тұлғалардың тартылған мерзімді салымдары үлесінің бес және одан көп пайызға азаюы;
     жүйелі үш ай ішінде жалпы берілген заемдар көлемінің еншілес арнайы қаржы компаниялардың салымдарын қоспағандағы заңды және жеке тұлғалардың тартылған депозиттеріне ара қатынасының жеті және одан көп пайызға өсуі;
     банктің өтеу мерзімі бір жылға дейінгі міндеттемелері мен активтерінің арақатынасының (банктің теріс гэп позициясы) он бес және одан көп пайызы мөлшеріне асуы;
     қаржыландырудың қол жетімді варианттарын елеулі (елу және одан көп пайызын) немесе толығымен жоғалту;
     банктің активтерді сату немесе секьюритилендіру қабілетіне ықпалын тигізе алатын стресстік жағдайлар басталған кездегі активтер мен міндеттемелер жағдайының жағымсыз өзгеруі;
     өтімділік шоғырлануының (бір немесе бірнеше қаржыландыру көздері бойынша) біртіндеп өсу үрдісінің болуы;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
     4) операциялық тәуекел:
     ақпараттық жүйелер мен технологиялардың (бағдарламалардың немесе деректер базасының, ақпаратты беру жүйелерінің, сондай-ақ банктің күнделікті жұмыс істеуі үшін қажетті өзге жүйелердің) жұмыс істеуіндегі іркілістері мен тоқтап қалуы салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
     банк басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік базаның азаюына, клиенттердің және қарсы агенттердің банкті сенімсіздікпен немесе теріс қабылдауына әкелген теріс әрекеттері салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
     банктің операцияларына сыртқы күтпеген немесе бақыланбайтын ықпал ету факторларының салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
     банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың шұғыл іс-шаралары стресстік жағдайлардың салдарын жоюға бағытталады және оның ішінде осылармен шектелмей мыналарды қамтиды:
     басқа банктерден күтпеген жағдайларда олар үшін қол жетімді болатын кредиттік қаржыландыру желісін алу мүмкіндігін, сондай-ақ ұсынылатын ресурстар түрлерін, қабылдауға болатын кепілдікті;
     банктің қарауындағы төтенше жағдайда әлеуетті қаржыландыру көздерінің тізбесін, сондай-ақ банктің есептеуі бойынша осы көздерден алуға болатын қаражат мөлшерін анықтау;
     күнделікті төлемдерді жүзеге асыру бойынша ықтимал шаралары. Маңызды іркілістер болған жағдайда банктің күнделікті өтімділіктің қосымша көздерін алуға, оның ішінде кепіл ретінде пайдалануға болатын қосымша активтерді анықтау және мобилизациялау арқылы алу мүмкіндіктері бар;
     жұмыс істеуі төтенше жағдайлардың салдарынан бұзылған банктің дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін қажетті іс-шаралардың тізбесі;
     қызмет көрсетулерін тез арада қалпына келтіруі қажет бөлімшелерді (тәуелді, оның ішінде сыртқы қызмет көрсетулерді жеткізушілерден немесе өзге үшінші тұлғалардан) анықтау;
     банктің ішкі процесстерін қалпына келтіру басымдылығының тізбесін анықтау.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспар бизнес процесс жұмысындағы іркіліс болған жағдайда қызмет көрсетулерді қайта бастауға мүмкіндік беретін балама механизмдерін айқындайды:
     қамтамасыз етілетін қорғау дәрежесі (белгілі уақыт ішінде қалыпты жұмыс істеуін қолдау, жұмысты белгілі уақыт ішінде барынша төменгі қабылдауға болатын деңгейде ұстау, жұмысты тоқтату немесе кейіннен үзілген процесстің қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіру);
     банк қызметінің бағыттары бойынша өздеріне жүктелген міндеттері мен функцияларды іске асыру үшін бөлімшелер жүзеге асыратын рәсімдердің жұмысындағы іркіліс болған жағдайда қажетті ресурстар (білікті персонал, үй-жайлар, бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықтар және өзге ресурстар, егер олар банктің ішкі құжаттарында көзделсе);
     рәсімдер мен стресстік жағдайлар басталған кезде тәуекелдерді шектеу бойынша қажетті іс-шаралар, оның ішінде тәуекелі бар операцияларды шектеу мүмкіндігі, қабылданатын тәуекел деңгейіне барабар меншікті капитал мөлшерінің өсуі, тәуекелдерге қарсы құрылатын резервтердің жеткіліктілігі;
     шара қабылдау тәртібін нақтылайтын басымдықтарды белгілеу рәсімдері, сондай-ақ шаралардың әр қайсысы орындалуы тиіс болатын жағдайлар;
     банкке деген жалпы сенімділікті қолдау үшін дағдарыс кезеңдерінде нарықтың ішкі, сондай-ақ сыртқы субъектілерімен (уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен) уақтылы, жүйелі байланысты қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
     банктің бөлімшелері мен қызметкерлеріне арналған, қызмет үшін маңызды банктің ішкі процесстерінің жұмыс істеуін қолдау немесе уақтылы қайта бастау үшін қажетті әрекеттердің сипаттамасы бар егжей-тегжейлі нұсқаулықтар;
     төтенше жағдайдағы жұмыс істеу рәсімдері, оның ішінде бұзылған бизнес процесстерінің жұмыстарын қалпына келтіру, сондай-ақ төтенше жағдайда жұмысты аяқтау және күнделікті жұмыс істеу режиміне қайта көшу тәртібі, резервтік орталықтардың жұмыс істеу процедуралары, оның ішінде деректердің резервтік көшірмелерін жасау кезеңділігі мен тәсілдерін анықтау;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге іс-шаралар.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың жауапкершілік матрицасы кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың әрбір нақтыланған іс-шарасы, оларды іске асыру үшін жауапты нақты тұлғалармен байланысты болатын мәліметтерді қамтиды.
     Жауапкершілік матрицаның мақсаты кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарда қойылған міндеттердің банк басшылығының және оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында жауапкершілікті белгілеу арқылы әрбір жоспарланған әрекетінен күтілетін нәтижесіне жеткізілгені. Жауапкершілік матрицасы, оның ішінде мынадай мәліметтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
     төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы банк қызметкерлерінің функцияларын, өкілеттіктері мен міндеттемелерін, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды қолға алу (қолдану) құқығын қайта бөлу тәртібін;
     кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды іске асыруға жауапты адамның тегін, атын, бар болса әкесінің аты мен байланыс жасайтын ақпаратты;
     банктің әртүрлі қызметкерлері мен бизнес бөлімшелері арасында тиімді ішкі үйлестіру және байланысты құру рәсімдерін, Директорлар кеңесіне кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды және банк қабылдаған іс-шараларды орындау барысы туралы ақпаратты жеткізу тәртібін;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге ақпаратты.
     Еншілес ұйымдары қызметінің күрделілігіне және ауқымына сәйкес келетін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспар банктің еншілес ұйымдарын ескере отырып, шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді есепке ала отырып жасалады.
     Шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді ескере отырып, кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды жасаған кезде банк оның ішінде:
     төтенше жағдай ретінде еншілес ұйымының қаржылық тұрақсыздығы мен орнықсыздығы кезеңін қарайды;
     еншілес ұйымдарының, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан еншілес ұйымдарының болуынан туындаған өзара тәуелділігін, проблемаларды шешу үшін заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық оқшауланушылығының салдарын ескереді;
     еншілес ұйымының негізгі функцияларын тез арада қалпына келтіруді және проблемалардың шешілуін қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда еншілес ұйымның қызметін конгломерат қатысушыларының қызметіне зиян келтірмей кезеңімен тоқтатуға бағытталған іс-шаралар.
     Банк Басқармасы:
     кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың барабарлығын қарау кезіндегі стресс-тестілеуде қолданылатын тәуекелдерді (тәуекелдердің түрлері бойынша), сценарийлерді және жорамалдарды талдау қорытындыларын кезең-кезеңімен пайдаланады;
     банктің ағымдағы қызметінің стратегияларына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды қайта қарайды;
     кезең-кезеңімен, бірақ айына кем дегенде бір рет кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды оның тиімділігін және операциялық орындалуын қамтамасыз ету үшін тестілейді;
     бастапқы шарттардың өзгеруіне әкелетін әрбір іс-шарадан кейін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын барлық аспектілерін қайта қарайды және кейінгі іс-шараларды өткізу бойынша барлық шаралар қабылдайды.
     Директорлар кеңесі Басқарманың кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарда көзделген тиісті шараларды орындауына бақылауды қамтамасыз етеді.

Банк органдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі шегінде қабылдайтын шешімдер

Директорлар кеңесінің және банк басқармасының, активтерді және міндеттемелерді басқару комитетінің, сондай-ақ кредиттік комитетінің, кредиттік комитетінің қарауына енгізілетін кредит беру туралы шешім қабылдау туралы, кредиттеу шарттарының талаптарын өзгерту, банк ұшырауы мүмкін тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторингі мәселелері бойынша отырыстарын өткізу сырттай дауыс беру нысанында, дауыс беруге қатысу фактісі жазбаша расталып, тиісті байланыс құралдары (факс, интернет және басқалар) арқылы жіберіледі. Осы талап көрсетілген алқалы органдары құрамына кіретін, шешімдерді қабылдау сәтінде тиісті органның отырысы өткен жерден тыс болған тұлғаларға таралмайды.

                                      Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

Ішкi бақылау жүйесiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Талаптардың атауы

Талап критерийлері

Банк басшылығы:
директорлар кеңесі бекіткен банктің стратегиясы мен саясатын іске асыруға жауапты;
банк тәуекелдерін анықтауға, өлшеуге, қадағалауға және бақылауға тартылған процестерді дамытады;
жауапкершілік, өкілеттіктер мен есеп беру саласын анық шектейтін ұйымдық құрылымын қолдайды;
берілген өкілеттіктердің тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
бөлінген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
ішкі бақылаудың сәйкес ережесін әзірлейді;
ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен ұтымдылығын қадағалайды.

Банктің Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың бірдей және тиімді жүйесін құруға әрі оның қызмет етуіне жауапты. Директорлар кеңесі мүшелерінің банк қызметі мен оған байланысты тәуекелдер саласында қажетті білімі мен тәжірибесі бар.
Банк басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары ішкі бақылау жүйесінің бірдей қызмет етуіне жауапты болады.
Басшылық мыналарды:
ішкі бақылау жөніндегі жұмыстарды қажетті тәжірибе мен техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлердің орындауын қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.
Директорлар кеңесі:
1)ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін банк басшылығымен мерзімді түрде талқылайды;
2) басшылық, ішкі аудит қызметі мен сыртқы аудиторлар жасаған ішкі бақылаудың бағасын уақтылы қарайды;
3) ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері жөнінде аудиторлар және қадағалау органдары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді басшылықтың жедел түрде орындауын қамтамасыз ететін мерзімді іс-шаралар жүргізеді;
4) банк стратегиясы мен тәуекелдер лимиттерінің бірдейлігіне мерзімді тексеру жүргізеді.

Банк басшылығы ішкі бақылаудың сәйкес ережесін әзірлейді;
ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен ұтымдылығын қадағалайды.

Басшылық стратегия мен саясатты іске асыруды, және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруды қоса отырып, директорлар кеңесінің нұсқауларын орындауға жауапты.
Банктің ішкі ережелерінде ұйымдық құрылым барлық банк шеңберіндегі өкілеттіктер саласын, есеп беруді және ақпарат алмасудың тиімді жүйесі анық көрсетіле отырып сипатталады.
Басшылық сәйкес бөлімшелердің басшыларына ішкі бақылау саласындағы нақты ережелер мен рәсімдерді әзірлеуге өкілеттіктер бөледі. Бұл ретте басшылық әзірлеменің және тиісті ережелер мен рәсімдердің орындалуына бақылау жасайды.
Банк басшылығы ішкі бақылау жөніндегі жұмыстарды қажетті тәжірибе мен техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлердің орындауын қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.

Банктің директорлар кеңесі мен басшылық кәсіби қызметтің этикалық нормалары мен стандарттарының қатаң сақталуына, ішкі бақылаудың маңыздылығына барлық деңгейде мән беретін және баса көрсететін корпоративтік мәдениетті құруға жауапты. Банктің барлық қызметкерлері ішкі бақылау процесінде өз рөлін түйсінеді әрі түсінеді және осы процеске толық қатысады.

Операция рәсімдері банктің барлық мүдделі қызметкерлері қол жеткізе алатын дәл жасалған ішкі құжаттарда сипатталды. Банк қызметкерлері өз міндеттерін тиімді орындайды және кәсіби этиканы сақтамаған немесе рәсімдерді басқаша бұзған немесе теріс пайдаланған жағдайда тиісті деңгейдегі кез келген операция проблемаларын басшылыққа жібереді.

Банк мақсаттарына жетуге теріс ықпал ететін маңызды тәуекелдердің тұрақты негізінде бағалау. Бағалау банктің дербес және шоғырландырылған негізде өзіне қабылдаған барлық тәуекелдерін (кредит тәуекелі, ел тәуекелі және валюталық шектеулерді шектеу тәуекелі, рынок тәуекелі, проценттік тәуекел, өтімділік тәуекелі, операция тәуекелі, құқықтық тәуекел мен іскерлік беделді түсіру тәуекелі) қамтиды.
Жаңа немесе бұрын бақылау жасалмаған тәуекелдер проблемасын тиімді шешу мақсатында ішкі бақылау жүйесіне өзгерістер енгізу. 

Алға қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін тәуекелдерді басшылықтың тұрақты түрде бағалауы.
Жаңа немесе осыған дейін бақылау жасалмаған тәуекелдерге тиімді бақылау жасау мақсатында ішкі бақылау жүйесін қайта қарау. Қаржы рыногында пайда болған жаңа қаржы құралдары мен рынок операцияларын бағалау және осы қызметке байланысты тәуекелдерді талдау.
Тәуекелді бағалау банктің алға қойылған мақсаттарға жетуіне теріс ықпал етуі мүмкін ішкі факторларды (мәселен, ұйымдық құрылымның күрделілігін, банк қызметінің сипатын, қызметкерлердің біліктілік деңгейін, ұйымдық өзгерістерді және кадрлардың тұрақтамауын) және сыртқы факторларды (экономикалық жағдайлар мен банк саласындағы жай-күйді, технологиялық жаңалықты) анықтайды және қарастырады.

Ішкі құжаттар мыналар:
басшылық жүзеге асыратын тексерулер;
келісімдер жүйесі мен құқықтарды бөлу;
әртүрлі бөлімшелерге тиісінше бақылау жасау;
тәуекелдерге лимиттерді сақтауды тексеру және анықталған жөнсіздіктерді жоюға кейіннен бақылау жасау;
шоттарды салыстыру мен тұс-тұстан тексеру жүйесі;
мүлікті түгендеуге жататын бақылау жасаудың тиісінше құрылымын құруды көздейді.

Бақылауды жүзеге асыру басшылық пен клиенттермен жұмыс жүргізетін қызметкерлерді қоса отырып, банктің барлық қызметкерлеріне қолданылады.
Банк басшылығы банк қызметінің барлық аспектілерінің банктің ішкі құжаттарына сәйкестігі туралы растауды, ішкі құжаттардың мазмұны бірдей болып қала беретіндігі туралы ақпаратты тұрақты негізде алады.

Қызметкерлердің міндеттерін дәл бөлу және қызметкер жауапты сала мүдделерінің дауына жол беретін жағдайды болдырмау.
Мүдделердің әлуетті дауының саласын анықтау, барынша азайту, қатаң және тәуелсіз бақылау.

Бірнеше қызметкердің арасында мыналар:
ақшаны санкциялы төлеу және оны нақты төлеу;
оларда клиенттердің операциялары көрінетін шоттарды және банктің меншікті операциялары көрінетін шоттарды жүргізу;
"банк" портфелі мен "дилер" портфеліне қатысты операцияларды жүргізу;
маркетинг операцияларын сол клиенттермен бір мезгілде жасаған кезде олардың позициялары туралы ақпаратты клиенттерге формальды түрде беру;
заемды берген кезде кредит құжаттамасының бірдейлігін бағалау және заемды бергеннен кейінгі заемшы мониторингі;
басқа факторлармен жұмсартылмаған мүдделердің маңызды дауының туындауын болжайтын басқа салалар жөніндегі өкілеттіктерді бөлу.
Мүдделердің әлуетті дауының салалары анықталады, барынша азайтылады және тәуелсіз үшінші тұлға олардың тұрақты мониторингін жүзеге асырады.

Қаржылық, операциялық сипаттағы бірдей және жалпы көлемді ақпарат пен белгіленген нормативтік талаптарды сақтау туралы мәліметтердің, сонымен қатар шешім қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар жайлы тыстан келіп түсетін рыноктық ақпараттың болуы.

Бірдей ақпараттың болуы және оны тиімді түрде тарату. Ақпараттың мынадай сапасы бар: іске қатысты, сенімді, уақтылы, қол жетерлік және ресімделген. Ақпаратта ішкі қаржылық және операциялық деректер, Қазақстан Республикасы заңнамаларының белгіленген талаптары мен нормативтік құқықтық актілерді сақтау туралы деректер, сондай-ақ шешім қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар туралы сыртқы рыноктан келіп түскен мәліметтер бар. Ішкі ақпарат есеп жазбаларын сақтаудың белгіленген тәртібіне сүйенетін есептеу процесінің бір бөлігі болып табылады.

Банк қызметінің барлық негізгі түрлерін қамтитын сенімді ақпарат жүйелерінің болуы.
Электрондық жүйелерді қоса отырып, аталған жүйелер тәуелсіз бақылауда болып табылады. Төтенше жағдайлар кезінде ақпарат жүйесін қолдау жөніндегі сәйкес іс-шаралар әзірленді.

Ішкі резервтік рәсімдерді және функцияларды қалпына келтіру рәсімдерді, әзірлеу ережелері мен бағдарламаларды сатып алу, қызмет көрсету рәсімдерін (бақылауды өзгерту) және жеке/логикалық қауіпсіздігіне бақылау жасауды әзірлеу.
Бағдарламалық қамтамасыз етуге бақылау жасау дегеніміз бағдарламалық қосымшалардағы компьютерлік қадамдар және операциялар мен банк қызметінің басқа түрлерін өңдеуді бақылайтын басқа қолдан жасалатын рәсімдер. Қызмет көрсетудің сыртқы провайдері қолдайтын банк қызметіне арналған ........ жүйелерді қалпына келтіруді қоса отырып, банктен тыс болып табылатын қайталанатын құрылғыларды пайдалана отырып күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарын әзірлеу. Банк операцияларын қалпына келтіру бағдарламасының күтпеген жағдайлар туындаған жағдайларда орындалуын мерзімді түрде тестілеу.

Қызметкерлердің міндеттерді реттейтін саясат пен рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын тиімді ақпарат жүйелерінің болуы, сонымен қатар сәйкес қызметкерлерге қажетті ақпаратты жеткізу.

Банк басшылығы ақпарат берудің (операциялық саясат пен банк қызметінің рәсімдерін, банктің нақты операциялық қызметі жөніндегі ақпаратты айқындайтын құжаттар) тиімді жүйесін жасайды.
Жоғарыдан, төменнен, көлденеңінен ақпараттың барабар ағынын қамтамасыз ететін банктің ұйымдық құрылымын құру. Төменнен жоғарыға келіп түсетін ақпарат директорлар кеңесі мен басшылықты қызмет барысында қабылданған тәуекелдер туралы және банктің ағымдағы жағдайы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді. Төменге жіберілген ақпарат банк мақсатының, оның стратегиясының, белгіленген тәртіптері мен рәсімдерінің орташа және төменгі буын басшылық пен қатардағы қызметкерлерге жетуін қамтамасыз етеді. 

Тұрақты негіздегі ішкі бақылау тиімділігінің мониторингі. Банк бөлімшелері және ішкі аудит қызметі шешуші тәуекелдердің мониторингі мен оларға мерзімді бағалау жүргізеді.

Банк операцияларын жүзеге асыратын бөлімдерді қоса отырып, әр түрлі бөлімшелердің қызметкерлері, қаржылық бақылау және ішкі аудит ішкі бақылау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады. Банк басшылығы мониторингтің нақты аспектілеріне жауап беретін қызметкерлердің міндеттерін бөледі.
Банк операцияларының әртүрлі түрлері мониторингінің мерзімділігі соларға байланысты тәуекелдерге, мерзімділігі мен банк қызметі жағдайларында болатын өзгерістер сипатына сүйене отырып айқындалады. 

Операция жоспарында тәуелсіз және құзыретті қызметкерлер ішкі бақылау жүйесінің тиімді және жалпы көлемді ішкі аудитін жүргізеді. Ішкі аудит қызметі, ішкі бақылау жүйесі мониторингінің бір бөлігі сияқты директорлар кеңесіне есеп береді.

Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бір бөлігі болып табылады және белгіленген ережелер мен рәсімдердің бірдейлігін тәуелсіз бағалауды, сонымен қатар оларды сақтауды қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит қызметі банктің күнделікті жұмысына тәуелсіз және банк, оның филиалдары мен еншілес құрылымдары жүргізетін операциялардың барлық түрлеріне қол жеткізе алады.

Банк бөлімшелерінің қызметкерлері, ішкі аудит қызметі немесе басқа бақылау қызметтері анықтаған ішкі бақылаудың кемшіліктері сәйкес деңгейдегі басшыларға уақтылы жіберіледі және жедел түрде жойылады. Ішкі бақылаудың елеулі кемшіліктері туралы банк басшылығы мен директорлар кеңесіне хабарланады. 

Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер туралы және тиімсіз бақыланатын тәуекелдер туралы ақпарат анықталған бойда дереу сәйкес тұлғаға (тұлғаларға) жеткізіледі, маңызды мәселелер директорлар кеңесіне жеткізіледі. Сәйкес басшылар кемшіліктерді уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі кейінгі тексерулерді жүргізеді немесе мониторингтің басқа түрлерін жүзеге асырады және барлық түзетілген кемшіліктер туралы директорлар кеңесіне дереу ақпарат береді. Банктің директорлар кеңесі ішкі бақылаудың кемшіліктерін қадағалау мен оларды жою үшін қабылданған шаралар жүйесін құрады.
Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесі анықтаған барлық проблемаларды жинақтайтын есептерді мерзімді түрде алады.

Банктің директорлар кеңесі банкті қамтамасыз етуге және ішкі бақылаудың барабар және тиімді жүйесін, банк қызметінің тәуекелдерін өлшеу мен бағалау жүйесін, банк капиталының деңгейіне қатысты тәуекелдерді және заңдарды, нормативтік құқықтық актілер мен ішкі саясатты сақтау мониторингінің сәйкес әдістерін айқындау жүйесін басшылықтың қолдауына жауапты болады.  

Директорлар кеңесі бизнесті ретті жүргізуді қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүйесін (белгілі мақсаттарға сілтеме жасай отырып) тұрақты түрде тексереді.
Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын үнемі тексереді. Директорлар кеңесі анықтау рәсімдерінің және алдына қойған мақсаттарына жетуі кезінде банк қамтылатын тәуекелдердің барабар бақылауының болуын; қаржы ақпаратының және басқару ақпаратының тұтастығын, сенімділігі мен уақтылылығын тестілеуді; заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің, қадағалау саясаты мен ішкі жоспарлардың, әдістемелердің және рәсімдердің сақталу мониторингін қамтамасыз етеді. 

Банк басшылығы банк қамтылатын тәуекелдерді анықтау, өлшеу, мониторинг жасау және бақылау жөніндегі рәсімдерді әзірлеуге жауапты болады. Жылына бір рет басшылық ішкі бақылау жүйесінің ауқымы мен тиімділігі туралы директорлар кеңесінің алдында есеп береді.

Басшылық есеп беру жауапкершілігін, өкілеттіктері мен қатынастарын бөлетін және бөлінген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымды қолдайды. Басшылық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге жауапты болады. Басшылық ішкі бақылаудың сәйкес әдістемелерін белгілейді және ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін қадағалайды.  

Ішкі аудит банктің ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің және ішкі аудит банктің белгіленген ішкі саясатының және рәсімдерінің бірдейлігі мен сақталуын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі басшылық пен директорлар кеңесіне өз міндеттерін тиімді және пәрменді орындауына ықпал етеді.

Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттері:
ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру және бағалау;
тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тәуекелдерді бағалау әдістемесінің қолданылуын және тиімділігін тексеру;
электрондық ақпарат жүйесі мен электрондық банк қызметін қоса отырып, менеджмент және қаржылық ақпарат жүйелерін тексеру;
бухесеп жазбаларының және қаржылық есептердің дәлдігі мен шынайылығын тексеру;
активтерді сақтау құралдарын тексеру;
тәуекел бағасына байланысты банктің капиталын бағалау жөніндегі жүйені тексеру;
операциялардың тиімділігін тексеру;
транзакция сияқты, ішкі бақылаудың нақты рәсімдерінің қызмет етуін де тестілеу;
құқықтық және реттеуші талаптардың сақталуын, мінез-құлық кодекстерін және әдістемелер мен рәсімдерді жүргізуді қамтамасыз ету үшін тағайындалған жүйелерді тексеру;
қаржылық есеп берудің шынайылығы мен уақтылылығын тестілеу;
арнайы тексерулерді жүзеге асыру болып табылады.
Басшылық алғашқы сатыдағы тәуекелдерге байланысты анықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа әзірлемелер, өнімдер мен операциялық өзгерістер туралы ішкі аудит қызметін тұрақты және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Банк ішкі аудит қызметінің болуын көздейді. Банк оның мөлшері мен операцияларының сипатына сәйкес ішкі аудиттің бірдейлігін болжау үшін басшылық өз міндеттерін орындау кезінде барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұл шараларға өз мақсатына жету үшін бірдей ресурстар мен қызметкерлерді ішкі аудитке беру жатады.

Ішкі аудитті штаттық қызметкерлері бар ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

Банктің ішкі аудит қызметі аудитке қамтылған қызметке және ішкі бақылаудың күнделікті рәсіміне қатыссыз. Ішкі аудиттің банк ішінде сәйкес мәртебесі бар және өз қызметін тура әрі әділ жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі банктің барлық департаменттерінде, бөлімшелері мен қызметтерінде өз еркімен қызмет атқарады. Ішкі аудит қызметі олар алған деректер мен бағалар туралы баяндауға және осы ақпаратты банктің ішінде ашуға құқығы бар. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің тікелей бақылауымен іс-әрекет жасайды.
Ішкі аудит қызметі басшысының тікелей және өз еркі бойынша директорлар кеңесімен, директорлар кеңесі төрағасымен немесе қажет болған жағдайда - ішкі аудит қызметі туралы оның Ережесінде әрбір банк айқындаған ережелерге сәйкес сыртқы аудиторлармен өкілеттіктері бар. Бұл ақпараттандыруға Қазақстан Республикасының заңнамаларына және ішкі құжаттарына қарама-қайшы келетін шешімдерді банк басшылығының қабылдауы қатысты болуы мүмкін.
Ішкі аудит қызметі тәуелсіз тексеруге жатады. Бұл тексеруді сыртқы аудитор сияқты тәуелсіз тарап жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі әділ әрі тура және өз функцияларын қол сұғусыз және араласусыз орындауға мүмкіндік тудыратын ережесі бар.

Әділдік және туралық ішкі аудит қызметінің мүдделер дауынан қашуға ұмтылатындығын көрсетеді. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін мерзімді түрде алмастыру қажет. Банк ішінде жиналған аудиторға соңғы он екі ай ішінде олар жүзеге асыратын қызметтің немесе функциялардың аудитімен айналысуға болмайды. Әділдік ішкі аудит қызметінің банк операцияларымен немесе ішкі бақылау бойынша шараларды таңдаумен және жүзеге асырумен көңілі бөлінбегенін талап етеді.
Басшылық ішкі бақылау принциптерін сақтауға қатысты нақты мәселелер бойынша ішкі аудит қызметінің пікірін сұрай алады. Қайта ұйымдастыру мәселелерін, жаңа бөлімшелерді құру, оның ішінде тәуекелдерге бақылау жасау жүйесін, ақпаратты басқару немесе ақпарат технологиялары жүйесін құру немесе қайта ұйымдастыру қызметінің барынша маңызды мәселелерін қараған кезде тиімділікке жету мақсатында басшылық пікір сұрай алады. Алайда осы шараларды әзірлеу және іске асыру басшылықтың ақырғы жауапкершілігінің саласы болып қалады: консультациялық функция ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттерін орындауға немесе жауапкершілігі мен тәуелсіздігіне кедергі келтірмейтін қосымша міндет болып табылады.
Ішкі аудит қызметінің кейінгі қорытындыларында кемшіліктер мен толық емес есептерге қатысты ұсынымдар және ішкі бақылауды алу жөніндегі ұсыныстар бар.

Әрбір ішкі аудитордың және ішкі аудит қызметінің кәсіби құзыреттілігі

Әрбір ішкі аудитордың кәсіби құзыреттілігі, сонымен қатар оны жұмылдыру және үздіксіз оқыту ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін арттыру үшін қажетті шарты болып табылады.
Кәсіби құзыреттілік орындалатын роль сипаты мен аудитордың ақпарат жинау, талдау, бағалау және байланыс жасау қабілетін есепке ала отырып бағаланады.

Банктің кез келген қызметі мен кез келген бөлімшесін ішкі аудит қызметі тексереді. 

Ішкі аудит қызметі бөлімдер мен еншілес кәсіпорындардың қызметін, сондай-ақ сыртқы мердігерлерді тарта отырып жасалатын қызметті қоса отырып, банк бөлімшелерін тексереді. Ішкі аудитке ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру мен бағалау және олардың өз міндеттерін орындау тәсілі: банктің тәуекелдері мен ішкі бақылау жүйесін талдау жатады.
Ішкі аудит қызметі:
банктің саясат пен тәуекелдерге бақылау жасауды сақтауын;
қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі (тұтастығы, дәлдігі және толықтығын қоса отырып) мен уақтылылығын;
электрондық ақпарат жүйесі жұмысының үздіксіздігі мен сенімділігін;
кадр бөлімінің қызмет етуін;
Қазақстан Республикасының заңнамалары нормаларының және банктің ұйымдық құрылымы мен басқаруына қатысты уәкілетті органның әдістемелерін, принциптерін, ережелері мен нұсқауларын қоса отырып, банк операцияларына қатысты банктің ішкі ережелерінің болуын бағалайды.

Ішкі аудит қызметі мерзімді түрде, бірақ жылына кемінде бір рет банк операцияларын жасау жөніндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін жақсарту мақсатында функцияларды жүзеге асыратын банк бөлімшелеріне ішкі аудиторлық тексеру жүргізеді. 

Ішкі бақылау жөніндегі банк саясаты мыналарды:
банк қамтылған барлық тәуекелдерді;
ішкі бақылауды жүргізу ауқымын және жиілігін;
ішкі бақылауды жүргізген кезде айдаланылатын рейтинг жүйесін;
банкке ішкі бақылау жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды айқындайды;
ішкі бақылау қызметі аудит саясаттарына сәйкес функциялары банк операцияларын жүргізуді көздейтін банктің барлық бөлімшелеріне тұрақты ішкі тексеру жүргізеді;
ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерінде тексеру жүргізілетін банк бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен қажетті білім бар;
банктің ішкі саясаты тексерілетін бөлімше қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық, өзге немесе құпиялылық режимі бар құжаттарға ішкі бақылау қызметінің қол жеткізу құқығын көздейді;
ішкі бақылау жөніндегі банктің ішкі бақылау саясаты басшы қызметкерлерден немесе банктің басқа бөлімшелерінен атқарымдық міндеттерді орындау тәуелсіздігі және ішкі бақылау қызметінің директорлар кеңесіне есеп беруін белгілейді;
ішкі бақылау қызметі банктің сыртқы аудиторымен бірлесіп банктің ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер жүргізеді;
ішкі бақылау қызметі жаңа өнімдерді немесе қызметті енгізу туралы мәселелерді талқылауға қатысады.

Басқарма әрбір тексеру нәтижелері бойынша ішкі бақылау қызметінің есебін талдайды және анықталған кемшіліктерді жою бойынша сәйкес шараларды қабылдау жөніндегі ұсыныстарды директорлар кеңесіне береді.

ішкі бақылау саясаты әрбір тексерудің нәтижелерін банктің директорлар кеңесі мен басқармасына ішкі бақылау қызметінің беруінің оңтайлы мерзімдерін көздейді;
ішкі бақылау қызметінің өкілеттіктері орындалуы бөлімшелер үшін міндетті болып табылатын жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстарды дайындауды көздейді, бұл ретте оларды жүзеге асырудың тәсілдері мен шарттарын банк бөлімшелері тікелей айқындайды;
ішкі бақылау қызметі банк бөлімшелерінің өткізген және жоспарлаған ішкі бақылау нәтижелері бойынша алдын ала қабылданған іс-шараларға олардың оңтайлы орындалуы үшін мониторингті жүзеге асырады. 

Ішкі аудит банктің меншікті капиталы деңгейінің тәуекелмен арақатынасы үшін банктің және капиталға қатысты ішкі саясатты сақтау мониторингі үшін белгіленген әдіспен әзірленген тәуекелдерді басқару жүйесіне тәуелсіз тексеруді жүзеге асырады. 

Банк меншікті капиталды бағалау рәсімдерін тексеруге жауапты тұлғаны немесе департаментті айқындайды.

Банкте банктегі ішкі аудит қызметінің мәртебесі мен өкілеттіктерін көздейтін ішкі аудит қызметі туралы ереже бар.

Ішкі аудит қызметі туралы ереже мыналарды:
ішкі аудит қызметі жұмысының мақсаты мен саласын;
ұйымдағы ішкі аудит қызметінің мәртебесін, оның өкілеттіктерін, міндеттерін және басқа қызметтермен қатынасын;
ішкі аудит қызметінің есеп беруін белгілейді.
Ішкі аудит қызметі туралы ережені директорлар кеңесі бекітеді. Ішкі аудит қызметі туралы ережеде басшылық бастама құқығын береді және ішкі аудит қызметкерінің банктің кез келген қызметкеріне тікелей қол жеткізуіне, банктің кез келген қызметін немесе кез келген бөлімшесін тексеруге, сонымен қатар басқару ақпараты мен олардың өз міндеттерін орындауына қатысы болуы мүмкін барлық консультациялық және шешім қабылдайтын органдардың хаттамаларын қоса отырып, банктің кез келген жазбасына, досьесіне немесе деректеріне қол жеткізуіне рұқсат беріледі.
Ішкі аудит қызметі туралы ережеде ішкі аудит қызметі консультациялық қызмет көрсетуге немесе басқа арнайы тапсырмаларды орындауға тартылуы мүмкін жағдайлар көзделеді. 

Ішкі аудитке аудит жоспары, қол жеткізерлік ақпаратты тексеру мен бағалау, нәтижелерді хабарлау және ұсынымдардың орындалуы мен проблемалардың шешілуін қадағалау жатады.

Ішкі аудитке сонымен қатар:
мақсаты - бухесеп жүйесінің және ақпараттар мен солардың негізінде жасалған қаржылық есептердің сенімділігін бағалау болатын қаржы аудиті;
мақсаты - заңдардың, шағын заң актілерінің, әдістемелер мен рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған жүйелердің сапасы мен сәйкестігін бағалау болатын сақтау аудиті;
мақсаты - басқа жүйелер мен рәсімдердің сапасы мен сәйкестігін бағалау, ұйымдық құрылымды талдау және жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткіліктілікті бағалау болатын операциялық аудит;
мақсаты - банктің алға қойған мақсаты шеңберінде тәуекел мен бақылауға менеджмент көзқарасының сапасын бағалау болатын менеджмент аудиті жатады.
Ішкі аудит қызметінің басшылығы барлық тапсырылған міндеттерді орындау жоспарын дайындайды. Аудит жоспарына ішкі аудит бойынша жоспарланған жұмыстың кестесі мен мерзімділігі жатады. Аудит жоспары тәуекелдерге бақылау жасаудың әдістемелік бағасына негізделген. Тәуекелдерді басқаруды бағалауда ішкі аудитордың банктің негізгі қызметі мен оған байланысты тәуекелдерді қабылдауы құжаттандырылады.
Ішкі аудит қызметінің басшылығы тәуекелдерді бағалау әдістемесінің принциптерін жазбаша белгілейді және қызметтің жаңа бағыттарын есепке ала отырып, ішкі бақылау жүйесіндегі немесе жұмыс процесіндегі өзгерістерді көрсету үшін оларды тұрақты түрде жаңартып отырады.
Тәуекелдерді талдау кезінде қызметтің бағыттары мен банктің бөлімшелері, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі тексеріледі. Тәуекелдерді талдау нәтижелерінің негізінде қызметтің әрбір түріне тән тәуекелдер дәрежесін ескере отырып бірнеше жылға аудит жоспары дайындалады. Жоспарда күтілетін әзірлемелер мен инновациялар ескеріледі, әдетте қызметтің жаңа түрлері кезінде тәуекелдің барынша жоғары дәрежесі және ақылға қонымды мерзімде аудитті қамту ниеті қызмет пен бөлімше түрлерінен маңызды.
Аудит жоспарына арнайы тексерулер, қорытынды шығару мен оқыту сияқты басқа міндеттерді орындауға арналған уақыт жатады. Бұл жоспарға штатты толықтыру мен басқа қажеттіліктерге арналған қажетті ресурстар атап көрсетілген бөлім де кіреді.
Аудит жоспарын ішкі аудит қызметі жасайды және директорлар кеңесі бекітеді.
Аудиттің әрбір міндетін орындау үшін аудиттің бағдарламасын дайындау қажет. Аудит бағдарламасында аудитті жүргізу мақсаты баяндалады. Аудиттің міндеттерді орындауының барлық рәсімдері қорытындыдағы бағалауға акценті бар жүргізілген тексерулердің нәтижелері көрсетілген сәйкес жұмыс құжаттарымен ресімделеді. Әрбір тапсырма бойынша жазбаша аудиторлық қорытынды дайындалады. Аудиторлық қорытындыда аудиттің мақсаты мен ауқымы баяндалады. Онда сондай-ақ тұжырымдар мен ұсынымдар бар. Банк басшылығы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету керек.
Ішкі аудит қызметі оның ұсынымдарын орындауды қадағалайды және жарты жылда кемінде бір рет корпоративтік басқару механизміне байланысты банк басшылығына, директорлар кеңесіне есеп дайындайды.

Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудиттің принциптерін ішкі аудит қызметінің сақтауын қамтамасыз етуге жауапты болады.

Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудиттің сенімді стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Соның ішінде, ішкі аудит қызметінің басшысы аудит жоспарын, ішкі аудит қызметі жұмысының бағдарламасын, әдістемелері мен рәсімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметінің басшысы қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен оларды оқытуды және қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі және ішкі аудит қызметінің мақсатына жетуі жөнінде оған кеңес береді, оның ішінде басшылыққа және/немесе директорлар кеңесіне аудит жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат береді.
Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің ұйымдастырылуын (қызметкерлерге қатысты тәрізді, басқа қатынастарда да), аудит жоспарын, істелген жұмыс туралы есептерді, ішкі аудит қызметі ұсынымдарының қысқаша мазмұны мен олардың орындалуымен болатын іс жағдайын қарастырады.
Банк ішкі аудит қызметінің анықтаған жөнсіздіктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға бақылау (қайтадан тексеру жүргізуді қоса отырып); ұсынымдарды орындау және анықталған жөнсіздіктерді жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпаратты ішкі аудит қызметінің жарты жылда кемінде бір рет директорлар кеңесіне, атқарушы органға беру тәртібін белгілейді.

Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқаруды қамтамасыз етуге жауап береді. Директорлар кеңесі комплаенс-тәуекелін тұрақты басқарудың тұрақты және тиімді жұмыс істеуін белгілейтін құжатты қосқандағы комплаенс басқару саясатын мақұлдады.
  Директорлар кеңесі немесе директорлар кеңесінің жанындағы комитеттер бір жылдан кем емес мерзім аралығында комплаенс-тәуекелін басқарудың тиімділігіне баға береді.

Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді.
  Банктің директорлар кеңесі комплаенс қызметі мәселелерін тиімді шешуді банк басқармасы арқылы қамтамасыз ете отырып, жауап береді. Директорлар кеңесі осы өкілеттіктерді директорлар кеңесінің жанындағы тиісті комитетке бере алады.

Банк басқармасы комплаенс-тәуекелін тиімді басқаруға жауап береді.

Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады.
  Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқарудың негізгі принциптерін басқарманың және банк қызметкерлерінің сақтау қажеттігі көрсетілген комплаенс-тәуекелділікті басқару саясатын әзірлеуге жауап береді.
  Басқарма комплаенс-тәуекелін басқару саясатын сақтауды қамтамасыз етеді және комплаенс-тәуекелі анықталған жағдайда түзету және тәртіптік шаралар қабылдайды.
  Банк басқармасы комплаенс-қызметімен бірлесіп:
жыл сайын комплаенс-тәуекелінің пайда болуы проблемаларын бірегейлендіреді және бағалайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекітеді. Іс-шаралар Жоспарында комплаенс-тәуекелін басқарудың кемшіліктері, комплаенс-тәуекелін тиімді басқару үшін ішкі саясатты және рәсімдерді қайта өңдеу қажеттілігі көрсетіледі;
  жыл сайын комплаенс-тәуекелін басқарудың тиімділігі туралы директорлар кеңесін хабардар етеді;
  Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтамау нәтижесінде іскер беделді жоғалтуға немесе шығындарға алып келуі мүмкін кез-келген операциялар туралы директорлар кеңесін дереу хабардар етеді.

Комплаенс қызметі банктегі комплаенс-тәуекелді басқаруда тәуелсіз болып табылады.

Комплаенс қызметінің комплаенс-тәуекелді басқару    жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс-тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар;
 комплаенс қызметінің банк аясында ресми мәртебесі, алатын тиісті орны, өкілеттігі мен тәуелсіздігі бар және өзінің қызметін банктің директорлар кеңесімен жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту арқылы жүзеге асырады.
Комплаенс-бақылаушыны қызметке директорлар кеңесі тағайындайды.
  Комплаенс қызметі туралы ереже сонымен бірге мыналарды көздейді:
  комплаенс-бақылаушының банктің директорлар кеңесіне есептілігін;
  комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелді басқару бөлігінде комплаенс-бақылаушыға есептілігін;
комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының міндеттері мен өкілеттілігін;
комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелді басқару бөлігі бойынша оларға жүктелген жұмыстар бөлігіндегі тәуелсіздігі;
  комплаенс қызметінің банктің басқа бөлімшелерімен және ішкі аудит қызметімен өзара
қарым-қатынасы;
  комплаенс-тәуекелін басқару саясатын бұзу мүмкіндігін анықтау және тексеру жүргізу құқығы және осы міндетті орындау үшін ішкі және сыртқы мамандарды қамту;
  тексерулерінің нәтижелерін банк басқармасына ашық көрсету және ашу құқығы және қажет болғанда банктің директорлар кеңесіне білдіру құқығы.
  Комплаенс қызметі банктің кез-келген бөлімшесімен өз жеке ұсынысы бойынша ынтымақтастық орнатуға және өз міндеттерін орындау үшін қажетті кез-келген файлдар мен есептерді алуға құқылы.

Комплаенс қызметінің міндеттерін тиімді орындау үшін жеткілікті ресурстары бар.

Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек.
Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, өз міндеттемелерін орындау үшін кәсіби және жеке қасиеті болу керек.
Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамаларын, банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін білуі керек.
Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының кәсіби дағдылары банк тарапынан тұрақты және жүйелі оқытумен көтермеленіп отырады.

Комплаенс қызметінің функциясы мен өкілеттілігі банкте туындайтын комплаенс-тәуекелді басқаруға бағытталған.

Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды:
банк қызметінің, сондай-ақ оның қызметкерлерінің қаржы рыногындағы іс-қимылы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
банк қызметкерлерінің банктің ішкі құжаттарымен, банктің қаржы рыногындағы қызметі мәселелері бойынша басқару органдарының шешімдерімен белгіленген қаржы рыногындағы қызметті, қаржы рыногындағы операцияларды (мәмілелерді) жүргізу стандарттарын жүзеге асыру ережелерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, банк қызметкерлерінің қаржы рыногындағы банктің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуін, банктің ішкі құжаттарын бұзу фактілерін зерттейді;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелері және лауазым иелерімен бірлесе отырып, клиенттер мен контрагендердің мәмілелер (операциялар) бойынша банктің немесе жекелеген қызметкерлерінің олардың қаржы рыногындағы банк қызметі жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі іс-қимылына шағымдарын тексереді;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, қызметтері қаржы рыногындағы операциялармен (мәмілелермен) байланысты банктің жекелеген қызметкерлері және бөлімшелерінің жұмысында анықталған тәртіпсіздіктер және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ аталған бөлімшелердегі жұмысты оңтайландыру бойынша ұсынымдарды әзірлейді және басшылыққа ұсынады;
қызметкерлердің қызметтік міндеттерінің тізбесін ескере отырып, қаржы рыногындағы банк қызметін реттейтін, банктің ішкі құжаттарының талаптарымен банктің барлық қызметкерлерін таныстыру бойынша банктегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылайды;
нақты операциялардың (мәмілелердің) немесе олардың бөліктерінің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне қатысты сұратулар бойынша кеңестер береді;
комплаенс-тәуекелдің мониторингі жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері комплаенс-тәуекелді басқарудың ішкі рәсімдерімен сәйкес есеп түрінде ұсынылады;
туындайтын проблемаларды шешуде өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне, комплаенс-тәуекелдің туындауына байланысты проблемалар бойынша қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады;
ішкі саясат пен рәсімдерді бекіту арқылы комплаенс-тәуекел туралы банк қызметкерлері үшін ішкі басшылықты әзірлейді. Комплаенс қызметінің ағымдағы есеп беру тәртібі банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Комплаенс-бақылаушы банк Басқармасын хабардар етеді:
қызметкерлердің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларын және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарын, банктің қаржы рыногындағы қызметін реттейтін банктің ішкі құжаттарын бұзу туралы анықталған жағдайлар жайлы;
банктің тексеруші бөлімшелерінің басшыларының жол берілген тәртіп бұзуларды жою және олардың қорытындысы туралы не осындай қабылданған шаралары туралы;
жыл сайын комплаенс-тәуекелді бақылау туралы банктің Директорлар кеңесіне есеп береді.
Комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушылары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде:
әрбір тексеру фактісіне толық құжаттама жасауды қамтамасыз етуді және тексеру барысында қаралған барлық мәселелерді көрсететін тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды, анықталған жөнсіздіктер мен қателерді, оларды жою жөніндегі ұсынымдарды ресімдеуді қамтамасыз етуді;
бақылау барысындағы атқарылған жұмыстың және жүргізілетін тексерудің барысына, сондай-ақ олардың нәтижелерінің дұрыстығына сенуге мүмкіндік беретін құжаттардың болуын қамтамасыз етуді (не құжаттың сақталынып тұрған жері туралы ақпарат);
тиісті бөлімшелерден алынған құжаттардың сақталуын және қайтарылуын қамтамасыз етуді;
алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауды;
кемшіліктерді жою үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ жекелеген қызметкерлердің жұмыстарына талдау жасау мақсатымен тексерулердің қорытындысы бойынша банк басшылығына және банктің сәйкес бөлімшелеріне қорытынды ұсынуға.



                                        Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 3-қосымша

      Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .

           Банктік заем операцияларын жүргiзуге
                   қойылатын талаптар

Талаптың атауы

Талаптардың критерийлері

Банктің кредиттік тәуекелді бақылау жөніндегі саясаты бар.

Басқарма баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша банктің және оның еншілес ұйымдарының кредиттік тәуекелге ұшырау мониторингін жүзеге асырады;
директорлар кеңесі кредиттер сапасын бағалау рәсімдерін белгілейді;
директорлар кеңесі және басқарма провизияларды қалыптастыру және жіктелген активтерді есептен шығару рәсімдерін белгіледі;
басқарма айына кемінде бір рет баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша банк активтерінің сапасына және кредит тәуекелінің деңгейіне талдау жүргізеді, банктік қаржы жағдайына кредиттік тәуекелдің әсер ету дәрежесін айқындайды.

Директорлар кеңесі кредиттеумен байланысты банк қызметкерлері мүдделерінің қайшылығының тәуекелін шектейтін рәсімдер белгіледі.

Банктің кредит бөлімшесінің қызметкерлері мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін рәсімдерді сақтау арқылы функционалдық міндеттерін жүзеге асырады;
ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет кредит бөлімшесі қызметкерлерінің мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін саясатты және рәсімдерді сақтауына тексеру жүргізеді.

Директорлар кеңесі бақылау саясатының және кредит тәуекелінің мониторингін, оның ішінде шоғырландырылған негізде бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет банктің кредит тәуекелін шоғырландыруды анықтау мақсатында және шоғырландырылған негізде, оның ішінде заемшылар, экономика салаларында, ел/аймақ бөлігінде есепті кезең ішінде жүргізілген банктік заем операцияларының мониторингін жүргізеді;
тәуекелдерді басқару бөлімшесі мониторинг жүргізеді және тоқсанына кемінде бір рет басқармаға және жарты жылда кемінде бір рет - директорлар кеңесіне банктің кредит тәуекелі, оның ішінде шоғырландырылған негізде заемшылар, экономика салалары, ел/аймақ бөлігі бойынша мәліметтерді ұсынады;
директорлар кеңесі қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге кредит тәуекелін өлшеу мен болжамды бағалау рәсімдерін бекітеді;
кредит тәуекелін өлшеу және болжамды бағалау рәсімдері мынадай параметрлер кіретін кредит тәуекелінің үлгілерін пайдалануды көздейді:
кредит тәуекелі басталған кездегі шығыс (зиян) деңгейі, кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша активтерді бөлу, кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша активтерді бөлудің өзгеру болжамы, әр түрлі активтердің кредит тәуекелінің өзара байланысы, кредит тәуекеліне байланысты қабылданған міндеттемелер бойынша тәуекелдің ықтимал мөлшерінің болжамы, кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша банктің кредит тәуекелімен байланысты салалар мен елдерді бөлу, кредит тәуекелі үлгілерінің жоғарыда көрсетілген параметрлері бойынша есептерді дайындау;
басқарма жаңа банк қызметтерін банктің ұсынуына немесе экономиканың жаңа секторлары не аймақтарына банк қызметін көрсетуге байланысты кредит тәуекелдеріне талдау жүргізеді.

Директорлар кеңесі саралау (кредит тәуекелдерінің деңгейі бойынша бөлу) саясатын, ал басқарма банк рейтингілері (деңгейлері) негізінде кредиттерді саралау рәсімдерін бекітті.

Кредит тәуекелін саралау саясаты, оның ішінде:
сандық және сапалық факторлар негізінде корпоративтік рейтингіні иеленудің кезеңділігі;
заемшылардың рейтингін ескере отырып, заем бойынша кредиттік лимиттерді және сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
рейтинг бойынша шығындар мониторингінің кезеңділігі;
рейтингінің ең төменгі рұқсат етілген деңгейіне заемшының сәйкес келуі кезінде заем беру туралы шешім қабылдау.

Директорлар кеңесі саралау процесінің (рейтингтік бағалардың) шынайылығын тексеру мақсатында, оның ішінде кредит беру, провизияларды (резервтерді) қалыптастырудың кредиттік талдау функциясының тәуелсіздігін көздейтін ішкі кредиттік талдауды жүргізу саясатын белгіледі.

Ішкі кредиттік талдау саясаты:
заемдарды, қосымша шоғырландырылған негізде саралау (деңгейлері бойынша бөлу) шынайлылығын кезең-кезеңмен тексеруді;
провизиялардың (резервтердің) банктің ішкі құжаттарымен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен сәйкес қалыптасуының шынайлылығын кезең-кезеңмен тексеруді;
туынды құралдармен, форвардтық валюталық мәмілелермен, қаржы міндеттемелерімен байланысты банктің баланстан тыс операцияларын саралау (деңгейлер бойынша бөлу) шынайылығын кезең-кезеңмен тексеруді көздейді.

Басқарма ішкі кредиттік талдаудың рәсімдерін бекітті.

Ішкі кредит талдауының рәсімдері мыналарды көздейді:
банктің кредит портфелі көлемінің елу бір процентінен кем емес жыл сайынғы тексеруді;
ішкі кредит талдауының нәтижелерін тексеруге жауап беретін және ішкі талдауды жүзеге асыратын бөлімше және банк қызметкерлерін;
кредиттік талдауды жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға біліктілік талаптарын.

Кредиттік талдау рәсімдері директорлар кеңесінің және басқарманың кредиттік талдау нәтижелері туралы есептерді ұсынудың кезеңділігін белгілейді.

Ішкі кредиттік талдау рәсімдері:
директорлар кеңесіне және басқармаға кредиттік талдау жүргізу нәтижелері туралы есептерді кезең кезеңмен ұсынуды;
кредиттік талдау нәтижелері туралы есепте көрсетілген нысандарды және қосымша мәліметтерді;
есептерді қарау нәтижелері бойынша директорлар кеңесі немесе басқарма қабылдаған шешімдерді банк бөлімшелерінің орындауын бақылау тәртібін айқындайды;

Басқарма заемдар беру бойынша шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ережені бекітті.

Ішкі аудит қызметі заем беру туралы шешім қабылдайтын банктің басшы қызметкерлерінің банктің ішкі ережелерінде айқындалған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкестігін тексереді;
заем беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ереже заем беру туралы шешім қабылдайтын өкілетті тұлғаға біліктілік және кәсіби талаптарды айқындайды;

Директорлар кеңесі кредиттеу бойынша, оның ішінде банк заемы шарттарында міндетті көрсетілуге жататын талаптарды қарастыратын құжаттарды жүргізу жөніндегі саясатты бекітті.

Кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу саясаты: банк заемы шарттарында міндетті көрсетілуге, оның ішінде заемшыға заем бойынша міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер ететін қаржы ережесі және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты заемшыға ашуға жататын талаптарды;
Қазақстан Республикасының резидент еместерін кредиттеу кезінде - шетел мемлекеттерінің заңнамаларына құқықтық сараптау жүргізуді айқындайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі заемшының кредит қабілеттілігін тиімді бағалауға талдау жүргізеді;

Директорлар кеңесі  мынадай критерийлерді бекітеді:
заемшының есеп саясатының қолданылып жүрген есеп және есеп беру стандарттарына, заемшылардың қаржы есептерінің шынайлылығына сәйкестігін бағалау;
заемшының бас және еншілес ұйымдарының қаржы жағдайын бағалаудың дұрыстығын бағалау;
заемшының беделі мен іскерлік бет-бейнесін бағалау;
заемшының технологиялық өндіріс саласының жағдайын және тиімділігін бағалау;
заемшының заем құралдарын  пайдалануын тексеру;
мынадай факторларды ескере отырып, заемшының заемды өтеуінің дерек көздерін тексеру:
өндірістік перспективалары, сату динамикасы, қысқа мерзімді активтерінің сапасы, борышқа қызмет көрсетуге қойылатын талаптармен салыстырғанда борышты өтеуге бөлінуі мүмкін кірістің сомасы;
заемшының бизнес-жоспарының тиімділігін бағалау.

Директорлар кеңесі заемшының өндірістік қызмет көрсеткіштерін банктің тексеруін қарастыратын заемшылар мониторингінің саясатын, ал басқарма оның рәсімдерін бекітті.

Заемшы мониторингінің саясаты мен рәсімдері банктің:
заңды тұлғалардың-заемшылардың, оның ішінде жылжымайтын мүлікке берілген заемдар бойынша қаржылық талдау жүргізу;
қаржы есептеріндегі деректерді жинау және талдау негізінде заемшының қаржы жағдайындағы өзгерістерді қадағалау;
қаржылық талдау арқылы заем қаражаттарын пайдалану тиімділігін тексеру;
баланстық және баланстан тыс операцияларды қоса алғанда, банктің меншікті капиталынан бес процент асатын соманың тәуекелдерін тексеру;
оның негізгі және еншілес ұйымдарын ескере отырып, заемшының шоғырландырылған кредит тәуекелін бақылау тәртібін айқындайды.

Директорлар кеңесі қаржылық жағдайы тұрақсыз заемшылардың мониторинг саясатын бекітті.

Қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшылардың мониторинг саясаты:
"қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшы" ұғымын, оның ішінде активтерді жіктеу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржы ережелерін бағалау критерилеріне сәйкес келетін ұғымды;
қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшыға берілген заемдарды бақылау әдістерін;
заемдары жоғары тәуекелмен күмәнді және үмітсіз болып жіктелген заемшылар туралы банк филиалына ақпарат беру тәртібі жоғары тәуекелмен күмәнді және үмітсіз заемдарды өндіріп алу әдістерін;
заемдары жоғары тәуекелмен күмәнды және үмітсіз болып жіктелген қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшылардың қаржылық және өндірістік қызметінің көрсеткіштерін тәуелсіз сарапшылар мен аудитор тарту арқылы ай сайын қадағалау тәртібін; заемдары жоғары тәуекелмен күмәнды және үмітсіз заемдардың құрылымын қайта құру жоспарын әзірлеу жөніндегі шараларды айқындайды.

Директорлар кеңесі берілген қамтамасыз етудің жеткіліктілігін бағалау саясатын бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
қамтамасыз етудің жеткіліктілігін есептеу жөніндегі ережені (мысалы, кредит құнының кепіл құнына коэффициенті, кепілді қайта бағалау);
заемшының өндірістік қызметі көрсетікіштерінің өзгеруін, қамтамасыз етудің сақталуын, оның ішінде төтенше жағдайларға ұшырампаздығын ескере отырып қамтамасыз етудің жеткіліктілігін бағалаудың шұғыл әдістерін;
кепіл затын тексерудің кезеңділігін;
кепіл түрінде берілген, атап айтқанда кредиттік желілер, аккредитивтер және кепілдіктер бойынша жылжымайтын мүлік сатып алуға заңды тұлғаларға берілген заемдар бойынша жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде қайта бағалаудың кезеңділігін;
өтегенге дейін кепіл ретінде ұсталатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалаудың кезеңділігін;
гаранттың қаржы жағдайын бағалаудың кезеңділігі мен  әдістері. 

Директорлар кеңесі резиденттері банктің заемшылары болып табылатын әрбір елдегі ахуал туралы ақпаратты жинау және өңдеу саясатын бекітті.

Елдің тәуекелін бағалау саясаты:
халықаралық рейтинг агенттіктерінің тәуелсіз рейтингін ескере отырып, елдің тәуекелін бағалау әдістерін;
әрбір елдегі саяси және экономикалық ахуал туралы сыртқы дерек көздерінен алынған  ақпаратты жинаудың кезеңділігін;
банктің елдің меншікті рейтингін белгілеу әдістерін, оларды жедел түзету мүмкіндігін;
елдер бойынша кредиттік лимиттерді белгілеу әдістерін және оларды қайта қараудың кезеңділігін айқындайды.

                                      Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 4-қосымша

      Ескерту: 4-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012  № 383(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. 

       Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй
       заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз
    етілген немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында
        ұсынылатын ипотекалық заемдарды ұсыну кезінде
       тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар

Талаптың атауы

Талаптардың критерийлері

Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген ипотекалық заемдарды немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында (бұдан әрі - жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар) ұсынылатын, сыйақы мөлшерлемесі және басқа ерекше талаптардан, кредит мөлшерінен байланысты тәуекел деңгейін айқындайтын ішкі кредиттік саясатты әзірлейді.

Банктің жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша кредиттік саясаты мыналарды көздейді:
кредиттеудің географиялық аймақтары;
банктің несие портфелінің әр тараптануы;
жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдарға - түрлері және георафиялық аймақтары бойынша лимиттер (мысалы, одан да тәуекелі көп заемдарға лимиттер);
заемдардың түрлері бойынша ереже мен шарттар;
заемдарды беру тәртібі және бекіту;
құжаттаманы қоса алғанда, заемдарды басқару, беру, кепілге бақылау, заемды қайтару және талдау тәртібі;
жылжымайтын мүлік құнын бағалаудың ресми емес және ресми бағдарламасы;
банк басшысының міндеті несие портфелін бақылау және директорлар кеңесіне есепті уақтылы және толық ұсынуын қамтамасыз ету;
Тәжірибелік-құрылғылық және құрылыс жобалары бойынша және құрылысы аяқталған коммерциялық объектінің кредиттік саясаты сондай-ақ мыналарды көздейді:
техникалық-экономикалық негіздемелерді және сезімталдық және тәуекелді талдауды жүргізуге талап (мысалы, болжалданатын кірістердің экономикалық ауыспалы шамалардың өзгерістеріне сезімталдығы, оның ішінде мөлшерлеме сыйақылары, бос қалған үй-жайлардың немесе пайдаланылатын шығыстардың проценті);
инвестициялардың бастапқы көлеміне ең аз талаптар, меншікті капиталдың заемшысымен техникалық мазмұны (мысалы, ауыртпалық түспеген мүліктің немесе оның инвестициясының болуы);
меншікті капитал бойынша ең аз талаптар, ақша қаражаттарының қозғалысы мен заемшының немесе базалық актив берешегінің қызметін қамту деңгейі;
қолайлы стандарттар және амортизацияланбаған кредиттер бойынша лимиттер;
кіріс алып келетін мүлікті жалға алудан және сатуға беруден алдыңғы талаптар;
кірісті емес активтермен байланысты кредиттер бойынша салынған үйдің құрылымдық бірлігінің біреуін пайдалануға беруге, сатудан бұрынғы талаптар және ең аз талаптар;
кредиттік келісімдер бойынша ең аз талаптар;
Кредиттік саясат борышқа қызмет көрсетуді қамту»коэффицентінің ең аз мөлшерін белгілейді - қаншама рет таза операциялық кіріс жыл сайынғы борышқа қызмет көрсетудің сомасын жабады.
Борышқа қызмет көрсетудің қамту коэффициенті ипотека бойынша төлемге таза операциялық кірістің қатынасы ретінде есептеледі.

Банк жылжымайтын мүлік рыноктарындағы жағдайды кредиттік шешімдер үшін маңызы бар рынок талаптарының өзгеруіне шұғыл әрекет ету мақсатында талдайды.

Рыноктық сұраныс және ұсыныс факторларына ескерілуге тиіс мыналар (өзгелердің ортасында) жатады:
халықтың саны және жұмыспен қамтылу динамикасын қоса алғандағы   демографиялық көрсеткіштер;
аймаққа бөлу талаптары;
бос қалған үй-жайлардың, құрылыстың және абсорбциидің ағымдағы және болжалданатын проценттері;
жалға алу төлемінің мөлшерлемесі және үй-жайдың жалға берілетін бөлігін қоса алғандағы сату бағалары;
жобалардың әр түрлі түрлері үшін ағымдағы және болжалданатын пайдалану шығыстары;
кредиттеу саласындағы экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде үрдіс және әр тараптану;
бағалау үрдісі, оның ішінде дисконт және кірісті капиталдандыру барысында сыйақының тікелей мөлшерлемесі;

  Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар кредиттің барлық тиісті факторларын, оның ішінде мыналарды көрсетеді:
салынған мүлік құны;
заемшының жалпы кредиттік қабілеттілігі;
борышты өтеудің қайталама көздерінің болуы;
кредит сапасын жақсартатын қосымша кепілдің немесе қаражаттың болуы (мысалы, кепілдік немесе ипотеканы сақтандыру).
Заңды тұлғаларға берілген жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар кредиттің мынадай факторларын көрсетеді:
заемшының өндірістік күшін немесе борышқа барабар қызмет көрсету үшін базалық актив кірісін;
жылжымайтын мүлікке инвестицияланған акциялар көлемі

Мүлікпен байланысты заемдар бойынша кредиттік саясат банктің басшысы үшін қолайлы тәуекел деңгейін көрсетеді және кредиттік факторды бағалау үшін банктің кредиттік қызметкерлеріне мүмкіндік беретін стандарттарды көздейді.

Стандарттар мынадай сәттерді қамтиды:
мүліктің түріне қарай кредиттің ең көп мөлшері;
мүліктің түріне қарай кредитті өтеудің ең көп мерзімі;
кредитті біртіндеп өтеу кестелері;
ипотекалық кредиттердің әр түрлі түрлері үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеу құрылымы;
мүліктің түріне қарай кредит сомасын мүліктің құнына бөлу керек» коэффициент лимиттері.

Банк жылжымайтын мүлік портфелі бойынша кредитті басқару тәртібін белгілейді.

Кредиттің жылжымайтын мүлік портфелі бойынша басқару тәртібі мыналарды құрайды:
заемшы ұсынған ақпаратты тексеру жөніндегі талаптарды қоса отырып, қаржылық есеп берудің түрлері мен кезеңділігі;
кепілді бағалаудың түрлері мен кезеңділігі (құнды бағалаудың ресми және басқа түрлері);
кредиттік мәмілені жабу және кредит бойынша қаражаттарды аудару;
төлеу тәртібі, оның ішінде сыйақы;
депозитке салынған ақша сомасын шартты басқару;
кепілге салынған мүлікті басқару;
кредитті өтемеген жағдайда іс-әрекет тәртібі.
кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сот/соттан тыс тәртіпте сату рәсімдерін өткізу мерзімі.

Банк құрылыс жобасының табысты аяқталу мүмкіндігін бағалауды жүзеге асырады.

Банк әзірлеушінің қабілеттілігін көрсетілген құндар мен мерзімдер шегінде жоба құрылысын аяқтауына қарай бағалайды. Банк құрылысының жобасын табысты аяқтау ықтималдығын бағалау барысында мынадай тәуекелдерді ескереді:
жобаның келісілген мерзімдерде аяқталмауы қаржылық айыппұлға әкеп соғады;
жауын-шашынды ауа райы, материалдық немесе еңбек ресурстарының жетіспеуі немесе нормативтік талаптардан төмен жұмыстың қабылдаушы комиссиядан өту үшін қайта жасалынуы проценттік шығыстардың артуына және жобаның жалпы құнының бастапқы бюджетпен салыстырғанда өсуіне, құрылыстың аяқталуын кешіктіруге алып келуі мүмкін;
құрылыс барысында жеткізушілер мен қосалқы мердігерлер жобаның басындағы келісілген немесе қаржы бөлінген төлеммен салыстырғанда одан да жоғары ақыны талап ете бастайды;
бас жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің арасындағы еңбек даулары немесе тауарды жеткізу мен қызметтерді ұсынуға қабілетсіздігі;
салынып біткен құрылысты немесе салынып жатқан үйді бұзу, сақтандырылмаған қирау;
заемшының жалпы қаржылық мүмкіндігіне және оның әзірлеу мен абаттандыру саласындағы тәжірибесі, заемшының шын мәнінде бюджет аясында және құрылыс жоспарларына сәйкес жобаны аяқтай алатындығын анықтауы қажет.
заемшының әзірлеу және абаттандыру саласындағы тәжірибесін бағалау;
барлық қатысушы тараптардың сипаты, жұмыс тәжірибесі және қаржылық жағдайы;
құрылыс объектісінің сметалық құнының өсуіне алып келетін құрылыс барысында пайдаланылатын құрылыс және өзге материалдардың қымбаттауы;
жылжымайтын мүлік объектісінің, оның құрылысының аяқталу және оны пайдалануға беру кезеңдерінде құқық белгілейтін (құқық куәландыратын) құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдарында (жер ресурстарын басқару жөніндегі жергілікті атқарушы билік, сәулет пен қала құрылысы органдарында және т.б.) ресімдеуді кешіктіру;
аяқталған құрылысты немесе салынып жатқан үйді қайта жоспарлау, қайта құру.
Банктің құрылысты қаржыландыру жобасы бойынша кредиттік досьесінде мынадай құжаттама болуы керек:
заемшының жобаны жасауға қажет тәжірибесі мен қаржылық мүмкіндігінің барлығын дәлелдейтін заемшы туралы қаржы ақпараты;
Кредитор мен заемшының құқықтары мен міндеттері көрсетілген, құрылысқа кредит беру туралы келісім, қаражатты бөлу талабы мен төлем төленбеу оқиғасы;
банктің кепілге салынған мүлікті өндіріп алуына негіз ретінде не банк меншігіне айналысқа түсу үшін заңнамада көзделген жағдайларда мүліктердің ипотекасы туралы тіркелген шарт;
жерге меншік құқығын (пайдалануды), сондай-ақ қаржыландырылған ғимаратқа (банкке құрылыс объектісінің жер учаскесімен (пайдалану тәртібін) кепілге беру барысындағы)) құқығын растайтын құқық белгілейтін және өзге құжаттардың заңнамаға сәйкестігіне заңды қорытындысы;
сақтандыру полистері мен сақтандыру жарналарын төлеу, құрылысшының толық немесе елеулі сақтандыру өтемдерін алатындығын куәландырудың айғағы,
оның ішінде мына жағдайларда:
құрылысшының ерекше тәуекелдері, жауапкершіліктері, өрт және тиісінше, су тасқынынан сақтану жағдайларында;
меншіктің ағымдағы жай-күйінің және оның құрылысты аяқтау кезіндегі, сондай-ақ үй-жайдың бос еместігінің тұрақты деңгейіне жету кезіндегі рыноктық құнын көрсететін бағалау қызметін немесе өзге бағаны жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың тиісінше бағасы;
жобалау жоспарлары, салынып жатқан құрылыстың жоспарын көрсететін технико-экономикалық негіздеме және құрылыс бюджеті,
жобаның шығындары, маркетинг жоспары және инвестициялардың үлестері;
меншіктерді, жанама құрылыстарды тексеру және жер қыртысы бойынша қорытынды.

Банктер жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша тәуелсіз бағалаушыны тартумен қатар қамтамасыз ету бағаларын жүзеге асырады.

Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді бағалау барысында банктер пайдаланылатын критерийлер кредиттік саясатты айқындайтын банктердің ішкі құжатымен реттеледі.
Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді бағалауға қатысты банктің ішкі құжаттарының мазмұны мынадай:
жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді бағалауды жүзеге асыратын бағалаушылардың критериилері және іріктеу рәсімдері;
бағалаушының тәуелсіздігін қамтамасыз ету рәсімдері;
тиісінше бағалауды жүзеге асыру рәсімдері;
бағалау мазмұнының критериилері;
Бағалау:
бағалаудың жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес келеді.
Бағалауды қамтамасыз ету объектісіне қаржылық мүддесі жоқ бағалаушы жүргізеді;
жазбаша нысанда рәсімделеді және жылжымайтын мүлікпен байланысты заемды беру туралы шешімге сәйкес негізделген талдауы бар;
егер, қамтамасыз ету салынып жатқан немесе қайта құрылу жағдайындағы ғимарат түрінде ұсынылған немесе жалға алу шартының рыноктық емес шартына сәйкес ішінара жалға берілген және сатылмаған алаңдары болған жағдайда тұжырымдармен талдауды және есепті қоса енгізеді;
бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушылар жүзеге асырады.

Банктер жыл сайын жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыздар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалайды

Қамтамасыз етуді қайта бағалау тәуелсіз бағалаушыны тарта отырып, қамтамасыз ету құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 000 (жүз мың еселенген) мөлшерінен асатын баламалы сома болатын жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыздар бойынша жүзеге асырылады.
Бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген қарыздар, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібіне сәйкес 100% (жүз пайыз) деңгейде резервтер (провизиялар) мөлшері қалыптастырылған қарыздар бойынша қайта бағалау талап етілмейді.
Банк қайта бағалау қорытындылары бойынша кредиттің жіктелуін және ол бойынша арнайы резервтер мөлшерін қайта қарайды. Қайта бағалау мына жағдайларда жүргізілмейді:
тұрғын үйді жөндеу;
қарыз шартының талаптарын қайта қарау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыз бойынша жаңа немесе қосымша қамтамасыз етуді ұсыну, бұл банк шығынының тәуекелін азайтуы мүмкін;
Банктер жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыздар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалауда пайдаланатын критерийлер кредиттік саясатты айқындайтын банктердің ішкі құжаттарымен реттеледі.

      Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi
басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң 
болуына қойылатын талаптар туралы   
нұсқаулыққа 4-1-қосымша      

      Ескерту. 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 64, өзгерту енгізілді - 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.      

Өтімділік тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

Талаптың атауы Талап критерийлері

Басқарма тәуекелдің белгіленген шекті деңгейіне сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға және банктің жеткілікті өтімділікті қолдауына кепілдік беруге мүмкіндік беретін стратегия мен тиісті рәсімдерді әзірлейді, Директорлар кеңесі бекітеді.
Басқарма тұрақты талдау жүргізеді және Директорлар кеңесіне тоқсанына кем дегенде бір рет банктің өтімділігі бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпаратты хабарлайды.

  Өтімділік тәуекелін басқару стратегиясы банк қызметінің ауқымына өлшемдес және:
 бизнес қызметінің бағыттарын ескереді;
өтімділіктегі мұқтаждықтарын, банк үшін ғана, не бүкіл нарық үшін, не екі жағдай да басталған кезде тән болуы мүмкін өтімділіктің жеткіліксіздігі кезеңдерінде өтімділік үшін салдарын ескереді;
 Директорлар кеңесі стратегияны:
 Басқарманың бақылау жасаудың басшылықтарын, ішкі ережелерін, рәсімдерін, механизмдерін әзірлеуі арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді;
 Басқарма мүшелерінің және банктің тиісті қызметкерлерінің қажетті жұмыс тәжірибесінің, банктегі өтімділік тәуекелінің барлық дереккөздерін өлшеуге, мониторинг және бақылау жасауға арналған процесстер мен жүйенің болуына кепілдік береді;
 банктің өтімділік позициясы туралы есептерін қарайды.
 Басқарма:
 еншілес ұйымдарды ескерумен өтімділік тәуекелін басқаруға және өтімділік позицияларының мониторингіне арналған бақылау жасаудың құрылымын, міндеттері мен механизмдерін анықтайтын өтімділікті басқару саясатын әзірлейді;
өтімділік проблемаларын шешу үшін қажет ақша қаражатын аударым жасауға нормативтік құқықтық және операциялық шектеулерді ескереді;
егер банк, банк конгломератының бас ұйымы болып табылатын жағдайда банк конгломераты бойынша өтімділік тәуекелінің мониторингін жүзеге асырады;
конгломераттың өтімді активтерге деген барлық ірі мұқтаждықтарын анықтау, мониторинг жасау және шұғыл ден қою рәсімдерін әзірлейді және бар болуын қамтамасыз етеді және қажет болған кезде олар туралы Директорлар кеңесіне хабарлайды;
өтімділікпен стресстік жағдайларды тудыруы мүмкін нарықтағы ағымдық үрдістерді және ықтимал оқиғаларды бақылап отырады;
нақты рәсімдерді, саясаттарды және лимиттерді белгілейді, Директорлар кеңесіне саясаттарды (лимиттерді) бұзған жағдайларды жою үшін қабылдау қажет шаралар туралы хабарлайды;
жүргізілетін стресс-тестердің, кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайларға арналаған жоспардың, сондай-ақ өтімділік резервінің банк қызметінің ауқымына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
 банктің мүдделі бөлімшелерінің қызметкерлеріне өтімділік тәуекелін басқару стратегиясын, стратегияны іске асыру үшін қажет негізгі ішкі ережелерді, сондай-ақ өтімділік тәуекелін басқару құрылымын мәлімет үшін жеткізеді;
 Директорлар кеңесіне, сондай-ақ уәкілетті органға өтімділіктің ағымдық немесе ықтимал проблемалары туралы уақтылы хабарлайды. Банк ішкі құжаттарға сәйкес мұндай проблемаларға оның ішінде (олармен шектелмей) мыналарды жатқызады: қаржыландыру алшақтығын шоғырландыру, мөлшерін ұлғайту, өтімділіктің баламалы дереккөздерін қысқарту, белгіленген лимиттерді жүйелі бұзу, ауыртпалық салынбаған, жоғары өтімді активтер резервтерін немесе болашақ проблемалардың дереккөздері болуы мүмкін сыртқы нарықтардағы жағдайлардың өзгерістерін едәуір қысқарту, мерзімінен бұрын өтеу. Директорлар кеңесі Басқарманың осы проблемаларды шешу үшін тиісті шараларды орындауына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
банкте банктегі өтімділік тәуекелін басқару процесінің тиімділігіне кепілдік беретін бақылау жасауды бірдей ішкі механизмдердің болуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі қаржыландырудың дереккөздері мен мерзімдерін тиімді әртараптандыруды қамтамасыз ететін қаржыландыру стратегиясы бар ішкі құжатты бекітті.
Басқарма банктің капиталды барлық дереккөздерден тез жұмылдыру қабілетін өлшейді, банктің капиталды жұмылдыру қабілетіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтайды.

  Қаржыландыру стратегиясы мыналарды:
қолда бар қаржыландыру дереккөздерін қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективада әртараптандыруды. Әртараптандыру бағыттары қаржыландырудың орташа және ұзақ мерзімді жоспарларына кіргізілген және бюджетті жасау және бизнесті жоспарлау жөніндегі іс-шаралармен келісілген;
 қаржыландырудың бір нақты дереккөзі бойынша шоғырландыруды шектеу жөніндегі шараларды;
бір дереккөзінен қаржыландыруға мейлінше аз тәуелділікті қамтамасыз ету мақсатында көтерме қаржыландыру дереккөздерін әртараптандыру жөніндегі шараларды көздейді.
 Басқарма өтімді активтерді тарту дереккөздеріне (ішкі және сыртқы дереккөздер) әртараптандыру және олар тартылатын операциялар түрлері бойынша мониторингті;
 банк активтерінің және қаржыландыру дереккөздерінің құрамына, ерекшеліктеріне және әртараптандырылуына талдау жасауды жүйелі түрде жүргізеді;
 банкаралық немесе қор нарықтарындағы ішкі немесе сыртқы жағдайларды ескере отырып, қаржыландыру стратегиясын жүйелі түрде қайта қарайды.

Директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқарудың бірдей құрылымының болуы үшін жауапкершілік атқарады.
Директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқару саясаты мазмұнды ішкі құжатты бекітті.

Ө тімділік тәуекелін басқару саясаты өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесін, оның ішінде:
өтімділік тәуекелін басқару үшін жауапты бөлімшені;
банктің органдары мен бөлімшелері арасында өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді;
өтімділіктің артықтығын (тапшылығын) және өтімділік артықтығының (тапшылығының) шекті рұқсат етілген мәндерін белгілеуді қосқанда банктің өтімді қаражатқа деген мұқтаждығын белгілеу рәсімдерін;
банк қызметінің ауқымына сәйкес келетін өтімділік резервін оңай сатылатын активтер түрінде қолдау жөніндегі талапты;
өтімділік тәуекелін басқару тұрғысынан активтер мен міндеттемелерді басқаруды ұйымдастыруға қойылатын талапты;
өтімділіктің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын жасау тәртібін;
нарықтың жай-күйімен, не міндеттемелерді орындаумен байланысты банктің қосымша өтімділікке деген мұқтаждығына әсер ететін өзге жағдайлармен байланысты оқиғалардың банк үшін жағымсыз дамуының сценарийлерін пайдаланумен өтімділіктің жай-күйіне талдау жүргізу тәртібін;
банктің өтімділігін қалпына келтіру рәсімдерін, оның ішінде өтімді активтерді жұмылдыру жөніндегі шешімдерді қабылдау, өтімділіктің тапшылығы туындаған жағдайға қосымша ресурстарды тарту рәсімдерін;
жеке және шоғырландырылған негізде банктегі өтімділіктің жай-күйі туралы ақпаратты жинау және талдау үшін ақпараттық жүйенің міндетті түрде болуын белгілейтін ережелерді;
банктің өтімділік тәуекелін басқару үшін жауапты бөлімшелері беретін есептілік тізбесін;
активтердің және міндеттемелердің құрылымы мен өтеу мерзімдері, қаржыландыру дерек көздерінің әртүрлілігі мен тұрақтылығы, түрлі валюталардағы өтімділікті басқару әдістері сияқты өтімділікті басқару жөніндегі ішкі ережелер мен рәсімдерді реттейді ;
өтімділік тәуекелі деңгейінің түрлі сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілейді.

Директорлар кеңесі бизнес-стратегияға және банктің қаржы жүйесіндегі роліне сәйкес келетін, өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгіледі.

Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгілейді.
Банктің өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін анықтау рәсімдері төтенше қаржыландырудың дерек көздерін іздестіру қабілетін көрсетеді;
банкке өз өтімділігімен басқару және өтімділік дағдарысы кезеңінде өтімділік тәуекелін басқара алу жағдайында болу мүмкіндігін береді;
сандық және/немесе сапалық тәсілдермен көрінеді.

Банктің Директорлар кеңесімен ауқыммен, жүзеге асырылатын қызметке, көрсетілетін қызметтердің географиялық қамтылуына, банк өнімдерінің сипатына сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға арналған лимиттер бекітілді.
Басқарма лимиттерді және проблеманы Директорлар кеңесінің назарына жеткізудің тиісті рәсімдерін жүйелі түрде қайта қарайды.

Банктің ішкі құжаттарымен:
банктің түрлі бизнес бағыттары арасындағы күн сайынғы өтімділікті соло және шоғырландырылған негізде басқаруға арналған лимиттер;
белгіленген қаржы бөлудің немесе банктің басқа міндеттемелерінің орындалуы нәтижесінде жылыстаудың есептік көлемі бар, әр түрлі уақыт мерзімдері ішіндегі қолма-қол ақша ағынының келіп түсуінің келісілген мерзімдеріндегі кумулятивті алшақтықтың (мәселен, міндеттемелердің жалпы сомасының үлес салмағы түріндегі қаржыландыруға деген кумулятивті нетто-мұқтаждық) мөлшеріне шектеулер белгіленген.
Лимиттер схемасында өз қызметін жалпы нарықтық стресстер, тек банкке ғана тән немесе екі жағдайдағы стресстер кезеңдерінде жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шаралар болады.

жетінші жол алынып тасталды

Директорлар кеңесімен кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясаты бар ішкі құжат бекітілді.
 

Өтімді активтерді алу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясат, оның ішінде:
банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерге деген мұқтаждықтарын анықтау және бағалауды;
банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерін пайдалану негізінде жатқан құқықтық және операциялық проблемаларды шешуді;
банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерін консервативті анықтауды және олардың қаржыландыруға деген күтпеген мұқтаждық басталған кезде кез келген уақытта қол жетімді болуы тиіс еркін (ауыртпалық салынбаған) деңгейін анықтауды реттейді.
Банктің бөлімшесі:
Кепілге салынған активтерін қосқанда, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтері бойынша оларды қажетті қамтамасыз етудің және кепілге салуға болатын, ауыртпалық салынбаған активтердің мөлшерімен арақатынасын белгілей отырып, барлық позицияларды есептейді;
банктің иелігінде бар, заңды тұлғалардың және банк өз қызметін жүзеге асыратын юрисдикциялардың бөлігінде кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерінің көлемін бақылап отырады;
активтердің әрбір ірі сыныбын банктің кепіл ретінде және көрсетілген активтердің қамтамасыз етілген активтер нарықтарында негізгі контрагенттер және ақша қаражатын жеткізушілер үшін жарамдылықпен пайдаланылуы мүмкін активтері ретінде пайдаланылу мүмкіндігін бағалайды;
нақты банктер бойынша, бағалар сезімталдығының, стресстер жағдайында кепіл бойынша талаптардың шоғырлануын ескере отырып, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерінің дерек көздерін әртараптандыру бойынша бағдарларды белгілейді;
нарықтағы стресстің түрлі сценарийлері кезінде жеке сектордың контрагенттерінен қаражат тарту мүмкіндігін бағалайды;
ұзақ мерзімді құрылымдық, қысқа мерзімді және бір күндік факторларды қосқанда, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтеріне деген мұқтаждықтардың кең ауқымын қанағаттандыру мүмкіндігін бағалайды. Банкте қарыз алуға деген жоспарланған және күтпеген мұқтаждықтарды қанағаттандыру, сондай-ақ банктің қаржыландыру профиліне қарай түрлі уақыт бөліктеріндегі маржа жөніндегі талаптардың ықтимал көтерілуін қамтамасыз етуге дайын болу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтердің жеткілікті көлемі бар;
келісім-шартта айтылған банктің кепіл ретінде пайдаланылатын қосымша активтерін беруге қойылатын талаптардың, банктің кредиттік рейтингінің немесе оның қаржылық жай-күйінің өзгеруінің, сондай-ақ, оның ішінде баланстан тыс міндеттемелермен байланысты, міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін басқа да оқиғалардың пайда болу мүмкіндігін ескереді.
Ақпараттық жүйелер кездейсоқ жағдайлар үшін банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін ауыртпалық салынбаған активтерінің жеткіліктілігін, талап етілетін түрі мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты оның ішінде өтімділіктің жетіспеушілігімен проблемалар пайда болған жағдайда ауыртпалық салынбаған жоғары сапалы өтімді активтердің резервті қорын қолдауды көздейді.

Өтімділікті басқару саясаты:
стресс жағдайларында қосымша өтімділікті тарту үшін пайдалануға болатын ауыртпалық салынбаған, өтімді активтер резервтерінің мөлшерін;
резервтерді қалыптастыру кезінде, оның ішінде қолма-қол ақша ағынының сәйкессіздік шамасы туралы жорамалдарды, стресстік оқиғаларды, стресс жағдайларында банктің кепіл ретінде пайдалануы мүмкін активтер құнын (яғни, активтерді сатқан немесе оларды қаржыландырудың қамтамасыз етілген түрлері бойынша кепіл ретінде пайдаланған жағдайда банктің алуы мүмкін қолма-қол ақшаның есептік көлемі) ескереді;
өзін өте күрделі стресс сценарийлерінен қауіпсіздендіру үшін қолма-қол ақша және жоғары сапалы мемлекеттік облигациялар немесе осыған ұқсас құралдар сияқты резервтерді (мейлінше сенімді өтімді активтерді) қалыптастырудың дерек көздерін;
банктің өтімді активтердің қажет мөлшерін қалыптастыру қабілетіне әсер ететін ақпаратқа мониторинг және талдау жасау рәсімдерін анықтайды;
Басқарма стресс сценарийлері басталған кезде қаражат тарту үшін сатуға немесе кепілге салуға болатын ауыртпалық салынбаған, өтімді активтер резервтерінің динамикасына талдау жүргізеді.

Басқармамен өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау рәсімдері бекітілді. Рәсімдерге уақыт бөліктерінің тиісті ауқымы ішінде активті, пассивті және баланстан тыс баптардан алынған қолма-қол ақша ағынын жан-жақты болжаудың сенімді схемасы кіреді.

Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасаудың ішкі рәсімдерінде:
өтімділікке деген күтпеген (шартты) мұқтаждықтардың дерек көздерін анықтау;
міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, оның ішінде баланстан тыс міндеттемелермен байланысты, өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін оқиғалардың болуын анықтау немесе басталуын болжау;
егер банк, банк конгломератының бас ұйымы болып табылған жағдайда барлық еншілес ұйымдарға тән өтімділік тәуекелін белгілеу және анықтау;
әрбір ірі баланстық және баланстан тыс бапты, оның ішінде банктің қаржыландыру дерек көздерінде және оның осы қорларды пайдалануында көрінуі мүмкін, "орнатылған" опциондардың және басқа шартты міндеттемелердің әсерін бағалау;
банктің қаржыландыру тәуекеліне душар болуы мен нарықтың өтімділік тәуекелі арасындағы өзара қарым-қатынастарға талдау жасау;
өтімділік тәуекелінің және банк душар болатын тәуекелдің басқа түрлері арасындағы өзара байланысқа талдау жасау;
өтімділік тәуекелін, оның ішінде түрлі факторларды, атап айтқанда: өтімділікке деген мұқтаждықтың және бір күн ішіне қаржыландыру қабілетінің өзгеруіне деген әлсіздікті; өтімділікке деген күн сайынғы мұқтаждықты және бір жылға дейінгі қысқа және орта мерзімді уақыт кезеңдерінде қаржыландыру қабілетін; бір жылдан астам мерзімге өтімділікке деген ұзақ мерзімді мұқтаждықты; банктің қорларды жұмылдырудың ішкі қабілетіне күшті салмақ салуы мүмкін оқиғаларға, іс-әрекеттерге және стратегияларға деген әлсіздікті ескеретін басқару әдістері.
Өтімділікті өлшеу әдістері кезеңді түрде, бірақ кемінде айына бір рет:
Банктің ақша қаражатының түсіміне бағалау (ақша қаражатының жылыстауымен салыстырғанда);
түрлі уақыт мерзімдерінде (3 ай, 6 ай, 1 жыл және 3 жыл), оның ішінде түрлі стресс сценарийлерін ескере отырып, активтер, міндеттемелер, баланстан тыс міндеттемелер және туынды қаржы құралдары бойынша ақша қаражатының болашақ ағынын өлшеуді және болжам жасауды жүргізуді көздейді.

Банкте өтімділік тәуекелінің сандық көрсеткіштерін өлшеу және талдау жөніндегі құралдар бар.

Ішкі рәсімдер банктің баланс құрылымын, болашақ қаржы ағынын бағалау және баланстан тыс тәуекелдерді ескере отырып, өтімділік позициясын болжау үшін пайдаланатын, мыналарды:
қаржыландырудың әдеттегі дерек көздеріне қатысты болжанатын қаражат жылыстауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін мұқтаждықтарды;
өз кезегінде түрлі уақыт бөліктеріндегі алшақтықтар шамасы бойынша өтімділік тәуекелінің лимиттерін, сондай-ақ ертерек алдын алу индикаторларын анықтау үшін негіз болып табылатын түрлі уақыт мерзімдерінде қаржыландырудың тапшылығын;
бірнеше баламалы сценарий аясында белгілі бір уақыт ішінде қаржы ағынын болжауды;
ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерді талдауды;
активтердің, міндеттемелердің және баланстан тыс баптардың болашақ әрекеті туралы жорамалға (әлеуетті сценарийлерге) сүйенетін "ақша ағынының сәйкестігін" немесе "өтімділік тапшылығын" талдауды;
жуырдағы 6 айда шартты міндеттемелердің бір бөлігін не барлығын мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін ескере отырып, банктің активтерін және міндеттемелерін гэп-талдауды;
белгілі уақыт аралықтарындағы кумулятивті таза артылуды немесе өтімділіктің жетіспеушілігін есептеуді;
банк өтімділіктің әлеуетті тәуекелін анықтау кезінде пайдаланатын жорамалдар тізбесін (әлеуетті сценарийлер), оның ішінде сол немесе басқа активтер мен міндеттемелерді өтеу ықтималдығын; тұрақсыз қаржы ағыны бар талап етуге дейінгі депозиттердің, активтердің, міндеттемелердің және баланстан тыс баптардың мерзімдерін; өтімділікпен қауырттылық кезеңдерінде қаражаттың баламалы дерек көздерінің болуын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді көздейді.
Пайдаланылатын жорамалдар (әлеуетті сценарийлер) басталуының жоғары дәрежелі ықтималдығы бар әлеуетті ықтимал жағдайларға жақындатылған, қисынды, негізделген болып табылады, банктің жүзеге асыратын қызметінің ауқымына сәйкес келеді.
Таңдалып алынған жорамалдар тізбесі (әлеуетті сценарийлер) құжатталған, банктің Директорлар кеңесімен кезеңді түрде, бірақ кемінде жылына бір рет қайта қаралады және бекітіледі.

Банктің ішкі құжаттарында ақша қаражатының болашақ ағынын (баланстың белсенді бөлігінен түсімді және банктің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауы бойынша шығыстарды) анықтауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін басқару рәсімдері көзделген.

Ақша қаражатының болашақ ағынын болжау рәсімі:
банк қызметінің күрделілігін, өнімдерді және нарықтарды көрсететін, оның өтімділікке (қысқа және ұзақ мерзімді) деген болашақ мұқтаждықтарына қатысты нақты жорамалдарды қабылдауды;
кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтердің, оларды стресс жағдайларында орнын толтыру дерек көзі ретінде пайдалану үшін сапасын талдауды;
қаржыландыру дерек көздерін өтеу мерзімдерін тең бөлу және қаражатты пайдалану мақсатында шығатын ағынмен үйлестірумен болашақ ақша ағыны түсімінің мерзімдерін реттеуді;
банктің міндеттемелерінен туындайтын ақша ағынын бағалау кезінде стресстік жағдайлар жағдайында қаржыландыру дерек көздерінің қозғалысын бағалауды жүргізуді көздейді.

Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау жөніндегі ішкі рәсімдері оның ішінде баланстан тыс және басқа шартты міндеттемелермен байланысты әлеуетті қаржы ағынын ескереді.

Ішкі рәсімдер:
міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаудың банк үшін ықтимал салдары болжамының болуын, міндеттемелердің сипатын және контрагенттің кредит қабілеттілігін қарауды, сондай-ақ салалар және географиялық секторлар бойынша әлеуетті тәуекелді;
стресс кезеңдерінде басталуы мүмкін, банктің баланстан тыс міндеттемелерінен пайда болатын өтімділік тәуекелдерін басқаруды (арнайы қаржы компаниялары, қаржы деривативтері, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер);
міндеттемелердің түрлері бойынша бөлуде және біріктірілген негізде банктің өз міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерін орындауымен байланысты қаржылық қаражат ағынының болжамын. Банктің иелігінде кез келген шартты міндеттемелер басталған кезде, оның ішінде заемшының (эмитенттің) белгілі бір іс-әрекеттерді жасауына немесе белгілі бір іс-әрекеттерден қалыс қалуына алып келетін шартты міндеттемелер (бұдан әрі – ковенанттар) бұзылған кезде қабылданған міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің жеткілікті, сенімді дерек көздері бар;
туынды қаржы құралдары, оның ішінде банктің кредиттік рейтингі немесе оның кредит қабілеттілігі нашарлаған не базалық активтің бағасы төмендеген жағдайда контрагенттердің қосымша кепілді талап ету ықтималдығы бойынша келісім-шарттарды қайта бағалаумен, орындаумен немесе жақындап қалған мерзімімен байланысты қаржы ағынының болжамын;
банктің шартты міндеттемелерінің бір бөлігін не барлығын мерзімінен бұрын өтеуді ескере отырып, шартты міндеттемелер бойынша апта сайынғы стресс-тестілеуді жүргізуді көздейді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган нарықта тұрақты ақша тарту қажеттілігі, мүмкіндігі болған жағдайда қамтамасыз ету үшін ақша ағыны графигінің және міндеттемелерді өтеу графигінің көмегімен қажетті ақша шамасын бақылайды.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган:
апта сайын ақша ағынының графигін жасайды және таяу арадағы он жұмыс күніне қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға мониторинг жүргізеді;
есеп айырысу күніне сәйкес апта сайын активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің графигін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға мониторинг жүргізеді;
әрбір валюта бойынша ұлттық валютаға немесе басқа шетел валютасына айырбастаусыз қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны мониторинг жасауды және басқаруды апта сайын жүзеге асырады;
банк банктің баланстан тыс міндеттемелерін өтеудің болжамды көлемін ескерумен өтімділікке бақылау жасауды жүзеге асырады.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган лимиттер белгілеу арқылы қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны бақылайды.

Банктің басқармасы немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар басқа алқалық органы капитал нарығындағы, оның ішінде банк аралық нарықтағы өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға лимиттер белгілейді.
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі банктің өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескерумен кезеңді түрде, бірақ тоқсанда кемінде бір рет қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге шолу жүргізеді.

Басқарма міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және банктің оның арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарымен шарттық және шарттық емес қатынастарымен байланысты пайда болатын өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждықтарға алып келуі мүмкін оқиғалардың басталу ықтималдығына және өтімділік тәуекеліне мониторинг жасауды жүзеге асырады.

Басқарма секьюритилендіру немесе сыртқы қаржыландыру мақсаттары үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары бойынша өтімдік позицияларын кезеңді түрде, бірақ тоқсанда кемінде бір рет бақылап отырады;
стресс-тестілеу кезіндегі өтімділік болжамын қосқанда өтімділікке және гэп-талдауға өзіндік болжам жасау аясында арнайы мақсаттағы ұйымдардың түсімі (өтеу мерзімі жақындаған активтер) мен (өтеу мерзімі жақындаған міндеттемелер) жылыстауын ай сайын бақылап отырады;
арнайы мақсаттағы ұйымда өтімділіктің қажетті деңгейі болмауының (болмаған жағдайда) банктің өтімділігіне ықпалына талдау жасайды;
арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарын өтімділікпен толықтыруға ақша жылыстауды ескерумен өзінің өтімділік позициясын бағалайды;
секьюритилендіру мақсаттары үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы активтерді қаржыландырудың дерек көзі ретінде пайдаланған кезде банк міндеттемелерінің көлемін ұлғайтатын жағдайлардың басталуымен байланысты өтімділікке деген мұқтаждықтарға талдау жасайды.

Басқарма өтімділіктің шетел валютасына деген жиынтық мұқтаждықтарын бағалайды және валюталар сәйкессіздігінің рұқсат етілген шектерін анықтайды.

Басқарма стресс жағдайларындағы ықтимал шектеулерді, оның ішінде:
ішкі нарықтағы валюталық резервті құралдарға қол жеткізуді (жасалған шарттар, "РЕПО" нарықтық мәмілелерінің және СВОП операцияларының болуы);
өтімділіктің артығын бір валютадан басқасына аудару мүмкіндігін (шетел валютасындағы өтімді қаржы құралдары) қарастыра отырып, өзі белсенді қызметті жүзеге асыратын валюталардың әрбір түрі үшін өзінің стратегиясына жекелеген талдау жасауды жүргізеді.
Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі рәсімдері оның ішінде:
шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер арасындағы алшақтықтарды;
жасалған хеджирлеу операцияларымен және СВОП операцияларымен байланысты тәуекелдерді назарға алады.

Банкпен өтімділік тәуекелінің пайда болуын ертерек алдын алудың көрсеткіштері әзірленді.

Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты минимум ретінде мыналар кіретін ертерек алдын алудың көрсеткіштерін (сапалық немесе сандық) көздейді:
әлеуетті құбылмалы міндеттемелердің есебінен қаржыландырылатын қысқа мерзімді активтерді қоспағанда, активтердің тез өсуі;
активтер немесе міндеттемелер бойынша өсетін шоғырлану;
валютаның тура келмеулерінің ұлғаюы;
активтер мен міндеттемелер өтелгенге дейін орташа мөлшерленген алшақтықтың ұлғаюы;
бір нақты өнімдік сызық бойынша жағымсыз үрдістер немесе жоғары тәуекел (мәселен, мерзімі өткен төлемдердің ұлғаймалы көлемі);
банк кірістерінің, активтер сапасының едәуір нашарлауы;
кредиттік рейтингтің төмендеуі;
қарыз алу жөніндегі спредтің немесе кредиттік дефолт своптары жөніндегі спредтің ұлғаюы;
көтерме немесе бөлшек қаржыландырудың өсетін құны;
бөлшек депозиттердің үдеуші жылыстауы;
ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізудің қиындауы;
қысқа мерзімді міндеттемелерді орналастырумен қиындықтар.
Банктің ішкі құжаттарымен кейбір өнімдердегі орнатылған іске қосу механизмдерінің жақындап келе жатқан бұзушылықтары туралы немесе шартты тәуекелдердің басталу ықтималдығы туралы белгі беретін ертерек алдын алудың көрсеткіштері белгіленген, бұл банкті осы өнімге өтімділікпен қосымша қолдауды ұсынуға немесе активтерді балансқа аударуға мәжбүр ететін еді.

Банктің басқармасы өтімділікті ауыстыру үшін заңдық, реттеуіш және бизнес шектеулерді ескерумен банктің, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының бизнес бағыттарының және валюталарының әлеуетті өтімділік тәуекелі мен қаржылық мұқтаждықтарын бақылап отырады және қадағалайды.

Өтімділік тәуекелін басқару саясаты:
шоғырландырылған негіздегі өтімділік тәуекелі туралы көрініс алу үшін ақпарат жинау процестерін қосқанда, жекелеген банк, сондай-ақ еншілес, оның ішінде шетелдік ұйымдар ескерілген деңгейінде өтімділік тәуекеліне мониторинг және бақылау жасауды, банктің және оның еншілес ұйымдарының арасында өтімділікті тапсыру шектеулерін анықтау рәсімдерін жүргізуді;
банк жұмыс істейтін әрбір ел бойынша, өтімділік тәуекелін басқаруға әсер ететін құқықтық және реттеуіш режимдердің қажетті білімдерінің болуын;
еншілес ұйымдарды, қаражатты осылай ауыстыру қаншалықты заңмен рұқсат етілгенін ескерумен өтімділікті және ілеспе ресурстарды орналастыру үшін жұмыс рәсімдерінің болуын;
өтімділіктің топ ішілік тәуекеліне ішкі лимиттерді, банктің еншілес ұйымдары деңгейіндегі лимиттерді белгілеуді;
қаражаттың және кепілдің орын ауыстыруына қатысты жорамалдарды (әлеуетті сценарийлерді) көздейді. Банктің жорамалдарында өтімділіктің және кепілдің тиімді қозғалысы үшін реттеуіш, құқықтық, бухгалтерлік, кредиттік, салықтық және ішкі шектеулер, қаражатты және кепілді топ мүшелерінің арасында аударым жасау үшін қажет операциялық шаралар, сондай-ақ осы шаралар аясында осындай аударым жасауды жүргізу үшін қажет уақыт толығымен ескеріледі.

Басқарма капитал нарығына қол жеткізуді белсенді басқаруды, тиісті қызметкерлер тарабынан оған мониторинг және тексеру жасалуын қамтамасыз етеді.

Басқарма бекітілген қаржыландыру стратегиясына сәйкес капиталдың нарықтарға белсенді қатысуын қолдайды;
қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландыру нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігін қарастырады;
оның стресс кезеңдері уақытында өтімділік жетіспеушілігінің проблемаларын шешу қабілетін көтеретін қаржыландырудың баламалы дерек көздерін анықтайды.
Банктің ішкі рәсімдерімен өтімділік жетіспеушілігі жағдайында банктің оның ішінде мыналар болып табылатын қаржыландырудың ықтимал дерек көздері белгіленген:
акционерлер қаражаты;
депозиттердің өсуі;
міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің ұлғаюы;
қысқа және ұзақ мерзімді борыштық құралдардың эмиссиялары;
қаражатты топ ішінде аударым жасау;
еншілес компанияларды сату;
активтерді секьюритилендіру;
сату немесе ауыртпалық салынбаған жоғары өтімді активтермен репо операциясы;
салынған қаражатты игеру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алу.
Басқарма банкті қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективада өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында олардың тиімділігін бағалай отырып, қаражат тартудың өз нұсқаларына жүйелі түрде талдау жасайды және тестілейді.

Банктің басқармасы әдеттегі, сондай-ақ стресс жағдайлары кезінде төлем жасау және есеп айырысу міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін өтімділіктің күн сайынғы позицияларын және тәуекелдерді белсенді басқарады, осылайша төлем жасау және есеп айырысу жүйелерінің үздіксіз қызмет атқаруына мүмкіндік береді.
 

Банктің күн сайынғы өтімділікті басқару жөніндегі стратегиясына тіпті болмаса төрт операциялық элемент кіреді:
біріншіден, оларды күтілетін іс-әрекеттермен және қолда бар ресурстармен қатынастыра отырып, өтімділіктің күндік позицияларын бақылап отыру, қосымша күндік өтімділікті тартуға немесе маңызды төлемдерді жүргізу үшін өтімділікті жылыстауды шектеуге мүмкіндік беретін негізгі позицияларға бір күн ішінде мониторингті жүзеге асыру;
екіншіден, өзінің күндік мақсаттарына жету үшін күндік қорлардың жеткілікті көлемін сатып алу;
үшіншіден, күндік заем қаражатын (қорларды) алу қажеттілігі жағдайында кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару. Банкте күндік мақсаттарға жету үшін қажет болатын күндік өтімділіктің көлемін тарту үшін пайдалануға болатын жеткілікті кепіл бар;
төртіншіден, күндік өтімділік ағыны күтпеген кезде бұзылған жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдердің, шаралардың болуы.

Банк банкке тән түрлі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стресс-сценарийлер бойынша стресс-тестілеуді кезеңді түрде, бірақ айына кемінде бір рет жүргізеді.
Басқарма стресс-тест нәтижелерін өзінің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі саясаты мен позицияларын түзету, сондай-ақ оқыс жағдайлардағы іс-әрекеттерінің тиімді жоспарларын әзірлеу үшін пайдаланады.

Басқарма ықтимал өтімділік тәуекеліне душар болуды анықтау және сандық тұрғыда өлшеу үшін жүйелі түрде стресс-тестілеудің жүргізілуін және сценарийлерге талдау жасалуын қамтамасыз етеді;
Басқарма кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет Директорлар кеңесіне стресс-тестілеудің нәтижелері туралы хабарлайды және талқылау қорытындылары бойынша алынған нәтижелерді банктің әлеуетті тәуекелдерін шектеу, сондай-ақ өтімділік резервтерін құру мақсатында салдарды жою немесе бәсеңдету жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланады.
Стресс-тестілеудің нәтижелері банктің оқыс жағдайлардағы іс-әрекеттерінің жоспарын жасауда және өтімділік жетіспеушілігі жағдайында жұмыс стратегиясы мен тактикасын анықтауда пайдаланылады.
Стресс-тестілеудің нәтижелері жан-жақты талдануы және ішкі лимиттер белгілеу кезінде назарға алынуы тиіс.

Басқарма егер банк, банк конгломератының бас ұйымы болып табылған жағдайда кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет стресс-сценарийлердің өтімділіктің жалпы топтық позициясына, сондай-ақ конгломератқа мүше жекелеген ұйымдардың өтімділік позициясына әсеріне және қызметтің бағыттарына талдау жасауды жүргізеді.

Банктің ішкі құжаттарымен едәуір өтімділік тәуекеліне душар болатын, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар үшін қосымша стресс-тестілеу жүргізу көзделген. Банк тестілеу барысында сценарийлердің әр түрлі уақыт бөліктеріндегі, оның ішінде күндік ауқымдағы салдарын қарастырады.
Тестілеудің дәрежесі мен жиілігі банктің шамасына және оның алдында тұрған әлеуетті өтімділік тәуекелдеріне, сондай-ақ банктің Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі қатысты салмағына өлшемдес.

Банк стресс-сценарийлерді жасау кезінде бизнестің сипатын, жүзеге асырылатын қызметтің өтімділік тәуекеліне душар болуын ескереді.

Басқарма түрлі стресс-сценарийлердің жобаларын қарайды.
Банк стресс-тестілеу жүргізу кезінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стресс-сценарийлерді, сондай-ақ жеке алынған банкке және жалпы алғанда бүкіл нарыққа тән стресс-сценарийлерді, оның ішінде:
тиісті оқиғалар басталған жағдайда банктің шартты міндеттемелерін ескерумен міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді, оның ішінде ковенанттың бұзылуын;
нарықта бір мезгілде өтімділік жетіспеушілігін;
қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген қаржыландыруға қол жеткізуді шектеуді;
айырбасталатын валюталарды шектеуді назарға алады;
нарықтың өтімділігін қысқартудың және қаржыландыру өтімділігінің тапшылығы арасындағы байланысты;
банктің өтімділігіне әсердің, тәуекелдердің басқа түрлері бойынша (кредиттік, операциялық, нарықтық және басқалар) стресс-тестілеудің нәтижелерін ескереді.

Банк стресс-тестілеу үшін жорамалдарды белгілеу кезінде консервативті-қалыпты тәсіл дайындады.

Банк сценарийдің түріне қарай мынадай тізбе кіретін бірқатар жорамалдарды қарастырады:
активтер нарығының өтімсіздігі;
бөлшек қаржыландырудың жылыстауы;
көтерме қаржыландырудың қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген дерек көздерінің қол жетімділігі (сіздігі);
қосымша маржаны белгілеу талаптары және кепіл жөніндегі талаптар;
қаржыландырудың мерзімдері;
үшінші тұлғаларға немесе еншілес ұйымдарға берілген кредиттік желілер бойынша шартты талаптар;
баланстан тыс құралдар мен операциялар бойынша міндеттемелердің орнын толтыратын өтімділік;
банкке берілген кредиттік желілердің болуы;
валюталар айырбасталымы және валюталық нарықтарға қол жеткізу;
Ұлттық Банктің кредиттік қаражатына қол жеткізу;
активтердің болашақ өсу деңгейі.
Банк кезеңді түрде, бірақ жылына кемінде бір рет тест жүргізілетін сценарийлердің сипаты мен маңыздылығының банк жүзеге асыратын қызметіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сценарийлердің жобаларын қайта қарайды.
Банк сценарийлерді қайта қарау кезінде нарық жағдайының өзгеруін; банк қызметі сипатының, ауқымының өзгеруін; стресс жағдайларындағы қызметтің нақты тәжірибесін ескереді.
Банк өтімділіктің профиліне едәуір әсер етуі мүмкін факторларды анықтау және талдау үшін стресс-тестілеу нәтижелерінің белгілі негізгі жорамалдарға деген сезімталдығына талдау жүргізуі мүмкін.

Басқарма стресс-тестілеуде қолданылатын сценарийлер мен жорамалдарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін қарайды. Банктің сценарийлер мен ілеспе жорамалдарды таңдауы құжатталған және стресс-тестілеу нәтижелерімен қатар қаралған.

Басқарма кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарында қаржыландырудың ілеспе ықтимал тапшылығын бағалауға және жоспарлауға стресс-тестілеу нәтижелерін қалай кіргізуді шешеді.
Басшылық (Директорлар кеңесімен кеңесе отырып) банк жол беретін өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейінен қаржыландырудың болжанған тапшылығы қандай дәрежеде жоғары (немесе қаржыландырудың болжанған тапшылығы төмен) болса, сол дәрежеде: өзінің өтімділік позициясын түзеуді немесе кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын қолдауды шешеді.

Басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың сенімді құрылымының қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Басқарма өтімділік тәуекелін басқару бойынша оған жүктелген функцияларды орындау мақсатында, оның ішінде:
Директорлар кеңесі бекіткен өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі саясатқа сәйкес қажетті рәсімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Банктің өтімділік жөніндегі күн сайынғы міндеттемелерін, оның ішінде банктің ішіндегі не жалпы нарықтағы проблемалардан туындаған өтімділіктің жетіспеу кезеңінде орындауын қамтамасыз етеді;
банктің баланстық және баланстан тыс операцияларының мерзімділігімен, оның активтері мен міндеттемелерінің өтімділігімен өлшемдес өтімділіктің жеткілікті резервін қолдауды (ауыртпалық салынбаған активтер түрінде) қамтамасыз етеді. Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі оларды берілген займдарды қамтамасыз ету ретінде кепілге тез беру үшін өтімді активтердің қажетті деңгейін анықтайды және қолдайды;
активтердің сатылуы және банк үшін өтімділікпен қауырттылық кезеңдерінде қаржыландыру дерек көздерінің қол жетімділігі туралы жеткілікті дәрежеде қалыпты жорамалдарды қолданады.

жиырма сегізінші жол алынып тасталды

Директорлар кеңесін және Басқарманы банктің өтімділік бойынша позициясы туралы уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін банктің ішкі құжаттарымен тиісті басқарушылық ақпараттық жүйені құру көзделген. Басқарушылық ақпараттық жүйе банктің, сондай-ақ банктің еншілес ұйымдары бөлігінде өтімдік позицияларын есептеуге мүмкіндік береді.

Басқарушылық ақпараттық жүйе:
шартты тәуекелдерді, сондай-ақ міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және өтімділіктің белгілі көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін оқиғалардың пайда болуымен байланысты, оның ішінде баланстан тыс баптармен байланысты тәуекелдерді қосқанда, өтімділік тәуекелінің барлық дерек көздерін;
бір операциялық күнге, күн сайынғы (мейлінше қысқа уақыт бөліктері үшін), одан кейін одан ұзағырақ уақыт кезеңдерінің бірқатары да бойынша өтімділік позицияларын;
стресс жағдайларын қамтитын түрлі сценарийлерді;
жүйе, заңдық кедергілер, уақыт аймақтары және валюталар тұрғысынан алғанда ұйымдардағы өзгешеліктерді назарға ала отырып, өтімділік тәуекелін басқару үшін, оның ішінде шоғырландырылған негізде қажетті ақпаратты ескереді.
Банк Директорлар кеңесіне, Басқармаға және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар басқа алқалық органдарға есеп берудің ауқымын, нысанын және кезеңділігін анықтайтын есеп берушілік критерийлердің тізбесін әзірледі.
Директорлар кеңесі кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өтімділіктің ағымдағы әлеуетті тәуекелдерін белгіленген лимиттермен салыстырғандағы тәуекел деңгейі туралы есеп берулерді алады.
Басқарма Директорлар кеңесіне өтімділік тәуекелі лимиттерінің бұзушылықтары туралы хабарлайды және түзету шараларын қабылдайды.

Директорлар кеңесі функциялары жағынан тәуелсіз, тиісінше оқытылған және құзыретті қызметкерлердің өтімділік тәуекелін басқару жүйесіне ішкі бақылау жасау жөніндегі жұмысты жүргізуін қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет тәжірибесі және машықтары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің өтімділік тәуекелін басқарудың келісілген құрылымын іске асыруын және тиімділігін жүйелі түрде қарайды.

                                      Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 5-қосымша

      Ескерту: 5-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.03.27. N 64, 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

               Қаржы құралдарымен операциялар
                жүргiзуге қойылатын талаптар

Талаптың атауы

Талаптардың критерийлері

Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сату және баға тәуекелі бойынша операцияларды басқарудың ішкі саясатын бекітті.

Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды басқарудың ішкі саясаты:
банк активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты проценттік тәуекелді айқындайды;
банк активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты валюта тәуекелін айқындайды;
туынды қаржы құралдарының операцияларына тән тәуекелдерді айқындау,
баға тәуекелінің лимиттерін белгілеу әдістерін, рынок тәуекелі бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігін;
банктің рыноктық тәуекелін өлшеу кезінде пайдаланылатын үлгілерді;
тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне және басқармаға  рынок тәуекелі бойынша банк позициялары туралы есепті ұсынуының кезеңділігін реттейді.

Директорлар кеңесі функционалдық, атап айтқанда мәмілені жүзеге асыратын фронт-офис пен көрсетілген операцияларды есепте көрсетумен айналысатын бэк-офис арасындағы міндеттерін бөлуге негізделген фронт-және бэк офистер үшін қосарланған бақылау саясатын бекітті.

Қосарланған бақылау жүйесі:
фронт- және бэк-офистерді бөлуді; бэк-офистің фронт-офистің операцияларының жай-күйін уақтылы тексеру мүмкіндігін;
қосарланған бақылау жүйесі қатысушылар арасындағы ықтимал келісімдерді шектеу шараларын;
тәуекелдер мониторингі мен кастодиан қызметін жүзеге асыратын фронт пен бэк-офистерде және бөлімшелердегі қызметтік міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым салуды қарастырады.

Басқарма банк операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді бекітті.

Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және банк кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен айла-әрекет жасау және тәуекелді қабылдау жағдайларын анықтау және болдырмау мақсатында банк операцияларын тексереді.

Банктің автоматтандырылған жүйесі бар (қаржы құралдарының портфелін басқару, операцияларды қамтамасыз ету, шоттарды өңдеу және есептерді жүргізу, тәуекелдерді басқару).

   Банктің қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларын қамтамасыз ететін техникалық жүйесі бар;
   банктің тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар;
   банктің ақша және қаржы құралдары бойынша есептеулер жүргізуге арналған техникалық жүйесі бар;
   ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар тәуекелдерді басқару бөлімшесінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге жауап беретін банк бөлімшесі ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.

Банктің шоғырландырылған негізде, нақты уақыт режимінде тәуекелді бақылап отыруға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен операциялар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі бар.

Банк басқа рыноктық операциялардан бөлек сауда операцияларына өңдеу жүргізеді;
банк еншілес ұйымдарды ескере отырып, оның ішінде шоғырландырылған негізде баға тәуекеліне ұшыраған баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша кірістер/шығыстарды және тәуекелдерді бақылайды;
банк мерзімдік биржалық позицияларды қайта бағалау негізінде кірістер/шығыстарға күн сайынғы бағалауды жүргізеді.

Банк қаржы құралдарына ағымдағы рыноктық бағаны ескере отырып, әлуетті рыноктық тәуекелді және кірістер/шығыстарды кезең-кезеңмен бағалайды.

Банк қаржы құралдары портфелінен банктің математикалық модельдерімен айқындалған ағымдағы рыноктық бағалар немесе есептеу бағасы жоқ қаржы құралдарын шығарып тастайды.
банк әр операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен жасалған операциялардан түскен кірістер/шығыстарға жүйелі бағалау жүргізеді;
тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша банк айқындаған әділ құнның дұрыстығына мониторинг жүргізеді;
банктің директорлар кеңесі тәуекелді ескере отырып, қаржы құралының құнын айқындау рәсімдерін бекітті;
тәуекелді бағалау моделі және ағымдағы бағаларды рыноктық бағаларға келтіру негізінде қаржы құралдарының құнына бағалау жүргізеді, оның ішінде стресс-тестингтерді (stress-testing) және бэк-тестингтерді (back-testing) жүзеге асырады;
банк қаржы құралдарымен операциялар жасауға шешім қабылдаған кезде тәуекелді және жүйелі стресс- тестингтерді (stress-testing) бағалау нәтижелерін пайдаланады.

Директорлар кеңесі қаржы құралдарымен операциялар бойынша жиынтық лимитті, басқарма - жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді, сондай-ақ "stор - loss" ережесі бойынша халықаралық практикада қабылданған лимиттерді белгілейді.

Директорлар кеңесі
кезең-кезеңмен жиынтық лимитті және "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындайды; қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды жүзеге  асыратын банк бөлімшесі банктің басқармасына қаржы құралдары бойынша банк позициясын ұсынады;
директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді және "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережесін  айқындау рәсімдерін белгілейді.

Басқарма әрбір қаржы құралдары бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерін бекітті.

Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган шетел валюталарының әрбір түрлері мен барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді;
активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі спот және форвард операцияларын өтеу мерзімдерін басқару үшін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін пайдаланады;
басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган қаржы құралдары үшін "stор - loss" лимиттерінің диапазонын белгілейді;
ішкі аудит қызметі "stор - loss" лимиттерін айқындау ережелерін банктің дұрыс қолдануын тексереді.

Директорлар кеңесі баға тәуекелі, оның ішінде қаржы құралдарына рынок пен қаржы рыногы өтімділігінің мөлшерін ескере отырып бөлу  бойынша позицияны айқындау жөніндегі шешімдерді қабылдау саясатын бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша лимиттердің теңбе- теңдігіне, яғни қаржы құралдарының рыногы мен қаржы құралдары өтімділігінің ауқымы мен динамикасына сәйкес талдау жүргізеді;


Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, ол:
инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;
құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін операцияларға рұқсат бермеу мақсатында кредиттеу функцияларынан инвестициялық операциялар жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін;
қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет мақсаттары бойынша инвестициялық критерийлерді айқындайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет нәтижелері басқармаға тоқсанына кемінде бір рет, директорлар кеңесіне жарты жылда кемінде бір рет нәтижелері кезең-кезеңмен ұсынылатын, инвестициялардың көлемін талдайды.

Басқарма банктің инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингінің рәсімдерін бекітті;
инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеппен бірге мониторинг нәтижелері басқармаға тоқсан сайын және директорлар кеңесіне  ай сайын ұсынылады;
тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары бойынша банктің инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады.

Басқарма инвестициялар портфелін құрылымдау рәсімдерін орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық тиімділіктің тұрақты көрсеткіштерін ұстап тұратындай етіп бекітті;

Құрылымдау рәсімдері:
айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар портфеліне қайта бағалау жүргізуді;
жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау жүргізуді қарастырады.

Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сатудан болған шамадан тыс шығыстарды ескерту және көрсетілген саясатты банктің сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі саясатты бекітті.

Банк олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган тәуекелінің, процент тәуекелінің және валюта тәуекелінің мониторингін жүзеге асырады.

Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган:
активтерді және міндеттемелерді басқару мәселелерін қарайды;
тәуекелдерді басқару бөлімшесімен    өзара іс-әрекет жасайды;
баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша процент және валюта тәуекелдерін апта сайын бақылайды;
процент және валюта тәуекелдері, сатып алу/сату операцияларының түрлері және динамикасы бойынша банктің позициясы туралы басқармаға ай сайын, директорлар кеңесіне тоқсан сайын ақпарат береді;
берілетін заемдер және тартылатын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар береді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі шоғырландырылған негізде процент және валюта тәуекелдерінің мониторингін жүзеге асырады.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет еншілес ұйымдарда ақшаны басқарудың мониторингін жүргізеді және шоғырландырылған негізде банктің және еншілес ұйымдардың активтері мен міндеттемелерін басқаруды жүзеге асырады;

Директорлар кеңесі тәуекелдерді бағалау саясатын, оның ішінде болжалданатын тәуекелдер бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын әдістемелерді пайдалана отырып бекітті. (VАR-әдісі)

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган өтеу мерзімдері бойынша сыйақының мөлшерлемесінің деңгейін айқындайды.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесінің басқару бөлімшесінің процент тәуекелдерін бағалау үшін деректерді жинау мен талдау жүйесі бар.  

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган процент тәуекелінің, процент тәуекелінің негізгі көздеріне мониторингін жүзеге асырады (өтеу мерзімдерінің ерекшелігі, заем капиталы рыногының ставкалары, кіріктірме опциондар);
директорлар кеңесі валюта бағамдарының өзгеруіне талдау жасауға сәйкес валюталар позициялары бойынша шешімдер қабылдау саясатын бекітті.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің капиталы мен кірістерімен салыстырғанда тәуекелдер сандық қатынаста шамадан тыс болған жағдайларда тәуекелдің төмендеуі бойынша шараларды қабылдайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
әр түрлі талдама әдістерді пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқаруды;
проценттік сезімталдықты бағалауды, тәуекел құнын (немесе тәуекел кірістері) бағалау жүргізетін гэпті талдауды, модельді талдауды үнемі жүргізеді;
нәтижелері тәуекелдерді қабылдау және тәуекелдерге бақылау салаларында стратегиялық шешімдер қабылдауда пайдаланылатын стресс-тестингті;
кезең-кезеңмен  қайталанатын кірістер/шығыстар сияқты көлемдердегі өзгерістер тұрғысынан процент тәуекелі талданады және бақыланады;
басқарма:
туынды қаржы құралдары немесе басқа рыноктық операциялардың көмегімен процент тәуекелін хеджирлеу рәсімдерін бекітті;
тәуекелдер бойынша меншікті капиталдың теңбе-теңдігін ескере отырып, гэп және процент тәуекелінің мөлшері бойынша лимиттерді белгілейді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган Басқарма бекіткен әдістерді пайдалана отырып валюта тәуекелінің деңгейін бағалайды және талдайды.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган:
валюта бағамдарының өзгеруін талдау үшін қосымша жүйеге ие; валюта бағамдарының өзгерістеріне сезімталдықты айқындау үшін тәуекелден валюта құралдарының құнына бағалау жүргізетін ашық валюталық позициялар мен модельдерді үнемі талдайды.

Директорлар кеңесі валюта тәуекелінің сандық қатынаста меншікті капитал мен банк кірістерінің мөлшерінен асып түсетін жағдайларында тәуекелдің төмендеуі жөніндегі саясатты бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жарты жылда кемінде бір рет стресс-тестинг жүргізеді және тәуекелді қабылдау және тәуекелге бақылау кезінде стратегиялық шешімдер қабылдауда олардың нәтижелерін пайдаланады;
банк активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды құралдармен немесе басқа рыноктық операциялармен мәмілелердің көмегі арқылы валюта тәуекелін теңбе-тең және уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады;
директорлар кеңесі ашық валюта позициялары бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позицияларды белгілейді.

                                        Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 6-қосымша

      Ескерту: 6-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

            Банктiң операциялық қызметiнің, ақпарат
       жүйесiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң жұмыс
           iстеуiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Талаптың атауы

Талаптардың критерийлері

  Директорлар кеңесі банкте операциялық тәуекелді басқару саясатын регламенттейтін және мыналар:
  банкке тән операциялық тәуекелді анықтау;
  операциялық тәуекелді анықтауға, бағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға (төмендетуге) банктің тәсілі;
  банктің бизнес стратегиясына сәйкес келетін операциялық тәуекелдің рұқсат етілген деңгейі болатын ішкі құжатты бекітеді және мерзімді түрде қайта қарайды.

  Банк Басқармасы:
  әлуетті операциялық тәуекелдерді сәйкестендіруге және бағалауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға;
  операциялық тәуекелдерді басқару бойынша саясатты, ішкі ережелерді және барлық маңызды өнімдер, операциялар және процесстер бойынша операциялық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге және жетілдіруге;
  банк бөлімшелерінің банктің директорлар кеңесі бекіткен операциялық тәуекелдерді басқару саясатын сақтауын қамтамасыз етуге жауапты.
  Басқарма:
  мүдделер тартысын болдырмау үшін операциялық тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімшелердің, бизнес бөлімшелерінің және өзге мүдделі бөлімшелердің арасында міндеттемелер мен есептілік жүйесін бөлуді;
  операциялық тәуекелді басқаруға жауап беретін қызметкерлердің кредиттік, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқаруға жауапты қызметкерлермен, сондай-ақ сыртқы қызметтерді (сақтандыру шарты, аутсорсинг (жұмыстарды орындауға үшінші тұлғаларды тартуға)) сатып алуға жауап беретін ұйымның қызметкерлерімен өзара іс-әрекет жасауды қолдауын;
  банктің операциялық тәуекелді басқару саясатын маңызды операциялық тәуекелдерге ұшыраған банктің мүдделі бөлімшелеріне мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етеді.
  Басқарма операциялық тәуекел деңгейі туралы есепті қарайды, өз құзыреті шеңберінде түзету шараларын қабылдайды және Директорлар кеңесіне банктегі операциялық деңгейі туралы есепті ұсынады.

Басқарма банк қызметін көрсету және олардың бухгалтерлік есебінің операциялық техникасы бойынша рәсімдерді бекітті.

Ішкі рәсімдер реттейді:
банктің өндірістік қызметіне басшылықты қамтамасыз ететін бөлімшені;
банк операцияларын жүргізудің техникалық тәртібін банк операциясының бухгалтерлік есебін банк операциясына қосарланған бақылауды және олардың есебін реттейді.

Банкте қолма-қол ақшамен жұмыс жөніндегі ақпарат жүйесі бар.

Банк кассадағы ақшаны сейфте (қоймада) сақталатын журнал жазбаларымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады;
банк кассадағы қолма-қол ақшаның артық (кем шығу) жағдайын тексереді;
банк банкоматтардың қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуіне жауап беретін қызметкерлердің жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады.

Басқарма қабылданған және  берілген депозиттерді, дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алудың дұрыс жүргізілмеу және шынайы көрсетілмеу мүмкіндігін шектейтін рәсімдерді белгіледі.

Ішкі аудит қызметі депозиттерді қабылдау/орналастыру, дебиторлық/кредиторлық берешек бойынша операцияларды жүргізудің техникалық операциясын олардың сақтауын бағалау мақсатында жарты жылда кемінде бір рет бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

Банктің деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және жұмыс істеуі бойынша ішкі ережелері мен нұсқаулықтары бар.

Банктің деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және жұмыс істеуіне қатысты ережелері мен нұсқаулықтары бар.

Банк басқармасы электрондық өңдеу жүйесін ішкі бақылау рәсімдерін бекітті.

Электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін банк қызметкерінің жұмыс саласына сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады.
тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді;
ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне үнемі хабарлайды.

Басқарма рұқсатсыз кіруді болдырмау жөніндегі саясатты бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған банк жүйесіне кіру және шығу кезінде кіру деңгейін тексеру жүйесі бар;
басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпарат базаларына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі рәсімдерді және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің жауапкершілігін бекітті.

Басқарма төтенше жағдайларда деректер базасының ақпараттық жүйесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша, жоспарлы іс-шараларды орындау рәсімдерін бекітті.

Рәсімдер:
дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің; өрт қауіпсіздігінің, сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;
автономды электр қуатының;
резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың міндетті түрде болуын қарастырады;
банк үнемі деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдары мен файлдардың резервтік көшірмелерін қалыптастырады.

Басқарма төтенше жағдайларда өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді беру рәсімдерін бекітті.

Төтенше жағдайлар компьютерлік орталықтар мен филиалдар үшін жүйе жұмысында төтенше іркілістер болған жағдайдағы ережелер мен нұсқаулықтарды қарастырады.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі мәселелердің қайтадан пайда болуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын әзірлеу жөнінде кезек күттірмейтін шаралардың қолданылатынын ескере отырып, нақты жүйелік проблемаларға есеп жүргізеді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді;
ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды;
ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды;
ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі жүйелік проблемалар салдарынан пайда болған нақты алынған залал бойынша деректерді жинақтауды және есепке алуды жүргізеді және олардың қайта туындамауының алдын алу шараларын қабылдайды.

Басқарма құпия ақпараттың жария болуын және ақпарат деректерінің бұрмалануын болдырмау жөніндегі рәсімдерді бекітті.

Рәсімдер:
рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;
рұқсат алу тәртібі;
ақпарат деректеріне рұқсатты бақылау тәртібі;
ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалардың тізбесі.

Басқарма жабдықтарды үнемі тексеру арқылы іркілістерді болдырмау және жұмыс туралы есептерді тексеру жөніндегі рәсімдерді бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет деректердің автоматтандырылған базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тексереді;
ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жағдайы туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

Басқарма деректердің автоматтандырылған базасын басқарудың терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөнінде рәсімдерді бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрі мен көлемінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.

Банк жаңа банктік қызметтерді ұсынуға немесе жаңа ақпарат технологиясын пайдалануға байланысты тәуекелдерді бағалайды.

Банкте пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйе бар;
банкте Интернет коммуникациялары бойынша қаражатты аудару жөніндегі қызметтерді ұсынған кездегі қауіпсіздіктің кешенді шаралары бар.

  Банк Басқармасы:
  барлық маңызды банк өнімдеріне, операцияларға, процесстерге және жүйелерге тән операциялық тәуекелді сәйкестендіру және бағалау рәсімін;
  жаңа өнімдерді, операцияларды, процесстерді және жүйелерді енгізген кезде оларға тән операциялық тәуекелдерді бағалаудың тиісті рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді

  Банктің операциялық тәуекелдерді анықтау бойынша ішкі рәсімдері банк мақсатына жетуінде жағымсыз әсер етуі мүмкін ішкі факторларды (қызметтің құрылымы, көлемі, ресурстардың сапасы, ұйымдастырушылық өзгерістер, кадрлардың тұрақтамауы) сондай-ақ сыртқы факторларды (банк секторындағы өзгерістер, технологиялар) ескереді және операциялық тәуекелді анықтау және бағалау үшін мынадай құралдарды пайдалануды көздейді, бірақ олармен шектелмейді:
  өзін-өзі бағалау немесе тәуекелді бағалау. Банк өзінің операциялық және өзге қызметін, әлуетті операциялық тәуекелге ұшырағыштық тізбесіне салыстыра отырып бағалайды. Банк бақылау мәселелерінің тізбесін және (немесе) операциялық тәуекелдерді басқарудағы күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін жұмыс кездесулер өткізуді пайдаланады;
  Түрлі бизнес және ұйымдық бөлімшелері немесе бизнес процесстер тәуекелдің түрлері бойынша көрсетілген графикалық немесе мәтіндік сипаттама ретіндегі тәуекел картасы. Тәуекел картасы банкке проблемалық салаларды және тәуекелдерді басқару бойынша одан кейінгі қадамының басымдылығын анықтауға мүмкіндік береді;
  тәуекел индикаторы – банктің тәуекелдерге ұшырау дәрежесі туралы көрсетілетін, көбінесе қаржылық болатын сандық көрсеткіштер. Тәуекел индикаторы тұрақты түрде қайта қаралады және операциялық тәуекелді басқарудағы кемшіліктерін көрсете алатын өзгерістері туралы ескертеді. Банк осындай индикаторларға жүргізілмеген немесе аяқталмаған операциялардың немесе мәмілелердің санын, олардың жиілігі және (немесе) көлемінің өсуі үнемі кадрлардың алмастыруы (тұрақтамауы), қателер мен жаңсақтықтың жиілігі және (немесе) маңыздылығы, ақпараттық-технологиялық жүйесінің тұру уақытын (ұзақтығын) жатқызады. Банкте әр индикатор үшін маңызды операциялық тәуекелдерді анықтауды қамтамасыз ету үшін лимиттер белгіленді;
  өлшем.Банкте банктің операциялық тәуекелге ұшырағыштығын тиісінше бағалауға, сондай-ақ операциялық тәуекелді бақылау (төмендету) үшін тиісті шаралар әзірлеуге мүмкіндік беретін, шығындар бойынша деректер базасын құруды қамтамасыз ететін рәсімдері бар ішкі құжат болады.
  Операциялық тәуекелді өлшеу бойынша банктің рәсімдерінде жүйелі мониторингі және жиілігін, маңыздылығын және шығындардың нақты оқиғалары туралы өзге жеткілікті ақпаратын тіркеу көзделеді.

  Басқарма шығындар бойынша тиісті деректер базасындағы зияндар туралы ақпаратты жинау рәсімдерін регламенттейтін ішкі құжатты бекітті.

  Банктің шығындар бойынша тиісті деректер базасында зияндар туралы ақпаратты жинау рәсімдерін регламенттейтін ішкі құжаты:
  қызметтің бағыты бөлігінде шығындардың түрлері мен мөлшері туралы мәліметтері көрсетілетін операциялық шығындары, банктік операцияларын және олардың пайда болу мен анықтаудың өзге оқиғалары туралы деректер базасын жүргізу тәртібін;
  операциялық шығындар туралы ақпаратты ұсыну нысаны және енгізілетін ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
  операциялық шығындар бойынша сыртқы деректер базасын пайдалануды көздейді. Операциялық шығындардың оқиғалары туралы сыртқы деректер шығындар сомасы туралы ақпаратты, шығындар пайда болған бизнес-процессі, шығындарға ұшыраған себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты және банкте операциялық тәуекелді бағалау үшін қажетті өзге ақпаратты қамтиды.

  Басқарма операциялық тәуекел профиліне және банктің операциялық тәуекелді алдын ала басқару үшін ірі шығындарға (залалдарға) ұшырауына жиі мониторингті жүзеге асырады.

  Операциялық тәуекелді басқару бойынша есеп:
  ішкі қаржы және операциялық деректерді;
  операциялық тәуекелдер бойынша белгіленген талаптарды (лимиттерді) сақтау бойынша деректерді;
  банктен тыс жерлерінде болатын және ашық қол жеткізуде (есептер, баспасөз-релиздер және өзгелері) болатын операциялық тәуекелдердің оқиғалары туралы деректерді;
тәуекел индикаторлардың мониторингі нәтижелерін;
  оларды жою бойынша уақытылы түзету шараларды қабылдау үшін анықталған проблемаларды қамтиды.
  Банк Басқармасы:
  жиі, бірақ тоқсанына кемінде бір рет банктің тиісті бөлімшелерінен есептер алады (операциялық тәуекелді басқару бойынша бөлімшесі не ішкі аудит қызметі);
  ішкі есептер жүйесінің тиімділігін бағалау үшін ішкі дерек көздері (аудиторлар, қадағалау органдар) дайындаған есептерді пайдаланады.
Директорлар кеңесі мерзімді бірақ жарты жылда кемінде бір рет банктің операциялық тәуекелге ұшырағыштық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін қажетті ақпарат алады.

  Банк Басқармасы операциялық тәуекелді бағалауды мынадай:
  жаңа өнімді енгізу (бизнес-процесті);
  бар өнімдерге маңызды өзгерістер енгізу (бизнес-процестер);
  маңызды ұйымдастыру өзгерістер енгізу кезеңдерде қарайды.

Банктің уәкілетті органы өнімді (бизнес-процессті), бар өнімдерге (бизнес-процесстерге) маңызды өзгерістерді бекіту туралы және операциялық тәуекел туралы ұсынылған бағалауды назарға ала отырып, маңызды ұйымдастыру өзгерістерді бекіту туралы шешім қабылдайды.

  Банктің директорлар кеңесі жарты жылда кемінде бір рет операциялық тәуекелдің банкке әсер ету дәрежесін талдауға мүмкіндік беретін басқарушылық есептілікті алады.

  Директорлар кеңесі мынадай басқарушылық есептілікті талдайды:
  өткен жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда тәуекел объектілері (қызмет бағыттары) бойынша бөлгенде зияны туралы;
  өткен жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда операциялық тәуекелдің себептерін, оқиғалар түрлерін, салдарын бөлгенде зияны туралы.

  Банк аутсорсинг - бөгде ұйымдарды және тұлғаларды банкке қажетті жұмысты орындауға тартуымен байланысты тәуекелдерді басқаруын көрсететін ішкі ережелерін әзірледі.

  Аутсорсингке байланысты тәуекелдерді басқаруын көрсететін ішкі ережелерге мыналар:
  аутсорсинг шартына (келісіміне) қойылатын талаптар, оның ішінде меншік құқығы, деректердің құпиялылығы, құқықтарды тоқтату мәселелері, даулы мәселелерді шешу бойынша талаптар;
  аутсорсингке байланысты тәуекелдерді басқару және мониторинг жүргізу, оның ішінде қызмет көрсетуді жеткізушінің қаржылық жай-күйінің рәсімдері;
  банк пен қызмет көрсетудің сыртқы жеткізушілер арасындағы құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті бөлу жатады

  Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің операциялық тәуекелді басқару саясатын тиімді және жан-жақты жүргізуді қамтамасыз етеді.

  Ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет банк бөлімшелерімен операциялық тәуекелді басқарудың келісілген құрылымның іске асырылуын және тиімділігін қарайды.

                                      Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 7-қосымша

      Ескерту: 7-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .

            Нұсқаулық талаптарының базалық критерииі

Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жүйелерін ұйымдастыру

Директорлар кеңесі банктегі мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті.

Директорлар кеңесі банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен банк операцияларының мониторингі бойынша саясатты жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі банктің ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге де талаптарын жүзеге асырады.

Банктік заем операцияларының талаптарын белгілейтін және бекітетін кредит комитеті заемдардың сапасын қадағалайды және банктің меншікті капиталының бес процентінен асатын заемдарды беруге алдын ала рұқсат береді.

Активтерді және міндеттемелерді басқару жөніндегі комитет қарыз алу ережелері мен рәсімдерін, қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын жүргізуді, инвестициялау мен банктік кепілдіктер беруді белгілейді және бекітеді, сондай-ақ активтерді әр тараптандыру, тиімділік, өтімділік және капиталдың жеткіліктілігі бойынша бағдарды айқындайды.

Директорлар кеңесі ай сайын мынадай есептерді талдайды:
жиынтық баланс және өткен жылдағы кезеңмен салыстырғандағы банктің кірістері мен шығыстары туралы есеп және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері;
инвестициялар туралы:
қаржы құралдарын түрлеріне қарай топтастыра отырып және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып жасалған есептер;
оларға қарсы қалыптасқан провизиялардың көлеміне жіктелген кредиттердің динамикасы туралы есептер;
банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар алған жаңа заемдар туралы есеп.
Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау жасайды:
процент тәуекелі бойынша банк позициясына қысқаша талдау;
валюталардың айырбас бағамының ауытқу тәуекеліне банктің ұшырауына қысқаша талдау,
банктің меншікті капиталға ағымдағы және болжалданатын мұқтаждығына қысқаша талдау.

Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның ішінде банк қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді.

Директорлар кеңесі банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды.

Директорлар кеңесі директорлар кеңесі мүшелерін, басшы қызметкерлерді, банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғаларды және банкпен ерекше қатынастармен байланысты өзге де тұлғаларды кредит беру жағдайын банктің басқа заемшыларына қызмет көрсетумен, оның ішінде жеңілдік жағдайлар беру фактілерін тексеру мақсатында салыстырады.

Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімін ай сайын қол қояды.

Директорлар кеңесі жыл сайын банктің ағымдағы қаржы жылына жоспарланған мақсаттарына жетуге арналған қызметтерін талдайды.

Директорлар кеңесі өзінің өкілеттілігі шегінде ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштеріне банк қызметінің нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда банк басқармасының мүшелеріне шаралар қолдана алады.

Банктің ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде:
банк бөлімшесінің немесе банк жүргізетін операцияларға байланысты негізгі тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мен талдауға жауап беретін тәуекелдерді басқару жөніндегі тұлғаның өкілеттігі мен міндеттерін;
олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін банк басқармасы органдарының құрылымын;
банктің әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін реттейді.

Есепті жыл ішінде банктің басшы қызметкерінің (басқарма мүшелерінен басқа) қызметін бағалау тәртібін, оның ішінде банк қызметінің мақсатты көрсеткіштерін банк орындамағаны үшін шара қолдануды және жауапкершілікке тартылуды реттейді.

Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелік, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, банк капиталының қосымша қажетті мөлшерін және банк капиталын қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді дерек көздеріне қол жеткізуді ескере отырып жүргізеді.

Тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды көздейді:
Банктің басшы қызметкерлерінің өкілеттілігі мен функцоналдық міндеттерін реттейтін ереже, оның ішінде банк операцияларының дұрыстығына қосарлы бақылауды қамтамасыз етуді көздейтін және олармен байланысты тәуекелді бақылауды;

Ішкі аудит қызметі банк қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктерді және функцияларды шоғырландыру бойынша басшы қызметкерлерге тексеру жүргізеді.

Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жөніндегі саясат директорлар кеңесінің мүшелерін, басқарманы және банктің басшы қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді және функционалдық міндеттерін айқындайды.

Банктің директорлар кеңесіне және басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді басқару жөніндегі өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болуы керек.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері біліктілік талаптарына сәйкес келеді, оның ішінде тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігінің болуын қарастырады.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі банк бөлімшесінің және ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олар жүргізетін операцияларға сәйкес келеді.

Ішкі бақылау жөніндегі банктің саясаты:
банк ұшыраған барлық тәуекелдерді;
ішкі бақылау жүргізудің ауқымы мен жиілігін;
ішкі бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;
банктің ішкі бақылау жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары банктік операцияларды жүргізуді қарастыратын банктің барлық бөлімшелеріне үнемі ішкі тексеру жүргізеді.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері тексеру жүргізілетін банк бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен қажетті білімдері бар.

Банктің ішкі саясаты тексерілетін бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті құжаттарға, оның ішінде коммерциялық, өзге де немесе құпиялық режимі бар құжаттарға қол жеткізуге ішкі аудит қызметінің құқығын қарастырады.

Ішкі бақылау жөніндегі банктің ішкі саясаты басшы қызметкерлердің немесе банктің басқа бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің директорлар кеңесіне есеп беруі белгіленеді.

Ішкі аудит қызметі банктің сыртқы аудиторымен бірлесіп банктің ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

Ішкі аудит қызметі жаңа өнімдерді немесе қызмет көрсетулерді ендіру туралы мәселелерді талқылауға қатысады.

Ішкі бақылау саясаты директорлар кеңесі мен банк басқармасына ішкі аудит қызметінің әрбір тексеруінің нәтижелерін ұсынуының оңтайлы мерзімдерін қарастырады.

Ішкі аудит қызметінің өкілеттіктері бөлімшелер үшін орындалуы міндетті болып табылатын жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындауды қарастырады, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың тәсілдері мен шарттарын тікелей банк бөлімшелері айқындайды.

Ішкі аудит қызметі оларды оңтайлы орындау мақсатында, ішкі бақылау нәтижелері бойынша қабылданған, банк бөлімшелері жүргізетін және жоспарлайтын іс-шаралардың мониторингін жүзеге асырады.

Ішкі саясатпен банктің кірісін (шығысын), оның ішінде банктік қызмет көрсетулердің динамикасында, сол бөлігінде, түрлерінде, банктің аймақтық және функционалдық бөлімшелері бойынша ай сайын, сондай-ақ шоғырландырған негізде тоқсан сайын бақылап отыратын банк бөлімшесі белгіленді.

Ішкі саясатпен директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі банк бөлімшесінің өкілеттігі қарастырылған.

Басқарма жаңа банктік қызметті жоспарлы түрде көрсетуге байланысты меншікті капитал мен әлуетті тәуекелдердің динамикасына талдау жасайды.

Басқарма директорлар кеңесі белгілеген тәуекелдердің жиынтық лимиттері шегінде қаржы операцияларын жүзеге асыратын банк бөлімшелерінің әрқайсысы үшін тәуекел лимитін айқындайды.

Басқарма тартылатын депозиттер мен берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі саясатты бекітті.

Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі, оның ішінде сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу рәсімдерін реттейтін саясат.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі еншілес ұйымдар мен банк холдингтерінің қаржы қызметіне мониторингті жүзеге асырады.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің банктердің банк холдингтерімен жасалатын операцияларын тексеру жөнінде өкілеттіктері бар.

Директорлар кеңесі банк холдингтерімен жасалатын мәмілелердің шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.

Басқарма банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұшырайтын тәуекелдер туралы, сондай-ақ банк холдингтері қабылдаған, банктің қызметіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер туралы мәліметтерді талдайды.

Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережелері және құжаттарына сәйкес келуіне бағалау жасайды.

Ішкі аудит қызметі банк қызметінің жаңа түрлерін ендіру кезінде банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтауға байланысты банктік қосымша тәуекелдерінің пайда болу мүмкіндігіне бағалау жүргізеді.

алынып тасталды <*>

алынып тасталды <*>

Директорлар кеңесі басқарманың директорлар кеңесі мен банк акционерлеріне банктің қаржы көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржы және басқару есебін ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітті.

Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларын талдайды.

Есеп және есеп беру жөніндегі банк саясаты, сонымен бірге банк аудитін тексеру барысында мынадай мәселелерді қарастырады:
күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;
банктің есеп саясатының қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз айла-әрекет жасау фактілерінің болуы;
жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырудың дұрыстығы;
банктің есеп саясатында белгіленген талаптарға есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;
жылдық есептегі банктің және оның еншілес ұйымдарының құрылымы мен тәуекелдер мөлшерін ашудың толықтығы мен дұрыстығы.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі меншікті капиталдың жеткіліктілігіне, мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігіне әсерді болжайды:
мұнайға бағаның төмендеуі;
Қазақстан Республикасының тәуелсіз борыш рейтингінің үш айда бір деңгейге және бір жылда екі деңгейге төмендеуі;
шетел банктері мөлшерлемелерін көтерді және Қазақстан Республикасының банктеріне беретін заемдар бойынша мерзімдерді қысқартты;
теңгенің құнсыздануы.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
банктің баланстық және баланстан тыс есептерге, сондай-ақ экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімтал кірістер және шығыстар шоттарына;
банктің баланстық және баланстан тыс есептерге, сондай-ақ банк холдингі болып табылатын еншілес ұйымдар мен тұлғалардың кірістер және шығыстар шотына;
банк алған синдикатталған заемдар және өзге де сыртқы заемдарды мөлшерлемелерін арттыру және өтеу мерзімдерін азайтуға;
заңды және жеке тұлғалардың депозиттер көлемінің ықтимал төмендеуіне;
өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруіне; мұнай газ секторының және оның инфрақұрылымының субъектілеріне берілген заемдарды қайтармау деңгейіне;
шетел валютасында берілген заемдарды қайтармау деңгейіне үнемі талдау жүргізеді.

Банктік заем операцияларын жүргізу

Басқарма баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша банктің және оның еншілес ұйымдарының кредиттік тәуекелге ұшырауына мониторингті жүзеге асырады.

Директорлар кеңесі кредиттер сапасын бағалау рәсімдері белгіледі.

Директорлар кеңесі және басқарма провизияларды қалыптастыру және жіктелген активтерді есептен шығару рәсімдерін белгіледі.

Басқарма айына кемінде бір рет баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша банк активтерінің сапасына және кредит тәуекелінің деңгейіне талдау жүргізеді, банктік қаржы жағдайына кредиттік тәуекелдің әсер ету дәрежесін айқындайды.

Банктің кредит бөлімшесінің қызметкерлері мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін рәсімдерді сақтау арқылы функционалдық міндеттерін жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет кредит бөлімшесі қызметкерлерінің мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін саясатты және рәсімдерді сақтауына тексеру жүргізеді.

Басқарма жаңа банк қызметтерін банктің ұсынуына немесе экономиканың жаңа секторлары не аймақтарына банк қызметін көрсетуге байланысты кредит тәуекелдеріне талдау жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі заем беру туралы шешім қабылдайтын банктің басшы қызметкерлерінің банктің ішкі ережелерінде айқындалған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкестігін тексереді.

Заем беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ереже заем беру туралы шешім қабылдайтын өкілетті тұлғаға білікті және кәсіби талаптарды айқындайды.

Кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу саясаты:
банк заемы шарттарында міндетті көрсетілуге, оның ішінде заемшыға заем бойынша міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін қаржы ережесі және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты заемшының ашуына жататын талаптарды;
Қазақстан Республикасының резидент еместерін кредиттеу кезінде - шетел мемлекеттерінің заңнамаларына құқықтық сараптау жүргізуді айқындайды.

Директорлар кеңесі мынадай критерийлерді бекітеді:
заемшының есеп саясатының қолданылып жүрген есеп және есеп беру стандарттарына, заемшылардың қаржылық есептерінің шынайылығына сәйкестігін бағалау;
заемшының бас және еншілес ұйымдарының қаржы жағдайын бағалаудың дұрыстығын бағалау;
заемшының беделі мен іскерлік бет-бейнесін бағалау;
заемшының технологиялық өндіріс саласының жағдайын және тиімділігін бағалау;
заемшының заем құралдарын пайдалануын тексеру.

Мынадай факторларды ескере отырып, заемшының заемды өтейтін дерек көздерін тексеру:
өндірістік перспективалары, сату динамикасы, қысқа мерзімді активтерінің сапасы,
борышқа қызмет көрсетуге қойылатын талаптармен салыстырғанда борышты өтеуге бөлінуі мүмкін кірістің сомасы;
заемшының бизнес-жоспарының тиімділігін бағалау;

Заемшы мониторингінің саясаты мен рәсімдері банктің:
заңды тұлғалардың, оның ішінде жылжымайтын мүлікке берілген заемдар бойынша заемшыларға қаржылық талдау жүргізу;
қаржы есептеріндегі деректерді жинау және талдау негізінде заемшының қаржы жағдайындағы өзгерістерді қадағалау;
қаржылық талдау арқылы заем қаражаттарын пайдалану тиімділігін тексеру;
баланстық және баланстан тыс операцияларды қоса алғанда, банктің меншікті капиталынан бес процент асатын соманың тәуекелдерін тексеру; оның бас және еншілес ұйымдарын ескере отырып, заемшының шоғырландырылған кредит тәуекелін тексеру тәртібін айқындайды.

Қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшылардың мониторинг саясаты:
"қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшы" ұғымын, оның ішінде активтерді жіктеу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржы ережелерін бағалау критерилеріне сәйкес келетін ұғымды;
қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшыға берілген заемдарды бақылау әдістерін;
жоғары тәуекелмен күмәнді және үмітсіз заемдарды өндіріп алу әдістерін;
заемдары жоғары тәуекелмен күмәнді және үмітсіз болып жіктелген, заемшылар туралы банк филиалдарын ақпараттандыру тәртібі;
тәуелсіз эксперттерді немесе аудиторларды тарту арқылы, қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшының қаржылық және өндірістік қызметінің көрсеткіштерін ай сайын қадағалау тәртібі,
заемдары жоғары тәуекелмен күмәнді және үмітсіз болып құрылымдалған жоспарды әзірлеу жөніндегі шаралар.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
қамтамасыз етудің жеткіліктілігін есептеу жөніндегі ережені (мысалы, кредит құнының кепіл құнына коэффициенті, кепілді қайта бағалау);
заемшының өндірістік қызметі көрсеткіштерінің өзгеруін, қамтамасыз етудің сақталуын, оның ішінде төтенше жағдайларға ұшырампаздығын ескере отырып қамтамасыз етудің жеткіліктілігін бағалаудың шұғыл әдістерін;
кепіл затын тексерудің кезеңділігін;
кепіл түрінде берілген, атап айтқанда кредиттік желілер, аккредитивтер және кепілдіктер бойынша жылжымайтын мүлік сатып алуға заңды тұлғаларға берілген заемдар бойынша жылжымайтын мүлікті қайта бағалаудың кезеңділігін;
өтегенге дейін кепіл ретінде ұсталатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалаудың кезеңділігін;
гаранттың қаржы жағдайын бағалаудың кезеңділігін және әдістерін айқындайтын қамтамасыз етудің жеткіліктілігін бағалау рәсімдерінің тиімділігін кезең-кезеңмен талдайды;

Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу

Қосарланған бақылау жүйесі:
фронт- және бэк-офистерді бөлуді;
бэк-офистің фронт-офис операцияларының жағдайын уақтылы тексеру мүмкіндігін;
қосарланған бақылау жүйесі қатысушылары арасындағы ықтимал келісімдерді шектеу шараларын;
тәуекелдер мониторингі мен кастодиан қызметін жүзеге асыратын фронт- және бэк-офистерде және бөлімшелерде бір тұлғаның ұқсас қызметтік міндеттерді бір мезгілде орындауына тыйым салуды қарастырады.

Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және банк кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен айла-әрекет жасау және тәуекелді қабылдау жағдайларын анықтау және болдырмау мақсатында банк операцияларын тексереді.

Банктің қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларын қамтамасыз ететін техникалық жүйесі бар.

Банктің ақша және қаржы құралдары бойынша есептер жүргізуге арналған техникалық жүйесі бар.

Банктің тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар.

Ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар тәуекелдерді басқару бөлімшесінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге жауап беретін банктің бөлімшесі ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша банк айқындаған әділ құнның дұрыстығына мониторинг жүргізеді.

Директорлар кеңесі кезең-кезеңмен жиынтық лимитті және "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындайды.

Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды жүзеге асыратын банк бөлімшесі банктің басқармасына қаржы құралдары бойынша банк позициясын ұсынады.

Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді және "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындау рәсімдерін белгілейді.

Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган шетел валюталарының әрбір түрлері және барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі спот және форвард операцияларын өтеу мерзімдерін басқару үшін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін пайдаланады.

Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, ол: инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;
құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін операцияларға рұқсат бермеу мақсатында кредиттеу функцияларынан инвестициялық операциялар жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін;
қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет мақсаттары бойынша инвестициялық критерийлерді айқындайды.

Басқарма банктің инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингінің рәсімдерін бекітті.

Инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеппен бірге мониторинг нәтижелері басқарма мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары бойынша банктің инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады.

Құрылымдау рәсімдері:
айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар портфеліне қайта бағалау жүргізуді;
жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау жүргізуді қарастырады.

Банк олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді.

Активтерді және міндеттемелерді басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган:
активтерді және міндеттемелерді басқару мәселелерін қарайды;
тәуекелдерді басқару, басқару бөлімшесімен өзара іс-әрекет жасайды;
баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша өтімділік тәуекелін, процент тәуекелін және валюта тәуекелін апта сайын бақылайды;
өтімділік тәуекелі, процент және валюта тәуекелдері, сатып алу/сату операцияларының түрлері және динамикасы бойынша банктің позициясы туралы басқармаға апта сайын, директорлар кеңесіне ай сайын ақпарат береді;
берілетін заемдер және тартылатын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін белгілеу жөнінде ұсыныстар береді.

Тиісті функциялары және өкілеттіктері бар Басқарма немесе басқа алқалы орган банктің қажетті өтімді активтер мөлшерін қалыптастыру қабілеттілігіне ықпал ететін ақпараттарды алады және талдайды.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшелері және/немесе алқалы орган тиісті функциялары және өкілеттіктеріне сәйкес оларды берілетін займдарды қамтамасыз ету ретінде тез кепілдікке беру үшін қажетті өтімді активтердің деңгейін айқындайды және қолдайды.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі өтімді активтерді, оның ішінде спот, форвард және своп операцияларын қабылданған халықаралық практикада жүргізу нәтижесінде ұлттық және шетел валюталарын тартудың дерек көздеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган:
күн сайын тұрақты түрде ақша ағынының кестесін жасайды және таяудағы он жұмыс күніне қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияның мониторингін жүргізеді;
үнемі (мысалы, апта сайын) есеп айырысу күніне сәйкес, активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің кестесін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде қолма-қол ақша бойынша гэп-позициясына мониторинг жүргізеді;
мониторингті және әрбір валюта бойынша ұлттық валютаға немесе басқа шетел валютасына айырбастамай қолма-қол ақша жөніндегі гэп-позицияны басқаруды жүзеге асырады.

Банк баланстан тыс банк операцияларын өтеудің болжанған көлемін ескере отырып өтімділікке бақылауды жүзеге асырады.

Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган басқа банктерден өтімді активтерді жинақтау мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияның лимиттерін белгілейді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі банктің өтімді активтерді жинақтау қабілетінің өзгеруін ескере отырып, қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге үнемі шолу жүргізеді.

Банк күнделікті банк операцияларын әрбір жұмыс күні жинақталуға тиіс ақшаның қажетті сомасы өтімді активтерді тартудың күнделікті сомасынан аз ғана асатын банк операцияларын жүзеге асырады.

Банк үнемі өтімді активтердің дерек көздерін (ішкі және сыртқы дерек көздері) тартудың және олар тартылған негізде операциялар түрлерін түрлендірудің мониторингін жүргізеді.

Банк үнемі шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру мүмкіндігіне мониторинг жүргізеді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесінің және/немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы органның:
валюталық бағамдардың өзгерістерін талдау үшін қосымша жүйесі бар;
валюта бағамдарының өзгеруіне сезімталдықты айқындау үшін, тәуекелдің валюталық құралдарының құнына бағалау жүргізілетін ашық валюталық позицияны немесе моделдерді үнемі талдайды.

Банктiң операциялық қызметiне, ақпарат жүйесiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне қамтамасыз ету

Ішкі рәсімдер реттейді:
банктің өндірістік қызметіне басшылықты қамтамасыз ететін бөлімшені;
банк операцияларын жүргізудің техникалық тәртібін;
банк операциясының бухгалтерлік есебін;
банк операциясына қосарланған бақылауды және олардың есебін реттейді.

Банк кассадағы ақшаны сейфте (қоймада) сақталатын журнал жазбаларымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Банк кассадағы қолма-қол ақшаның артық (кем шығу) жағдайын тексереді.

Банк банкоматтардың қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуіне жауап беретін қызметкерлердің жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі депозиттерді қабылдау/орналастыру, дебиторлық/кредиторлық берешек бойынша операцияларды жүргізудің техникалық операциясын олардың сақтауын бағалау мақсатында жарты жылда кемінде бір рет бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

Банктің деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және жұмыс істеуіне қатысты ережелері мен нұсқаулықтары бар.

Электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін банк қызметкерінің жұмыс саласына сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады.

Тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне үнемі хабарлайды.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған банк жүйесіне кіру және шығу кезінде рұқсат алу деңгейін тексеру жүйесі бар.

Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпарат базаларына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі рәсімдерді және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің жауапкершілігін бекітті.

Рәсімдер:
Дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
өрт қауіпсіздігінің, сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;
автономды электр қуатының;
резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың міндетті түрде болуын қарастырады.

Банк үнемі деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдар мен файлдардың резервтік көшірмелерін қалыптастырады.

Төтенше жағдайлар компьютерлік орталықтар және филиалдар үшін жүйе жұмысында төтенше іркілістер болған жағдайдағы ережелер мен нұсқаулықтарды қарастырады.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізіледі.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

Рәсімдер:
рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;
рұқсат алу тәртібі;
ақпарат деректеріне рұқсатты бақылау тәртібі;
ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалардың тізбесі.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет деректердің автоматтандырылған базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тексереді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жағдайы туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрі мен көлемінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.

Банкте пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйе бар.

Банкте Интернет коммуникациялары бойынша қаражатты аудару жөніндегі қызметтерді ұсынған кездегі қауіпсіздіктің кешенді шаралары бар.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі жүйелік проблемалар салдарынан пайда болған нақты алынған залал бойынша деректерді жинақтауды және есепке алуды жүргізеді және олардың қайта туындамауының алдын алу шараларын қабылдайды.

                                      Екiншi деңгейдегi банктерде
                                       тәуекелдердi басқару және
                                        iшкi бақылау жүйелерiнiң
                                       болуына қойылатын талаптар
                                      туралы нұсқаулыққа 8-қосымша

      Ескерту: 8-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012  № 383(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. 

          Нұсқаулықтың талаптарына қосымша критерийлер

Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жүйесін ұйымдастыру

Директорлар кеңесі банк қызметінің стратегиясын бекітеді.

Банктің корпоративтік стратегиясында банк қызметінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары айқындалған. Қызметтердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарының мерзімдерін банк жеке айқындайды.

Банктердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және банк қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.

Директорлар кеңесі тәуекелдермен (кредит тәуекелі, процент тәуекелі, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі) байланысты және банктің стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне қайшы келетін немесе банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын банк басқармасы жүргізетін банк операцияларының мониторингі жөніндегі саясатты бекітеді.

алынып тасталды; <*>

Тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын банк бөлімшесі әлемдік тауар және қаржы рыноктарына теріс динамика жағдайында меншікті капиталдың, кірістіліктің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау әдістемесін пайдаланады.

Басқарма әлуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың банктің қаржы көрсеткіштеріне әсерінің дәрежесін бағалайды.

Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттердің бөлігінде, басқарма банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне лимиттерді айқындайды, банктің аталған лимиттерді сақтауының тиімді бақылау шараларын қолданады.

Басқарма олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды.

Басқарма банк бөлімшелерінің ықтимал және әлуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, банк бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады.

Басқарма олар жүргізген операциялардың түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем қабілеттігін сақтау мақсатында оларға байланысты тәуекелді ескере отырып, банк операцияларының құрылымын және көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оны банктің жауапты бөлімшелерінің орындауын бақылайды.

Банкте түрлендіру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-функционалдық және операциялық құрылымы бар;

Банктің ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматтары және олар қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде кредит, процент тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі, елдің (трансферт) тәуекелдерін сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге тап болу дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың сақталуы айқындалады.

Бөлімше қабылданатын тәуекелді ескере отырып, банктің күтіліп отырған кірістеріне бағалау (есептеу) жүргізеді.

Директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат қаржы көрсеткіштерінің шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдер мониторингінің рәсімдерін айқындайды.

Директорлар кеңесі айқындаған банк тәуекелінің жиынтық лимиттері шегінде еншілес ұйымдар үшін тәуекелдер лимиттерін Директорлар кеңесі растайды.

Тұтыну кредитін алуға өтінімдерді өңдеуге тіркеу процесін автоматтандыру.

Соңғы 5 жылға тұтыну кредиттері бойынша тарихи деректер базасының болуы.

Тұтыну кредиттерді ұсыну, бекіту рәсімі және мониторинг талаптарын айқындайтын ішкі саясаттың болуы.

Заемшылардың ішкі автоматтандырылған математикалық немесе скоринг бағалаудың статистикалық модельінің және рейтингтік жүйесінің болуы.

Пайдаланатын скоринг модельінің сапасын жыл сайын тексеру.

Саясат мынадай тәртіптерді айқындайды:
сапалық және сандық сиппаттарында негізделген кредиттік скоринг арқылы заемшының кредит қабілеттілігін бағалау, оның ішінде:
заемшының тұрақты және жеткілікті кірістің болуы;
жұмыс орыны және лауазымы;
ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығы;
- кепіл есебінде қолайлы жылжымайтын мүліктің болуы;
- несие берешектің болуы, оның ішінде басқа банктер алдында;
- банктер кредиттері бойынша төлем тәртібі;
- кредит тарихының болуы;
заемшының ішкі кредит рейтингін белгілеу;
заемшы ұсынған деректердің дұрыстығын айқындау;
тұтыну кредиттердің мониторингі және топтастыру;
тұтыну кредиттер бойынша провизияларды қалыптастыру.

Ішкі бақылау

Банктің Директорлар кеңесі бірдей және тиімді ішкі бақылау жүйесін құруына және жұмыс істеуіне жауап береді.

Директорлар кеңесі мүшелерінің банк қызметі және оған байланысты тәуекелдер саласында қажетті білім мен тәжірибесі бар.

Банк басшылығы, құрылымдық бөлімшелер басшылары ішкі бақылау жүйесін бірдей жұмыс істеуіне жауап береді.

Басшылық:
Қажетті тәжірибесі және техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлер ішкі бақылау жөніндегі жұмысты орындауды қамтамасыз ететін шаралар қолдайды.

Директорлар кеңесі:
1) банк басшыларымен ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін кезең кезеңмен талқылайды;
2) басшылық, ішкі аудит және ішкі аудиторлар қызметі жасаған ішкі бақылау бағасын уақытында қарайды;
3) ішкі бақылау жүйесі жетіспеушілігі себебінен аудиторлар және қадағалау органдары айтқан ұсынымдар мен ескертулерді басшы жедел орындауды қамтамасыз ететін кезең кезеңмен шаралар жүргізеді;
4) банк стартегиясының және тәуекел лимиттерінің бірдейлігін кезең кезеңмен тексереді.

Басшылық Директорлар кеңесінің нұсқауларын орындауға, оның ішінде стратегия мен саясатты іске асыруды және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін құруға жауап береді.

Банктің ішкі ережесінде өкілеттік саласы, есеп беру және барлық банк шеңберінде ақпаратпен алмасудың тиімді жүйелерін нақты көрсете отырып ұйымдық құрылымы сипатталған.

Басшылық нақты ережелерді және ішкі бақылау саласындағы рәсімдерді әзірлеуге өкілеттікті тиісті бөлімшелерінің басшыларына береді.

Басшылық тиісті ережелер мен рәсімдерді әзірлеуді және орындауды бақылайды.

Банк басшылығы қажетті тәжірибесі және техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлер ішкі бақылау жөніндегі жұмысты орындауды қамтамасыз ететін шаралар қолдайды.

Операциялық рәсімдер банктің барлық мүдделі қызметкерлеріне алуына қолайлы нақты жасалған ішкі құжаттарда сипатталған.

Банк қызметкерлері өз міндеттемелерін тиімді орындайды және кез келген операциялық проблемалар, кәсіби этикасын сақтамау жағдайлар немесе басқа рәсімдерді бұзу не асыра пайдалану тиісті деңгейде басшылыққа хабарлайды.

Алға қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін тәуекелдерді басшылықтың тұрақты түрде бағалауы.

Жаңа немесе оған дейінгі бақылауда болмаған тәуекелдерді тиімді қадағалау мақсатында ішкі бақылау жүйесін қайта қарау.

Жаңа қаржы құралдарын және қаржы рыногында пайда болатын рыноктық операцияларды бағалау және осы қызметке байланысты тәуекелдерді талдау.

Тәуекелді бағалау банктің алға қойылған мақсаттарға жетуіне теріс ықпал етуі мүмкін ішкі факторларды (мәселен, ұйымдық құрылымның күрделілігін, банк қызметінің сипатын, қызметкерлердің біліктілік деңгейін, ұйымдық өзгерістерді және кадрлардың тұрақтамауын) және сыртқы факторларды (экономикалық жағдайлар мен банк саласындағы жай-күйді, технологиялық жаңалықты) анықтайды және қарастырады.

Бақылаудың жүзеге асырылуы банктің барлық қызметкерлеріне, оған қоса басшылыққа және клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.

Тұрақты негізде банк басшылығы банк қызметінің барлық аспектілеріне банктің ішкі құжаттардың сәйкестігі туралы растауды, ішкі құжаттардың мағынасы бірдей болып қалу туралы ақпаратты алады.

Бірнеше қызметкердің арасында мыналар:
ақшаны санкциялы төлеу және оны нақты төлеу;
оларда клиенттердің операциялары көрінетін шоттарды және банктің меншікті операциялары көрінетін шоттарды жүргізу;
"банк" портфелі мен "дилер" портфеліне қатысты операцияларды жүргізу;
маркетинг операцияларын сол клиенттермен бір мезгілде жасаған кезде олардың позициялары туралы ақпаратты клиенттерге формальды түрде беру;
заемды берген кезде кредит құжаттамасының бірдейлігін бағалау және заемды бергеннен кейінгі заемшы мониторингі;
басқа факторлармен жұмсартылмаған мүдделердің маңызды дауының туындауын болжайтын басқа салалар жөніндегі өкілеттіктерді бөлу.

Мүдделердің әлуетті дауының салалары анықталады, барынша азайтылады және тәуелсіз үшінші тұлға олардың тұрақты мониторингін жүзеге асырады.

Бірдей ақпараттың болуы және оның тиімді берілуі.

Ақпараттың мынадай сапалары бар: іске жатады, сенімді, уақтылы, алуға қолайлы және ресімділеді.

Ақпарат өзіне ішкі қаржы және операциялық деректерді, Қазақстан Республикасы заңнаманың белгіленген талаптарын және нормативтік құқықтық актілерін сақтау жөніндегі деректерді, сондай-ақ сыртқы рыноктан келіп түсетін мәліметтерді, шешімді қабылдауға қатысы бар оқиғаларды және жағдайларды енгізеді.

Ішкі ақпарат есеп жазбаларын сақтайтын белгіленген тәртіпке сүйенетін есеп процесінің бөлшегі болып табылады.

Ішкі резервтік рәсімдерін және функцияларды қалыптастыру рәсімдерін әзірлеу, әзірлеу ережесін және программаларды сатып алу, қызмет көрсету (бақылауды өзгерту) рәсімдерін және нақты/ойша кіру қауіпсіздігін бақылау.

Программалық қамтамасыз етуге бақылау программа қосымшаларында компьютерлік қадамдары және операцияларды өңдеуді және банк қызметінің басқа түрлерін бақылайтын қолдан жасалатын рәсімдері болып табылады.

Банктен тыс жерлерде орналасқан ішкі провайдер қызмет көрсетуді қолдау банк қызметіне арналған шиеленісті жүйесін қалпына келтіруді қоса отырып қайталау құрылғылар пайдалануымен күтпеген жағдайларда іс-әрекет жоспарын әзірлеу.

Күтпеген жағдайлар туындаған кезде банк операцияларының орындалуы үшін оны қалпына келтіру бағдарламасын кезең кезеңмен тестілеу.

Банк басшылығы ақпарат берудің тиімді жүйесін (операциялық саясатты және банк қызметінің рәсімдерін айқындайтын құжаттарды, банктің нақты операциялық қызметі жөніндегі ақпаратты) құрады.

Жоғары, төмен және көлденең ақпараттың бірдей ағымын қамтамасыз ететін банктің ұйымдық құрылымын құру.

Жоғарыдан төменге келіп түсетін ақпарат Директорлар кеңесіне және басшылыққа қызмет барысында қабылданған тәуекелдер туралы және банктің ағымдағы жағдайы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Төменге жіберілетін ақпарат банк мақсатын, оның стратегиясын, белгіленген тәртіптерді және рәсімдерді орта мен кіші буын басшылығына және қатардағы қызметкерлерге хабарлауды қамтамасыз етеді.

Банк операцияларын жүзеге асыратын бөлімдерді, қаржы бақылау және ішкі аудитті қоса отырып әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері ішкі бақылаудың тиімділік мониторингін жүзеге асырады.

Банк басшылығы мониторингтің нақты аспектілеріне жауап беретін қызметкерлердің міндеттемелерін таратады.

Мониторинг ішкі бақылаудың барлық процесін мерзімдік бағалауды енгізеді.

Банктің әртүрлі операциялар мониторингінің кезеңділігі олармен байланысты кезеңділіктің және банк қызметінің жағдайларында болатын өзгерістер сипатының тәуекелдерін негізге ала отырып айқындалады.

алынып тасталды; <*>

алынып тасталды; <*>

Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлшегі болып табылады және белгіленген ереже мен рәсімдерінің бірдейлік тәуелсіз бағалауды, сондай-ақ оны сақтауды қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметі банктің күнделікті жұмысынан тәуелсіз және банктің, оның филиалдары мен еншілес құрылымдарын қоса отырып жүргізетін операциялардың барлық түрлеріне қол жеткізеді.

Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер туралы және тәуекелдерді тиімсіз бақылау туралы ақпарат тиісті тұлғаға (тұлғаларға) айқындалғанына қарай дереу хабарланады, күрделі мәселелер Директорлар кеңесіне хабарланады.

Тиісті басшылар жетіспеушіліктерді уақтылы түзетуді қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметі кейінгі тексерісті жүргізеді және мониторингтің басқа түрлерін жүзеге асырады және Директорлар кеңесіне барлық түзетілмеген жетіспеушіліктер туралы дереу хабарлайды.

Банктің Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың жетіспеушіліктерін және оларды жою үшін қабылданған шараларды қадағалау жүйесін құрады.

Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесі анықтаған барлық проблемаларды жинақтайтын есептерді кезең кезеңмен алады.

Директорлар кеңесі бизнесті ретті жүргізуді қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүйесін (белгілі мақсаттарға сілтеме жасай отырып) тұрақты түрде тексереді.

Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын жүйелі түрде тексереді.

Директорлар кеңесі анықтау рәсімдерінің болуын және қойылған мақсаттарының жетістігі кезінде банк тәуекелдерге тап болатын бірдей бақылауын; тұтастығын, қаржылық ақпараттың және басқару ақпараттың сенімділігі мен уақтылығын тестілеу; заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді, қадағалау саясат пен ішкі жоспарларды, әдістемелерді және рәсімдерді сақтау мониторингін қамтамасыз етеді.

Басшылық жауапкершілікті, өкілеттікті және есеп беру қатынасын таратуымен және берілген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуімен ұйымдық құрылымын қолдайды.

Басшылық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге жауап береді.

Басшылық ішкі бақылаудың тиісті әдістемесін белгілейді және ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін қадағалайды.

Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттемелері мыналар болып табылады:
Ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру және бағалау;
Тәуекелдерді басқару және тәуекелдерді бағалау методология рәсімдерінің қолдануы мен тиімділігін тексеру;
электрондық ақпарат жүйесін және электрондық банк қызмет көрсетуді қосқанда менеджмент және қаржылық ақпарат жүйесін тексеру;
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептері жазбаларының дәлдігі мен дұрыстығын тексеру;
активтерді сақтау құралдарын тексеру;
банк жүйесін оның тәуекелін бағалауына байланысты оның капиталын бағалау бойынша тексеру;
операциялардың тиімділігін тексеру;
транзакция сияқты ішкі бақылаудың нақты рәсімдерін жұмыс істеуін тестілеу;
құқықтық және реттеу талаптарын, әдістемелер мен рәсімдерді жүргізу және тәртіп кодекстерін сақтауды қамтамасыз ету үшін тағайындалған жүйелерді тексеру;
қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен уақтылығын тестілеу;
арнайы тексерулерді жүзеге асыру.

Басшылық алғашқы сатыдағы тәуекелдерге байланысты анықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа әзірлемелер, өнімдер мен операциялық өзгерістер туралы ішкі аудит қызметін тұрақты және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Ішкі аудитті штат қызметкерлері бар ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі барлық департаменттерде, банк бөлімшелерінде және қызметтерінде өз еркімен қызметті жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметінің алынған деректер және бағалау туралы баяндауға және осы ақпаратты банк ішінде жариялауға құқығы бар.

Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесінің тікелей бақылауында іс-әрекет етеді.

Ішкі аудит қызметі басшысының тікелей өкілеттігі бар және өз еркімен Директорлар кеңесімен, Директорлар кеңесінің төрағасымен немесе қажет болған жағдайда - әрбір банк оның ішкі аудит қызметі туралы ережесінде айқындалған сыртқы аудиторларымен байланыста болады. Бұл хабардар Қазақстан Республикасының заңдарына және банктің ішкі құжаттарына қайшы келетін банк басшысының шешім қабылдауына қатысты болуы мүмкін.

Ішкі аудит қызметі тәуелсіз тексерілуге тиіс. Бұл тексеру тәуелсіз жақ ішкі аудитор сияқты жүзеге асырады.

Объективтілік және бейтараптылық, ішкі аудит қызметі мүдделерінің дауларын болдырмауға тырысатынын білдіреді.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін кезең кезеңмен алмастыру қажет.

Банк ішінде жиналған аудиторларға аудит қызметімен немесе осы банкте соңғы он екі ай ішінде жүзеге асырылған функциялармен айналысуға қажет емес.

Бейтараптылық ішкі аудит қызметі банк операцияларына немесе таңдауына тартылмауды және ішкі бақылау бойынша шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Басшылық ішкі бақылау принциптерді сақтауға қатысты нақты мәселелер бойынша ішкі аудит қызметінің пікірін сұратуы мүмкін.

Тиімділіктің жетістігі мақсатында басшылық қайта ұйымдастыру мәселелерін, қызметтің маңызды мәселелерін қарау, жаңа бөлімшелерді құрған оның ішінде тәуекелдерді бақылау жүйесін, ақпараттарды немесе ақпараттық технологияларды басқару жүйесін құру және қайта ұйымдастыру кезде пікір сұратуы мүмкін.

Дегенмен, бұл шараларды әзірлеу және іске асыруы басшылықтың жауапкершілігінің соңғы саласы болып қалады: консультативтік функция негізгі міндеттерді немесе ішкі аудит қызметінің жауапкершілігін және тәуелсіздігін орындауға кедергі болмайтын қосымша міндет болып табылады.

Ішкі аудит қызметінің кейінгі қорытындыларында ішкі бақылауды жақсарту жөніндегі жетіспеушіліктер мен кемшіліктерге және ұсыныстарға қатысты ұсынымдары бар.

Әрбір ішкі аудитордың кәсіби құзыреті, сондай-ақ оның ынталандыруы және үздіксіз оқытуы ішкі аудит қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін қажетті талаптары болып табылады.

Кәсіби құзыреті аудитордың атқару рөлінің сипатын және ақпаратты жинауға, талдауға, бағалау мен байланыста болу қабілетін ескеруімен бағаланады.

Ішкі аудит қызметі бөлімдердің және еншілес кәсіпорындарының қызметін, сондай-ақ сыртқы мердігерліктерді тартуымен қызметін қоса отырып банк бөлімшелерін тексереді.

Ішкі аудит және ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру және бағалау енгізеді.

Ішкі аудит қызметі мыналарды бағалайды:
банктің саясатты сақтау және тәуекелді бақылау;
қаржылық және басқару ақпараттың сенімділігі мен уақтылығы (тұтастығын, дәлдігін және толықтығын қоса отырып);
электронды ақпараттық жүйесі жұмысының үздіксіздігі мен сенімділігі;
кадрлар бөлімінің жұмыс істеуі;
Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының және ұйымдық құрылымы және банктерді басқару туралы уәкілетті органның әдістемесін, принциптерін, ережелері мен нұсқауларын қоса отырып банктің банк операцияларына қатысты ішкі ережелерінің болуы.

Банк меншік капиталын бағалау рәсімдерін тексеру үшін жауапты тұлғаны немесе департаментті айқындайды.

Ішкі аудит қызметі туралы ереже мыналарды белгілейді:
ішкі аудит қызметі қызметтерінің мақсаты мен саласын;
ұйымдағы ішкі аудит қызметінің мәртебесін, оның өкілеттігін, басқа қызметтермен міндеттері мен қатынастарын;
ішкі аудит қызметінің есеп берушілігін.

Ішкі аудит қызметі туралы ережесін Директорлар кеңесі бекітеді.

Ішкі аудит қызметі туралы ережесінде басшылық бастама құқығын ұсынады және ішкі аудит қызметінің қызметкеріне банктің кез келген қызметкеріне тікелей кіруге, кез келген қызметті немесе банктің кез келген бөлімшені тексеруге, сондай-ақ басқару ақпаратты және өз міндеттемелерін орындауға жататын органдардың барлық консультативтік және қабылданатын шешімдердің хаттамаларын қоса отырып кез келген жазбаларды, досьені немесе банктің деректерін алуға рұқсат беріледі.

Ішкі аудит қызметі туралы ережесінде ішкі аудит қызметі консультациялық қызмет көрсетулерге немесе басқа арнайы тапсырмаларды орындауға тартылуы мүмкін талаптарды көздейді.

Ішкі аудитке сонымен қатар:
мақсаты - бухесеп жүйесінің және ақпараттар мен солардың негізінде жасалған қаржылық есептердің сенімділігін бағалау болатын қаржы аудиті;
мақсаты - заңдардың, шағын заң актілерінің, әдістемелер мен рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған жүйелердің сапасы мен сәйкестігін бағалау болатын сақтау аудиті;
мақсаты - басқа жүйелер мен рәсімдердің сапасы мен сәйкестігін бағалау, ұйымдық құрылымды талдау және жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткіліктілікті бағалау болатын операциялық аудит;
мақсаты - банктің алға қойған мақсаты шеңберінде тәуекел мен бақылауға менеджмент көзқарасының сапасын бағалау болатын менеджмент аудиті жатады.

Ішкі аудит қызметінің басшылығы барлық тапсырылған міндеттерді орындау жоспарын дайындайды.

Аудит жоспарына ішкі аудит бойынша жоспарланған жұмыстың кестесі мен мерзімділігі жатады.

Аудит жоспары тәуекелдерге бақылау жасаудың әдістемелік бағасына негізделген.

Тәуекелдерді басқаруды бағалауда ішкі аудитордың банктің негізгі қызметі мен оған байланысты тәуекелдерді қабылдауы құжаттандырылады.

Ішкі аудит қызметінің басшылығы тәуекелдерді бағалау әдістемесінің принциптерін жазбаша белгілейді және қызметтің жаңа бағыттарын есепке ала отырып, ішкі бақылау жүйесіндегі немесе жұмыс процесіндегі өзгерістерді көрсету үшін оларды тұрақты түрде жаңартып отырады.

Тәуекелдерді талдау кезінде қызметтің бағыттары мен банктің бөлімшелері, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі тексеріледі.

Тәуекелдерді талдау нәтижелерінің негізінде қызметтің әрбір түріне тән тәуекелдер дәрежесін ескере отырып бірнеше жылға аудит жоспары дайындалады.

Жоспарда күтілетін әзірлемелер мен инновациялар ескеріледі, әдетте қызметтің жаңа түрлері кезінде тәуекелдің барынша жоғары дәрежесі және ақылға қонымды мерзімде аудитті қамту ниеті қызмет пен бөлімше түрлерінен маңызды.

Аудит жоспарына арнайы тексерулер, қорытынды шығару мен оқыту сияқты басқа міндеттерді орындауға арналған уақыт жатады. Бұл жоспарға штатты толықтыру мен басқа қажеттіліктерге арналған қажетті ресурстар атап көрсетілген бөлім де кіреді.

Аудит жоспарын ішкі аудит қызметі жасайды және Директорлар кеңесі бекітеді.

Аудиттің әрбір міндетін орындау үшін аудит бағдарламасын дайындау қажет. Аудит бағдарламасында аудитті жүргізу мақсаттары жазылады.

Аудиттің міндеттерді орындауының барлық рәсімдері қорытындыдағы бағалауға акценті бар жүргізілген тексерулердің нәтижелері көрсетілген сәйкес жұмыс құжаттарымен ресімделеді.

Әрбір тапсырма бойынша жазбаша аудиторлық қорытынды дайындалады.

Аудиторлық қорытындыда аудиттің мақсаты мен ауқымы баяндалады. Онда сондай-ақ тұжырымдар мен ұсынымдар бар.

Банк басшылығы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету керек.

Ішкі аудит қызметі оның ұсынымдарының орындалуын қадағалайды және корпоративтік тетігіне байланысты банк басшылығына, Директорлар кеңесіне жарты жылда кемінде бір рет есеп дайындайды.

Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудит стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, ішкі аудит қызметінің басшысы аудит жоспарын, ішкі аудит қызметі жұмысының бағдарламасын, әдістемелері мен рәсімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметінің басшысы қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен оларды оқытуды және қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі және ішкі аудит қызметінің мақсатына жетуі жөнінде оған кеңес береді, оның ішінде басшылыққа және/немесе директорлар кеңесіне аудит жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат береді.

Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің ұйымдастырылуын (қызметкерлерге қатысты тәрізді, басқа қатынастарда да), аудит жоспарын, істелген жұмыс туралы есептерді, ішкі аудит қызметі ұсынымдарының қысқаша мазмұны мен олардың орындалуымен болатын іс жағдайын қарастырады.

Банк ішкі аудит қызметінің анықтаған жөнсіздіктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға бақылау (қайтадан тексеру жүргізуді қоса отырып); ұсынымдарды орындау және анықталған жөнсіздіктерді жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпаратты ішкі аудит қызметінің жарты жылда кемінде бір рет директорлар кеңесіне, атқарушы органға беру тәртібін белгілейді.

Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді.
Банктің директорлар кеңесі комплаенс қызметі мәселелерін тиімді шешуді банк Басқармасы арқылы қамтамасыз ете отырып, жауап береді. Директорлар кеңесі осы өкілеттіктерді директорлар кеңесінің жанындағы тиісті комитетке бере алады.

Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және Директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады.
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқарудың негізгі принциптерін басқарманың және банк қызметкерлерінің сақтау қажеттігі көрсетілген комплаенс-тәуекелділікті басқару саясатын әзірлеуге жауап береді.
Басқарма комплаенс-тәуекелін басқару саясатын сақтауды қамтамасыз етеді және комплаенс-тәуекелі анықталған жағдайда түзету және тәртіптік шаралар қабылдайды.
Банк басқармасы комплаенс-қызметімен бірлесіп:
жыл сайын комплаенс-тәуекелінің пайда болуы проблемаларын бірегейлендіреді және бағалайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекітеді. Іс-шаралар Жоспарында комплаенс-тәуекелін басқарудың кемшіліктері, комплаенс-тәуекелін тиімді басқару үшін ішкі саясатты және рәсімдерді қайта өңдеу қажеттілігі көрсетіледі;
жыл сайын комплаенс - тәуекелін басқарудың тиімділігі туралы директорлар кеңесін хабардар етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтамау нәтижесінде іскер беделді жоғалтуға немесе шығындарға алып келуі мүмкін кез-келген операциялар туралы директорлар кеңесін дереу хабардар етеді.

Комплаенс қызметінің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс-тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар;
банк шегінде ресми мәртебесі, тиісті жағдайы, өкілеттігі және тәуелсіздігі бар.
Комплаенс-бақылаушыны қызметке директорлар кеңесі тағайындайды.
Комплаенс қызметі туралы ереже сонымен бірге мыналарды көздейді:
комплаенс-бақылаушының банктің директорлар кеңесіне есептілігін;
комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелді басқару бөлігінде комплаенс-бақылаушыға есептілігін;
комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының міндеттері мен өкілеттілігін;
комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелді басқару бөлігі бойынша оларға жүктелген жұмыстар бөлігіндегі тәуелсіздігі;
комплаенс қызметінің банктің басқа бөлімшелерімен және ішкі аудит қызметімен өзара қарым-қатынасы;
комплаенс-тәуекелін басқару саясатын бұзу мүмкіндігін анықтау және тексеру жүргізу құқығы және осы міндетті орындау үшін ішкі және сыртқы мамандарды қамту;
тексерулерінің нәтижелерін банк басқармасына ашық көрсету және ашу құқығы және қажет болғанда банктің директорлар кеңесіне білдіру құқығы.
Комплаенс қызметі банктің кез-келген бөлімшесімен өз жеке ұсынысы бойынша ынтымақтастық орнатуға және өз міндеттерін орындау үшін қажетті кез-келген файлдар мен есептерді алуға құқылы.

Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек.
Комплаенс-бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, өз міндеттемелерін орындау үшін кәсіби және жеке қасиеті болу керек.
Комплаенс-бақылаушы мен комплаенс қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамаларын, банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін білуі керек.

Комплаенс-бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының кәсіби дағдылары банк тарапынан тұрақты және жүйелі оқытумен көтермеленіп отырады.

Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды:
банк қызметінің, сондай-ақ оның қызметкерлерінің қаржы рыногындағы іс-қимылы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
банк қызметкерлерінің банктің ішкі құжаттарымен, банктің қаржы рыногындағы қызметі мәселелері бойынша басқару органдарының шешімдерімен белгіленген қаржы рыногындағы қызметті, қаржы рыногындағы операцияларды (мәмілелерді) жүргізу стандарттарын жүзеге асыру ережелерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, банк қызметкерлерінің қаржы рыногындағы банктің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуін, банктің ішкі құжаттарын бұзу фактілерін зерттейді;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелері және лауазым иелерімен бірлесе отырып, клиенттер мен контрагендердің мәмілелер (операциялар) бойынша банктің немесе жекелеген қызметкерлерінің олардың қаржы рыногындағы банк қызметі жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі іс-қимылына шағымдарын тексереді;
дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, қызметтері қаржы рыногындағы операциялармен (мәмілелермен) байланысты банктің жекелеген қызметкерлері және бөлімшелерінің жұмысында анықталған тәртіпсіздіктер және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ аталған бөлімшелердегі жұмысты оңтайландыру бойынша ұсынымдарды әзірлейді және басшылыққа ұсынады;
қызметкерлердің қызметтік міндеттерінің тізбесін ескере отырып, қаржы рыногындағы банк қызметін реттейтін, банктің ішкі құжаттарының талаптарымен банктің барлық қызметкерлерін таныстыру бойынша банктегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылайды;
нақты операциялардың (мәмілелердің) немесе олардың бөліктерінің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне қатысты сұратулар бойынша кеңестер береді;
комплаенс-тәуекелдің мониторингі жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері комплаенс-тәуекелді басқарудың ішкі рәсімдерімен сәйкес есеп түрінде ұсынылады;
туындайтын проблемаларды шешуде өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне, комплаенс-тәуекелдің туындауына байланысты проблемалар бойынша қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады;
ішкі саясат пен рәсімдерді бекіту арқылы комплаенс-тәуекел туралы банк қызметкерлері үшін ішкі басшылықты әзірлейді. Комплаенс қызметінің ағымдағы есеп беру тәртібі банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Комплаенс-бақылаушы банк басқармасын хабардар етеді:
қызметкерлердің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларын және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарын, банктің қаржы рыногындағы қызметін реттейтін банктің ішкі құжаттарын бұзу туралы анықталған жағдайлар жайлы;
банктің тексеруші бөлімшелерінің басшыларының жол берілген тәртіп бұзуларды жою және олардың қорытындысы туралы не осындай қабылданған шаралары туралы;
жыл сайын комплаенс-тәуекелді бақылау туралы банктің Директорлар кеңесіне есеп береді.
Комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушылары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде:
әрбір тексеру фактісіне толық құжаттама жасауды қамтамасыз етуді және тексеру барысында қаралған барлық мәселелерді көрсететін тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды, анықталған жөнсіздіктер мен қателерді, оларды жою жөніндегі ұсынымдарды ресімдеуді қамтамасыз етуді;
бақылау барысындағы атқарылған жұмыстың және жүргізілетін тексерудің барысына, сондай-ақ олардың нәтижелерінің дұрыстығына сенуге мүмкіндік беретін құжаттардың болуын қамтамасыз етуді (не құжаттың сақталынып тұрған жері туралы ақпарат);
тиісті бөлімшелерден алынған құжаттардың сақталуын және қайтарылуын қамтамасыз етуді;
алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауды;
кемшіліктерді жою үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ жекелеген қызметкерлердің жұмыстарына талдау жасау мақсатымен тексерулердің қорытындысы бойынша банк басшылығына және банктің сәйкес бөлімшелеріне қорытынды ұсынуға.

               Банктік заем операцияларын жүргізу

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің кредит тәуекелдерін шоғырландыруды айқындау мақсатында және шоғырландырылған негізде оның ішінде заемшылар, экономика салалары, ел/аймақтар бөлшегінде есеп кезеңі ішінде жүргізілген банктік заем операциялар мониторингін тоқсанда кемінде бір рет жүргізеді.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мониторинг жүргізеді және банктің кредит тәуекелі жөніндегі мәліметтерді, оның ішінде заемшылар, экономика салалары, ел/аймақтар бөлшегіндегі шоғырландырылған негізде тоқсанда кемінде бір рет басқармаға және жартыжылда кемінде бір рет Директорлар кеңесіне ұсынады.

Директорлар кеңесі қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңіне кредит тәуекелін өлшеу және болжамды бағалау рәсімдерін бекітті.

Кредит тәуекелін өлшеу және болжамды бағалау рәсімдері, оның ішінде мынадай параметрлерді енгізетін кредит тәуекел модельін пайдалануды көздейді: кредит тәуекелі туындаған кезде шығыс (шығын) деңгейі, кредит тәуекелінің саты бойынша активтерді тарату, кредит тәуекелінің деңгейі бойынша активтерді тарату өзгеру болжамы, әртүрлі активтер кредит тәуекелдерінің өзара байланысы, кредит тәуекеліне байланысты қабылданған міндеттемелері бойынша тәуекелдің ықтимал мөлшерінің болжамы, кредит тәуекелінің саты бойынша банктің кредит тәуекеліне байланысты салаларды және елдерді бөлу, жоғарыда көрсетілген кредиттік тәуекел моделінің параметрлері бойынша есептер дайындау.

Кредит тәуекелінің ранжирлеу саясаты, оның ішінде мыналарды көздейді:
Сандық және сапалық факторлар негізде корпоративтік рейтингтерді иемдену кезеңділігі;
заемшылар рейтингтерін ескере отырып кредит лимиттерін және заемдар бойынша сыйақы ставкаларын белгілеу;
рейтингтер бойынша шығындар мониторингінің кезеңділігі;
заемшының рейтингтің рұқсат етілетін ең төменгі деңгейіне сәйкес болған кезде.

Ішкі кредит талдауының саясаты, оның ішінде мыналарды көздейді:
шоғырландырылған негізде қосымша заемдарды (деңгей бойынша бөлу) ранжирлеу дұрыстығын кезең кезеңмен тексеру;
банктің ішкі құжаттарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес провизияларды (резервтерді) қалыптастыру дұрыстығын кезең кезеңмен тексеру;
туынды құралдарына, форвард валюта мәмілелерге, қаржы міндеттемелерге байланысты банктің баланстан тыс операцияларын (деңгей бойынша бөлу) ранжирлеу дұрыстығын кезең кезеңмен тексеру.

Ішкі кредиттік талдау рәсімі мыналарды көздейді:
банктің кредит портфелінің көлемі елу бір проценттен кем емес жыл сайынғы тексеруді;
ішкі талдауды жүзеге асыратын және ішкі кредиттік талдау нәтижесін тексеруге жауап беретін банктің бөлімшелері мен қызметкерлерін;
кредиттік талдау жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптар.

Кредиттік талдау рәсімі мыналарды айқындайды:
кредиттік талдау жүргізу нәтижесі туралы есептерді Директорлар кеңесіне және басқармаға ұсыну кезеңділігін;
кредиттік талдау жүргізу нәтижесі туралы есепте көрсетілетін нысаны мен қосымша мәліметтерін;
банктің бөлімшелерінің есептерді қарау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесі немесе басқарма қабылдаған шешімдерді орындау үшін бақылау тәртібі.

Сақтандыру тәуекелін бағалау саясаты мыналарды айқындайды:
оның ішінде халықаралық рейтинг агенттігінің тәуелді рейтингтерін ескере отырып, сақтандыру тәуекелін бағалау әдістерін;
әрбір елдегі саяси және экономикалық жағдай туралы сыртқы көздерінен ақпаратты жинау кезеңділігін;
банктің меншікті елдік рейтингтерін белгілеу әдістері, оларды жедел түзету мүмкіндігін;
елдер бойынша кредиттік лимиттерді белгілеу әдістері және оларды қайта қарау кезеңділігін.

Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамсыздандырылған немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында ұсынылатын ипотекалық заемдарды ұсыну

Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша банктің кредит саясаты мыналарды көздейді:
кредит берудің географиялық аймақтарын
банктің несие портфелін әртараптандыруды
түрлері және географиялық аймақтары бойынша - жылжымайтын мүлікке байланысты заемдарға лимиттерді (мысалы, ең жоғары тәуекелді заемдарға лимиттер)
заемдардың түрлері бойынша ережелер мен талаптарын
заемдарды беру және бекіту тәртібін
заемдарды басқару оның ішінде құжатаманы, беруді, кепілге бақылауды, заемды қайтару және талдау тәртібін
жылжымайтын құнының ресми емес және ресми бағалау бағдарламасын
банк басшылығының міндеті несие портфелін бақылау және Директорлар кеңесіне есептерді уақтылы және толық ұсынуды қамтамасыз етуін.

Тәжірибелік-құрылғы мен құрылыс жобасы және аяқталған коммерциялық объектілер бойынша кредит саясаты мыналарды көздейді:
Техникалық-экономикалық негіздемелерді жүргізуге және сезімталдық пен тәуекелді талдауға қойылатын талаптарды (мысалы, экономикалық өзгермелі шамасын өзгеруіне болжанатын кірістердің сезімталдығы, оның ішінде сыйақы ставкалары, бос үй-жайлар немесе пайдалану шығыстар проценті);
Инвестицияның бастапқы көлеміне қойылатын ең төменгі талаптарды, заемшының меншік капиталын техникалық ұстауын (мысалы, қолда бар ақша немесе инвестициялар, ауыртпалық түспейтін мүлік);
Меншік капитал, ақша қаражатының қозғалысы және заемшының борышына немесе базалық активке қызмет көрсету қамту дәрежесі бойынша қойылатын ең төменгі талаптар;
қолайлы стандарттарды және амортизацияланбаған кредиттер бойынша лимиттерді;
кіріс түсетін жалдау алдындағы және сату алдындағы мүлікке қойылатын талаптарды;
сату алдындағы қойылатын талаптарды және кіріс емес активтерге байланысты кредиттер бойынша салынған үйдің бір құрылымын пайдалануына жіберуге қойылатын ең төменгі талаптарды;
кредиттік келісім бойынша ең төменгі талаптарды.

Ескеруге қажетті сұрату мен ұсынымдар рыноктық факторларына (басқалар арасынан) мыналар жатады:
халық саны және жұмыспен қамту динамикасын қосқанда демографиялық көрсеткіштер;
аймақтандыруға қойылатын талаптар;
бос үй-жайлардың, құрылыстың және абсорбция жылдамдығының ағымдағы және болжам жасалатын проценттері;
ағымдағы және болжам жасалатын жалдау шарттары, үйдің бөлшегін жалдауға беруді қосқанда жалдау ақысының және сату бағасының ставкалары;
жобалардың әртүрлі түрлер үшін ағымдағы және болжам жасалатын пайдалану шығыстары;
экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде кредиттеу шеңберіндегі үрдісі мен әртараптандыру;
бағалау үрдісі, оның ішінде дисконт және капиталдандырылған кіріс кезінде сыйақының тікелей ставкалары.

Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар кредиттің барлық сәйкес факторларын көрсетеді:
      салынған мүліктің құны;
      заемшының жалпы кредиттік қабілеттілігін;
      борышты өтеудің қайталама дерек көздерінің болуы;
      кредит сапасын жақсартатын қосымша кепілдің немесе қаражаттың болуы (мысалы, кепілдік немесе ипотеканы сақтандыру).
      Заңды тұлғаларға берілген жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар сондай-ақ кредиттің мынадай факторларын көрсетеді:
      заемшының өндірістік күшін немесе борышқа барабар қызмет көрсету үшін базалық актив кірісі;
      жылжымайтын мүлікке инвестицияланған акциялар көлемі

Стандарттар мынадай сәттерді қамтиды:
Мүліктің түріне байланысты кредиттердің ең жоғары мөлшерін;
Мүліктің түріне байланысты кредитті өтеудің ең ұзақ мерзімін;
Кредитті біртіндеп өтеу кестесін;
Ипотекалық кредиттердің әртүрлі түрлер үшін сыйақы ставкаларын белгілеу құрылымын;
Мүліктің түріне байланысты "кредит сомасын мүлік құнына бөлу" коэффициенттің лимиттері.

Жылжымайтын мүлік портфелі бойынша кредиттік басқару тәртібінің құрамында мыналар бар:
заемшы берген ақпаратты тексеру жөніндегі талаптарды қосқандағы қаржылық есептердің түрлері және мерзімділігі;
кепілді бағалау түрлері және мерзімділігі (құнды бағалаудың ресми және басқа түрлері);
кредиттік мәмілені жабу және кредит бойынша қаражатқа аударым жасау;
төлем жасау, оның ішінде сыйақы төлемін жасау тәртібі;
шартты депонирленген ақша сомасын басқару;
кепіл мүлікті басқару;
кредит өтелмеген жағдайдағы іс-қимыл тәртібі;
сот тәртібімен/соттан тысқары тәртіппен кепілге қойылған мүлікті сату рәсімдерін жүргізу мерзімдері

Банк әзірлеушінің құрылыс жобасын аталған құн мен мерзім шегінде аяқтау қабілетіне баға береді. Банк құрылыс жобасының сәтті аяқталу мүмкіндігін бағалау кезінде мынадай тәуекелдерді ескереді:
жобаны көрсетілген мерзімде аяқтамау қаржылық айыппұлдарға әкеліп соғады;
ауа ауарайының қолайсыздығы, материалдық немесе еңбек ресурстарының жетіспеуі немесе қабылдау комиссиясын өткізу кезінде қайта жасалатын нормативтік талаптар деңгейінен төмен жұмыс құрылыстың аяқталуына кедергі жасауы, проценттік шығыстардың өсуіне әкелуі және бастапқы бюджеттегімен салыстырғанда жобаның жалпы құнының өсуіне алып келуі мүмкін;
құрылыс жұмысы барысында жеткізушілер және қосалқы мердігерлер келісілген немесе жобаның басындағы бөлінген қаржымен салыстырғанда мейлінше жоғары төлем жасауды талап ете бастайды;
еңбек даулары немесе бас жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің тауарларды жеткізу және қызмет көрсету қабілетсіздіктері;
сақтандырылмаған бұзылулар, аяқталған құрылысты немесе тұрғызылып жатқан үйлерді бұзу;
заемшының жалпы қаржылық әлуеттілігі және әзірлеу және көріктендіру саласындағы оның тәжірибесі, яғни заемшының шын мәнінде жобаны бюджет аясында және құрылыс жоспары бойынша аяқтай алатын-алмайтындығын анықтау;
заемшының әзірлеу және көріктендіру саласындағы тәжірибесін бағалау;
барлық қатысушы тараптардың сипаттамасы, жұмыс тәжірибесі және қаржылық жағдайы;
құрылыс объектісінің сметалық құнының өсуіне ықпал ететін құрылыс барысында пайдаланылып отырған құрылыс және өзге де материалдардың қымбаттауы;
құрылыстың аяқталу сатысындағы және пайдалануға берілу сәтіндегі жылжымайтын мүлік объектісіне уәкілетті мемлекеттік органдардағы (жергілікті атқарушы билік, сәулет және қала құрылысы, жер ресурстарын басқару жөніндегі және басқа органдар) құқық белгілейтін (құқықтық куәландыратын) құжаттарды ресімдеудегі кешіктірулер;
аяқталған құрылысты және салынып жатқан үйлерді қайта жобалау, қайта құру.

Банктің құрылысты қаржыландыру жобасы бойынша кредиттік досьесінде мынадай құжаттар болуы тиіс:
жобаны аяқтау үшін қажетті тәжірибенің және қаржылық әлуеттіліктің заемшыда болуына негіз болатын қаржылық ақпарат;
кредитор мен заемшының құқықтары мен міндеттері, қаражат бөлу шарттары және төлем жасамау жағдайлары айтылған құрылысқа кредит беру жөніндегі келісім;
банктің кепілге алынған мүлікке шара қолдану жөніндегі сұратуына негіздеме ретінде не заңнамада көзделген жағдайда банк меншігіне сұрату жасау үшін жасалған мүлік ипотекасы туралы тіркелген шарт;
жерге, сондай-ақ қаржыландырып отырған үйге (банкке құрылыс объектісін жер учаскесімен бірге (пайдалану құқығы) кепілге берген кезде) меншіктік құқықты (пайдалану) растайтын құқықтық белгілеуші және басқа құжаттардың заңнамаға сәйкес келу мәнділігіне жасалған заңды қорытынды;
құрылысшының толық және жүзеге асатындай сақтандырылуы, оның ішінде өрт, құрылысшының айрықша тәуекелдері жағдайындағы жауапкершіліктер және тиісті жағдайларда су тасқынынан сақтандырылатындығына куәлік ретіндегі сақтандыру полистері және сақтандыру жарналарының төленгендігінің дәлелдері;
баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың тиісті бағасы немесе оның ағымдағы жай-күйі бойынша және құрылысты аяқтау барысында, сондай-ақ үй-жайды тұрақты иеленуге қол жеткізген кездегі меншіктің рыноктық құнын көрсететін өзге де бағасы;
қосымша құрылыс жоспарларын, жоба шығындарын, маркетинг және инвестиция үлесінің жоспарларын көрсететін жобалық жоспарлар, технико-экономикалық негіздемелер және құрылыс бюджеті;
меншікті, жанама құрылыстарды инспекциялау және топырақтың үстіңгі қабаты туралы қорытындылар.

Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуге баға беру кезінде банктер пайдаланатын критерийлерге банктің кредиттік саясатын анықтайтын ішкі құжаттарының реті алынады.

Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуге баға беруге қатысты ішкі құжаттарда мыналар болады:
жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуге баға беруді жүзеге асыратын бағалаушыларды іріктеу жөніндегі критерийлер және рәсімдер;
бағалаушының тәуелсіздігін қамтамасыз ету рәсімдері;
тиісті баға беруді жүзеге асыру рәсімдері;
баға мазмұнының критерийлері.

Баға беру:
баға берудің жалпыға бірдей стандарттарына сәйкес келеді;
баға беруді қармтамасыз ету объектісіне қаржылық жағынан мүдделі емес баға беруші жүргізеді;
жазбаша нысанда ресімделеді және негізді талдау жасалады, соның негізінде жылжымайтын мүлікке байланысты заемды беру жөнінде шешім қабылданады;
егер қамтамасыз ету құрылыс жүріп жатқан немесе қайта құрылып жатқан үй түрінде ұсынылса немесе жалдау шартының рыноктық емес шарттарына сәйкес бір бөлігі жалға берілген болса және сатылмаған алаңдары болған жағдайда талдау мен есепке осы туралы тұжырымдар енгізіледі;
баға беру қызметін лицензиясы бар бағалаушылар жүзеге асырады.

Қамтамасыз етуді қайта бағалау тәуелсіз бағалаушыны тарта отырып, қамтамасыз ету құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 000 (жүз мың еселенген) мөлшерінен асатын баламалы сома болатын жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыздар бойынша жүзеге асырылады.
Бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген қарыздар, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібіне сәйкес 100% (жүз пайыз) деңгейде резервтер (провизиялар) мөлшері қалыптастырылған қарыздар бойынша қайта бағалау талап етілмейді.

Банк қайта бағалау қорытындысы бойынша кредиттің жіктелуін және ол бойынша провизия мөлшерін қайта қарайды.

Қайта бағалау мына жағдайларда жасалмайды:
үйді жөндеу кезінде
заем шартының талаптарын қайта қарау, сондай-ақ банктің жоғалту тәуекелін азайтатын жылжымайтын мүлікке байланысты заем бойынша жаңа немесе қосымша қамтамасыз етуді ұсыну.

Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалау кезінде банктер пайдаланатын критерийлер банктің кредиттік саясатын анықтайтын ішкі құжаттарымен реттеліп отырады.

Қаржы құралдарымен операциялар жүргізу

Қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын басқару жөніндегі ішкі саясаты былайша реттеледі:
банктің активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты проценттік тәуекелді анықтау;
банктің активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты валюталық тәуекелді анықтау;
туынды қаржы құралдарымен операцияларға тиесілі тәуекелдерді анықтау;
баға тәуекелі лимиттерін, рыноктық тәуекел бойынша меншікті капитал жеткіліктілігін белгілеу әдістері;
банктің рыноктық тәуекеліне өлшем жасау кезіндегі пайдаланылатын моделдер;
тәуекелдерді басқару бөлімшесінің Директорлар кеңесіне және Басқармаға рыноктық тәуекел бойынша банктің позициясы туралы есебін беру кезеңділігі.

Банк басқа рыноктық операциялардан жекеше сауда операцияларына өңдеу жасайды.

Банк баға жөніндегі тәуекелге душар болған, сонымен бірге еншілес ұйымдарды ескере отырып, шоғырландырылған негізде баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша тәуекелдерді және кірістерді/шығыстарды қадағалайды.

Банк шұғыл биржалық операцияларды қайта бағалау негізінде кірістерге/шығыстарға күн сайын баға береді.

Банк ағымдағы рыноктық бағасы жоқ немесе банктің математикалық моделдерімен анықталған есеп айырысу бағасы жоқ қаржы құралдарын қаржы құралдары портфелінен алып тастайды.

Банк тұрақты түрде әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен операциялардан түскен кірістерге/шығыстарға баға береді.

Банктің Директорлар кеңесі тәуекелді ескере отырып, қаржы құралының құнын анықтау рәсімдерін бекітті.

Банк қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау моделін және ағымдағы бағаларды рыноктық ету негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестер (stress-testing) және бэк-тестер (back-testing) өткізеді.

Банк қаржы құралдарымен операциялар жасауға шешімдер қабылдау кезінде тәуекелді бағалаудың және тұрақты стресс-тесттердің (stress-testing) қорытындысын пайдаланады.

Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар алқалы орган қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттерінің диапазонын белгілейді.

Ішкі аудит қызметі stop-loss лимиттерін белгілеу ережелерінің дұрыс қолданылуын тексереді.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары рыногының аумағы мен серпінділігіне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттердің қаржы құралдары бойынша тепе-теңдігіне талдау жасайды.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі тоқсан сайын бір реттен кем емес деңгейде еншілес ұйымдарда ақшаны басқару және банктің еншілес ұйымдарындағы активтерін және міндеттемелерін басқару мониторингін шоғырландырылған негізде жүргізеді.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциясы және өкілеттігі бар алқалы орган тұрақты түрде тоқсанына бір реттен кем емес өтеу мерзімі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін анықтайды.

Сыйақы мөлшерлемесінің деңгейлері тәуекелі жоғары күмәнді және үмітсіз активтер үлесі, меншікті капитал мен провизиялар мөлшері, мерзімсіз депозиттер үлесі сияқты факторлардың әсерін ескере отырып жасалады.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциясы және өкілеттігі бар алқалы орган проценттік тәуекел мониторингін, проценттік тәуекел көздерін (айырмашылық өтеу мерзімінде, заемдық капитал рыногының мөлшерлемесінде, қатарға қосылған опциондарда) жүзеге асырады.

Директорлар кеңесі валюталық бағамдардың өзгеруіне жасалған талдауға сәйкес валюталық позициялар бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі саясатты бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мыналарды жүзеге асырады:
әртүрлі талдамалық әдістемелерді пайдалана отырып тәуекелдерді кешенді түрде басқаруды;
тәуекел құнына (немесе тәуекелдік кірістерге) баға берілетін гэп талдау, моделдерді талдау тұрақты түрде жасалып отыратын проценттік сезімталдықты бағалау;
нәтижесі тәуекелді қабылдау аймағында стратегиялық шешімдер қабылдауға және тәуекелдерді бақылауға қолданылатын стресс-тестлеу;
проценттік тәуекел кезең-кезеңімен қайталанып отыратын кірістердің (шығыстардың) аумағындағы өзгерістер тұрғысынан талданады және бақылауға алынады.

Басқарма:
туынды құралдардың немесе басқа рыноктық операциялардың көмегімен проценттік тәуекелді хеджирлеу рәсімін бекітті;
гэп бойынша лимитті және тәуекелдер бойынша меншікті капиталдың тепе-теңдігін ескеріп, проценттік тәуекел мөлшерін белгілейді.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жылына бір рет стресс-тестлеу өткізеді және оның нәтижесін тәуекелді қабылдау кезінде стратегиялық шешімдер көруге және тәуекелдерді бақылауға пайдаланады.

Банк туынды құралдардың мәмілелерінің немесе басқа рыноктық операциялардың көмегімен активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес валюталық тәуекелді тепе-тең және уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады;

Директорлар кеңесі ашық валюталық позициялар бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позиция лимиттерін анықтайды.

                                        Екінші деңгейдегі банктерде
                                      тәуекелдерді басқару және ішкі
                                       бақылау жүйелерінің болуына
                                        қойылатын талаптар туралы
                                          нұсқаулыққа 9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

   «____________________________________» «_____» жылғы
банктің атауы

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуына
нұсқаулық талаптарының критерийлерін орындау жөніндегі есебі

Нұсқаулықтың тиісті жолдың атауы

Ішкі құжаттардың тізбесі (құжаттың деректемелері және осы құжатты бекіткен орган)

Талап критерийін орындау бойынша өткізілген процедуралардың тізбесі

Банктің Нұсқаулық талабының критерийіне сәйкес келуінің бағасы

Банк ескертуі

Талаптар

Талаптардың критерийлері

1


2

3

4

5

6

      Нұсқаулық талаптарына сәйкес келуінің бағасы: _______________

      Банктің бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Комплаенс-офис басшысы
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Кестені толтырудың түсініктемесі:
      Нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін бағалау: сәйкес келеді, ішін ара сәйкес келеді, сәйкес келмейді критерийлерінің үш баллды жүйесі бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
      1. «Сәйкес келеді» деген баға банк Нұсқаулық талабының критерийін елеулі кемшіліксіз орындаған жағдайда беріледі.
      2. «Ішінара сәйкес келеді» деген баға банктің нақты талап критерийін сақтауына жету қабілеттілігіне қатысты күмәннің туындауына жеткілікті деп саналмайтын кемшіліктер анықталған кезде беріледі.
      3. «Сәйкес келмейді» деген баға банк Нұсқаулық талабының критерийін орындамаған кезде беріледі.
      4. Егер Нұсқаулық талаптарының жекелеген критерийлері банкке қатысты қолдануға болмайтын болса, осы талап критерийіне сәйкес келуіне бағалау жүргізілмейді және «қолданылмайды» деген тиісті жазбамен белгіленеді.
      5. «Банк ескертуі» деген бағанда «ішін ара сәйкес келеді» және «қолданылмайды» дегендердің негіздемелері мен себептері берілуі тиіс.
      6. 6-бағаннан басқа барлық бағандарды толтыру міндетті болып табылады.

Екiншi деңгейдегi банктерде  
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына  
қойылатын талаптар туралы    
нұсқаулыққа 10-қосымша       

      Ескерту. 10-қосымшамен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

Кредиттік тәуекел мониторингінің матрицасы

1-кесте. Жылжымайтын мүлік түріндегі кепілдік қамтамасыз ету құнының несиелік портфельге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Стресс-тест:
bottom up форматындағы стресс-тестілеу әдістемесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті органның ұсынымдары

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық ұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Жағымсыз үрдістерді жою үшін қабылданған шаралар (банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда толтырылады)

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6

7








2-кесте. Жіктелген активтер (банкаралық заемдарды қоспағанда) және жұмыс істемейтін кредиттер

1. Төлемдері 90(тоқсан) күннен аса мерзімі өткен кредиттердің несиелік портфельге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Стресс-тест:
Келесі тоқсанда төлемдері 90(тоқсан) күннен аса мерзімі өткен кредиттердің үлесі 20 (жиырма) пайызға өсуі. Жіктелген активтер бойынша провизиялардың мөлшері (теңгемен)

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық ұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Жағымсыз үрдістерді жою үшін қабылданған шаралар (банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда толтырылады)

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6

7








2. Жіктелген кредиттер бойынша (банкаралық кредиттерді қоспағанда) шығындарды жабуға арналған провизиялардың несиелік портфельге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық тұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Банк басқармасының бағалауы бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағалаудың құбылуын резервтердің өзгеруімен және кредиттік портфельдегі өзгерістермен сипаттау

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6







3. Несиелік портфель бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялардың жұмыс істемейтін кредиттерге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық тұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Банк басқармасының бағалауы бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағалаудың құбылуын резервтердің өзгеруімен және кредиттік портфельдегі өзгерістермен сипаттау

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6







4. Қайта құрылымдалған кредиттердің (заемшының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты шарттың бастапқы талаптары өзгертілген кредит) несиелік портфельге қатынасы

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

Мерзімі өткен қайта құрылымдалған кредиттердің жалпы сомасы (теңгемен)

Келесі есепті тоқсандағы өсуі немесе төмендеуі туралы банктің болжамы. Назарға алынған факторлар

Банк басқармасының бағалау бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағаның құбылуын қайта құрылымдалған кредиттердегі өзгерістермен сипаттау

Комментарийлер

1

2

3

4

5

6

7








5. Бланктік кредиттердің несиелік портфельге қатынасы

Есепті тоқсан,  пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

Мерзімі 90 (тоқсаннан ) астам күнге өткен бланктік кредиттердің үлесі

Бесінші санаттағы күмәнді және үмітсіз деп жіктелген бланктік кредиттердің үлесі

Банк басқармасының келесі тоқсандағы бланктік кредиттердің несиелік портфельге қатынасын бағалауы

Коэффициенттің өсуі немесе төмендеуінің себептері

1

2

3

4

5

6

7








Қабылданған шешімдердің матрицасы

Бұзушылық

Бұзушылықтың туындауына әкелген себептер

Бұзушылықты жоюға жауапты бөлімшелер, тұлғалар

Анықталған бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және (немесе) басқарманың шешімі

Банкке кері әсері

Стресс-тестілердің қорытындысы бойынша жоспарланатын шаралар жөніндегі директорлар кеңесінің және(немесе) басқарманың шешімі

Бұзушылықты жою мерзімі

Қайта қаралған мерзімдер

Бұзушылықты жою күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Кредиттік тәуекелді бағалау матрицасы

Төмен

Орташа

Жоғары

Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістермен, сондай-ақ бәсекелестік деңгейімен қамтамасыз етіледі. Өсуі жоспарланды.

Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден асады. Белгілі дәрежеде өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейден асып кетеді.

Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден елеулі дәрежеде асады. Өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейлер ден асып кетеді. Өсуі жаңа өнімдер немесе қала сыртындағы заемшылар бойынша байқалуы мүмкін.

Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылған.

Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылмаған.

Банк кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға елеулі дәрежеде тәуелді болады.
Банк кірістілік әлеуетіне қарай, бұдан жоғары тәуекелі бар кредиттік өнімдерді көздеуі мүмкін. Кредиттік кірістер циклдық трендтер үшін өте әлсіз.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеулі болып табылады.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы орташа болып табылады.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеусіз болып табылады.

Пайыздық ставкалар тәуекелге сәйкес белгіленеді, сыйақылар теңдестірілген.

Кредиттер бойынша пайыздар тәуекел дәрежесіне сәйкес белгіленеді, бұл ретте тәуекел арасында елеусіз сәйкессіздіктер орын алады.

Кредиттер бойынша пайыздық ставкалар белгіленген кезде тәуекел ескерілмейді.

Кредиттеу саясаты кепілге қойылатын консервативті талаптарды қамтиды. Кепілдікті бағалау уақтылы жүргізіледі және жеткілікті болып табылады.

Кредиттеу саясаты кепілге құптауға болатын талаптарды қамтиды. Банк қолданатын тәжірибе осы саясаттардан орташа ауытқуларға әкеледі. Кепілдіктің бағалауы жеткіліксіз болып табылады немесе барабар емес қорғауын көрсетеді.

Кепілдікке жеңілдетілген талаптар қойылады, егер саясат консервативті талаптарды қамтитын болса, елеулі ауытқулар орын алады. Кредит бойынша қамтамасыз ету жеткіліксіз болып табылады, кепілдікті бағалау сирек жүргізіледі немесе барабар емес қорғауын көрсетеді.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар азын-аулақ болады  және шығындар пайда болу тәуекеліне барынша аз әсерін тигізеді.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі орташа болады, бірақ ауытқулар уақтылы түзетіледі де, әдеттегідей банк елеулі шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырамайды.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі елеулі болады. Саясаттан ауытқулар уақтылы жойылмайды, ал банк жоғары шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырауы мүмкін.

Банк портфелі жеткілікті дәрежеде әртараптандырылған және оның ірі шоғырлануы жоқ. Шоғырландырылған талаптардың әдеттегідей өзара байланысы жоқ. Шоғырланулар ішкі лимиттерге сәйкес келеді.

Банк портфелінің азын-аулақ шоғырлануы бар, бұл ретте шоғырланулардың өзара байланысы жоқ. Шоғырлануы нормаларға сәйкес келеді, бірақ лимиттерге жақындауы мүмкін.

Банк портфеліндегі шоғырлану елеулі болып табылады. Осы талаптар бір бірімен байланысты болуы мүмкін немесе портфельде орташа шоғырлану болуы мүмкін. Шоғырлану деңгейі ішкі лимиттерден асады.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар азын-аулақ.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар орташа.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар елеулі.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі жоғары. Провизиялар бойынша шығыстар тұрақты.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі орташа, бірақ провизиялар бойынша шығыстарды ұлғайту қажет болуы мүмкін.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі төмен. Кредиттер бойынша шығындарды жабу үшін жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін арнайы провизиялар құру қажет болуы мүмкін.

Тоқсандағы және бір жылғы кірістер кредиттік шығындардан (үмітсіз кредиттерден) көп артық.

Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу орташа болып табылады. Жыл сайынғы кірістер тепе-тең жабуды қамтамасыз етеді, бірақ тоқсандық жабу шамалы шиеленісушілікті көрсетеді.

Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу төмен болып табылады. Тоқсандық және жылдық кірістер барынша аз немесе барабар емес жабуды қамтамасыз етеді.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, бұл ретте үрдісі тез өсіп келеді. Деңгейі банкпен белгіленген лимиттен асады.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, үрдісі тез өсіп келеді.

Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың төмен пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді.

Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді.

Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың жоғары пайызын немесе кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды, бұл ретте үрдістер тез көтеріледі немесе кредиттер санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктеледі.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы төмен болып табылады.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы орташа болып табылады.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы жоғары болып табылады.

Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігі алаңдатушылықты туғызбайды не шамалы ғана алаңдатады.

Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты  шамалы алаңдатушылықты туғызады.

Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты  елеулі алаңдатушылықты туғызады. 

Кредиттік тәуекелді бақылау матрицасы

Процессті ұйымдастыру элементтері

Күшті

Қабылдауға болатын

Әлсіз

Кредиттік тәуекелді басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу)

Стратегиялық және (немесе) бизнес-жоспарлар банктің тәуекелге консервативті тәбетіне сәйкес келтіріледі және кредиттердің сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансты қамтамасыз етеді. Жаңа өнімдер мен бастамаларды енгізу процесстері олар енгізілгенге дейін пысықталған, тестіленген және бекітілген.

Стратегиялық және (немесе) бизнес–жоспарлар банктің тәуекелдерге орташа тәбетіне сәйкес келтіріледі. Кіріс алуға ұмтылу шамалы жоғары тәуекелі бар мәмілелерге әкелуі мүмкін. Жалпы кредиттер сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансы бар. Жаңа өнімдер мен бастамалар жеткілікті тестілеусіз енгізілуі мүмкін, бірақ тәуекелдер жақсы сәйкестенеді.

Стратегиялық және (немесе) бизнес-жоспарлар тәуекелдердің шектен тыс деңгейлерін қабылдауға ықпал етеді. Қызметін жоспарлған кезде кірістерге ұмтылу басым болады. Банк алдын ала жеткілікті сараптама жасамастан жаңа өнімдермен және бастамалармен айналысады.

Кредиттік саясат

Кредиттік саясат банктің кредиттеу саласындағы стратегияны, қабылдауға болатын тәуекелдерді деңгейін, сондай-ақ кредиттерді беру және мақұлдау және тәуекелдерді таңдау стадарттарын анықтайды.

Саясаттары негізінде барабар келеді. Кейбір бағыттарда саясаттың және рәсімдерінің жетілдіру қажет болуы мүмкін, бірақ жалпылама жетілдіру сыни болып табылмайды

Саясаттарында кейбір кемшіліктер бар және бір немесе бірнеше бағытта жетілдіруді талап етеді.
Портфельге, тәуекелге төзімділікке, сондай-ақ кредиттерді беру/мақұлдау саясатына және тәуекелдерді таңдауға қатысты міндеттерді барабар орындау үшін саясаттары жеткілікті дәреже нақты болып табылмайды.

Директорлар кеңесі мен Басқарма

Басқарма кредиттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды.
Банктің директорлар кеңесі мен Басқармасы тәуекелді басқаруға белсенді қатысады және тісті ішкі саясаттардың және процедуралардың болуын қамтамасыз етеді, директорлар кеңесі оларды түсініп, талдайды және бекітеді.

Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдің мониторингі мен бақылауды барабар жүргізеді, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді.
Басқарма тиімді жұмыс істейді, әрекет етеді және кредиттік тәуекелдерді, оның ішінде баланстан тыс баптар бойынша туындайтын тәуекелдерді анықтайды. Директорлар кеңесі мен басқарма қызметінде кредиттік тәуекелді басқаруға қатысты кейбір кемшіліктер байқалады, бұл проблемалар мойындалады және шешіледі.

Директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді басқарудың қанағаттанарлық процесінің болуын қамтамасыз етпейді. Кредиттік тәуекелді басқару саясаты мен процедуралары барабар болып табылмайды, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілеттілігін танытпайды.

Кредиттік комитет

Басқарма банктің қызметін тиімді басқарады. Кредиттік комитеттің мүшелері, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін жеткілікті білімі бар. Жауапкершілік және есеп беру саласы бөлінген, бұзушылықтар болған жағдайда түзету шаралары қабылданады.

Басқарма қабылданатын тәуекелді барабар басқарады, бірақ бір немесе бірнеше бағытта жақсартуға жетуге болады. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің жалпы қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін қажетті білімдері бар, бірақ бір немесе бірнеше бағыт бойынша қосымша білім қажет болуы мүмкін.
Міндеттер мен есеп беруге қатысты нақтылау талап етілуі мүмкін. Жалпы бұзушылықтар болған жағдайда түзету шаралары қабылданады.

Басқарма банк қызметін барабар басқармайды. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін білімі және (немесе) тәжірибесі жеткіліксіз. Жауапкершілік пен есеп беру желісі нақты емес болуы мүмкін. Себептерді, проблемаларды шешу үшін түзету шаралары жеткіліксіз болып табылады.

Банктегі кредиттік тәуекелді бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау саласындағы банктің процедуралары

Саясатта және ілеспелі ішкі құжаттарда сипатталған қолданылатын кредиттік тәуекелді басқару әдістемелерінің және процесстерінің барабарлығына тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Басқарма банктің кредиттік портфелі сапасындағы жағымсыз үрдістерді, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан болып тұратын жағымсыз үрдістерді анықтайды және шұғыл әрекет етеді.
Басқарма банктің кредиттік қызметіндегі кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпаратты директорлар кеңесіне уақтылы және жеткілікті етіп ұсынады.
Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімді болып табылады және осы ауытқудың банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін төмендетуге бағытталған.

Басқарманың кредиттік портфельдің сапасындағы жағымсыз үрдістерін анықтау және белгілерге, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан туындаған белгілерге барабар әрекет ету үшін барабар жүйесі бар.
Директорлар кеңесіне берілетін кез келген елеулі ауытқулар жөніндегі ақпарат банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар барабар болып табылады, бірақ кейбір жетілдіруді және директорлар кеңесі мен басқарманың тарапынан бақылауды талап ететін жақтары бар.

Басқарма кредиттік портфель сапасында пайда болған жағымсыз үрдістерге барабар әркет етпейді. Директорлар кеңесі кредиттік портфель сапасындағы жағымсыз үрдістерге мониторинг жүргізуді және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратты алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма проблемаларды шешуде қабілетсіздігін танытты.

Кредиттерді беру және мақұлдау саясаты

Банк жеке де, жиынтығында портфель деңгейінде де кредиттерді беру және мақұлдау саясатынан елеулі ауытқуларын тиімді анықтап, қадағалайды және ол туралы есеп береді.
Белгіленген саясаттар мен процедуралардан шамалы ғана ауытқулар байқалады.

Банк әрбір заем бойынша жеке кредиттерді беру және мақұлдау сасатынан елеулі ауытқуларды анықтайды, қадағалайды және олар туралы есеп береді.
Кемшіліктер арасында тұрақты ауытқулар немесе белгіленген саясат пен процедураларды орындауға қабілетсіз болуы мүмкін, соның салдарынан банк үшін жағымысыз салдарын туындатуы мүмкін.

Банк саясаттан елеулі ауытқуларын растайды, бірақ олар бойынша жеке негізде немесе жиынтығында портфель деңгейінде есеп бермейді, және (немесе) олардың портфель сапасына ықпалын талдамайды

Кредиттік талдау

Кредитті талдау кредитті беру сәтіне де, оны бекіткеннен кейін де егжей-тегжейлі және уақтылы болып табылады.

Кредитттік талдау тиісінше негізгі тәуекелдерді анықтап, ыңғайлы мерзімде жүргізіледі.
Бірақ кредиттерді бекіткеннен кейін тәуекелдерді бағалау жөніндегі жұмысты күшейтуді талап етеді.

Кредиттік талдау жеткіліксіз, негізгі тәуекелдер барабар есепке алынбайды. Кредиттік деректер уақтылы тексерілмейді.

Кредиттік тәуекелді бағалау кезінде пайдаланылатын модельдер.

Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері нақты және уақтылы болып табылады. Ішкі модельдер кредиттік тәуекелді, проблемалық тәуекелдер бойынша да, рейтинг алған кредиттер бойынша да сапасы бойынша бөледі.
Қолданылатын модель халықаралық тәжірибені, жаңадан анықталған заңдылықты ескере отырып, үнемі жетілдіріледі.
Банк лимиттерді заемшылардың ішкі рейтингілерін ескере отырып, кезең кезеңімен қайта қарайды. Банкпен жүргізілетін операцияларға белгіленген лимиттерді және шектеулерді бақылау процедуралары нақты белгіленген.

Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері барабар болып табылады. Бір немесе бірнеше бағыты жақсартуды талап етеді, дегенмен, ішкі модельдер проблемалық кредиттерді және сапасының нашарлауы байқалатын кредиттерді барабар анықтайды. Ертерек алдын алуды қамтамасыз ету үшін рейтинг бөлу аясын кеңейту: тәуекелдерді бағалау негізінде баға белгілеу немесе капиталды бөлу қажет болуы мүмкін. Модель нарықтық жағдайға және банктің жағдайына барабар келуіне жүйелі қайта қаралады және қажет болған жағдайда түзетіледі.
Банкпен жүргізілетін операцияларға лимиттер мен шектеулерді қайта қарау жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері жеткіліксіз болып табылады және жетілдіруді талап етеді. Проблемалық кредиттер барабар анықталмауы мүмкін, тәуекелді көрсетуде бұрмалану мүмкіндігі бар. Ертерек алдын алу (кредиттер бойынша ставкаларды белгілеу, кредиттер бойынша провизияларды (резервтерді) құру, капиталды бөлу) мақсаты немесе өзге мақсат үшін рейтингі бар кредиттер бойынша тәуекелді бөлу үшін рейтингтерді бөлістіру жеткіліксіз. Бұл модельдер қажеттілігіне қарай қолданылады.

Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат.

Басқару ақпарат жүйесі кредиттік портфель жөнінде бара және уақтылы ақпаратты береді. Директорлар кеңесі және басқарма банктегі кредиттік тәуекелдің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі ауытқулар жөніндегі есептілікті жасау бойынша жұмысты жеңілдетеді.

Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады.
Басқару ақпарат жүйесі ауытқулар жөніндегі есептілікті жасау бойынша жұмысты жеңілдетеді, ал оның инфрақұрылымы арнайы (стандартты емес) сұратуларды уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқару ақпарат жүйесінің назар аударуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Портфельдік тәуекел туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Нәтижесі ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті және жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін. Ауытқулар туралы есептілік жетілдіруді қажет етеді. Басқару ақпарат жүйесі арнайы (стандартты емес) сұратуларды уақтылы қамтамасыз етпеу мүмкін.

Портфельді әртараптандыру

Әртараптандыруды басқару белсенді және тиімді. Шоғырландыру бойынша лимиттер қабылдауға болатын деңгейлерде белгіленеді. Банк тәуекелдердің шоғырлануын анықтайды және олар бойынша бойынша есептілікті береді және тәуекелді шектеу, қысқарту немесе өзгеше төмендету бойынша шаралар қабылдайды.

Әртараптандыруды басқару жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ барабар болып табылады. Тәуекелдердің шоғырлануы анықталып, есептерде көрсетіледі, бірақ лимиттерге немесе өзге шекті мәндеріне жетпеуі мүмкін. Басқарма жекелеген заемдар деңгейінде шоғырлануды шектеу немесе төмендету бойынша шаралар қабылдайды, бірақ портфель деңгейінде шарлар болмауы мүмкін.

Әртараптандыруды басқару белсенді емес немесе жоқ. Банк, тәуекелдердің шоғырлануын анықтамауы мүмкін, немесе оларды анықтайды, бірақ барабар емес шараларды қабылдайды немесе тәуекелді шектеу немесе төмендету бойынша шараларды қабылдамайды. Басқарма тәуекелдердің арасындағы байланысты түсінбейді. Шоғырлану лимиттері, олар бар болған жағдайда бұзылады не оларды өсіру жағына қайта қаралады.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді болып табылады. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес немесе жоқ. Жоспар болуы мүмкін, бірақ банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермеу мүмкін, осыған байланысты барабар емес болып табылады. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін.

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен кредиттік тәуекелді басқару процестерінің, олардың кредиттік саясаттарға және процедураларға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі тексеруін жүргізеді, кредиттік басқару, ішкі кредиттік рейтинг жүйесінің нақтылылығын, сондай-ақ кредиттердің мониторингі тәртібін анықтау процесін бағалайды.
Тексеру қорытындылары кредиттік тәуекелді басқару процессінде, ішкі ереже мен процедураларда осал жерлерін анықтау үшін, сондай-ақ саясаттардан, процедуралардан және лимиттерден ауытқулар мен ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады.

Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен және ішін ара кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі саясатта сипатталған процесстердің ішкі тексерулерін жүргізеді.
Тексеру қорытындылары кредиттік тәуекелді басқару процессінде, ішкі ереже мен процедураларда осал жерлерін анықтау үшін, сондай-ақ саясаттардан, процедуралардан және лимиттерден ауытқулар мен ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады.

Ішкі аудит қызметі банк операцияларын жүргізген кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, оның ішінде кредиттік тәуекелдерді басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды формальді түрде тексереді. Банктегі кредиттік тәуекелді басқару жүйесіне қатыспайды.

Жалпы қорытындылары:

Кредиттік тәуекелді бақылау сапасын бағалау

Кредиттік тәуекелді бағалау деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Жиынтық кредиттік тәуекел

Күшті

Төмен

Төмен

Орташа

Қабылдауға болатын

Төмен

Орташа

Жоғары

Әлсіз

Орташа

Жоғары

Жоғары

      Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдерді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Кредиттік тәуекелді басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
      Орташа – банктегі кредиттік тәуекелді басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Ол стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте кредиттік тәуекелді басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылы анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу барысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
      Жоғары – банкте әлеуетті кредиттік тәуекелді анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін кредиттік тәуекелді тиімді басқару процедурасы жоқ. Тәуекелдерді басқару элементтері толығымен жеткіліксіз болып саналады, және директорлар кеңесі мен басқарма осы кемшіліктерді түзетуге қабілеттілігін танытпайды. Банктің нақты қызметкерлерінің және басқарманың біліктілігі күмән туғызады. Ішкі саясаттар мен процедураларының бұзушылығы жүйелі байқалады. Ішкі бақылау жүйесі соншалықты әлсіз болуы мүмкін, ол банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Бухагалтерлік есептіліктің, қаржылық есептердің шынайылығына, егер дереу түзету шараларын қолданбаса пайда болуы мүмкін шығындарға шұғыл алаңдаушылықты таныту қажет. Кредиттік тәуекелді басқару процедураларындағы және ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер банктің тәуекел-менджементі тарапынан дереу және егжей-тегжейлі назар салуды талап етеді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар емес болып табылады.

 Бірінші басшы (не оның орнындағы тұлға) ______________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты)   (қолы)    (күні)

Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
_____________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты)  (қолы)    (күні)

Орындаушы:_________________________ _________
          (лауазымы, тегі және аты)  (қолы).

Екiншi деңгейдегi банктерде  
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына  
қойылатын талаптар туралы    
нұсқаулыққа 11-қосымша      

      Ескерту. 11-қосымшамен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

Өтімділік тәуекелі мониторингінің матрицасы

1-кесте. Активтердің құрылымы (теңгемен)

Атауы

Есептік тоқсан

Жалпы активтерден үлес, пайызбен

Алдыңғы тоқсан

Жалпы активтерден үлес, пайызбен

Банктің құжаттарында белгіленген лимиттер

Активтер барлығы





х

Қолма-қол ақша





х

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі қаражат






Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар






Бағалы қағаздарға инвестициялар






«РЕПО» операциялары






Байланысты заңды тұлғаларға инвестициялар






Клиенттерге заемдар






Жылжымайтын мүлікке инвестициялар (банк ғимараттары)






Өзге активтер






2-кесте. Коэффициенттерді талдау:

1. Есебі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес белгіленетін он ірі депозиттердің/өтімді активтердің салым сомасының қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Банктің бағасы

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдынғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер, пайызбен

Банк басқармасының бір айдын соңындағы 10 (он) ірі депозиттердің қалдығын бағалауы (теңгемен). Өсуінің немесе қысқаруының себебі

Банк басқармасының үш айдын соңындағы 10 (он) ірі депозиттердің қалдығын бағалауы (теңгемен). Өсуінің немесе қысқаруының себебі

1

2

3

4

5

Көрсеткіштер

Есептік тоқсан, пайызбен

Алдындағы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер

Өтімді активтердің қатынасы/ барлық активтер




Өтімді активтердің қатынасы/депозиттердің жиынтығы




Кредиттердің қатынасы/депозиттер




Кепіл ретінде қолданылатын банк активтері (ауыртпалық салынған)/ барлық активтер




3-кесте. Міндеттемелер құрылымын талдау (қаражат көзі), мың теңге:

Атауы

Есептік тоқсан

Жалпы міндеттемелердегі үлес, пайызбен

Алдынғы тоқсан

Жалпы міндеттемелердегі үлес, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер

Депозиттер барлығы





х

Ағымдағы шоттар






Мерзімді салымдар






Талап етілгенге дейінгі салымдар






Жергілікті банкаралық нарықтағы қарыз алулар






Шетелдік қарыздар






Банктің меншікті бағалы қағаздары






Байланысты тұлғалардан алынған заемдар






Реттелген борыш












4-кесте. Қаржыландыру көздері, мың теңге:

Атауы

7 күн

30 күн

60 күн

90 күн

180 күн

Астам

Ақша қаражаты







Ағымдағы шоттар







Депозиттер







Ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар







Өтеу кестесіне сәйкес кредиттер бойынша төлемдер







Активтерді сату (секьюритилендіру, «РЕПО» операциялары және басқалар)







Банкпен айрықша қатынастағы тұлғалардан алынған қаржыландыру көздері







Аталған қаржыландыру көздерінен алынған соманың барлығы







5-кесте. Міндеттемелер бойынша төлемдер (қаражатты қолдану), мың теңге:

Атауы

7 күн

30 күн

60 күн

90 күн

180 күн

Астам

Депозиттердің/алып алудың мерзімі өтуі







Өзге борыштың мерзімі өтуі







Банкпен айрықша қатынастағы тұлғаларға төлемдер







Баланстан тыс міндеттемелер







Кредиттерді беру бойынша міндеттемелер







Кредиттік желілер







Туынды қаржы құралдары







Төлемдердің барлығы







      Қолданылған қаражаттың мөлшері өтімділікті қажет етуді қамтамасыз ету бойынша кез келген уақыт кезеңінде қаражат көзінен асқан жағдайда, банктің іс-әрекеті.
      Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспарының негізгі сәттері.
      Банкте өтімділікке әсер ететін валюталық тәуекел бар болған жағдайда, 5-кестенің нысаны бойынша шетел валютасындағы қаражаттың көздері мен оны қолдану жөніндегі ақпаратты беру.

Қабылданған шешімдердің матрицасы

Бұзушылық

Бұзушылықтың  болуына әкелген себептер

Бұзушылықты жоюға жауапты бөлімшелер, тұлғалар

Анықталған бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және (немесе) басқарманың шешімі

Банкке жағымсыз әсері

Стресс-тестілердің қорытындысы бойынша жоспарланатын шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және(немесе) басқарманың шешімі

Бұзушылықты жою мерзімі

Қайта қаралған мерзімдер

Бұзушылықты жойған күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Өтімділік тәуекелін бағалау матрицасы

Төмен

Орташа

Жоғары

Қаржыландыру көздері шектеулі емес және бәсекелестікке қабілетті артықшылықты береді.

Тиімді өтімділік мүмкіндігін беретін жеткілікті қаржыландыру көздері бар.

Қаржыландыру көздері мен міндеттемелер деңгейі ұзақ мерзімді өтімділікті басқаруда ағымдағы және келешектегі қиындықтарды көрсетеді.

Қаржыландыру көздері әртараптандырылған. Көтермен қаржыландыру көздеріне немесе басқа сезімтал қаржыландыру көздеріне тәуелді емес немесе шамалы ғана тәуелділігі бар.

Жалпы қаржыландыру көздері әртараптандырылған, бірақ қаржыландыру көздер санының аздығы байқалады. Елеулі шоғырлану жоқ. Көтерме қаржыландыру көздерінен орташа тәуелділігі бар.

Заемдар бірнеше көзде, жалпы инвестициялық мақсаттары бар көздерде шоғырлануы мүмкін көтерме қаржыландыру көздеріне елеулі тәуелділігі байқалады.

Өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру қабілеті жоғары, және банктің осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тұрақты беделі бар.

Банктің өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру әлеуетті қабілеті бар, бірақ осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тәжірибесі аз.

Банк өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру бойынша төмен қабілетін немесе әлеуетін танытады.
Осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тәжірибесі жоқ немесе төмен беделі осы мәміленің жасалуына күмән туғызады.

Енгізілген опциондар бойынша көтерме міндеттемелердің көлемі аз.

Кейбір көтерме қорлардың енгізілген опциондары бар, бірақ олардың әлеуетті ықпалы шамалы.

Көтерме қорлардың материалдық көлемдерінің енгізілген опциондары бар. Олардың әлеуетті эффектісі зор

Нарықтағы жағдай өзгерген кезде банк қаржылындыру қиыншылықтарына ұшырамайды.

Нарықтағы жағдай өзгерген кезде банк қаржылындыру қиыншылықтарына аса тәуелді болмайды.

Банктің өтімділік құрылымы нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты болатынын көрсетеді.

Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы күшті.

Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы барабар.

Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы жеткіліксіз немесе жоқ.

Өтімділік тәуекелінің құрылымына байланысты капиталды жоғалту тәуекелі шамалы.

Өтімділік тәуекелінің құрылымына байланысты капиталды жоғалту тәуекелі басқаруға келеді.

Міндеттемелердің жоғары құнына немесе активтердің жоспарсыз төмендеуіне байланысты әлеуетті капиталды (пайданы) жоғалту тәуекелі елеулі болуы мүмкін.

Өтімділік тәуекелін бақылау матрицасы

Процессті ұйымдастыру элементтері

Күшті

Қабылдауға болатын

Әлсіз

Өтімділікті басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу)

Ішкі құжаттарда сипатталған өтімділікті басқару процесстерін оңтайландыруы тұрақты негізде (банктің сыртқы және ішкі ортасының өзгеруіне қарай) жүргізіледі. Процессі банктің стратегиясын, бизнес–жоспарын, тәуекелдер мен басқа технологиялық процесстерді басқару бойынша саясатты әзірлеумен байланысты болады.

Кезеңдік негізде жүргізіледі, банк өтімділігін басқарудың ерекшелігін ескеретін ішкі құжаттарды әзірлеуді қамтиды. Өтімділік деңгейін басқару және бақылау саласындағы саясат оны іске асырудың әдістемелік қамтамасыз етуін білдіретін стандарттарды және нұсқаулықтарды қамтитын ішкі құжаттармен қамтамасыз етілген.

Уақыт уақытымен жүргізіледі және өтімділік деңгейін басқару және бақылау процедураларын сипаттайтын ішкі құжаттардың әзірлеуі мен бекітуін қамтиды.

Директорлар кеңесі мен Басқарма

Басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтап, бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен банк басқармасы тәуекелдің басқаруына белсенді қатысады және тиісті ішкі саясаттардың және процедуралардың болуын қамтамасыз етеді, директорлар кеңесі оларды түсінеді, талдайды және бекітеді.
Директорлар кеңесі және басқарма өтімділік тәуекелінің барлық аспектілерін түсінеді. Басқарма нарықтық өзгерістерді анықтайды және шұғыл әрекет етеді.

Жалпы Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің мониторингін және бақылауын барабар жүзеге асырады, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді. Басқарма тиімді жұмыс істейді, өтімділік тәуекелін анықтайды және әрекет етеді.
Директорлар кеңесінің және басқарманың өтімділік тәуекелін басқаруға қатысты жұмысында кейбір кемшіліктер байқалады, бұл пробемалар мойындалады және шешіледі.
Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің негізгі аспектілерін ақылға сыйымды түсініп, нарықтық өзгерістерге барабар әрекет етеді.

Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың қанағаттанарлық процессінің болуын қамтамасыз етпейді. Өтімділік тәуекелін басқару саясаттары мен процедуралары барабар емес, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілетін танытпайды. Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің негізгі аспектілерін толығымен түсінбейді немесе елемеуге тырысады. Басқарма нарықтық өзгерістерді алдын ала болжамайды және оған қарсы уақтылы және қажетті шараларды қабылдамайды.

Өтімділік тәуекелін басқару саясаты

Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді тиімді регламенттейді. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына қатысты уақтылы және жеткілікті ақпаратты алады. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімді болып табылады және осы ауытқудың банктің қаржылық тұрақтылығына кері ықпалын төмендетуге бағытталған.

Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді барабар регламенттейді. Аздаған кемшіліктер болуы мүмкін. Директорлар кеңесіне ұсынылатын кез келген елеулі ауытқулар жөніндегі ақпарат банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады.
Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар барабар болып табылады, бірақ жетілдіруді және директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылауды талап ететін кейбір бағыттары бар.

Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат барабар емес немесе құзырлы емес. Саясаттың бір немесе екі маңызды параметры бойынша кемшілігі бар. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына мониторинг жүргізуге және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпарат алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма өзінің проблемаларды шешу қабілеттілігін танытпайды.

Өтімділік тәуекелін бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау процесін регламенттейтін ішкі құжаттар

Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады.
Саясаты ұзақ уақыт бойынша тиімді жұмыс тәжірибесімен салауатты мәдениетін танытады.

Жалпы өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады.
Қабылданған тәуекелдің күрделілігіне байланысты елеусіз кемшіліктердің түзетілуі оңай.

Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімсіз болып табылады.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес, өйткені банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермейді немесе болмауы мүмкін. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін.

Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат

Басқару ақпарат жүйесі өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы уақтылы және барабар ақпаратты береді.
Директорлар кеңесі және басқарма банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады.

Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етеді, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі тәуекелдің шоғырлану нүктесі мен өсуін барабар белгілейді және уақтылы, нақтылы және тиімді ақпаратты ұсынады.

Басқару ақпарат жүйесінің назар салуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Соның салдары ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті немесе жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін.

Өтімділіктің жағдайын бағалау және жоспарлау үшін қолданылатын ақпарат

Банк балансында көрсетілетін банк операцияларына ілесіп жүретін өтімділік тәуекелін өлшеуге мүмкіндік беретін ақпаратты жүйелер мен аналитикалық процедураларды пайдаланады.
Басқару ақпарат жүйесі банктің талаптары мен міндеттемелері бойынша толық ақпаратты ұсынады, тарихи деректерді қамтиды.

Қажетті ақпарат ақпараттық базаларда сақталады, божамдау процесіне қатысатын қызметкерлерге қажетті көлемде қол жетімді болады.
Бұл ретте банк тарихи деректерді өтеудің және талап етудің нақты мерзімдерін анықтау үшін пайдаланады.
Банкте ықтимал шығынға жазулардың және күн ішінде ақша қаражатының түсімдерінің статистикалық бағалауын басқа факторларды ескере отырып, жүргізу үшін тарихи деректердің жеткілікті көлемі бар.

Жекелеген қызметкерлерге қол жетімді, банк өтімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін тек нақты ақпарат қана пайдаланылады.
Ақпараттың жаңартылуы банктің ішкі құжаттарымен регламенттелмеген.

Банктегі өтімділік тәуекелі басқарудың әр кезеңіндегі қызметті автоматтандыру деңгейі

Ақпараттық технологиялар бизнес-процесстерге енгізілген, банк жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік бере отырып, оларды толығымен автоматтандырған
Ақпараттық жүйелер өтімділік тәуекелін басқарудың барлық процедураларын жүзеге асыру үшін қажетті нақтылау деңгейімен шынайы ақпаратты қамтиды.

Клиенттердің шоттарына(н) қаражаттың алынуының (келіп түсуінің) болжамды мәндерін алу, активтерді өтеу және талап етудің нақты мерзімдерін анықтау үшін математикалық және статистикалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдерді қолданады.
Ақпараттық жүйелер банктің активтері мен міндеттемелері туралы тарихи деректердің көлемді мұрағатын сақтайды.

Жұмыс стандартты офистік Microsoft қосымшалары арқылы жүргізіледі. Жасалған операциялардың есебін жүргізу жүйесі бар.

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажетті тәжірибесі мен дағдылары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды.

Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды.
Аздаған кемшіліктер оның нәтижелерінің тиімділігіне және сенімділігіне әсер етпейді.

Ішкі аудит қызметі өз қызметінің барысында банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін қарамайды.

Жалпы қорытындылар:

Өтімділік тәуекелін бақылау сапасын бағалау

Өтімділік тәуекелін бағалау деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Жиынтық өтімділік тәуекелі

Күшті

Төмен

Төмен

Орташа

Қабылдауға болатын

Төмен

Орташа

Жоғары

Әлсіз

Орташа

Жоғары

Жоғары

      Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтайды және бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Өтімділік тәуекелін басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
      Орташа – банктегі өтімділік тәуекелін басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Өтімділік тәуекелін басқару стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте өтімділік тәуекелін басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылы анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу барысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
      Жоғары – банкте әлеуетті өтімділік тәуекелін анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін тиімді басқару процедурасы жоқ. Тәуекелдерді басқару элементтері толығымен жеткіліксіз болып саналады, және директорлар кеңесі мен басқарма осы кемшіліктерді түзетуге қабілеттілігін танытпайды. Банктің нақты қызметкерлерінің және басқарманың біліктілігі күмән туғызады. Ішкі саясаттар мен процедураларының жүйелі бұзушылығы байқалады. Ішкі бақылау жүйесі соншалықты әлсіз болуы мүмкін, ол банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Бухгалтерлік есептіліктің, қаржылық есептердің шынайылығына, егер дереу түзету шараларын қолданбаса пайда болуы мүмкін шығындарға шұғыл алаңдаушылықты таныту қажет. Өтімділік тәуекелін басқару процедураларындағы және ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер банктің тәуекел-менеджменті тарапынан дереу және егжей-тегжейлі назар салуды талап етеді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар емес болып табылады.

Бірінші басшы (не оның орнындағы тұлға) ______________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты)   (қолы)    (күні)

Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
______________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты)   (қолы)    (күні)

Орындаушы:_________________________ _________
          (лауазымы, тегі және аты)  (қолы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады