Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына және «А.Бараевтың атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 312 ұсынысына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары А.А.Манадыровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі А.Қалжанов
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ А-5/249 қаулысына
қосымша
2012 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ |
Дақылдардың |
Егістік жұмыстарының |
1 |
Жаздық бидай орташа кеш пісетін |
мамырдың 12-нен |
2 |
Жаздық бидай орташа піскен |
мамырдың 12-нен |
3 |
Жаздық бидай орташа ерте піскен |
мамырдың 15-нен |
4 |
Жаздық арпа, сұлы |
мамырдың 27-нен |
5 |
Күнбағыс |
мамырдың 12-нен |
6 |
Майлы зығыр |
мамырдың 15-нен |