Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 6 маусымда № 85 (1311) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен белгіленген Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын Талаптарда:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Талаптардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне қаржы тарту, соның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру болып табылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;
3) борыштық бағалы қағаз - шығару шарттарымен бекітілген көлем мен мерзімде, оның иесіне эмитенттен негізгі борыштың сомасын алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) рұқсат беру бастамашысы - бастамасы бойынша бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);
6) индекстік қор - активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
7) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым («Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалғандай);
9) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі - бағалы қағаздар және бағалы қағаздардың эмитенттері аталған тізімге ену үшін және онда болу үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;
10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
11) листингтік компания - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
12) маркет-мейкер - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардың баға кесімін қолдау және ұдайы жариялау бойынша өзіне міндеттеме қабылдаған, қор биржасында маркет-мейкер ретінде танылған қор биржасының мүшесі;
13) ресми тізімінің секторы – осы секторы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;
14) сауда алаңы - ресми тізіміне енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі;
15) индекстің өкілдік тізімі - параметрлері қор биржасының сол немесе өзге индикаторларын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздардың тізімі;
16) үлестік бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, мүліктің белгілі үлесіне оның иесіне құқығын растайтын бағалы қағаз;
17) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары негізінде не «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте бекітілген сауықтыру жоспарымен іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа іс-шаралар және рәсімдер кешені.
2. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Нарық туралы заң) және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, оның ішінде базалық активі Нарық туралы заңға және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (жіберіледі).
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының айналымына, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (жіберілген) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары жіберіледі.
Ресми тізімі мынадай секторлардан тұрады:
1) акциялар;
2) борыштық бағалы қағаздар;
3) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;
4) депозитарлық қолхаттар;
5) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
6) мемлекеттік бағалы қағаздар;
7) туынды бағалы қағаздар;
8) исламдық бағалы қағаздар.
Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімнің секторлары жеке санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.
Қор биржасының ішкі құжаттары осы тармақта көрсетілген ресми тізімінің секторларынан басқа, қосымша секторлардың қызмет етуін көздей алады.»;
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бірінші санаты (ең жоғарғы) бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және онда болу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы өтініш беруден бұрын кем дегенде үш жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде үш жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, Талаптардың 4-тармағының 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы) қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржылық жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе соңғы үш аяқталған қаржылық жылынан;
егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржылық жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе соңғы аяқталған қаржылық жылдан кейінгі қатарынан үш аяқталған қаржылық жылынан кем емес аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілікті жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептіліктің толық жиынтығы) бойынша есеп береді.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру күнінен, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш беру күнге дейін алты ай өтуі тиіс;
5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым бар болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиiстi қаржы жылына бекiтiлген республикалық бюджет туралы заңымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi - АЕК) сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы соманы құрайды.
Осы санаттағы акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы АЕК-тың сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сома болуы тиіс.
Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
Акциялар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің осы санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
6) соңғы әрбір үш жыл ішіндегі акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайда сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Акциялар ресми тiзiмiнiң осы санатында болған кезде, әрбір жылға АЕК-тың сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы соманы құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептiлік күнгi қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы үш жылдың екi жылында акциялар эмитентiнiң таза пайдасы бар болуына жол берiледi.
7) еркін айналымдағы акциялар саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрде орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кем дегенде он пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он бес пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң жиырма бес пайызын құрайды.
Еркін айналымдағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
Акцияларының елуден астам пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингтерге тиесілі ұйымдар үшін акцияларын ресми тізімге енгізу күніне еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кем дегенде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялары бойынша дербес жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;
9) акцияларды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
5. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына енгізу және оларды онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) эмитентті мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімі есепке алу жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін кемінде екі жыл жұмыс істеу мерзімі ретінде талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан кейінгі қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап, акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп береді.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасалған күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күнге дейін алты айдан аспауы тиіс;
5) эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Осы санаттағы акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы АЕК-тың бір жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
6) соңғы екі жылдың біреуіндегі акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайданың болуы;
7) еркін айналымдағы акциялар саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан осы түрдегі (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кем дегенде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттығы ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын және осы акциялармен сауда-саттығы ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң - он бес пайызын құрайды.
Еркін айналымдағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар кірмейді.
Акцияларының елуден астам пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін акцияларын ресми тізімге енгізу күніне, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналастырылған акциялар санының кем дегенде бес пайызын құрайды.
Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елі заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) акцияларды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
6. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санаты бойынша «акциялар» секторына енгізу және оларды онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты жұмыс істеу кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.
Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті берусіз қабылданады, эмитентте мына құжаттардың біреуі бар болған жағдайда:
соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аралық қаржы ақпаратының шолуы (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп, не жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аудиторлық есеппен расталған, осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;
4) эмитенттiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың елу бiр мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы қаулының 4-тармағының 3) тармақшасының, 5-тармағының 3) тармақшасының және 6-тармағының 2) тармақшасының талаптары мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «акциялар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент мынадай халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің акциялар секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің акциялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болған, сондай-ақ осы шетел қор биржасы таныған аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) рейтингілік бағалары уәкілетті органымен танылатын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің бірімен борыштық бағалы қағазына рейтингілік баға берілді. Рейтингілік бағасы уәкілетті орган белгілеген деңгейден төмен емес. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингілік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингілік агенттіктер берген рейтингілік бағалар бар болғанда, осы бағалардың соңғысына назар аударылады;
2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кемінде екі жыл уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
Егер, қор биржасының ішкі құжаттарымен акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзіміне қойылатын талап белгіленсе, онда осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талап осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
3) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан кейінгі қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
7) борыштық бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы борыштық бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;
8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.»;
10, 10-1 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» шағын санатына енгізу үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды, қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімін және олардың сонда болуын қоспағанда, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілген болса, соңғы аяқталған екі қаржы жылынан;
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;
5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болады. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы шағын санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
6) соңғы екі жылдың біреуіндегі эмитенттің таза кірісі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша АЕК-тың екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы мәселе аудиторлық есеппен расталған, көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болатын аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) борыштық бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы шағын санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы борыштық бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы шағын санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 8-тармағының 1), 3), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 10-тармағының 2), 8) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарымен айқындалады.
11. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санатынан кейінгі)» шағын санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бір жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан;
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі аяқталған қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;
5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болады. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы шағын санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
6) эмитенттің аяқталған үш қаржы жылының біреуіндегі, аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күнiне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайданың болуы;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылының сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша АЕК-тың үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы мәселе аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елі заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.»;
11-2 және 11-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болу үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
3) рейтингілік бағасын уәкілетті органымен танылатын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және оригинаторға рейтингілік баға берілді.
Оригинаторда «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3» төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) не Standard & Poor's, Fitch және (немесе) Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдің рейтингілік бағасы бар.
Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингілік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингілік агенттіктер берген рейтингілік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына назар аударылады;
4) оригинатор ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан кейінгі қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған оригинатордың қаржылық есептілігін ұсынады.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін алты айдан аспауы тиіс;
аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;
Оригинатордың қаржылық есептілігінің аудитін (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілік) қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың біреуі жүргізеді;
6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы екі жылдың біреуі үшін таза кірісінің бар болуы;
8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген;
9) оригинатордың левередж мөлшері аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;
10) рұқсат беру бастамашысы (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) эмитенттің соңғы есептік күніне ҚЕХС сәйкес жасалған және қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікті береді;
11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төледі;
12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс;
16) акционерлік қоғамдарға қатысты эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
17) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:
1) Талаптардың 11-2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 16) және 17) тармақшаларында көзделген талаптар;
2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кіретін бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 11-4-тармақпен толықтырылсын:
«11-4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған, ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызына иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялары қаржы секторының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған, ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын қаржы секторының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін осы облигациялар және олардың эмитенті Талаптардың 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Инфрақұрылымдық облигациялар қаржы секторының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші шағын санатына» (ең жоғарғы санатынан кейінгі) шағын санатына енгізіледі.
Инфрақұрылымдық облигацияларды ресми тізімнің осы шағын санатына енгізу және сонда болу үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы Талаптардың 11-тармағының 2), 3), 8), және 9) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Талаптардың 8-тармағының 4) тармақшасындағы, 10-тармағының 3) тармақшасындағы және 11-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (жіберілетін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің облигациялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасы таныған аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.»;
13-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13-5. Эмитент (рұқсат беру бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын Талаптардың 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан басқа, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көзделген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Іс-шаралар жоспары:
1) эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасын;
2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептерін;
3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған эмитенттің орындауға болжанған негізгі іс-шараларын;
4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындау мерзімдерін;
5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамын;
6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесін қамтиды.
Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Осы тармақта белгіленген талаптар қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.
Қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банкті және оның бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының бірінші басшысы (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) не аталған екінші деңгейдегі банктің бірінші басшысының міндетін атқаратын тұлға (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) қол қойған өтініштің негізінде, осы аударым жасауды қор биржасының директорлар кеңесі мақұлдаған кезде жүргізіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен пайларын енгізу үшін және онда болу үшін, осы бағалы қағаздар, сондай-ақ инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер оның инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат беріледі;
2) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы өтініш берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күннен бастап бір жылдан кем емес уақыт өтті;
4) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылы не нақты жұмыс істеу кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін береді.
Соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде рұқсат беру бастамашысының инвестициялық қордың бағалы қағаздарын осы секторға енгізу жөніндегі өтінішін қор биржасы инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылдайды, оларда мыналар бар болған жағдайда:
соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігі;
5) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың меншікті капиталы жарғы капиталынан кем болмайды және соңғы есептік күніне аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке (еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) – шоғырландырылған қаржылық есептілігі болған жағдайда) сәйкес АЕК-тың төрт жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды;
6) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
7) инвестициялық қордың болуының барлық мерзімі ішінде оның басқарушы компаниясында немесе инвестициялық қорда бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары болған жоқ;
8) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;
9) соңғы есептік күніне инвестициялық қордың таза активтерінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес АЕК-тың екі жүз он бес мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.
Егер ресми тізімге енгізу күнінде осы инвестициялық қордың орналастырылған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, таза активтердің құны бойынша осы тармақшаның талаптары инвестициялық қордың осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш айдан кейін қолданылады;
10) инвестициялық қордың бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш ай өткен соң елуден кем емес болуы тиіс;
11) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады;
12) басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;
13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініші берілген күнге дейінгі бір жылдан кем емес бұрын жүзеге асырылған;
14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кіретін бағалаушының біреуімен жүргізіледі.
Осы тармақша Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға қолданылады;
15) жұмыс істеуінің әрбір жылы үшін акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күндегі қаржылық есептілікке (еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайдасының бар болуы;
16) акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы.»;
14-2 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-2. Талаптардың 14-тармағының 13) тармақшасында және 14-1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар рейтингілік бағасын уәкілетті орган танитын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің біреуінің рейтингілік бағасы бар жылжымайтын мүлік қорына қолданылмайды.
15. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «инвестициялық қордың бағалы қағаздары» секторына енгізу және олардың сонда болуы үшін индекстік қор мен оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген;
2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар уәкілетті орган таныған биржалардың тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілгенде.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Талаптардың 14-тармағының 6) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қоры халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес басқарушы компаниямен құрылған және (немесе) басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қорының бағалы қағаздары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.»;
16, 17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «депозитарлық қолхаттар» секторының айналымына базалық активі Нарық туралы заңына және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарлық қолхаттар енеді.
Ресми тізімнің осы секторына депозитарлық қолхаттарды енгізу талаптар, осы Талаптардың 5-тармағында белгіленген, базалық актив болып табылатын акцияларға қатысты және оның эмитентіне қолданылады.
17. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторындағы айналысқа халықаралық қаржы ұйымдарының мынадай талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі:
1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылуы;
2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің міндетті бар болуы.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасы белгілейді.
18. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «мемлекеттік бағалы қағаздар» секторының айналымына Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттер заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:
1) олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады;
2) ресми тізімнің берілген санатына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады. Осы талап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен шығарылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды.
Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының айналымына «В-» (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің классификациясы бойынша) немесе «В3» (Moody's рейтингілік агенттігінің классификациясы бойынша) төмен емес шетел валютасындағы егемен ұзақ мерзімді несиелік рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «туынды бағалы қағаздар» секторына туынды бағалы қағаздарды енгізу және олардың сонда болу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті уәкілетті органмен келісуге жататын қор биржасының ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын ықшамдалған рәсім бойынша енгізу үшін қойылатын талаптар:
1) бағалы қағаздар уәкілетті орган таныған қор биржаларының тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілген;
2) эмитенттердің ақпаратты ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен рұқсат беру бастамашысы немесе эмитент арасында жасалған ақпаратты ашу туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады;
3) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың ресми тізімде болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті;
4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 1-тармағының елу бірінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Ұлттық Банктің
Төрағасы Г. Марченко