РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және Аршалы ауданының интернаттық ұйымдарының кәмелет жасына толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Ақшинеевке жүктелсін.
3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап өз күшіне енеді және арнайы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | Мұханбеджанов Т. |