РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 27.09.2013 № А-6/285 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т.Ахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Садуақасұлы |