Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6795 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 308 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      4. Екінші деңгейдегі банктерге 2011 жылғы 1 шілдеге дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының қосымшасының 2-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.

      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" және "Атамекен" Одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жіберсін.

      6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовқа жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 8 қаулысының
1-қосымшасы

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін екінші деңгейдегі
банктердің қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

      Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2012.03.26 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Агенттік Басқармасының "Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 4158 тіркелген):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:

      12-тармақтың үшінші абзацында "және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерту енгізу туралы" деген сөздер алып тасталсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 8 қаулысының
2-қосымшасы

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Агенттік Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3571 тіркелген).

      2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 318 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3861 тіркелген).

      3. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 323 қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3846 тіркелген).

      4. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3925 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады