Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 443-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8176 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 78 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2017 № 78 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 48-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Отын-энергетикалық кешенін, қаржы нарықтарын және өзге де салаларды талдау департаменті (М.Н. Әбсаттарова) осы бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Ғ. Әбдірахымов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің төрағасы

      ________________ Ә.Смайылов

      2012 жылғы 19 қараша

  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2012 жылғы 14 қарашадағы
№ 443-НҚ бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу
көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу
бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан
сайынғы ақпарат нысаны

Айдың атауы

Өнімнің (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін монополиялық қызметтер) түрінің атауы

Сыныптауыш, номенклатура

Өлшем бірлігі

Заттай мәнде өнімнің монополиялық түрлерін (тауарлар, жұмыстар,
қызметтер) өндіру және өткізу көлемдері (өлшем бірлігіне)

ЭҚЖЖ

ӨӨСЖ

СЭҚ ТН

Қазақстан Республикасында

Өңірлер бөлінісінде

Тұтынушылар бөлінісінде

экспортқа

өндіру

өткізу

өндіру

өткізу

өндіру

өткізу

КАТО-ға сәйкес өңір коды

мәні

КАТО-ға сәйкес өңірдің коды

мәні

Тұтынушының коды

мәні

Тұтынушының коды

мәні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17



















      кестенің жалғасы:

Құндық мәнде өнімнің монополиялық түрлерін (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)
өндіру және өткізу көлемдері (теңге)

Қазақстан Республикасында

Өңірлер бөлінісінде

Тұтынушылар бөлінісінде

экспортқа

өндіру

өткізу

өндіру

өткізу

өндіру

өткізу

КАТО-ға сәйкес өңірдің коды

мәні

КАТО-ға сәйкес өңірдің коды

мәні

Тұтынушының коды

мәні

Тұтынушының коды

мәні

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28













      кестенің жалғасы:

Өнімнің монополиялық
түрлеріне (тауарлар,
жұмыстар, қызметтер) босатылу бағасы
(ҚҚС-сыз) теңгемен

Өнім бірлігінің толықтай өзіндік құны/сатылатын бағасы (ҚҚС-сыз) теңгемен

Өнімнің монополиялық түрлерін (тауарлар,
жұмыстар, қызметтер) өткізуден табыстылық және шығынның деңгейі
(құндық мәнде)
(ҚҚС-сыз) теңгемен

Өңірлер бөлінісінде

Тұтынушылар бөлінісінде

Сараптамалық бағасы

Өнімнің монополиялық түрін өткізуден және қызмет көрсетуден табыс

Өнімнің өндірістік өзіндік құны (өндірістік шығындар)

Кезең шығыстары (өндірістік емес шығыстар)

Салық салғанға дейін табыс (шығын)

Салық салғаннан кейін кіріс (шығын)

Рентабельділік деңгейі %

КАТО-ға сәйкес өңірдің коды

бағасы

Тұтынушының коды

бағасы

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40













  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2012 жылғы 14 қарашадағы
№ 443-НҚ бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндіру мен өткізу
көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу
бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы
ақпараттың нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын (бұдан әрі - нысан) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген субъектілер тоқсан сайын – есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iне дейiнгi мерзiмде береді.

      3. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      1-бағанда есепті айдың атауы көрсетіледі;

      2-бағанда осы бойынша нарық субъектісі Тізілімге енгізілген өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің атауы көрсетіледі

      (Тізілімде өнімнің бір монополиялық түрінен көп болған жағдайда, есеп әрбір түрі бойынша жеке толтырылады);

      3-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ҚР ЭҚЖЖ 03-2007) сәйкес статистикалық коды көрсетіледі.

      4-бағанда Өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне (ӨӨСЖ ВСТ – 07 ред.3) сәйкес статистикалық коды көрсетіледі.

      5-бағанда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына (СЭҚ ТН КО) сәйкес коды көрсетіледі;

      6-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      7-бағанда заттай мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өндірудің жалпы көлемі көрсетіледі.

      8-бағанда заттай мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өткізудің жалпы көлемі көрсетіледі.

      9, 11, 20, 22, 29 - бағандарда олардың бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру мен өткізу көлемдері және босатылу бағасы туралы ақпарат берілетін өңірлердің кодтары көрсетіледі, бұл ретте өңірдің коды Әкімшілік - аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ҚР ӘАОЖ 11-2009) сәйкес берілуі тиіс;

      10-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;

      12-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;

      13, 15, 24, 26, 31 - бағандарда олардың бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру мен өткізу көлемдері және босатылу бағасы туралы ақпарат берілетін тұтынушылардың кодтары көрсетіледі (тоқсан сайынғы есепте ұсынылатын ақпаратты ыңғайлы қабылдау үшін олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын ең ірі тұтынушыларға кодтарды еркін беру және тоқсан сайынғы есепке кодталған тұтынушылардың толық жазылуын қоса беру қажет);

      14-бағанда тұтынушылар бөлінісінде (олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде) заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;

      16-бағанда тұтынушылар бөлінісінде (олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде) заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;

      17-бағанда заттай мәнде өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрі экспортының көлемі көрсетіледі;

      18-бағанда құндық мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өндірудің жалпы көлемі көрсетіледі;

      19-бағанда құндық мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өткізудің жалпы көлемі көрсетіледі;

      21-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;

      23-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;

      25-бағанда олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20 %-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;

      27-бағанда олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20 %-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;

      28-бағанда құндық мәнде өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрі экспортының көлемі көрсетіледі;

      30-бағанда республика өңірлері бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлеріне босатылу бағасы көрсетіледі (ҚҚС-сыз, теңгемен);

      32-бағанда олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлеріне босатылу бағасы көрсетіледі (ҚҚС-сыз, теңгемен);

      33-бағанда өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрінің экспорттық бағасы көрсетіледі;

      34-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің біреуінің толық өзіндік құны көрсетіледі, өнімді қайта сатқан жағдайда сатып алу бағасы (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;

      35-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін сатудан алынған табыс көрсетіледі;

      36-бағанда өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрінің өндірістік өзіндік құны (өндірістік шығындар) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;

      37-бағанда есепті кезеңде келтірілген кезеңнің шығыстары (өндірістік емес шығыстар) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;

      38-бағанда салық салғанға дейінгі монополиялық қызметтен қаржылық нәтижесі (пайда, шығын) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;

      39-бағанда салық салғаннан кейінгі монополиялық қызметтен қаржылық нәтиже (пайда, шығын) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;

      40-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің рентабельділік дәрежесі көрсетіледі, ол салық салғанға дейінгі пайданың (шығынның) өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрін өндіру мен өткізу шығындарына қатынасы ретінде есептеледі (%).

      4. Нарық субъектілері үшін жоғарыда аталған қандай да бір көрсеткішті қолдану тиімсіз болған жағдайда тиісті бағанда сызықша "-" қойылады және нысанға ақпараттың болмауының түсіндірмесі қоса беріледі.

      5. Нысанға Тізілімде тұратын нарық субъектісінің басшысы қол қояды.

      6. Монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмде ақпарат бермегені не толық емес көлемде бергені, дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат бергені үшін нарық субъектілері қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

Об утверждении формы ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров и инструкции по ее заполнению

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) от 14 ноября 2012 года N 443-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 декабря 2012 года № 8176. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 февраля 2017 № 78

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 24.02.2017 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 48 Закона Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года "О конкуренции" и подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) форму ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) инструкцию по заполнению формы ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту анализа топливно-энергетического комплекса, финансовых рынков и иных отраслей Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) (Абсаттарова М.Н.) в установленном законодательством порядке, обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ответственного секретаря Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) Абди Н.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель

Г. Абдрахимов


      "СОГЛАСОВАНО"

      Председатель

      Агентства Республики Казахстан

      по статистике

      ________________ А.Смаилов

      19 ноября 2012 года

  Приложение 1 к приказу
Агентства Республики Казахстан
по защите конкуренции
(Антимонопольное агентство)
от 14 ноября 2012 года № 443-ОД

      Форма

Форма ежеквартальной информации по монопольным видам продукции,
об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне
доходности реализуемых монопольных товаров

Наименование месяца

Наименование монопольного вида продукции
(товары, работы, услуги)

Классификатор,
номенклатура

Единица измерения

Объемы производства и реализации
монопольных видов продукции
(товары, работы, услуги)
в натуральном выражении (за единицу измерения)

Объемы производства и реализации монопольных
видов продукции (товары, работы, услуги)
в стоимостном выражении (тенге)

ОКЭД

СКПП

ТН ВЭД

в Республике Казахстан

в разрезе
регионов

в разрезе
потребителей

на экспорт

в Республике Казахстан

в разрезе регионов

в разрезе потребителей

на экспорт

производство

реализация

производство

реализация

производство

реализация

производство

реализация

производство

реализация

производство

реализация

код региона согласно КАТО

значение

код региона согласно КАТО

значение

код потребителя

значение

код потребителя

значение

код региона согласно КАТО

значение

код региона согласно КАТО

значение

код потребителя

значение

код потребителя

значение

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28






























      продолжение таблицы

Отпускная цена на монопольные виды продукции (товары, работы, услуги) (без НДС) в тенге

Полная себестоимость за единицу продукции/покупная цена (без НДС) в тенге

Уровень доходности и затрат от реализации монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) (в стоимостном выражении)(без НДС) в тенге

в разрезе регионов

в разрезе потребителей

экспортная цена

Доход от реализации монопольных видов продукции и оказания услуг

Производственная себестоимость продукции (производственные затраты)

Расходы периода (непроизводственные расходы)

Прибыль (убыток) до
налогообложения

Прибыль (убыток) после
налогообложения

уровень рентабельности %

код региона согласно КАТО

цена

код потребителя

цена

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40













  Приложение 2 к приказу
Агентства Республики Казахстан
по защите конкуренции
(Антимонопольное агентство)
от 14 ноября 2012 года № 443-ОД

Инструкция по заполнению формы ежеквартальной информации
по монопольным видам продукции, об объемах производства
и реализации, отпускных ценах и уровне доходности
реализуемых монопольных товаров

      1. Инструкция по заполнению формы ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров разработана в соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 48 Закона Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года "О конкуренции".

      2. Форма ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров (далее - форма) предоставляется в Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) субъектами, включенными в Государственный реестр субъектов рынка, занимающих доминирующее или монопольное положение (далее – Реестр) ежеквартально – в срок до 15 числа следующего за отчетным.

      3. Форма заполняется следующим образом:

      в графе 1 указывается наименование отчетного месяца;

      в графе 2 указывается наименование монопольного вида продукции (товара, работы, услуги), по которому субъект рынка включен в Реестр (в случае нахождения в Реестре более чем по одному монопольному виду продукции, отчет заполняется по каждому виду отдельно);

      в графе 3 указывается статистический код в соответствии с Общим классификатором видов экономической деятельности (ОКЭД ГК РК 03-2007);

      в графе 4 указывается статистический код в соответствии со Статистическим классификатором промышленной продукции (товаров, услуг) (СКПП ВСТ - 07 ред.3);

      в графе 5 указывается код в соответствии с Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности (ТН ВЭД ТС);

      в графе 6 указывается единица измерения монопольного вида продукции (товара, работы, услуги);

      в графе 7 указывается общий объем производства монопольного вида продукции (товара, работы, услуги) в Республике Казахстан в натуральном выражении;

      в графе 8 указывается общий объем реализации монопольного вида продукции (товара, работы, услуги) в Республике Казахстан в натуральном выражении;

      в графах 9, 11, 20, 22, 29 указываются коды регионов, в разрезе которых, предоставляется информация об объемах производства и реализации монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) и отпускной цене, при этом код региона должен быть присвоен согласно Классификатора административно-территориальных объектов (КАТО ГК РК 11-2009);

      в графе 10 указывается объем производства монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в натуральном выражении в разрезе регионов республики;

      в графе 12 указывается объем реализации монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в натуральном выражении в разрезе регионов республики;

      в графах 13, 15, 24, 26, 31 указываются коды потребителей, в разрезе которых, предоставляется информация об объемах производства и реализации монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) и отпускной цене (для удобного восприятия информации, предоставляемой в ежеквартальном отчете необходимо произвольно присвоить коды наиболее крупным потребителям, для которых объем реализации превышает 20 % от общего объема реализации, и к ежеквартальному отчету приложить расшифровку закодированных потребителей);

      в графе 14 указывается объем производства монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в натуральном выражении в разрезе потребителей (в разрезе потребителей, для которых объем реализации превышает 20 % от общего объема реализации). Данная графа заполняется в случае, когда субъект рынка, являющийся производителем, не осуществляет продажу произведенных товаров (услуг, работ), а передает их для дальнейшей реализации аффилиированной организации. Организации, не имеющие такую практику, в данной графе указывают нулевое значение;

      в графе 16 указывается объем реализации монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в натуральном выражении в разрезе потребителей (в разрезе потребителей, для которых объем реализации превышает 20 % от общего объема реализации);

      в графе 17 указывается объем экспорта монопольного вида продукции (товара, работы, услуги) в натуральном выражении;

      в графе 18 указывается общий объем производства монопольного вида продукции (товара, работы, услуги) в Республике Казахстан в стоимостном выражении;

      в графе 19 указывается общий объем реализации монопольного вида продукции (товара, работы, услуги) в Республике Казахстан в стоимостном выражении;

      в графе 21 указывается объем производства монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в стоимостном выражении в разрезе регионов республики;

      в графе 23 указывается объем реализации монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в стоимостном выражении в разрезе регионов республики;

      в графе 25 указывается объем производства монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в стоимостном выражении в разрезе потребителей, для которых объем реализации превышает 20 % от общего объема реализации. Данная графа заполняется в случае, когда субъект рынка, являющийся производителем, не осуществляет продажу произведенных товаров (услуг, работ), а передает их для дальнейшей реализации аффилиированной организации. Организации, не имеющие такую практику, в данной графе указывают нулевое значение;

      в графе 27 указывается объем реализации монопольных видов продукции (товары, работы, услуги) в стоимостном выражении в разрезе потребителей, для которых объем реализации превышает 20 % от общего объема реализации.

      в графе 28 указывается объем экспорта монопольного вида продукции (товара, работы, услуги) в стоимостном выражении;

      в графе 30 указывается отпускная цена на монопольные виды продукции (товары, работы, услуги) (без НДС, в тенге) в разрезе регионов республики;

      в графе 32 указывается отпускная цена на монопольные виды продукции (товары, работы, услуги) (без НДС, в тенге) в разрезе потребителей, для которых объем реализации превышает 20 % от общего объема реализации;

      в графе 33 указывается экспортная цена монопольного вида продукции (товары, работы, услуги);

      в графе 34 указывается полная себестоимость за единицу монопольного вида продукции (товара, работы, услуги), в случае перепродажи продукции указывается покупная цена (без НДС) в тенге;

      в графе 35 указывается полученный доход от реализации монопольного вида продукции (товара, работы, услуги);

      в графе 36 указывается производственная себестоимость монопольного вида продукции (товары, работы, услуги) (производственные затраты) (без НДС) в тенге;

      в графе 37 указывается расходы периода (непроизводственные расходы) понесенные за отчетный период (без НДС) в тенге;

      в графе 38 указывается финансовый результат от монопольной деятельности до налогообложения (прибыль, убыток) (без НДС) в тенге;

      в графе 39 указывается финансовый результат от монопольной деятельности после налогообложения (прибыль, убыток) (без НДС) в тенге;

      в графе 40 указывается уровень рентабельности монопольного вида продукции (товара, работы, услуги), который рассчитывается как отношение прибыли (убытка) до налогообложения к затратам на производство и реализацию монопольного вида продукции (товары, работы, услуги) (в %).

      4. В случае неприменимости какого-либо из вышеперечисленных показателей для субъектов рынка в соответствующей графе ставится прочерк "-" и к форме прилагается пояснение отсутствия информации.

      5. Форма подписывается руководителем субъекта рынка, состоящего в Реестре.