Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № а-2/32 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Ресупуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № а-12/384 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3558 болып тіркелген, 2013 жылдың 19 қаңтарда Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 8 газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі "Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № а-12/384 қаулысына өзгерту енгізу туралы" № а-6/285 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3849 болып тіркелген, 2013 жылдың 15 қарашада Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 111 газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.К.Аутеновке жуктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Қиықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады