Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 қарашада № 8051 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 349 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2550 тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3592 тіркелген);

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6099 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 2-тармағы.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 298 қаулысымен
бекітілген

Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті (бұдан әрі – трансфер-агенттік қызмет) жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) алушы – құжаттарды (ақпаратты) алушы;

      2) жіберуші – құжаттарды (ақпаратты) жіберуші;

      3) клиент – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланып жүрген немесе пайдаланғысы келетін жеке немесе заңды тұлға;

      4) регламент – трансфер-агент қызметінің талаптары мен тәртібін, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсетілуін және еңбекақы төлеу тәртібін реттейтін трансфер-агенттің ішкі құжаттары.

      2. Трансфер-агенттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануы тиіс.

      3. Трансфер-агенттік қызметті бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің басқа түрлерімен қоса жүргізу мүмкіндігі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

2. Трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт

      4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар трансфер-агенттің клиенті болып табылатын не осы трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылған жағдайда, аталған тұлғалар трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде осы трансфер-агенттің клиенттері болып табылады.

      4-1. Клиентке көрсетілетін трансфер-агенттің қызметіне ақы төлеу осы клиенттің есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Шарт жасау кезінде клиент трансфер-агентке мынадай құжаттарды:

      1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы үшін:

      бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелерді жасау барысында толтырылуы тиіс құжаттардың бланкілерін және оларды трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметтерін пайдаланып жүрген немесе пайдаланғысы келетін тұлғалардың толтыруы жөніндегі нұсқаулықтарды (түсіндірмелерді, нұсқауларды);

      трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметтерін пайдаланғысы келетін тұлғалармен шарт жасауға қажетті құжаттардың тізбесін бере отырып, осындай шартты жасау мақсаттары үшін қажетті құжаттардың бланкілерін;

      трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері қамтылған құжатты;

      2) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылатын не трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін жеке тұлғалар үшін – жеке куәлігінің көшірмесін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін);

      3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылатын не трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаның атынан құжаттарға қол қою құқығы бар оның өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері қамтылған құжатты;

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасауға қажетті құжаттарды (трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін тұлғаларға арналған) ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында атап көрсетілген құжаттарды клиент трансфер-агентке типографиялық немесе өзге тәсілмен дайындалған баспа өнімі түрінде және (немесе) басып шығаруға арналған электронды файлдар түрінде (трансфер-агенттің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып) ұсынады.

      7. Шарттардың көшірмелерін (оларға енгізілген барлық өзгерістер және толықтырулармен бірге), Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасының екінші абзацында және 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын өзінің филиалдарына өткізеді.

      8. Клиент Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасының екінші абзацында және 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы ақпаратты трансфер-агентке жазбаша (оның ішінде жаңартылған құжаттарды беру арқылы) жеткізеді.

      Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын өзінің филиалдарына клиенттен алынған шартқа енгізілген өзгерістерді және клиенттен алынған жаңартылған құжаттардың көшірмелерін оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.

      9. Трансфер-агент клиенттің алғашқы талабы бойынша:

      1) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) трансфер-агент регламентінің көшірмесін;

      3) осы трансфер-агентпен шарт жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын клиенттер туралы мәліметтерді (клиент пен оның филиалдары (өкілдіктері) орналасқан жерді, қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың берілген күні мен нөмірлерін, қызметтердің тізбесін, оларға ақы төлеудің мерзімдері мен тәртібін, құжаттарды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып табылмайтын өзге де мәліметтерді көрсете отырып) ұсынады.

      10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Трансфер-агенттік қызмет

      11. Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзінің регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

      12. Трансфер-агенттің регламенті:

      1) жіберушіден алушыға жіберілген құжаттарды (ақпаратты) трансфер-агенттің қабылдау және өткізу тәртібін;

      2) трансфер-агент және клиенттер жүзеге асыратын, қабылданған және берілген құжаттарды (ақпаратты) салыстырып тексерудің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға бұйрықтың бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ұсынған нұсқаулықтарға (түсініктемелерге, нұсқауларға) сәйкес толық болу және трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар тұлғалардың дұрыс толтыру мәніне тексеру тәртібін;

      3) өткізу мақсатында қабылданған құжаттарды (ақпаратты) есепке алу тәртібін;

      4) клиенттен клиентке өткізуге арналған құжаттарды (ақпаратты) сақтау тәртібін және осы құжаттарға қолжеткізу тәртібін;

      5) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын деректердің электрондық базасының сақталуын қамтамасыз ету тәртібін;

      6) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге (оның ішінде деректердің электрондық базасына), коммуникациялық және өзге де жабдықтарға қолжеткізу тәртібін;

      7) қалыпты режимде осы жүйелердің жұмысын дұрыс аяқтау және барлық берілетін деректердің сақталуын және шынайылығын қамтамасыз ету үшін электр қуаты ажыратылған жағдайда трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жүйелердің жұмыс істеу қабілетін сақтау тәртібін;

      8) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысатын трансфер-агент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын;

      9) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың және құрылымдық бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібін;

      10) клиенттермен өзара іс-әрекет ету тәртібін;

      11) шарттың үлгісін;

      12) көрсетілген қызметтердің тарифтерін қамтиды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Трансфер-агенттің (оның филиалының) құжаттарды (ақпаратты) қабылдауы мен өткізуі және осындай құжаттарды (ақпаратты) өткізгенін растауы мынадай талаптарды сақтай отырып, трансфер-агенттің регламентінде және шартта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) трансфер-агенттің регламентінде көзделген электрондық байланыс құралдарымен мазмұны берілген құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқалары Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеуді ескере отырып, шартта белгіленген мерзімде почта байланысы немесе қолма-қол беру арқылы алушыға міндетті түрде жіберілуі тиіс;

      2) құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқалары трансфер-агентке (оның филиалына) екі данада ұсынылады, оның бірінші данасы трансфер-агенттің оны өткізуге қабылдау туралы белгісімен жіберушіге қайтарылады, екінші данасы алушыға беріледі;

      3) трансфер-агент жіберушіге құжаттарды берген сәттен бастап он екі сағат ішінде трансфер-агенттің регламентінде көзделген электрондық байланыс құралдарымен олардың мазмұнын алушыға берілгенін растауды ұсынады.

      14. Трансфер-агенттің филиалы үш жұмыс күні ішінде бас офиске трансфер-агенттің құжаттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде осындай ақпаратты көрсету мақсатында олардың өткізу және (немесе) тапсыру үшін қабылданған құжаттары (ақпараты) туралы ақпаратты жібереді.

      15. Трансфер-агент:

      1) электрондық байланыс құралдары арқылы өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) мазмұнын астанада, облыстық маңызы бар қалада немесе республикалық маңызы бар қалада тұратын олардың алушыларына оларды қабылдаған сәттен бастап он екі сағат ішінде, ал Қазақстан Республикасының басқа елді мекендерінде тұратын алушыға шартта белгіленген мерзім ішінде ұсынады;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарын орындау мүмкін болмаған жағдайда, бұл туралы үш сағат ішінде шартта көзделген тәсілдермен алушыға хабарлайды;

      3) өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқаларын алушыға оларды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей почта байланысының құралдары арқылы немесе қолма-қол өткізеді;

      4) өткізілетін құжаттардағы (ақпараттағы) мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      5) трансфер-агент және оның трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын барлық филиалдары үшін құжаттарды (ақпаратты) есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізеді.

      16. Құжаттарды есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу жіберушіден қабылданған және алушыға өткізілген құжаттарды (ақпаратты) жеке-жеке тіркеу арқылы электрондық және қағаз тасымалдағыштарда, сондай-ақ оларды өткізу тәсілі (құжаттардың мазмұнын электрондық байланыс құралдары арқылы беру және құжаттарды (ақпаратты) почта байланысының құралдары немесе қолма-қол беру) бойынша жүзеге асырылады.

      Құжаттарды (ақпаратты) есепке алу әрбір клиентке жеке-жеке жүргізіледі.

      17. Беруге арналған құжаттарды (ақпаратты) алған кезде трансфер-агент ондағы қойылған қолдарды Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасында және 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген құжаттардағы үлгілермен салыстырып тексереді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға бұйрықтың бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ұсынған нұсқаулықтарға (түсініктемелерге, нұсқауларға) сәйкес толық болуын және трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар тұлғалардың дұрыс толтыруын тексереді.

      Осы тармақтың талаптары трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      18. Егер Қағидалардың 17-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексеру нәтижесінде трансфер-агент ұсынылған құжаттардан (ақпараттан) сәйкессіздік анықтаған жағдайда, ол бас тарту себептерін көрсете отырып құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      19. Шарттың түпнұсқасын (оған енгізілген барлық өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда), Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасының екінші абзацында және 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарды трансфер-агент шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.

Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 сентября 2012 года № 298. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 ноября 2012 года № 8051.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу следующие нормативные правовые акты Республики Казахстан:

      1) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 349 "Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2550);

      2) постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 107 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 349 "Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3592);

      3) пункт 2 Перечня изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам рынка ценных бумаг, утвержденного постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 февраля 2010 года № 9 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам рынка ценных бумаг" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6099).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 21 сентября 2012 года № 298

Правила осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      Настоящие Правила осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг (далее – Правила) устанавливают условия и порядок осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг (далее – трансфер-агентская деятельность).

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. В Правилах используются следующие понятия:

      1) получатель - получатель документов (информации);

      2) отправитель - отправитель документов (информации);

      3) клиент - профессиональный участник рынка ценных бумаг, физическое или юридическое лицо, пользующееся или намеренное воспользоваться услугами трансфер-агента;

      4) регламент - внутренние документы трансфер-агента, регулирующие условия и порядок его деятельности, функционирования его органов, структурных подразделений (филиалов, представительств), работников, оказания им услуг и порядок их оплаты.

      2. Трансфер-агентская деятельность подлежит лицензированию в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      3. Возможность совмещения трансфер-агентской деятельности с другими видами профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг устанавливается нормативными правовыми актами государственного органа, осуществляющего регулирование, контроль и надзор финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган).

2. Договор по трансфер-агентскому обслуживанию

      4. Физические и (или) юридические лица являются клиентами трансфер-агента на основании договора по трансфер-агентскому обслуживанию (далее - договор), при условии, что данные лица являются клиентами профессионального участника рынка ценных бумаг, являющегося клиентом данного трансфер-агента, либо намерены воспользоваться услугами трансфер-агента для целей заключения договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг, являющимся клиентом данного трансфер-агента.

      4-1. Оплата услуг трансфер-агента, оказываемых клиенту, осуществляется за счет данного клиента.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 4-1 в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      5. При заключении договора клиентом представляются трансфер-агенту следующие документы:

      1) для профессионального участника рынка ценных бумаг:

      бланки документов, подлежащие заполнению в процессе совершения сделок на рынке ценных бумаг, и инструкции (разъяснения, указания) по их заполнению лицами, пользующимися или намеренными воспользоваться услугами профессионального участника рынка ценных бумаг – клиента трансфер-агента;

      бланки документов, необходимых для целей заключения договора с лицами, намеренными воспользоваться услугами профессионального участника рынка ценных бумаг – клиента трансфер-агента с приложением перечня документов, необходимых для заключения такого договора;

      документ, содержащий нотариально засвидетельствованные образцы подписей представителей профессионального участника рынка ценных бумаг - клиента трансфер-агента, обладающих правом подписывать документы от имени профессионального участника рынка ценных бумаг - клиента трансфер-агента;

      2) для физических лиц, являющихся клиентами профессионального участника рынка ценных бумаг либо намеренных воспользоваться услугами трансфер-агента для целей заключения договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг, являющимся клиентом трансфер-агента – копия удостоверения личности либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации);

      3) для юридических лиц, являющихся клиентами профессионального участника рынка ценных бумаг либо намеренных воспользоваться услугами трансфер-агента для целей заключения договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг, являющимся клиентом трансфер-агента:

      документ, содержащий нотариально засвидетельствованные образцы подписей представителей юридического лица, обладающих правом подписывать документы от его имени;

      документы, необходимые для заключения договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг, установленные Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" (для лиц, намеренных воспользоваться услугами трансфер-агента для целей заключения договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг, являющимся клиентом трансфер-агента).

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 13.12.2021 № 104 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Документы, перечисленные в абзаце втором и третьем подпункта 1) пункта 5 Правил, предоставляются клиентом трансфер-агенту в виде печатной продукции, изготовленной типографским или иным способом, и (или) в виде электронных файлов, предназначенных для распечатки (с учетом технических возможностей трансфер-агента).

      7. Копии договоров (включая все внесенные в них изменения и дополнения), копии документов, указанных в абзаце четвертом подпункта 1), абзаце втором подпункта 2) и абзацах втором и третьем подпункта 3) пункта 5 Правил передаются трансфер-агентом его филиалам, участвующим в осуществлении трансфер-агентской деятельности.

      8. Клиент письменно доводит до сведения трансфер-агента информацию о любых изменениях в документах, указанных в абзаце четвертом подпункта 1), абзаце втором подпункта 2) и абзацах втором и третьем подпункта 3) пункта 5 Правил (в том числе путем предоставления обновленных документов).

      Трансфер-агент доводит до сведения своих филиалов, участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности, полученные от клиента изменения в договор и копии полученных от клиента обновленных документов в течение трех рабочих дней с даты их получения.

      9. Трансфер-агент представляет по первому требованию клиента:

      1) нотариально засвидетельствованную копию лицензии на осуществление трансфер-агентской деятельности;

      2) копию регламента трансфер-агента;

      3) сведения о клиентах, являющихся профессиональными участниками рынка ценных бумаг, заключивших с данным трансфер-агентом договоры (с указанием места нахождения клиента и его филиалов (представительств), дат выдачи и номеров лицензий на осуществление соответствующих видов деятельности, перечня услуг, сроки и порядок их оплаты, порядок оформления документов, а также иные сведения, не составляющие коммерческую тайну на рынке ценных бумаг).

      10. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

3. Трансфер-агентская деятельность

      11. Трансфер-агент осуществляет трансфер-агентскую деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан и своим регламентом.

      12. Регламент трансфер-агента содержит:

      1) порядок приема и передачи трансфер-агентом документов (информации) от отправителя получателю;

      2) порядок и сроки сверки принятых и переданных документов (информации), осуществляемой трансфер-агентом и клиентами, а также порядок проверки на предмет полноты и правильности заполнения лицами, пользующимися или намеренными воспользоваться услугами профессионального участника рынка ценных бумаг - клиента трансфер-агента, приказа на совершение сделок на рынке ценных бумаг в соответствии с предоставленными профессиональным участником рынка ценных бумаг инструкциями (разъяснениями, указаниями);

      3) порядок учета документов (информации), принятых в целях передачи;

      4) порядок хранения документов (информации), предназначенных для их передачи от клиента к клиенту, и порядок доступа к данным документам;

      5) порядок обеспечения сохранности электронной базы данных, используемой при осуществлении трансфер-агентской деятельности;

      6) порядок доступа к программно-техническому обеспечению (в том числе к электронной базе данных), коммуникационному и иному оборудованию, используемому при осуществлении трансфер-агентской деятельности;

      7) порядок поддержания в случае отключения электропитания работоспособности систем, используемых при осуществлении трансфер-агентской деятельности, для нормального завершения работы данных систем в обычном режиме и обеспечения сохранности и достоверности всех передаваемых данных;

      8) должностные инструкции работников трансфер-агента, непосредственно участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности;

      9) порядок работы филиалов и структурных подразделений, участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности;

      10) порядок взаимодействия с клиентами;

      11) образец договора;

      12) тарифы за оказание услуг.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      13. Прием и передача трансфер-агентом (его филиалом) документов (информации) и подтверждение передачи таких документов (информации), осуществляется в порядке, предусмотренном регламентом трансфер-агента и договором, с соблюдением следующих требований:

      1) оригиналы документов (информации), содержание которых было передано средствами электронной связи, предусмотренными регламентом трансфер-агента, подлежат обязательному направлению получателю посредством почтовой связи или нарочным в сроки, установленные договором с учетом ограничения, установленного подпунктом 3) пункта 15 Правил;

      2) оригиналы документов (информации) представляются трансфер-агенту (его филиалу) в двух экземплярах, первый из которых возвращается отправителю с отметкой трансфер-агента о его приеме к передаче, второй передается получателю;

      3) трансфер-агент представляет отправителю подтверждение передачи получателю содержания документов средствами электронной связи, предусмотренными регламентом трансфер-агента, в течение двенадцати часов с момента их передачи.

      14. Филиал трансфер-агента в течение трех рабочих дней доводит до сведения головного офиса информацию о принятых для передачи и (или) переданных им документах (информации) в целях отражения такой информации в единой системе учета документов трансфер-агента.

      15. Трансфер-агент:

      1) передает средствами электронной связи содержание принятых для передачи документов (информации) их получателю, находящемуся в столице, в городе областного значения или в городе республиканского значения, в течение двенадцати часов с момента их приема, а получателю, находящемуся в другом населенном пункте Республики Казахстан, - в течение срока, установленного договором;

      2) в случае невозможности выполнения требования подпункта 1) настоящего пункта, уведомляет об этом отправителя способами, предусмотренными договором, в течение трех часов;

      3) передает средствами почтовой связи или нарочным оригиналы принятых для передачи документов (информации) их получателю не позднее десяти рабочих дней со дня их приема;

      4) обеспечивает конфиденциальность сведений, содержащихся в передаваемых документах (информации);

      5) ведет единую для трансфер-агента и всех его филиалов, участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности, систему учета документов (информации).

      16. Ведение единой системы учета документов осуществляется на электронных и бумажных носителях путем раздельной регистрации документов (информации) принятых от отправителя и переданных получателю, а также по способу их передачи (передача содержания документов средствами электронной связи и передача документов (информации) средствами почтовой связи или нарочным).

      Учет документов (информации) ведется раздельно по каждому клиенту.

      17. При получении документов (информации), предназначенных для их передачи, трансфер-агент сверяет подписи на них с образцами, имеющимися в документах, указанных в абзаце четвертом подпункта 1), подпункте 2) и абзаце втором подпункта 3) пункта 5 Правил, а также проверяет на полноту и правильность заполнения лицами, пользующимися или намеренными воспользоваться услугами профессионального участника рынка ценных бумаг - клиента трансфер-агента, приказа на совершение сделок на рынке ценных бумаг в соответствии с предоставленными профессиональным участником рынка ценных бумаг инструкциями (разъяснениями, указаниями).

      Требования настоящего пункта не распространяются на физических и юридических лиц, намеренных воспользоваться услугами трансфер-агента для целей заключения договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг, являющимся клиентом трансфер-агента.

      Сноска. Пункт 17 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования); от 23.12.2020 № 127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Если в результате проверки, осуществленной в соответствии с пунктом 17 Правил, трансфер-агентом будут обнаружены несоответствия в представленных документах (информации), он отказывает в приеме документов с указанием причин отказа.

      19. Оригинал договора (включая все внесенные в него изменения и дополнения), документы, указанные в абзаце четвертом подпункта 1), абзаце втором подпункта 2) и абзацах втором и третьем подпункта 3) пункта 5 Правил подлежат хранению трансфер-агентом в течение пяти лет со дня прекращения действия договора.