Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар және бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 09 наурызда № 14877 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар және бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 78 бұйрығына қосымша

Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар және бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 443-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8176 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда (№ 34-38 (27977)) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8653 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтардағы (№ 14 (28238)) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      3. "Нарық субъектілерін реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 740 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12485 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады