РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/384 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3558 тіркелген, 2013 жылғы 18 қаңтарда "Жаңа-дәуір" және "Сельская-новь" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Садуақасұлы |