Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 01.04.2014 № А-4/73 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесімен келісу туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/3 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Жарқайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № А-13/382 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдық тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-12-104 тіркелген, 2009 жылдың 6 ақпанында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов
Жарқайың ауданы
әкімдігінің 2012 жылғы
4 сәуірде № А-4/201
қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі
1. Білім беру мамандардың лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
2) оқытушы – психолог;
3) аға вожатый;
4) кітапхана меңгерушісі;
5) кітапханашы;
6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
7) мұғалім-логопед;
8) медбике;
9) тәрбиеші;
10)мұғалім-әдіскер;
11)музыкалық жетекші;
12) диеталық медбике;
2. Әлеуметтік қамсыздандыру маманының лауазымы:
1) әлеуметтік қызметкер;
3. Мәдениет мамандардың лауазымдары:
1) клуб жетекшісі;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) кітапханашы.