Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 863 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 629 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 629 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 1 қазандағы
N 863 қаулысымен  
бекітілген     

Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен
ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.27 N 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.06 N 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.05.2014 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      3. «Заңды түлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттык жүйесі.
      6. «Электрондық үкімет» веб-порталы.
      7. «Электрондық үкімет» шлюзі.
      8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі.
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы.
      10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы.
      11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
      12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі.
      13. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі.
      14. «KZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі.
      15. Қазынашылыктың біріктірілген ақпараттық жүйесі.
      16. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі.
      17. «Салықтык есептілікті өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі.
      18. «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі.
      19. «Электрондық мемлекеттік сатып aлу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
      20. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі.
      21. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы.
      22. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
      23. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл порталы».
      24. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
      25. «E-learning» электрондық оқыту жүйесі.
      26. Мемлекеттік органдардың интранет-порталы.
      27. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі.
      28. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық почта жүйесі» ақпараттық жүйесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады