Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № А-4/73 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 сәуірде № 4115 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/184 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 01.07.2015 № А-7/184 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Қаулыға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 14.11.2014 № А-11/406 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және «Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметкерлер болып табылатын, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының лауазымдық тізбесімен келісу туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 5С-31/4 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № А-4/201 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-168, 2012 жылғы 4 мамырдағы «Целинное знамя» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған болып танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Үйсімбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ұ.А.Ахметова
      «14»   11   2014 жыл

Жарқайың ауданы әкімдігінің 
2014 жылғы 1 сәуірдегі № А-4/73
қаулысымен бекітілген   

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру маманының лауазымы:
      1) әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
      2) оқытушы-психолог;
      3) аға вожатый;
      4) кітапхана меңгерушісі;
      5) кітапханашы;
      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      7) медбике;
      8) тәрбиеші;
      9) әдіскер;
      10) музыкалық жетекші.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) клуб жетекшісі;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) кітапханашы.
      4. Спорт маманының лауазымы:
      1) нұсқаушы.
      5. Ветеринария маманының лауазымы:
      1) ветеринарлық дәрігер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады