Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8305 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      Министр Б.Б. Жәмішев

      2013 жылғы 18 қаңтар

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 381 қаулысымен
бекітілген

Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы
провизиялар (резервтер) құру қағидалары

      Осы Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талаптарын белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) активті және шартты міндеттемені қарсы жіктеу – оған қарсы провизияларды (резервтерді) тиісті қосымша қалыптастыруымен және (немесе) таратуымен, бұрын жіктелген активті және шартты міндеттемені жіктеу;

      2) қамтамасыз ету құны – ағымдағы сәтке нарықтық (әділ) құнынан, яғни оны өткізу (сату) мүмкіндігін ескергендегі нарықтық (әділ) құнынан анықталатын кепілді қамтамасыз ету құны;

      3) қарыз алушы – микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      4) микрокредит – микроқаржы ұйымы қарыз алушыға Заңда айқындалған мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

      5) провизиялар (резервтер) – нақты актив құнын шығынға тап болу ықтималдығын тану, ал берілген микрокредит бойынша шартты міндеттеме жағдайында – микроқаржы ұйымының өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі немесе активтердің (берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелердің) жиынтығы бойынша шығынға тап болу ықтималдығын тану;

      6) уәкілетті орган – микроқаржы ұйымы орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы.

2. Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу

      2. Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді микроқаржы ұйымы қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшеріне байланысты Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      Провизиялар (резервтер) мөлшерін микроқаржы ұйымы қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес белгілейді.

      3. Провизиялар (резервтер) мөлшерін анықтау мақсаттары үшін микрокредиттер жеке және ұжымдық негізде бағаланады.

      4. Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу (қарсы жіктеу) және провизияларды (резервтерді) қалыптастыру мынадай талаптар негізінде жүзеге асырылады:

      берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және провизияларды (резервтерді) қалыптастыру бойынша нақты іс-әрекеттерінің Қағидалардың және микроқаржы ұйымының ішкі саясатының талаптарына сәйкес келу;

      берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және провизияларды (резервтерді) оған қарсы қалыптастыру аясына қатысты барлық ақпаратты кешенді және объективті талдау;

      активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу (қарсы жіктеу) және (немесе) провизияларды (резервтерді) қалыптастыру уақтылылығы және есепке алу мен есептілікте провизиялар (резервтер) мөлшерінің өзгеруін көрсету шынайылығы.

      5. Жіктеу мақсатында берілген микрокредиттер бойынша активтер және шартты міндеттемелер стандартты және жіктелген болып бөлінеді.

      6. Жіктелген актив талап ету шарт талаптарына сәйкес орындалмаған активті не ол бойынша талап ету толық көлемде орындалмайды немесе жалпы орындалмайды деп санауға негізі бар активті білдіреді.

      7. Жіктелген шартты міндеттеме мыналар болып табылатын шартты міндеттемені білдіреді.

      1) микроқаржы ұйымының толық бақылауында болмайтын алдағы бір немесе бірнеше белгісіз оқиғалардың пайда болуы немесе пайда болмауы кезінде ғана тану мүмкін болатын міндеттеме;

      2) өткен оқиғалардан туындайтын бар міндеттемелер, бірақ танылмайды, өйткені:

      міндеттеме сомасы анық бағаланбауы мүмкін;

      міндеттемені орындау үшін қажетті ресурстар ағыны қажеттілігінің туындауы мүмкін болып табылмайды.

      Жіктелгендерге жатпайтын берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме стандартты болып табылады.

      8. Берілген микрокредиттер бойынша жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшеріне байланысты мына санаттарға бөлінеді:

      1) күмәнді:

      1 санаттағы күмәнді – берілген микрокредиттің баланстық құнының 5 (бес) пайызынан кем немесе пайызына тең провизиялары (резервтері);

      2 санаттағы күмәнді – берілген микрокредиттің баланстық құнының кемінде 5 (бес) пайызынан кем немесе 10 (он) пайызына тең провизиялары (резервтері);

      3 санаттағы күмәнді – берілген микрокредиттің баланстық құнының 10 (он) пайызынан астам және 20 (жиырма) пайызынан кем немесе пайызына тең провизиялары (резервтері);

      4 санаттағы күмәнді – берілген микрокредиттің баланстық құнының 20 (жиырма) пайызынан астам және 25 (жиырма бес) пайызынан кем немесе пайызына тең провизиялары (резервтері);

      5 санаттағы күмәнді – берілген микрокредиттің баланстық құнының 25 (жиырма бес) пайызынан астам және 50 (елу) пайызынан кем немесе пайызына тең провизиялары (резервтері);

      2) үмітсіз – берілген микрокредиттің баланстық құнының 50 (елу) пайыздан астам провизиялары (резервтері).

3. Жеке негізде провизиялар (резервтер) мөлшерін анықтау әдістемесі

      9. Жеке негізде провизияларды (резервтерді) есептеу үшін маңызды болып табылатын микрокредит бойынша жалпы берешектің мөлшері есептік саясатында және микроқаржы ұйымының микрокредит беру қағидаларында анықталады.

      10. Жеке негізде микрокредит бойынша провизиялар (резервтер) мөлшері баланстық құны мен бастапқы тану кезде есептелген пайыздың тиімді ставкасы бойынша дисконтталған ақша қаражатының (ұшырамаған болашақ кредиттік шығындарын қоспағанда) есептік болашақ ағындарының келтірілген құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

      11. Кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша ақша қаражат болжамды болашақ ағындарының келтірілген құнын есептеуге кепілді алуға және сатуға шығындарды шегергенде кепілге өндіріп алу нәтижесінде туындауы мүмкін ақша қаражатының ағындары енгізіледі.

      12. Пайыздың тиімді ставкасын есептеген кезде барлық шарт талаптарын ескере отырып ақша қаражатының ағындары есептеледі, бірақ болашақ кредиттік шығындары назарға алынбайды. Есептеу пайыздың тиімді ставкаларының ажырамас бөлігі болып табылатын шарт бойынша төленген немесе алынған тараптардың барлық сыйақылар және сомаларды, мәмілелер бойынша шығындарды және барлық өзге сыйлықақыларды немесе жеңілдіктерді қамтиды.

4. Ұжымдық негізде (бірыңғай микрокредиттердің портфелі
бойынша) провизиялар (резервтер) мөлшерін анықтау әдістемесі

      13. Ұжымдық негізде провизиялар (резервтер) мөлшерін анықтау үшін микрокредиттер барлық тиесілі соманы микрокредит беру туралы шарт талаптарына сәйкес төлеуге қарыз алушының қабілеттілігін көрсететін кредиттік тәуекел (бірыңғай микрокредиттер портфелі) сипаттамаларына ұқсас топтарға жинақталады. Бірыңғай топтарға микрокредиттерді жіктеу жүзеге асырылатын негізінде шарттар мен белгілер есептік саясатында және микроқаржы ұйымдарына микрокредиттер беру қағидаларында ашылады.

      14. Бірыңғай белгілерге - қарыз алушының түрі, микрокредиттеу технологиясы, мақсатты тағайындау, қамтамасыз ету түрі, микрокредиттеу мерзімі, сондай-ақ микроқаржы ұйымының ішкі кредиттік саясатында айқындалған микрокредиттеудің бағдарламалар бойынша белгілер жатады.

      15. Микрокредиттер бастапқыда микрокредит беру туралы шартта белгіленген бірыңғай белгілер бойынша портфельге жинақталады. Микрокредиттердің ерекшелігі микрокредиттеу барысында туындайтын бірыңғай белгілер болып табылмайды.

      16. Бірыңғай микрокредиттердің портфелге қарсы провизиялар (резервтер) сомасы микроқаржы ұйымы бірыңғай микрокредиттер портфелі бойынша шығындар шамасы бар тәуекелді қолданылатын бағалау әдістемесіне байланысты есептейді.

      17. Микроқаржы ұйымының бірыңғай микрокредиттер бойынша тәуекелді бағалау әдістемесі портфельдегі жекелеген микрокредиттері сапасының нашар болуына байланысты жалпы портфель бойынша провизиялар (резервтер) мөлшерінің өсуін көздемейді.

5. Қорытынды ережелер

      18. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей уәкілетті органға берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы есепті (бұдан әрі – Есеп) Қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық тасымалдағышта береді.

      19. Электрондық тасымалдағыштағы есеп деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып жіберіледі.

      20. Қағаз тасымалдағыштағы есепті күндегі жағдай бойынша есепке микроқаржы ұйымының бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері, орындаушысы қол қояды, мөрмен расталады және микроқаржы ұйымда сақталады. Уәкiлеттi органның талабы бойынша микроқаржы ұйымы сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күннен кешiктiрмей белгiленген күндегі жағдай бойынша Есепті қағаз тасымалдағышта береді.

      21. Есепте толық емес және (немесе) дәйексіз ақпаратты анықтаған жағдайда уәкілетті орган микроқаржы ұйымы берген Есепті түзетуді талап етеді. Уәкілетті орган тиісті Есепті түзету қажеттілігі туралы микроқаржы ұйымына жазбаша хабарлайды. Микроқаржы ұйымы хабарлама алған күннен бес жұмыс күнi ішінде Есепке түзету енгізеді немесе уәкілетті органның талаптарымен келіспеген жағдайда жазбаша түсініктеме береді, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган микроқаржы ұйымы шешіммен белгіленген мерзімде орындауы міндетті Есепті түзету қажеттілігіне қатысты түпкілікті шешім қабылдайды.

      22. Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда микроқаржы ұйымы Есепті берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.

      23. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн микроқаржы ұйымының бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

      24. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

      Есепті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді.

      Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

  Берілген микрокредиттер бойынша
активтер мен шартты міндеттемелерді
жіктеуді жүзеге асыру және
оларға қарсы провизиялар (резервтер)
құру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді жіктеу туралы есеп _____________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

      20___ ж._______ жағдай бойынша

      1-кесте

Заңды тұлғаларға берілген микрокредиттерді жіктеу (портфельге
енгізілген бірыңғай микрокредиттерді қоспағанда)

      (мың теңге)

Жіктеуге сәйкес микрокредиттер тобы

Негізгі борыш сомасы барлығы

Есептелген сыйақы сомасы

Өз уақытында өтемегені үшін айыппұл, өсімпұл

Провизиял р мөлшері (%)

Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы

Қамтамасыз ету құны


1

2

3

4

5

6

1. Стандартты




0



2. Күмәнді:







1) 1 санаттағы күмәнді




0,01-5



2) 2 санаттағы күмәнді




5,01-10



3) 3 санаттағы күмәнді




10,01-20



4) 4 санаттағы күмәнді




20,01-25



5) 5 санаттағы күмәнді




25,01-50



3. Үмітсіз




50,01-100



барлығы (1+2+3)








      2-кесте

Жеке тұлғаларға берілген микрокредиттерді жіктеу (портфельге
енгізілген бірыңғай микрокредиттерді қоспағанда)

      (мың теңге)

Жіктеуге сәйкес микрокредиттер тобы

Негізгі борыш сомасы барлығы

Есептелген сыйақы сомасы

Өз уақытында өтемегені үшін айыппұл, өсімпұл

Провизиялар мөлшері (%)

Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы

Қамтамасыз ету құны


1

2

3

4

5

6

1. Стандартты




0



2. Күмәнді:







1) 1 санаттағы күмәнді




0,01-5



2) 2 санаттағы күмәнді




5,01-10



3) 3 санаттағы күмәнді




10,01-20



4) 4 санаттағы күмәнді




20,01-25



5) 5 санаттағы күмәнді




25,01-50



3. Үмітсіз




50,01-100



барлығы (1+2+3)








      3-кесте

Дебиторлық берешекті жіктеу

      (мың теңге)

Жіктеуге сәйкес дебиторлық берешек тобы

Негізгі борыш сомасы барлығы

Есептелген сыйақы сомасы

Өз уақытында өтемегені үшін айыппұл, өсімпұл

Провизиялар мөлшері (%)

Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы

Қамтамасыз ету құны


1

2

3

4

5

6

1. Стандартты




0



2. Күмәнді:







1) 1 санаттағы күмәнді




0,01-5



2) 2 санаттағы күмәнді




5,01-10



3) 3 санаттағы күмәнді




10,01-20



4) 4 санаттағы күмәнді




20,01-25



5) 5 санаттағы күмәнді




25,01-50



3. Үмітсіз




50,01-100



барлығы (1+2+3)








      4-кесте

Шартты міндеттемелерді жіктеу

      (мың теңге)

Жіктеуге сәйкес шартты міндеттемелер тобы

Негізгі борыш сомасы барлығы

Есептелген сыйақы сомасы

Өз уақытында өтемегені үшін айыппұл, өсімпұл

Провизиялар мөлшері (%)

Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы

Қамтамасыз ету құны


1

2

3

4

5

6

1. Стандартты




0



2. Күмәнді:







1) 1 санаттағы күмәнді




0,01-5



2) 2 санаттағы күмәнді




5,01-10



3) 3 санаттағы күмәнді




10,01-20



4) 4 санаттағы күмәнді




20,01-25



5) 5 санаттағы күмәнді




25,01-50



3. Үмітсіз




50,01-100



барлығы (1+2+3)








      5-кесте

Заңды тұлғаларға берілген бірыңғай микрокредиттерді жіктеу

      (мың теңге)

Жіктеуге сәйкес бірыңғай микрокредиттер тобы

Негізгі борыш сомасы барлығы

Есептелген сыйақы сомасы

Өз уақытында өтемегені үшін айыппұл, өсімпұл

Провизиялар мөлшері (%)

Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы

Қамтамасыз ету құны


1

2

3

4

5

6

1. Стандартты




0



2. Күмәнді:







1) 1 санаттағы күмәнді




0,01-5



2) 2 санаттағы күмәнді




5,01-10



3) 3 санаттағы күмәнді




10,01-20



4) 4 санаттағы күмәнді




20,01-25



5) 5 санаттағы күмәнді




25,01-50



3. Үмітсіз




50,01-100



барлығы (1+2+3)








      6-кесте

Жеке тұлғаларға берілген бірыңғай микрокредиттерді жіктеу

      (мың теңге)

Жіктеуге сәйкес микрокредиттер тобы

Негізгі борыш сомасы барлығы

Есептелген сыйақы сомасы

Өз уақытында өтемегені үшін айыппұл, өсімпұл

Провизиялар мөлшері (%)

Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы

Қамтамасыз ету құны


1

2

3

4

5

6

1. Стандартты




0



2. Күмәнді:







1) 1 санаттағы күмәнді




0,01-5



2) 2 санаттағы күмәнді




5,01-10



3) 3 санаттағы күмәнді




10,01-20



4) 4 санаттағы күмәнді




20,01-25



5) 5 санаттағы күмәнді




25,01-50



3. Үмітсіз




50,01-100



барлығы (1+2+3)








      Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)

      _____________________________________________ __________________

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер_____________________________________ ______________

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы: ___________________________ _______ __________________

      (лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________________

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады