Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қарашада № 9871 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

       "Бағалы қағаздар рыногы" туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын жоғарыда көрсетілген Талаптарға сәйкес келтірсін.

      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ.Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 189 қаулысымен
бекітілді

Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін
(жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы
тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар

       1. Осы эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің (өздерінің) құрылтайшысының (құрылтайшыларының), қатысушысының (қатысушыларының), акционерінің (акционерлерінің) – осы немесе басқа да мемлекеттің заңды тұлғаның (тұлғалардың) кепілдігіне не олармен байланысты (үлестес) тұлғалардың кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;

      2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;

      3) борыштық бағалы қағаз – иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

      4) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары – республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;

      6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;

      7) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

      8) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;

      9) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері осы Талаптарға сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;

      10) қор биржасының тізімі – қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған, қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі;

      11) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген (ресми тізімде айналысқа жіберілген) заңды тұлға;

      12) ресми тізімнің секторы – эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген), Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізімінің бір бөлігі;

      13) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;

      14) сауда алаңы – қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;

      15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспары не "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдерінің кешені;

      16) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы айналысына Қазақстан Республикасынан бөлек басқа мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (тізімде айналыста болуға рұқсат берілген) бағалы қағаздарға рұқсат беріледі.

      2-1. Қор биржасының тізімі ресми тізімнен және "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторынан тұрады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (рұқсат беріледі).

      4. Қор биржасының ресми тізімі мынадай секторлардан тұрады:

      1) акциялар;

      2) борыштық бағалы қағаздар;

      3) исламдық бағалы қағаздар;

      4) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

      5) туынды бағалы қағаздар;

      6) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

      7) мемлекеттік бағалы қағаздар;

      8) құрылуы және жұмыс істеуі қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де секторлар. Бағалы қағаздарды осындай секторларға енгізу, оларды олардан шығару және тізім санатын ауыстыру талаптары мен тәртібі, сондай-ақ бағалы қағаздары осындай секторларға енгізуге болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Қор биржасының ресми тізімінің секторлары бөлек санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Акциялар" секторы екі санатқа бөлінеді: бірінші санат және екінші санат.

      6. Қор биржасының ресми тізімінің бірінші санаты бойынша "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.

      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне үш жылдан аз талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, аудиторлық ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесі) енген аудиторлық ұйымдардың бірі эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болу үшін жүргізеді;

      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:

      егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;

      егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған үш қаржы жылынан кем емес аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.

      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан көп емес мерзім өтуі тиіс.

      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді;

      5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

      Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

      6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қор биржасының ресми тізімінің екінші санаты бойынша "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

      2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы үшін немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.

      Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін бермей, эмитентте мына құжаттардың біреуі бар болған жағдайда қабылданады:

      соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аралық қаржы ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп;

      жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан көп емес уақыт өтпеген, аудиторлық есеппен расталған осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;

      4) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

      Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

      5) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Борыштық бағалы қағаздар" секторы үш санатқа бөлінеді:

      1) квазимемлекеттік секторы субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары;

      2) өзге борыштық бағалы қағаздар;

      3) буферлік санат.

      9. Қор биржасының ресми тізімінің "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша "борыштық бағалы қағаздар" секторына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығарған борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) мемлекет, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг не ұлттық компания эмитенттің акцияларының бақылау пакетін немесе жарғылық капиталында қатысудың бақылау үлесін тікелей не ішінара иеленеді;

      2) эмитент қаржылық есептілікті ХҚЕС сәйкес жасайды;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) борыштық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде осындай бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қор биржасының ресми тізімінің "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "борыштық бағалы қағаздар" секторына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кемінде екі жыл уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі;

      2) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      4) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің кемінде соңғы аяқталған бір қаржы жылы үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.

      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуге тиіс.

      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді;

      5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

      Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

      6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11. Қор биржасының ресми тізімінің "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "борыштық бағалы қағаздар" секторына арнайы қаржы компаниясы немесе арнаулы кәсіпорын шығарған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу және олардың онда болуы үшін, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитент бір немесе бірнеше секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;

      2) эмитент және оның борыштық бағалы қағаздары Талаптардың 10-тармағының 2), 3), 5) және 6)тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      12. Инфрақұрылымдық облигацияларды қор биржасы ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторына "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізу және сонда қалдыру үшін осы облигациялар және олардың эмитенті Талаптардың 10-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      13. Осы эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) не құрылтайшысының (қатысушысының) бірі болып табылатын ұйымның кепілдігімен арнайы кәсіпорындар шығарған борыштық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторына "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізу үшін, талаптар эмитенттің өзіне емес, осындай кепілгер болатын ұйымға қолданылады.

      14. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы қор биржасының ресми тізіміндегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;

      2) эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдағанда.

      15. Қор биржасы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын Талаптардың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.

      16. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін Талаптардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.

      17. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.

      18. Эмитент (рұқсат беру бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін Талаптардың 14-тармағында көрсетілген негіздемелер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін Талаптардың 14-тармағында көзделген негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.

      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Іс-шаралар жоспарында:

      эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;

      эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;

      қаржылық жағдайды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;

      іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;

      эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;

      іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.

      Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Осы тармақта белгіленген талаптар қайта құрылымдау процесінде тұрған екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

      Қайта құрылымдау процесінде тұрған екінші деңгейдегі банктің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының бірінші басшысы (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) не аталған екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының басшысының міндетін атқаратын тұлға (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) қол қойған өтініштің негізінде, осы аударым жасауды қор биржасының листингтік комиссиясы мақұлдаған жағдайда жүргізіледі.

      19. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      20. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды.

      Листингтік комиссия іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымы қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына, листингтік комиссия іс-шаралар жоспарын қабылдамаған жағдайда – делистингке аударым жасауға жатады.

      Эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізуі мүмкін.

      Листингтік комиссия іс-шаралар жоспарына өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарына өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарына өзгерістерді қабылдамау туралы шешімінде эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына оларды Талаптардың 26-тармағына сәйкес делистингке негіздер жоқ болған жағдайда "буферлік санат" санатында қалатыны туралы ақпарат бар.

      21. Эмитент өзінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасауға не делистингке негіздерді жойған және бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау не делистинг туралы шешім қабылдаған сәтке дейін қор биржасына растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің санатында қалады, мұнда олар Талаптардың 14-тармағында көрсетілген іс-қимылдарды жасау сәтінде болған.

      22. Бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінің қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатында болуының ең жоғары мерзімі эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.

      23. Бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына болған кезеңде эмитент (рұқсат беру бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұрау салуы бойынша қор биржасына мынадай ақпаратты береді:

      1) тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарымен және эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы мәліметтер бар листинг туралы шартпен айқындалатын есептілік пен ақпарат;

      2) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау туралы ақпарат.

      24. Эмитенттің бағалы қағаздарын Талаптардың 14-тармағында көрсетілген қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына Талаптардың 22-тармағында белгіленген мерзімде аударым жасауға негіздер жойылған жағдайда, осы бағалы қағаздар листингтік комиссия шешімінің негізінде қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатынан талаптарына олар сәйкес келетін "борыштық бағалы қағаздар" секторының санатына аударым жасалады, ал "борыштық бағалы қағаздар" секторы санаттарының талаптарына сәйкес келмесе делистингке ұшырайды.

      Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне бұрын болған "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасауға эмитенттің және оның бағалы қағаздарының қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының осы санатының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың негізінде қабылданған листингтік комиссияның шешімі негіз болып табылады.

      25. Егер эмитент өзінің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатында болған уақытта міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы жарияласа, оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатында қалады.

      26. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:

      1) қайта ұйымдастырылу немесе таратылу нәтижесінде эмитенттің қызметі тоқтатылғанда не эмитент мәжбүрлеп таратылу процессінде болғанда;

      2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (соңғы купондық кезеңдегі сыйақыны қоспағанда) төлеу бойынша дефолт және эмитент Талаптардың 18-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын ұсынбағанда;

      3) Талаптардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда эмитент Талаптардың 18-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын немесе жазбаша хабарламаны ұсынбағанда;

      4) листингтік комиссия Талаптардың 20-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;

      5) эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) осы эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамағанда эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатында болғанда міндеттемелері бойынша дефолтында;

      6) осы Талаптардың 16-тармағында көрсетілген қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздемені жою мүмкін еместігі фактісін қор биржасының анықтауы;

      7) осы Талаптардың 22-тармағымен белгіленген мерзімде осы Талаптардың 14-тармағында көрсетілген негіздемелерді жоймау;

      8) соттың эмитентті банкрот деп тануы;

      9) эмитенттің мүлкін осы эмитенттің активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салу;

      10) эмитенттің (рұқсат беру бастамашысының) эмитенттің болған кезінде және оның бағалы қағаздары осы Талаптардың 23-тармағында көрсетілген тізбеде қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторындағы "буферлік санат" санатындағы ақпаратты ұсынбауы;

      11) іс-шаралар жоспарымен көзделген іс-шаралардың орындалмауы;

      12) қор биржасының ішкі құжаттарымен көзделген басқа жағдайларда.

      27. "Исламдық бағалы қағаздар" секторы екі санатқа бөлінеді: исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.

      28. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің "исламдық бағалы қағаздар" секторының "исламдық жалға алу сертификаттары" санатына енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:

      1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;

      2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;

      3) рейтингілік бағасын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен танылатын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің біреуі исламдық бағалы қағазға рейтингілік баға берді.

      Оригинаторда "ВВ-" төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва3" төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша) не "Standard & Poor's", "Fitch" және (немесе) "Moody's Investors Service" рейтингілік бағасы рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдің рейтингілік бағасы бар.

      Бұл ретте, қор биржасы соңғы жиырма ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингілік бағаны ескереді. Бірнеше рейтингілік агенттік берген рейтингілік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;

      4) оригинатор қаржылық есептілігін ХҚЕС сәйкес жасайды;

      5) рұқсат беру бастамашысы оригинатордың аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін:

      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап 4 (төрт) ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы кемінде 2 (екі) қаржы жылына;

      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап 4 (төрт) ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған қатарынан кемінде 2 (екі) қаржы жылына ұсынады.

      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін 6 (алты) айдан аспауға тиіс.

      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін 6 (алты) айдан астам өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.

      Оригинатордың қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      6) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген;

      7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оригинатордың левередж мөлшері екіден аспайды;

      8) рұқсат беру бастамашысы ХҚЕС-ке сәйкес жасалған және қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебімен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілігін) соңғы есепті күніне ұсынады;

      9) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төлеген;

      10) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;

      11) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасы танитын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;

      12) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;

      13) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбайды;

      14) акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      15) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің "исламдық бағалы қағаздар" секторының "исламдық қатысу сертификаттары" санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі керек:

      1) осы Талаптардың 28-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 14) және 15) тармақшаларында көзделген талаптар;

      2) эмитент бар инвестициялық жобаны дамыту үшін тартылған шығарылым қаражатын кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;

      3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;

      4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;

      5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасын қор биржасы танитын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.

      30. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын қор биржасының ресми тізіміндегі "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізу үшін және онда бағалы қағаздарды қалдыру үшін акционерлік инвестициялық қор, сондай-ақ егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) акционерлік инвестициялық қорды басқарушы компания мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:

      1) акционерлік инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуға және айналымда болуға рұқсат етілуі тиіс;

      2) акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрайды;

      3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы өтініш берген күннен бері инвестициялық қордың басқарушы компаниясы не акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны не заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркелген елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күнінен бастап бір жылдан аспайтын уақыт өтті;

      4) рұқсат беру бастамашысы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе соңғы толық аяқталған қаржы жылы үшін не нақты өмір сүру кезеңі аралығындағы аудиторлық есеппен расталған акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынады.

      Қор биржасы соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бірінші төрт ай аралығында осы секторға инвестициялық қордың бағалы қағаздарын енгізуге рұқсат беру бастамашысының өтінішін инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе соңғы толық аяқталған қаржы жылғы аудиторлық есеппен расталған акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынбай, оларда мыналар болған жағдайда енгізеді:

      соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жылға арналған аудиторлық есепті растаушы қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалған күнінен бастап рұқсат беру бастамашысының аталған өтінішті берген күніне дейін алты айдан артық емес уақыт өткен аралық қаржылық ақпаратты шолу жөніндегі есептер (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық комплекті) не

      жасалған күнінен бастап рұқсат беру бастамашысының аталған өтінішті берген күніне дейін алты айдан артық емес уақыт өткен осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе аудиторлық есеппен расталған осы акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігін;

      5) акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      6) акционерлік инвестициялық қор өтініш беру алдындағы үш жыл немесе акционерлік инвестициялық қордың жұмыс істеу кезеңі аралығында, егер ол үш жылдан кем болған жағдайда акционерлік инвестициялық қор өтініш берердің алдында олардың бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе уақтылы орындамау жағдайлары болмауы керек;

      7) акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы осы басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың интернет-ресурсында жарияланған;

      8) акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздар меншік иелерін иеліктен айыру кезінде (басқаға беру) құқықтарын шектейтін немесе нұқсан келтіретін нормалар жоқ;

      9) акционерлік инвестициялық қорды мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш бергенге дейін бір жылдан кем емес мерзім ішінде жүзеге асырылған;

      10) Қазақстан Республикасының резиденттері – акционерлік инвестициялық қорларға қатысты – осындай қордың акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.

      Қазақстан Республикасының резиденті еместер – акционерлік инвестициялық қорларға қатысты – егер оның болуы осындай қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген жағдайда, корпоративтік басқару кодексінің немесе осындай қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген тәртіпте бекітілген өз мазмұны бойынша ұқсас басқа құжаттың болуы.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Инвестициялық пай қорының пайларын қор биржасының ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы не инвестициялық қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты бар инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

      2) бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы секторына енгізу туралы өтініш берілген күні инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы инвестициялық портфельді басқаруға лицензияны не инвестициялық қорды заңды тұлға ретінде тіркеуші елдің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты алған күннен бастап кем дегенде бір жыл өткен;

      3) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылына не нақты өмір сүру кезеңіне аудиторлық есеппен расталған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігін береді.

      Соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бірінші төрт ай бойы рұқсат беру бастамашысының инвестициялық пай қорының бағалы қағаздарын осы секторға енгізу туралы өтінішті қор биржасы соңғы аяқталған қаржы жылына аудиторлық есеппен расталған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігін бермей, оларда:

      соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жылға аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік, сондай-ақ оны жасаған күннен бастап рұқсат беру бастамашысының көрсетілген өтінішті берген күніне дейін алты айдан аспайтын мерзім өткенде аралық қаржы ақпаратының үлгісі (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп, не оны жасаған күннен бастап рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзім өткен аудиторлық есеппен расталған инвестициялық пай қорының осы басқарушы компаниясының аралық қаржылық есептілігі болған жағдайда қабылдайды;

      4) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын, аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      5) өтінішті берер алдындағы үш жыл бойы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясында оның бағалы қағаздарын ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдай болмайды;

      6) басқарушы компанияның инвестициялық декларациясы осы басқарушы компанияның интернет-ресурсында жарияланған;

      7) басқарушы компанияның құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен алу (жіберу) құқықтарына қысым жасайтын және шектейтін нормалар болмайды.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Қордың жылжымайтын мүлік акцияларын қор биржасының ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізу және олардың сонда болуы үшін, жылжымайтын мүлік қоры және оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) Талаптардың 30-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларымен көзделген;

      2) шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелердің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;

      3) жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кем дегенде жетпіс бес пайызын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;

      4) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясының үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған;

      5) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін, жалдау шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі бір жылдан кем емес;

      6) жылжымайтын мүлік қорының активтері құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін екі жыл ішінде жалға беріледі.

      Рұқсат беру бастамашысы қор биржасына жалдау шартының стандартты нысанын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын жылжымайтын мүлік қоры активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік объектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілгенін растаушы қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін жасалған жалдау шарттарының көшірмелерін береді.

      33. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізу және олардың онда болуы үшін индекстік қор және оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) Талаптардың 30-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларымен және 31-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларымен көзделген;

      2) индекстің өкілдік тізіміне енгізілген бағалы қағаздар уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалардың тізбесіне енетін шетелдік қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізілген.

      34. Туынды бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің "туынды бағалы қағаздар" секторына енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті уәкілетті органмен келісілген қор биржасының қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      35. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы үшін осы бағалы қағаздар олардың эмитенттері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) осы бағалы қағаздар уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалар тізбесіне енетін шетелдік қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізіледі, не

      егер депозитарлық қолхаттар бағалы қағаздар болып табылса, базалық активі болып табылатын осы депозитарлық қолхаттар немесе акциялар уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалар тізбесіне енетін шетелдік қор биржаларының бірінің ресми тізіміне алдын ала енгізіледі;

      2) осы бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпаратты ашу тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және заңды тұлға ретінде осы қор биржаларының тіркелген елінің заңнамасына және осы қор биржаларының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер ықшамдалған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне депозитарлық қолхаттар енгізілсе, осы тармақшаның бірінші абзацының талабы депозитарлық қолхаттардың эмитентіне емес, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентіне қолданылады;

      3) осы бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудиті ресми тізіміне осы бағалы қағаздар енгізілген шетелдік қор биржасы таныған және уәкілетті органмен келісу бойынша қор биржасы таныған биржалар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді.

      Егер ықшамдалған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне депозитарлық қолхаттар енгізілсе, осы тармақшаның бірінші абзацының талабы депозитарлық қолхаттардың эмитентіне емес, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентіне қолданылады;

      4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар, оның ішінде депозитарлық қолхаттар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен алу (жіберу) құқықтарына қысым жасайтын және шектейтін нормалар болмайды.

      35-1. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу (айналысқа жіберу) және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы Талаптардың 35-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамай қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) егер бұл бағалы қағаздар Талаптардың 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес құрылған және жұмыс істейтін қандай да бір секторларға айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар болып табылса;

      2) егер бұл бағалы қағаздар "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары болып табылса.

      Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін осындай қор биржасы уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді;

      3) "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілетін жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын қоса алғанда, егер бұл бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылса.

      Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35-2. Талаптардың 35 және 35-1-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды енгізу (айналысқа жіберу) туралы шешімдерді қор биржасының атқарушы органы қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен қабылдайды.

      Ескерту. 35-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Бағалы қағаздарды секторлардың жекелеген санатына (шағын санатына) ықшамдалған рәсім бойынша жатқызу қор биржасының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте қор биржасының қағидаларында Талаптардан ресми тізімге осы эмитенттерді заңды тұлға ретінде тіркейтін елдің заңнамасына негізделген ықшамдалған рәсім бойынша енгізілетін (ресми тізімдегі) бағалы қағаздардың эмитенттері үшін алып тастауға жол беріледі.

      40. Қор биржасының қағидаларымен Талаптардан басқа меншікті капиталдың, таза пайданың мөлшеріне, негізгі қызмет бойынша сату көлеміне (қаржылық емес ұйымдар мен лизингтік компаниялар үшін), листингтік компанияға, бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуына, еркін айналыстағы акциялардың санына қойылатын талаптарды қоса, бағалы қағаздарға, рұқсат беру бастамашыларына және листингтік компанияларға қойылатын қосымша талаптар және өзге де талаптар жол беріледі.

      41. Қор биржасы тізімінің "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторына Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, оның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (жіберіледі).

      Бағалы қағаздарды "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторына айналысқа жіберу талаптары мен тәртібі, сондай-ақ бағалы қағаздардың бұл секторда болу талаптары және одан шығу талаптары қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады. Бағалы қағаздардың "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторында болуы олардың эмитенттеріне қандай да бір міндеттемелер жүктемейді. Бағалы қағаздарды "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторына айналысқа жіберу қор биржасының кез келген мүшесінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 189 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 6 маусымда № 85 (1311) жарияланған);

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған, № 9).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5297 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қазанда жарияланған № 10).

      4. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы № 04.2-09/207 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5300 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 10, 2008 жылғы 15 қазан).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 243 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5532 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 04.2-44/18 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5529 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2008 жылғы 26 ақпанда № 30 (1627) жарияланған).

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 тіркелген).

      8. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 наурыздағы № 04.2-44/84 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5682 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 5 маусымда № 84 (1507) жарияланған).

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарының листингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5742 тіркелген).

      10. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 20 тамыздағы № 04.2-44/145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5781 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 2 қазанда № 150 (1573) жарияланған).

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6026 тіркелген).

      12. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 ақпандағы № 04.2-40/33 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6115 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2010 жылғы 25 мамырда № 73 (1696) жарияланған).

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6189 тіркелген).

      14. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 3 тамыздағы № 04.2-40/124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6502 тіркелген). 15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 25 мамырдағы № 195 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7789 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 29 тамызда № 562-569 (27642) жарияланған).

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 233 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8008 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 21 қазанда № 763-767 (27839) жарияланған).

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 332 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8163 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 20 ақпанда № 71 (28010) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады