Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 наурызда № 16643 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Тізбенің 6-тармағының отыз екінші және отыз үшінші абзацтары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі ___________Д. Абаев

      2018 жылғы 7 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "_____"_______

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағында айқындалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiне, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiне (бұдан әрі – № 170 нормативтер) 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде ұйымдастырылмаған нарықта мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, мынадай жағдайлардың бірін сақтаған кезде жасалады:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) туынды қаржы құралдарының базалық активі Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) № 170 нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген;";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Екінші деңгейдегі банктер жүргізуін орталық депозитарий жүзеге асыратын ұйымдастырылмаған нарықта жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес есепті аптадан кейінгі аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге ақпарат береді. Ақпарат ақпаратты беру күнінде қолданыста болған, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен барлық мәмілелер, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша беріледі.";

      3-1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының резиденттері-эмитенттер және Қазақстан Республикасының резиденттері емес-эмитенттер шығарған (ұсынған), № 170 нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздармен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен белгіленген ең төменгі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;".

      2. "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптар";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) қойылатын талаптарды және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында сақталған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпаратты сақтау мен қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды айқындайды.

      Талаптар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.";

      1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы ақпаратты енгізуде (қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарын сатып алуға және сатуға өтінімдерді енгізуді және орталық депозитарийдің (тіркеушінің) бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы орталық депозитарийдің (тіркеушінің) клиенттері бұйрықтарын енгізуді қоспағанда) қателерді болдырмау мақсатында түрлі пайдаланушылардың бұйрықтарды екі рет енгізу жүйесін ("бірінші енгізу" және "екінші енгізу") қолдануды қамтамасыз ету. Ақпаратты енгізуде "екінші енгізуді" пайдаланушылар "бірінші енгізудің" пайдаланушылары енгізген ақпаратқа қол жеткізе алмайды. "Екінші енгізудің" деректері "бірінші енгізудің" деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, бағдарлама тиісті хабарламаны береді;";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде не "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Талаптардың 1-тармағында көзделген талаптарға берілген қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі Талаптардың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша:";

      3-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі Талаптардың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша мыналарды қамтамасыз етеді:";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде не "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар алмасатын электрондық құжаттардың үлгі нысандары орталық депозитарийдің және (немесе) тіркеушінің ішкі құжатында айқындалады және орталық депозитарийдің және (немесе) тіркеушінің қағидалар жинағында айқындалған талаптарға сәйкес келеді.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қор биржасының бағдарламалық қамтамасыз етуi Талаптардың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша мыналарды қамтамасыз етеді:";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Орталық депозитарийдің (тіркеушінің) бағдарламалық қамтамасыз етуi Талаптардың 1-тармағында, 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген талаптарға қосымша мыналарды қамтамасыз етеді:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операцияларды жасағанға дейін:

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының және орталық депозитарийдің (тіркеушінің) қағидалар жиынтығының талаптарын ескере отырып, осындай операция жасау мүмкіндігін;

      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операция жасалатын құжаттар деректемелерінің болу және орталық депозитарийдің (тіркеушінің) қағидалар жиынтығының талаптарына сәйкес келу мәніне тексеруді;";

      3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының және орталық депозитарийдің (тіркеушінің) қағидалар жиынтығының талаптарына жасауға болжанған операцияның сәйкес келмеуі анықталса;

      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операция жасалатын құжаттардағы деректемелердің болмауы немесе орталық депозитарийдің (тіркеушінің) қағидалар жиынтығының талаптарына сәйкес келмеуі анықталса;";

      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талаптардың мақсаттары үшін аудит журналы деп бағдарламалық қамтамасыз етудің қызмет етуі процесінде штаттық және сыни қимылдарын көрсету мақсатында әзірленген мамандандырылған құрал түсіндіріледі;";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Клиринг ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуі Талаптардың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:".

      3. "Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № № 401 (27475) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшері туралы";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Мыналар үшін өтініш берушіге жарғылық капиталының ең төменгi мөлшері белгіленсін:";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға:

      акционерлік қоғамның - республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң 50 000 еселiк мөлшерінде;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң 10 000 еселiк мөлшерінде;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшері Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 70 000 мөлшерін құрайтыны белгіленсін.".

      4. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8051 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 746-751 (27823) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті (бұдан әрі – трансфер-агенттік қызмет) жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін белгілейді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Клиентке көрсетілетін трансфер-агенттің қызметіне ақы төлеу осы клиенттің есебінен жүзеге асырылады.";

      5-тармақта:

      1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атынан құжаттарға қол қою құқығына ие трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері және оның мөр бедері (бар болса) бар құжатты;";

      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаның атынан құжаттарға қол қою құқығына ие оның өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері және осы заңды тұлғаның мөр бедері (бар болса) бар құжатты;";

      10-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) трансфер-агент және клиенттер жүзеге асыратын, қабылданған және берілген құжаттарды (ақпаратты) салыстырып тексерудің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға бұйрықтың бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ұсынған нұсқаулықтарға (түсініктемелерге, нұсқауларға) сәйкес толық болу және трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар тұлғалардың дұрыс толтыру мәніне тексеру тәртібін;";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Беруге арналған құжаттарды (ақпаратты) алған кезде трансфер-агент ондағы қойылған қолдар мен мөр бедерін (бар болса) Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасында және 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген құжаттардағы үлгілермен салыстырып тексереді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға бұйрықтың бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ұсынған нұсқаулықтарға (түсініктемелерге, нұсқауларға) сәйкес толық болуын және трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар тұлғалардың дұрыс толтыруын тексереді.".

      5. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Инвестициялық портфельді басқарушы туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылмаған нарықта брокердің қызметін пайдаланбастан дербес жасалған мәмілелерді жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын тізілімге (бұдан әрі – тізілім) енгізу үшін есепті аптадан кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінің Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының талаптарына және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ақпарат ұсынады.".

      6. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 249 (01.01.2019 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 307 қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 249 (01.01.2019 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады