2012 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № А-5/249 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырда № 1-9-195 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 07-20/1602 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына және «А.Бараевтың атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 312 ұсынысына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары А.А.Манадыровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі                 А.Қалжанов

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ А-5/249 қаулысына
қосымша

2012 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері


р/р

Дақылдардың
атауы

Егістік жұмыстарының
басталуы мен
аяқталуының қолайлы
мерзімдері

1

Жаздық бидай орташа кеш пісетін

мамырдың 12-нен
мамырдың 25-не дейін

2

Жаздық бидай орташа піскен

мамырдың 12-нен
мамырдың 27-не дейін

3

Жаздық бидай орташа ерте піскен

мамырдың 15-нен
мамырдың 30-на дейін

4

Жаздық арпа, сұлы

мамырдың 27-нен
маусымның 3-не дейін

5

Күнбағыс

мамырдың 12-нен
мамырдың 20-на дейін

6

Майлы зығыр

мамырдың 15-нен
мамырдың 30-на дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады