Аршалы ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-213 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, 2006 жылғы 17 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 778 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту Ережелеріне сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аршалы ауданы әкімдігінің қаулыларының қосымша сәйкес күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.М. Маусынбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аршалы ауданының әкімі А.Тайжанов

  Аршалы ауданы әкімідігінің
2016 жылғы "19" сәуір
№ А-213 қаулысына
қосымша

Аршалы ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылардың тізбесі

      1. Аршалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № А-266 қаулысы "Аршалы ауданындағы қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2012 жылғы 30 шілдеде № 1-4-214 тіркелген);
      2. Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № А-543 қаулысы "Аршалы ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2016 жылғы 08 қаңтарда № 5182 тіркелген);
      3. Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № А-28 қаулысы "2016 жылға Аршалы ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2016 жылғы 16 ақпандағы № 5250 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады