Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 мамырда № 7675 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 17 сәуірдегі   
№ 180 бұйрығымен     
бекітілген        

Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық
жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді
қалыптастыру және жұмыс істеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
      Қағидалар ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар (бұдан әрі – АР) мен ұлттық ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі – АЖ), ақпараттық-коммуникациялық желілердің (бұдан әрі – АКЖ) қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібін анықтайды.
      2. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ қалыптастыру және жұмыс істеуі мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін сақтап қалу;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

2. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ қалыптастыру
тәртібі

      3. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар, жұмыс істеуінің тоқтауы немесе бұзылуы елдің қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының немесе инфрақұрылымының жекелеген салалары үшін не халықтың тыныс-тіршілігі үшін төтенше жағдайға немесе айтарлықтай келеңсіз салдарға әкелетін мемлекеттік электрондық АР мен АЖ қалыптастырылады.
      4. Мемлекеттік органдар жыл сайын 30 маусымға дейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) электрондық АР мен АЖ ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ анықтау туралы мынадай құжаттарды ұсына отырып ұсыныстарды енгізеді:
      еркін нысанда өтініш;
      электрондық АР мен АЖ сипаттамасы;
      техникалық құжаттаманың бар болуы туралы (техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік), сондай-ақ, электрондық АР мен АЖ өнеркәсіптік пайдалануға берілуі туралы мәліметтер;
      электрондық АР мен АЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкес келу аттестатының көшірмесі.
      5. Уәкілетті органның жанында құзыретіне Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін электрондық АР мен АЖ стратегиялық маңызын анықтау кіретін комиссия құрылады.
      6. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ тізбесі "Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген.

3. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ жұмыс істеу тәртібі

      7. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының, "Қазақстан Республикасы ақпараттық қауiпсiздiгiнiң 2016 жылға дейiнгi тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығының және осы Қағидаларының талаптарына сәйкес қорғалуға жатады.
      8. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйесі өзінің электрондық АР, АЖ және АКЖ қорғауға мемлекеттік органның көз-қарасын айқындайтын қауіпсіздік саясатының талаптарына сәйкес іске асырылады.
      9. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдары:
      қалыптастыру, пайдалану, өңдеу, беру және сақтау кезінде деректердің тұтастығын;
      рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды, ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ толықтырулар мен өзгерістер енгізуді;
      деректерді резервтеу мен қалпына келтіру жүйесін;
      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тұтастығы мен жұмысқа қабілеттілігін бақылауды қамтамасыз етеді.

Об утверждении Правил формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, информационно-коммуникационных сетей

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 апреля 2012 года № 180. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 мая 2012 года № 7675. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 84

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 26.01.2016 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 9) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, информационно-коммуникационных сетей.
      2. Департаменту государственной политики в области информационных технологий Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Елеусизова К.Б.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его официальное опубликование и размещение на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Сарсенова С.С.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев

Утверждены        
приказом Министра     
транспорта и коммуникаций 
Республики Казахстан    
от 17 апреля 2012 года № 180

Правила
формирования и функционирования национальных электронных
информационных ресурсов и национальных информационных систем,
информационно-коммуникационных сетей

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, информационно-коммуникационных сетей (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации".
      Правила определяют порядок формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов (далее - ИР) и национальных информационных систем (далее - ИС), информационно-коммуникационных сетей (далее - ИКС).
      2. Формирование и функционирование национальных электронных ИР и национальных ИС, ИКС осуществляется в целях:
      сохранения единого информационного пространства Республики Казахстан;
      организации информационного взаимодействия государственных органов Республики Казахстан.

2. Порядок формирования национальных электронных ИР
и национальных ИС, ИКС

      3. Национальные электронные ИР и национальные ИС формируются из государственных электронных ИР и ИС, имеющих важное стратегическое значение для экономики и безопасности Республики Казахстан, прекращение или нарушение функционирования которых приводит к чрезвычайной ситуации или к значительным негативным последствиям для обороны, безопасности, международных отношений, экономики, отдельных сфер хозяйства или инфраструктуры страны, либо для жизнедеятельности населения.
      4. Государственные органы ежегодно до 30 июня вносят в уполномоченный орган в сфере информатизации (далее - уполномоченный орган) предложения об определении электронных ИР и ИС национальными электронными ИР и ИС, с представлением следующих документов:
      заявление в произвольной форме;
      описание электронных ИР и ИС;
      сведения о наличии технической документации (технико-экономическое обоснование, техническое задание, техническая спецификация), а также о сдаче электронных ИР и ИС в промышленную эксплуатацию;
      копию аттестата на соответствие электронных ИР и ИС требованиям информационной безопасности.
      5. При уполномоченном органе создается комиссия, которая  определяет стратегическое значение электронных ИР и ИС для экономики и безопасности Республики Казахстан.
      6. Перечень национальных электронных ИР и национальных ИС утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2007 года № 863 "Об утверждении Перечня национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем".

3. Порядок функционирования национальных электронных ИР
и национальных ИС, ИКС

      7. Национальные электронные ИР и национальные ИС, подлежат защите в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации", Указа Президента Республики Казахстан от 14 ноября 2011 года № 174 "О Концепции информационной безопасности Республики Казахстан до 2016 года" и настоящих Правил.
      8. Система обеспечения информационной безопасности национальных электронных ИР и национальных ИС, ИКС реализуется в соответствии с требованиями политики безопасности, отражающей подход государственного органа к защите своих электронных ИР, ИС и ИКС.
      9. Программно-аппаратные средства защиты национальных электронных ИР и национальных ИС, ИКС должны обеспечивать:
      целостность данных при формировании, использовании, обработке, передаче и хранении;
      защиту от несанкционированного доступа, внесения дополнений и изменений в национальные электронные ИР и национальные ИС;
      систему резервирования и восстановления данных;
      контроль целостности и работоспособности системы обеспечения информационной безопасности.