"Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13247 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 29.01.2018 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" акпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кағидалары бекітілсін.

      2. "Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 180 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7675 болып тіркелді, 2012 жылы 25 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазакстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 84 бұйрығымен бекітілген

"Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ереже

      1. Осы "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадаға Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7 бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру (бұдан әрі – Тізбе) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін телекоммуникациялар желісіне және өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың, олардың ведомствоға бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің оқшау (Интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілеріне таралмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласынд басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және қызмет көрсетуші персоналдардың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттке келтірілген жиынтығы;

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық тұғырнамалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері;

      4) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      5) мемлекеттік органның архитектурасы – мемлекеттік органның міндеттерін, функцияларын, ұйымдық құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың өзара байланысын қоса алғанда, оның ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасы;

      6) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

      7) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы – жіктеуішке сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тіркеуді, есепке алуды, сақтауды және жүйеге келтіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингілеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйесі;

      8) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

2. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі

      4. Мемлекеттік орган мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын (бұдан әрі – ИР) Тізбеге енгізу үшін, уәкілетті органға 30 наурыздан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдардың ИР-ын және операторға бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін Тізбеге енгізу өтінішімен (бұдан әрі – Өтініш) мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ИР туралы мәліметтер;

      2) ИР-ға тіркелген пайдаланушылардың саны туралы мәліметтер;

      3) осы ИР көмегімен көрсетілетін мемлекеттік электрондық қызметтердің тізбесі, немесе ИР көмегімен автоматтандырылған мемлекеттік органдар функцияларының тізбесі;

      5. Мемлекеттік орган "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін (бұдан әрі – Объект) Тізбеге енгізу үшін уәкілетті органға 30 наурыздан кешіктірмей Өтінішпен мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

      1) объектінің сипаттамасы;

      2) техникалық құжаттаманың көшірмесі (техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік), сондай-ақ өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы құжат;

      3) объектінің тіркелген пайдаланушыларының саны туралы мәліметтер;

      4) осы объектінің көмегімен көрсетілетін мемлекеттік электрондық қызметтердің тізбесі, немесе осы объектінің көмегімен автоматтандырылатын мемлекеттік органдар функцияларының тізбесі;

      5) ақпараттық жүйені пайдаланылатын мемлекеттік органдардың саны және енгізілген ақпараттық жүйе объектілер саны (мемлекеттік органдар, ведомствоға бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер);

      6) объектінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестатының көшірмесі (егер ақпараттық жүйе дамыту сатысында болған жағдайда мерзімі өтіп кеткен аттестат).

      6. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған құжаттарды өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ИР-ның сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсыныстарды беру, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасының объектісі, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналасқан мәліметтерді ұсыну үшін сервистік интеграторға жібереді.

      Мемлекеттік орган ИР-сының, объектінің мемлекеттік орган бекіткен архитектураға сәйкес еместігі объектіні Тізбеге енгізуден бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік органда архитектураның болмауы, мемлекеттік орган ИР-сының, объектіні Тізбеге енгізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

      7. Уәкілетті орган сервистік интегратордың ұсынған ұсынысы негізінде:

      1) мемлекеттік органдардың ИР-сын Заңның 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік органдардың ИР-сын ақпараттық толықтыру қағидаларына және олардың мазмұнына қойылған талаптарға сәйкестігін;

      2) ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес операторға бекітіліп берілетін объектілерінің ИР-ның тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық жүйелерді іріктеу өлшемшарттарына (бұдан әрі – өлшемшарттар) сәйкестігіне тексереді.

      8. Уәкілетті орган сервистік интегратордың ұсынған ұсынысы негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) мемлекеттік органның интернет-ресурсын, объектіні Тізбеге енгізу туралы;

      2) мемлекеттік органның ИР-сын, объектіні Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Тізбеге енгізуге іріктеу қорытындылары бойынша өлшемшарттарға сәйкес кемінде үш балл алған мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі жатады, бұл ретте өлшемшарттарды әрқайсысында кем дегенде бір бал алуы қажет.

      10. Мемлекеттік органның ИР-сын, объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган қабылданған шешім туралы Операторға хабарлайды.

      11. Мемлекеттік органның ИР-сын, объектіні Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, мемлекеттік органға хабарлайды.

      12. Мемлекеттік орган, Тізбеге енгізілген объектілер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда және Тізбені өзектендіру үшін растайтын құжаттар жібереді.

      13. Мемлекеттік орган, Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда, осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін уәкілетті органға хабарлайды.

  "Электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының операторына
бекітіп берілетін мемлекеттік
органдардың интернет-ресурстарының
және "электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Кімге__________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесіне енгізуге
ӨТІНІШ

      __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның интернет-ресурсының және (немесе) "электрондық

      үкіметтің" ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымы объектісінің атауы).

      сұрайды.

      ____________________________

      (қолы, күні)

      М.О.

  "Электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының операторына
бекітіп берілетін мемлекеттік
органдардың интернет-ресурстарының
және "электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша

ИР туралы ақпарат

р/с №

Құжаттың атауы

Сипаттамасы

1

ИР бойынша жалпы мәлімет

1. ИР атауы

2. ИР мақсаты

3. Сүйемелдеу және қолдану міселелеріне қатысты өзара

әрекеттесу үшін ИР иесінің жағынан

жауапты тұлғалар

4. ИР иесі

2

ИР дистрибутивтері және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуі (бар болған жағдайда)

1. ИР жұмыс істеуі үшін қажетті дистрибутивтер – қолданушылар және ИР әкімшілері үшін нұсқаушы пакеттер

2. Лицензиялау шарттарына талаптар

3. Лицензяны қолдану мерзімі

4. Саны

3

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасын басқару жүйесі, операциялық жүйе бойынша әкімшілік басшылығы

Әкімшілендіру бойынша нұсқаулық құжаттар

4

Қолданушы басшылығы

Қолданушы үшін басшылық (контент менеджер)

5

Біріккен ИР тізім (бар болған жағдайды)

1. ИР атауы

2. Иесі

3. Орналасуы

4. ТИР бірігуіне талаптар

5. Біріккен ИР әрекеттесу регламенті

  "Электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымыныңоператорына
бекітіп берілетін мемлекеттік
органдардың интернет-ресурстарының
және "электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша

"Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық жүйелерді іріктеу өлшемшарттары

Өлшемшарттар атауы

Нұсқалар

Иә

Жоқ

1

Ақпараттық жүйенің ауқымы



1.1.

Орталық мемлекеттік органның (бұдан әрі - ОМО) 1-ден артық қызметкері ақпараттық жүйенің тіркелген және белсенді пайдаланушылары (ақпараттық жүймен тұрақты негізде жұмыс істейді) болып табылады

1

0

1.2.

Бір ОМО–ның ведомствоға бағынысты ұйымдарының және 16 аумақтық бөлімшелерінің (бар болған жағдайда) барлық қызметкерлері ақпараттық жүйенің тіркелген және белсенді пайдаланушылары (ақпараттық жүймен тұрақты негізде жұмыс істейді) болып табылады

1

0

1.3.

1-ден артық ОМО–ның ақпараттық жүйесі осы ақпараттық жүйемен деректер алу үшін ықпалдасқан және деректерді тұрақты негізде қолданады

1

0

1.4.

Бір ОМО–ның ведомствоға бағынысты ұйымдарының және 16 аумақтық бөлімшелерінің (бар болған жағдайда) осы ақпараттық жүйемен деректер алу үшін ықпалдасқан және деректерді тұрақты негізде қолданады

1

0

2

Ақпараттық жүйе санаты



2.1.

Ақпараттық жүйе азаматтар және олардың мүліктері туралы деректердің жекелеген санаттарына эталондық сақтау орны болып табылады

1

0

2.2.

Ақпараттық жүйе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардан талап етілетін басқа бастапқы деректердің эталондық сақтау орны болып табылады

1

0

2.3.

Ақпараттық жүйе 3-тен артық мемлекеттік электрондық қызметті беру үшін жұмылдырылған немесе жағдай жасайды

1

0

2.4

Ақпараттық жүйе мемлекеттік органдардың жабық кілттермен электрондық цифрлық қолтаңбаларын куәландыратын ақпарат тасушыларды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және оларды санцияланбаған қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді

1

0

2.5

Ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай көліктік ортасында жұмыс істейді

1

0

3

Ақпараттық жүйе пайдаланушыларының саны



3.1.

Ақпараттық жүйеде 1000-нан астам белсенді тіркелген пайдаланушылар бар

1

0

3.2.

Ақпараттық жүйедегі бастапқы деректерді 100 000-нан астам адам пайдаланады

1

0

3.3

Ақпараттық жүйеге Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметкерлердің кемінде 50%-дан кем емесі қосылған

1

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады