Аршалы ауданындағы қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № А-266 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 шілдеде № 1-4-214 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № А-213 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және Аршалы ауданының интернаттық ұйымдарының кәмелет жасына толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Ақшинеевке жүктелсін.
      3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап өз күшіне енеді және арнайы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аршалы ауданының әкімі Мұханбеджанов Т.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады