Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8308 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 248 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шарттың жалпы талаптары:

      1) шарт жасасқан күн;

      2) банктік заемның (бұдан әрі - заем) мақсаты, бір айдан аспайтын мерзімге берілген заемды, кредиттік желі аясында төлем карточкалары бойынша берілген шарттарды, овердрафт кредитін, сондай-ақ оның аясында займ алу үшін займ беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімді қоспағанда, бизнес-жоспарға немесе заемның техника-экономикалық негiздемесiне және (немесе) заемшының өтінішіне сәйкес келеді;

      3) заемның жалпы сомасы және валютасы;

      4) заемның мерзімі;

      5) сыйақы ставкасының түрі (тіркелген немесе құбылмалы), сыйақы ставкасының мөлшері жылдық пайызбен, шартты жасау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 нөмірімен тіркелген) 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына сәйкес сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының мөлшері;

      6) шартта құбылмалы сыйақы ставкасы көзделген болса, құбылмалы сыйақы ставкасын есептеу тәртібі;

      7) ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағасының түрі (тіркелген немесе тауарды сатып алу бағасының пайыздық мәнімен);

      8) өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз);

      9) заемды өтеу әдісі: аннуитеттік (теңдей төлемдермен өтеу) немесе сараланған (негізгі борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы) не банктің ішкі ережелеріне сәйкес басқа тәсілмен;

      10) заем бойынша берешекті өтеу кезектілігі;

      11) уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Жеке тұлғаға заем беру кезінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген есептеу тәртібі көрсетіледі;

      12) комиссиялардың толық тізбесі және олардың заем беруге байланысты алынуға жататын мөлшері;

      13) заемды өтеудің және сыйақының тәртібі (касса арқылы, банктік шотқа қашықтатылған терминал арқылы және басқалар тараптардың келісімі бойынша), кезеңділігі;

      14) қамтамасыз етусіз берілген заемды қоспағанда, қамтамасыз ету (түрі: кепіл, тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепілдеме, ұстап қалу және өзге түрлері);

      15) заемшының шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше тәсілмен орындамаған жағдайда банк қабылдайтын шаралар;

      16) шарттың қолданылу мерзімі;

      17) заемшы - заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлері мен мерзімдері;

      18) заемшының (тең заемшының) ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроға беруге және кредиттік бюроның ол туралы банкке кредиттік есеп беруге келісімінің, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуын көрсету;

      19) банктің пошталық мекен-жайы мен электрондық адресі туралы ақпарат, сондай-ақ оның ресми интернет–ресурсы туралы деректер.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жеке тұлғамен жасалған ипотекалық заем шартында жасалған заем шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу үшін заемшының банк омбудсманына Банктер туралы заңға сәйкес жазбаша өтініш беру құқығы болады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банкке қойылған шектеулерде тыйым салуды көздейтін мынадай талаптар бар:

      1) заемға қызмет көрсету бойынша заемшы – жеке тұлғамен шарт жасасу күніне бекітілген тарифтерді, комиссиялық сыйақылар мен басқа да шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін бір жақты тәртіпте өсіру жағына өзгертуге;

      2) жасалған шарт шеңберінде комиссияның жаңа түрлерін бір жақты тәртіппен енгізуге;

      3) заем беру туралы талаптарымен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса заемшыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдау кезінде шектеуге, сондай-ақ заемшыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге;

      4) мына жағдайларды қоспағанда, жасалған шарт шеңберінде бір жақты тәртіппен жаңа заемдарды беруді тоқта тұруға:

      банктің шартта көзделген жаңа заемдар беруді жүзеге асырмау құқығы туындаған кезде;

      заемшы шарт бойынша банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзған кезде;

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде - 4602 нөмірімен тіркелген) сәйкес банк жүргізген мониторингтің нәтижесі бойынша анықталған заемшының қаржылық жағдайы нашарлаған кезде;

      Банктің шартты орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын өзгергенде;

      5) мына жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен шарт жасасу күніне бекітілген сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен өсіру жағына өзгертуге:

      шартпен көзделген жағдайларда, заемшының заем алу және заемға қызмет көрсетумен байланысты дәйекті ақпараттарды ұсыну бойынша өз міндеттемелерін бұзуы;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мына жағдайларда банктің міндеттемелерді мезгілінен бұрын орындауды талап етуге құқының пайда болуы:

      банкке алдын ала жазбаша ескертусіз, жиынтығында акционерлік қоғам (шаруашылық серіктестік) акцияларының он және одан көп пайызын (қатысу үлесі) иеленетін заемшының қатысушылары (акционерлері) құрамының өзгеруі;

      заемшымен және (немесе) кепіл берушімен кепілге қойылған мүліктің мөлшерін, жай-күйін және оны сақтау шарттарының орындалуын құжат бойынша және нақты тексеруге, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заемшы (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке кепілге қойылған мүлікке талаптар қоюы кепіл ұстаушы болып табылатын банктің құқын бұзуы;

      6) заем алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты мезгілінен бұрын ішінара өтелген немесе мезгілінен бұрын толық өтелген жағдайларды қоспағанда, заемды мезгілінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін өндіріп алуға;

      7) егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен болса және заемшы сыйақыны немесе негізгі борышты төлеуді одан кейінгі жұмыс күні жүргізген жағдайда тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін өндіріп алуға.".

      9 - 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шартпен бірге тараптардың қолдары қойылған займды өтеу кестесі беріледі, онда шарттың нөмірі мен жасалған күні, заем сомасы мен валютасы, өтеу күндері және негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомалары және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері, келесі өтеу күніндегі негізгі борыштың қалдықтары, сондай-ақ төленуі тиіс негізгі борыш пен сыйақының жалпы жиынтық сомалары және олардың жиынтық мәні, заемды өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі.

      Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша заемды өтеу кестесі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіпте заемшыға (тең заемшыға) мәлімет үшін жеткізіледі.

      Егер заемшы (тең заемшы) жеке тұлға болып табылса, заемды беру күніне жасалған заемды өтеу кестесінде сондай-ақ заемшының (тең заемшының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.

      Заемның заемды өтеу кестесін өзгертуге алып келетін талаптары өзгерген кезде, заемды өтеудің жаңа талаптар ескерілген жаңа кестесі жасалады.

      Заемның кезекті бөлігін беру заемшының өтініші және заемды өтеудің қол қойылған кестесі негізінде жүзеге асырылатын кредиттік желі ұсынылған кезде, заемды өтеу кестесінде осы қаулының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мәліметтер болады.

      8-тармақтың және осы тармақтың талаптары бір айдан аспайтын мерзімге займ беру туралы шартқа, кредиттік желі аясында төлем карточкасы бойынша берілген шартқа, овердрафт кредитіне, сондай-ақ оның аясында заем алу үшін заем беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімге қолданылмайды.

      10. Шарт банк және заемшы арасында жазбаша нысанда қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берумен, мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілде жасалады.

      Шарттың мәтіні А4 форматты парақтарда, "Тimеs New Rоmаn" шрифтінің мөлшері 12-ден кем емес, әдеттегі әріпаралық, бір жоларалық интервалмен және абзац шегінісін қолдана отырып басып шығарылады.

      Жеке тұлғалар үшін осы қаулының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11)-тармақшаларында көрсетілген талаптар шарттың алғашқы екі бетінде (немесе шарт бір уақытта екі тілде ресімделетін болса парақты екі бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тармағының 12), 13), 14), 15), 16)-тармақшалары және 2-тармағының 6)-тармақшасы тікелей олардан кейін көрсетілген реттікпен көрсетіледі.

      Заңды тұлғалар үшін осы қаулының 3-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11)-тармақшаларында көрсетілген талаптар шарттың алғашқы екі бетінде (немесе шарт бір уақытта екі тілде ресімделетін болса парақты екі бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тармағының 2), 13), 14), 15), 16)-тармақшалары және 2-тармағының 6)-тармақшасы тікелей олардан кейін көрсетілген реттікпен көрсетіледі.

      Шарт (оферт) жасау туралы жазбаша ұсыныс жіберу арқылы банктік заем шартын жасаған кезде оферттің алғашқы екі және кейінгі беттерінде осы қаулының 10-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген талаптар осы тармақта белгіленген реттікпен беріледі. Осы қаулының 10-тармағының екінші бөлігінің талаптары офертке қолданылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 февраля 2011 года № 18 "Об утверждении перечня обязательных условий договора банковского займа и внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года № 372. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 января 2013 года № 8308. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2019 года № 248.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 23.12.2019 № 248 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 февраля 2011 года № 18 "Об утверждении перечня обязательных условий договора банковского займа и внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6877, опубликованное в 2011 году в газете "Казахстанская правда" № 177-178) следующие изменения и дополнение:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Общие условия договора содержат:

      1) дату заключения договора;

      2) цель банковского займа (далее - займ), соответствующую бизнес-плану или технико-экономическому обоснованию займа и (или) заявлению, представленным заемщиком, за исключением займа, выданного на срок не более одного месяца, договора, выданного в рамках кредитной линии по платежной карточке, кредита овердрафт, а также соглашения об открытии кредитной линии, для получения займа, в рамках которого необходимо заключение договора (договоров) о предоставлении займа;

      3) общую сумму и валюту займа;

      4) срок займа;

      5) вид ставки вознаграждения (фиксированная или плавающая), размер ставки вознаграждения в годовых процентах, размер ставки вознаграждения в достоверном годовом эффективном сопоставимом исчислении в соответствии с постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137 "Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7663), на дату заключения договора;

      6) порядок расчета плавающей ставки вознаграждения в случае, если договором предусмотрена плавающая ставка вознаграждения;

      7) вид наценки при предоставлении исламским банком коммерческого кредита (фиксированная или в процентном выражении от цены покупки товара);

      8) способ погашения (наличными, в безналичном порядке);

      9) метод погашения займа: аннуитетный (с погашением равными платежами) или дифференцированный (с погашением основного долга равными долями) либо другой метод в соответствии с внутренними правилами банка;

      10) очередность погашения задолженности по займу;

      11) порядок исчисления и размер неустойки (штрафа, пени) за несвоевременные погашения и уплату вознаграждения. При выдаче займа физическому лицу указываются предельный размер неустойки (штрафа, пени), а также порядок ее исчисления, предусмотренный Законом о банках;

      12) полный перечень комиссий и их размеры, подлежащие взиманию в связи с выдачей займа;

      13) порядок (через кассу, на банковский счет через удаленный терминал и другие по согласованию сторон), периодичность погашения займа и вознаграждения;

      14) обеспечение (вид: залог, неустойка, гарантия, поручительство, удержание и иные виды), за исключением займа, предоставляемого без обеспечения;

      15) меры, принимаемые банком при неисполнении либо ненадлежащем исполнении заемщиком обязательств по договору;

      16) срок действия договора;

      17) виды и сроки отчетности, представляемой заемщиком - юридическим лицом банку;

      18) указание о наличии согласия заемщика (созаемщика) на предоставление сведений о нем в кредитные бюро и на предоставление кредитным бюро банку кредитного отчета о нем, а также информации, связанной с исполнением сторонами своих обязательств;

      19) информацию о почтовом и электронном адресе банка, а также данные о его официальном интернет–ресурсе.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Договор ипотечного займа, заключенный с физическим лицом, содержит право заемщика письменно обратиться к банковскому омбудсману в соответствии с Законом о банках для урегулирования разногласий, возникших из заключенного договора ипотечного займа.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Ограничения для банка содержат условия, предусматривающие запрет:

      1) в одностороннем порядке изменять в сторону увеличения установленные на дату заключения договора с заемщиком - физическим лицом размеры и порядок расчета тарифов, комиссионных вознаграждений и других расходов по обслуживанию займа;

      2) в одностороннем порядке вводить новые виды комиссий в рамках заключенного договора;

      3) ограничивать заемщика, залогодателя в выборе страховой организации и (или) оценщика, если условиями о предоставлении займа предусмотрены требования о заключении договоров страхования и (или) на проведение оценки в целях определения рыночной стоимости имущества, являющегося обеспечением, а также возложение на заемщика обязанность страховать свою жизнь и здоровье;

      4) в одностороннем порядке приостанавливать выдачу новых займов в рамках заключенного договора, за исключением случаев:

      предусмотренных договором, при которых у банка возникает право не осуществлять предоставление новых займов;

      нарушения заемщиком своих обязательств перед банком по договору;

      ухудшения финансового состояния заемщика, выявленного по результатам мониторинга, проводимого банком в соответствии с постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 359 "Об утверждении Инструкции о требованиях к наличию систем управления рисками и внутреннего контроля в банках второго уровня" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3925), постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 декабря 2006 года № 296 "Об утверждении Правил классификации активов, условных обязательств и создания провизий (резервов) против них" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4580), постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года № 49 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4602);

      изменения требований законодательства Республики Казахстан, влияющих на надлежащее исполнение банком договора;

      5) в одностороннем порядке изменять в сторону увеличения, установленные на дату заключения договора с юридическими лицами, ставки вознаграждения, за исключением случаев:

      нарушения заемщиком своих обязательств по предоставлению достоверной информации, связанной с получением и обслуживанием займа, в случаях, предусмотренных договором;

      возникновения у банка права требования досрочного исполнения обязательства в случаях, предусмотренных Гражданским кодексом Республики Казахстан, а также в следующих случаях, предусмотренных договором:

      изменения состава участников (акционеров) заемщика, в совокупности владеющих десятью и более процентами акций (долей участия) акционерного общества (хозяйственного товарищества), без предварительного письменного уведомления банка;

      нарушения заемщиком и (или) залогодателем права банка, являющегося залогодержателем, проверять по документам и фактически наличие, размер, состояние и условия хранения заложенного имущества, а также предъявления третьими лицами требований к имуществу заемщика (залогодателя), в том числе имуществу, заложенному банку;

      6) взимать неустойку или иные виды штрафных санкций за досрочное погашение займов, за исключением случаев частичного досрочного погашения или полного досрочного погашения основного долга до одного года с даты получения займа;

      7) взимать неустойку или иные виды штрафных санкций в случае, если дата погашения основного долга или вознаграждения выпадает на выходной либо праздничный день, и уплата вознаграждения или основного долга производится в следующий за ним рабочий день.";

      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "9. К договору прилагается подписанный его сторонами график погашения займа, в котором указываются номер и дата заключения договора, сумма и валюта займа, даты погашения и размеры очередных платежей с указанием сумм погашения основного долга, вознаграждения и их суммарного значения, остатки основного долга на дату следующего погашения, а также общие итоговые суммы основного долга и вознаграждения, подлежащие выплате, и их суммарное значение, дата составления графика погашения займа.

      По договору с плавающей ставкой вознаграждения график погашения займа составляется на дату его выдачи, и в последующем размеры очередных платежей корректируются и доводятся до сведения заемщика (созаемщика) в порядке, установленном договором.

      Если заемщиком (созаемщиком) является физическое лицо, график погашения займа, составленный на дату выдачи займа, также содержит перечень предложенных банком методов погашения займа с отметкой заемщика (созаемщика) о выбранном методе.

      При изменении условий займа, влекущих изменение графика его погашения, составляется новый график погашения займа с учетом новых условий.

      При предоставлении кредитной линии, в рамках которой выдача очередной части займа осуществляется на основании заявления заемщика и подписанного графика погашения займа, последний содержит сведения в соответствии с подпунктом 5) пункта 3 настоящего постановления.

      Требования пункта 8 и настоящего пункта не распространяются на договор о выдаче займа на срок не более одного месяца, договор, выданный в рамках кредитной линии по платежной карточке, кредит овердрафт, а также соглашение об открытии кредитной линии, для получения займа в рамках которого необходимо заключение договора (договоров) о предоставлении займа.

      10. Договор заключается между банком и заемщиком в письменной форме на государственном и русском языках с приложением в необходимых случаях перевода на другие языки, а в случае заключения договора с иностранными лицами - на государственном и приемлемом для сторон языке.

      Текст договора печатается на листах формата А4, шрифтом "Тimеs New Rоmаn" размером не менее 12, с обычным межбуквенным, одинарным межстрочным интервалами и применением абзацных отступов.

      Для физических лиц условия, указанные в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) пункта 3, отражаются на первых двух страницах договора (или на первых четырех страницах, если договор оформляется одновременно на двух языках с разделением листа на две графы), подпунктов 12), 13), 14), 15), 16) пункта 3 и подпункта 6) пункта 2 настоящего постановления – непосредственно сразу после них в указанной последовательности.

      Для юридических лиц условия, указанные в подпунктах 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) пункта 3, отражаются на первых двух страницах договора (или на первых четырех страницах, если договор оформляется одновременно на двух языках с разделением листа на две графы), подпунктов 2), 13), 14), 15), 16) пункта 3 и подпункта 6) пункта 2 настоящего постановления непосредственно сразу после них в указанной последовательности.

      При заключении договора банковского займа путем направления письменного предложения о заключении договора (оферты) первые две и последующие страницы оферты содержат условия, предусмотренные частями третьей и четвертой пункта 10 настоящего постановления, в установленной данным пунктом последовательности. Требования части второй пункта 10 настоящего постановления распространяются на оферту.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко